Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад
Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.
Бағалы қағазды аукцион бойынша сату, яғни бұл аукционға делдалдар мен инвесторлардың өздері қатыса алады.Бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымы – жасалған мəмілелер бойынша есеп айырысу жүйесін білдіреді. Мынадай қызметтерді қамтиды: депозитарлық қызмет(бағалы қағаздарды сақтау, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу); бағалы қағаздар иелерін тіркеуді жүзеге асыру жəне сақтаумен байланысты қызмет; есеп айырысу жəне клирингтік қызмет. Жоғарыда аталған қызмет түрлерін сəйкесінше мына мекемелер жүзеге асырады: орталық депозитарий, тіркеуші жəне клирингтік компания.Бағалы қағаздар нарығының ақпараттық инфрақұрылымы – бұл байланыс жүйесі мен ақпараттық жүйеден тұрады. Ақпараттық жүйе – ақпаратты (мəліметтерді) жинау, өңдеу жəне бағалы қағаз нарығына қатысушыларға эмитент туралы ақпаратты, шығарылған жаңа бағалы қағаздар туралы, оның бағасы жəне бағалы қағаздармен сауда саттықты жүргізу орны туралы мəліметтерді беру. Байланыс жүйесін – телекоммуникациялық жүйе деп те атайды.
17. Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдің мәні мен түрлері
Бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың әрқайсысында өзіндік тәуекел бар.Өтімділік тәуекелі – бағалы қағаздарды шығарғандағы мүмкін болатын шығындармен байланысты.Уақыт тәуекелі – бағалы қағаздарды ыңғайсыз уақытта шығарумен байланысты пайда болады.Көптеген бағалы қағаздар нарығындағы операциялармен банк инвестор ретінде алға шығады. Кез келген инвестициялау белгілі бір тәуекелдің деңгейімен қатар жүреді.
Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер 2 топқа жіктеледі:
- жүйелік тәуекелдер (әртараптандырылмайтын);
- жүйелік емес тәуекелдер (әртараптандырылатын).
Жүйелік тәуекел (әртараптандырылмайтын) – жалпы бағалы қағаздар нарығындағы құлдырау тәуекелі. Түрлері:
1) Инвестициялық тәуекел; 2)Заңдық өзгерістер тәуекелі;
3)Пайыздық тәуекел; 4) Әскери жанжал тәуекелі.
Жүйелі емес тәуекел (әртараптандырылатын) – әр бағалы қағаз түріне, ерекшелігіне байланысты пайда болатын тәуекел. Түрлері:
1) Несиелік тәуекел; 2)Мемлекеттік тәуекел; 3)Аймақтық тәуекел;
4)Селективті тәуекел; 5)Техникалық тәуекел; 6)Төлем тәуекел;
7)Ақшалай тәуекел.
18. Бағалы қағаздар нарығын талдау әдістері
Бағалы қағаздар нарығының ойдағыдай қызмет етуі үшін бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын бағалауды қажет етеді. Бұл бағалы қағаздар нарығында түпкілікті және техникалық талдаулар арқылы жүзеге асырылады. Түпкілікті талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен пассивін, меншікті капиталға қатысты пайдасы және менеджменттің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді сипаттайды. Талдау көзіне эмитенттің пайда немесе зиян туралы есебі, балансы және өзге де құжаттар жатады.Талдаудың бұл түрі жан-жақты және еңбекті көп қажет ететін зерттеулерді жүргізуді, мәліметтер базасының болуын қамтамасыз етеді және қаржыландырудың болуын қажет етеді.Түпкілікті талдаудың көмегімен болашақта бағалы қағаз құнын анықтайтын табысқа болжау жасалады. Талдаудың негізінде бағалы қағаздарды сату және сатып алуға қатысты мақсатқа сай ұсыныстар жасалады.Техникалық талдау ұзақ мерзімге қор нарығының бағаларына болжам жасай алмайды, сондықтан да түпкілікті талдаудың мәліметтерін ескеру қажет.Түпкілікті талдаудың нұсқаулықтарына қарағанда техникалық талдаудың нұсқаулықтары кез келген кәсіпқойға түсінікті.Түпкілікті талдаудың нәтижесі әр түрлі формада рәсімделген қор нарығының тауары болып табылады. бұл мәліметтерді бағалы қағаздар нарығының қатысушылары өздерінің мақсаттарына қарай пайдаланады.Түпкілікті талдаудың негізгі бағыттары: 1. Макродеңгейде талдау жүргізу, яғни инвестициялауға қолайлы жағдайларды анықтау үшін әлемдік экономиканың және жекелеген елдердің экономикалық жағдайы толығымен қарастырылады. Жалпы экономикалық жағдайларды анықтау барысында мынадай көрсеткіштер қарастырылады:- экономикалық белсенділік;- жұмыссыздық деңгейі;- өндірістің көлемі; - инфляциялық күтім; - пайыз мөлшерлемесі және т.б.Осы талдаудың көмегімен инвестициялық қызметтің әлеуметтік-саяси және экономикалық климаты жасалады. 2. Сала деңгейінде талдау жүргізу, яғни экономиканың әр түрлі салаларының ағымдағы жағдайына баға беріледі, өндірістің динамикасы, сату көлемі, тауарлар мен шикізат қорларының көлемі, баға мен пайда және т.б. көрсеткіштер. 3. Микродеңгейде талдау жүргізу, яғни жекелеген кәсіпорындарға инвестиция жұмсаудың мүмкіндіктері қарастырылады. Менеджменттің ағымдағы жағдайы, қаржылық жағдайы, ұйымдастырушылық және коммерциялық қызметінің жағдайы, төлем қабілеттілік және т.б. көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. 4. Нақты бағалы қағаздар нарығының құрылымына талдау жүргізу. Талдау барысында бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының күтімі, өтімділік пен табыстылық деңгейі, дивидендтік саясатжәне т.б. көрсеткіштер. Техникалық талдау эмитенттің бағалы қағаздарына деген сұраныс пен ұсынысты, олармен жасалған операциялар көлемі және бағалы қағаз бағамын сипаттайды. Техникалық талдау инвесторларға дербес инвестициялауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Инвесторларға инвестициялаумен байланысты тиімді шешім қабылдауға көмектеседі. Техникалық талдаудың нәтижесі құнның өзгерісін сипаттайтын және көрсететін кестелерді немесе әр түрлі сипаттағы графиктерді, диаграммаларды пайдаланады.Техникалық талдау мынадай 3 негізгі қағидаға негізделеді: 1)көрініс қағидасы – экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және т.б. факторлар тауар бағасында көрініс табады. Техникалық аналитиктер бағаның өзгеруіне қандай факторлар әсер еткендігін анықтайды және қандай бағытта өзгерістердің болатынына болжам жасайды; 2)тренд қағидасы – бұл экономикалық
19. Түпкілікті және техникалық талдаудың мәні мен ерекшеліктері
Бағалы қағаздар нарығының ойдағыдай қызмет етуі үшін бағалы қағаздардың инвестициялық тартымдылығын бағалауды қажет етеді. Бұл бағалы қағаздар нарығында түпкілікті және техникалық талдаулар арқылы жүзеге асырылады. Түпкілікті талдау эмитенттің табысын, сату көлемін, активі мен пассивін, меншікті капиталға қатысты пайдасы және менеджменттің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге баға беруді сипаттайды. Талдау көзіне эмитенттің пайда немесе зиян туралы есебі, балансы және өзге де құжаттар жатады.Талдаудың бұл түрі жан-жақты және еңбекті көп қажет ететін зерттеулерді жүргізуді, мәліметтер базасының болуын қамтамасыз етеді және қаржыландырудың болуын қажет етеді.Түпкілікті талдаудың көмегімен болашақта бағалы қағаз құнын анықтайтын табысқа болжау жасалады. Талдаудың негізінде бағалы қағаздарды сату және сатып алуға қатысты мақсатқа сай ұсыныстар жасалады. Техникалық талдау ұзақ мерзімге қор нарығының бағаларына болжам жасай алмайды, сондықтан да түпкілікті талдаудың мәліметтерін ескеру қажет.Түпкілікті талдаудың нұсқаулықтарына қарағанда техникалық талдаудың нұсқаулықтары кез келген кәсіпқойға түсінікті.Түпкілікті талдаудың нәтижесі әр түрлі формада рәсімделген қор нарығының тауары болып табылады. бұл мәліметтерді бағалы қағаздар нарығының қатысушылары өздерінің мақсаттарына қарай пайдаланады.Түпкілікті талдаудың негізгі бағыттары:1. Макродеңгейде талдау жүргізу, яғни инвестициялауға қолайлы жағдайларды анықтау үшін әлемдік экономиканың және жекелеген елдердің экономикалық жағдайы толығымен қарастырылады. Жалпы экономикалық жағдайларды анықтау барысында мынадай көрсеткіштер қарастырылады:
- экономикалық белсенділік; - жұмыссыздық деңгейі; - өндірістің көлемі;
- инфляциялық күтім; - пайыз мөлшерлемесі және т.б.
Осы талдаудың көмегімен инвестициялық қызметтің әлеуметтік-саяси және экономикалық климаты жасалады.
2. Сала деңгейінде талдау жүргізу, яғни экономиканың әр түрлі салаларының ағымдағы жағдайына баға беріледі, өндірістің динамикасы, сату көлемі, тауарлар мен шикізат қорларының көлемі, баға мен пайда және т.б. көрсеткіштер.
3. Микродеңгейде талдау жүргізу, яғни жекелеген кәсіпорындарға инвестиция жұмсаудың мүмкіндіктері қарастырылады. Менеджменттің ағымдағы жағдайы, қаржылық жағдайы, ұйымдастырушылық және коммерциялық қызметінің жағдайы, төлем қабілеттілік және т.б. көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі.
4. Нақты бағалы қағаздар нарығының құрылымына талдау жүргізу. Талдау барысында бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының күтімі, өтімділік пен табыстылық деңгейі, дивидендтік саясатжәне т.б. көрсеткіштер.Техникалық талдау эмитенттің бағалы қағаздарына деген сұраныс пен ұсынысты, олармен жасалған операциялар көлемі және бағалы қағаз бағамын сипаттайды. Техникалық талдау инвесторларға дербес инвестициялауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Инвесторларға инвестициялаумен байланысты тиімді шешім қабылдауға көмектеседі. Техникалық талдаудың нәтижесі құнның өзгерісін сипаттайтын және көрсететін кестелерді немесе әр түрлі сипаттағы графиктерді, диаграммаларды пайдаланады.
Техникалық талдау мынадай 3 негізгі қағидаға негізделеді:
1) көрініс қағидасы – экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және т.б. факторлар тауар бағасында көрініс табады. Техникалық аналитиктер бағаның өзгеруіне қандай факторлар әсер еткендігін анықтайды және қандай бағытта өзгерістердің болатынына болжам жасайды;
2) тренд қағидасы – бұл экономикалық көрсеткіштердің ұзақ өзгеруі тенденциясы, трендтің көмегімен жүргізілетін операциялардан оң нәтиже алу мүмкіндігін көруге болады;
3) қайталау қағидасы, жаңа бағытта әрекет етуге бұрынғы қалыптасқан тәжірибе мүмкіндік береді.
20. Бағалы қағаздар портфелінің экономикалық мәні
Бағалы қағаздар протфелі – бағалы қағаздар нарығы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы əр түрлі бағалы қағаздардың жиынтығы. Қалыптасқан портфель қамтамасыз етілу деңгейі, тəуекел деңгейі жəне дивидент немесе əр түрлі пайыз мөлшерлемесі бекітілген корпоративті акциялар мен облигациялардың жəне өзгеде бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Бағалы қағаздар портфелі инвестор үшін деңгейі төмен тəуекел жағдайында, қажетті, тұрақты табыс алуға мумкіндік беретін құрал болып табылады. Бағалы қағаздар портфелі бойынша табыс - тəуекел деңгейін ескере отырып, қандай да бір портфельде калыптасқан барлық бағалы қағаздардың жиынтығынан түсетін жалпы пайданы білдіреді.
Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасын ескере отырып, нақты бір кезең үшінде портфельге тиесілі тəуекел мен инвестор күтетін табыс арасында балансы бар, əр түрлі бағыттағы портфельді қалыптастыруға болады. Аталған факторлар бағалы қағаздар портфелінің типтерін анықтайды. Бағалы қағаздар портфелінің типтері – бұл табыс пен тəуекелдің арақатынасына негізделген портфельдің инвестициялық сипаттамасы. Портфельдің типтерін жіктеудің негізгі белгісі – курстық құнының өсуі немесе ағымдағы төлемдер (процент пен дивиденд)
Өсу портфелі - курстық құны өсетін компаниялардың акцияларынан қалыптасады. Бұл типтегі портфельдің мақсаты – дивидендті алумен қатар портфельдің капиталдық құныда өседі. Бірақта дивидендтік төлемдер орташа мөлшерде төленеді. Портфельдің құрамына кіретін жиынтық акциялардың курстық құнының өсу қарқыны портфельдің түрлерін анықтайды:
1. Агрессивті өсу портфелі - капиталдың максималды өсіміне бағытталған. Бұл протфельдің құрамына жаңадан құрылған жəне тез өсетін компаниялардың акциялары кіреді. Агрессивті өсу портфелінің тəуекелі жоғары соған сəйкес алатын табысы да жоғары болуы мүмкін.
2. Консервативті өсу портфелі – бұл портфельдің тəуекелі төмен болып келеді. Аталған портфельдің құрамына жақсы танымалы ірі компаниялардың акциялары кіреді. Консервативті өсу портфелінің құрамы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалады жəне капиталдың сақталуына бағытталған.
3. Орташа өсу портфелі – агрессивті жəне консервативті өсу портфельдерінің үйлесімділігін білдіреді. Портфельдің құрамы кезеңмен жаңаланып отыратын тəуекелдi қор құралдары мен тəуекелі бар құралдарды ұзақ мерзімге сатып алатын сенімді бағалы қағаздардан тұрады. Сонымен бiрге капиталдың орташа өсiмi мен салым тəуекелдiгiнiң деңгейi бiр қалыпқа түседi. Сенiмдiлiк – консервативтiк өсiмнiң бағалы қағаздарымен, ал кiрiс агрессивтiк өсiмнiң бағалы қағаздарымен қамтамасыз етiледi. Инвесторлар тарапынан жоғары сұранысқа ие кең тараған типтегі портфель болып табылады.
Өсу жəне табыс портфелі - төменгі деңгейдегі табыс немесе дивидендтік төлемдерді жəне курстық құнының төмендеуінен пайда болатын шығынды төмендету үшін бағытталған. Осы типтегі портфельдің құрамына кіретін қаржылық активтің бір бөлігі капитал құнының өсуіне ал екінші бөлігі пайда алуға мүмкіндік береді.
1. Баланстандырылған портфель – бұл типтегі портфельге тəуекелі жоғары бағалы қағаздар сонымен қатар жай жəне артықшылықты акциялар, облигациялар кіреді. Бұл портфельдің құрылуы кезінде қойылған сипатына сəйкес келетін табыстар мен тəуекелдердің балансталуымен сипатталады. Əр түрлі инвестициялық салымдардың комбинациясы капиталдың өсіміне жетуге жəне жиынтық тəуекелдерді төмендету кезінде жоғары табысты алуға мүмкіндік береді.
2. Қос бағыттағы портфель – капиталға салым өскен кезде жоғары табыс алатын бағалы қағаздар кіреді. Кəсіпорын екі типтегі акцияларды шығарыды, біріншісі жоғарғы деңгейде табыс əкеледі, екіншісі капиталдың көлемін ұлғайтады.
Табыс портфелі - жоғарғы деңгейде табыс алуға мүмкіндік береді. Пайызы немесе дивиденді жоғары облигациялар мен акциялардың жəне басқада бағалы қағаздардың жиынтығынан тұрады. Сенімділігі жоғары бағалы қағаздар нарығының құралдары портфельдің объектісі болып табылады.
1. Тұрақты табыс əкелетін портфель – минималды тəуекел деңгейінде орташа табыс алып келетін жоғары сенімді бағалы қағаздардан қалыптасады.
2. Табысты бағалы қағаздар портфелі - орташа тəуекел деңгейінде жоғарғы табыс алып келетін корпоративті облигациялардан тұрады. Инвестициялық портфельдің құрамындағы объектілерді іріктеу инвесторлардың қалауына сəйкес жүзеге асырылатындықтан, инвестор жəне портфель типі арасындағы байланыс бар болады. Консервативті инвесторға жоғары сенімді, бірақ төмен табысты портфель, орта біркелкіге əртараптардырылған портфель, агрессивті инвесторларға жоғары табысты, бірақ тəуекелді портфель сəйкес келеді.
21. Бағалы қағаздар портфелінің жіктелімі
Бағалы қағаздар портфелінің типтері – бұл табыс пен тəуекелдің арақатынасына негізделген портфельдің инвестициялық сипаттамасы. Портфельдің типтерін жіктеудің негізгі белгісі – курстық құнының өсуі немесе ағымдағы төлемдер (процент пен дивиденд)Өсу портфелі - курстық құны өсетін компаниялардың акцияларынан қалыптасады. Бұл типтегі портфельдің мақсаты – дивидендті алумен қатар портфельдің капиталдық құныда өседі.
1. Агрессивті өсу портфелі - капиталдың максималды өсіміне бағытталған. Бұл протфельдің құрамына жаңадан құрылған жəне тез өсетін компаниялардың акциялары кіреді. Агрессивті өсу портфелінің тəуекелі жоғары соған сəйкес алатын табысы да жоғары болуы мүмкін.
2. Консервативті өсу портфелі – бұл портфельдің тəуекелі төмен болып келеді. Аталған портфельдің құрамына жақсы танымалы ірі компаниялардың акциялары кіреді. Консервативті өсу портфелінің құрамы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қалады жəне капиталдың сақталуына бағытталған.
3. Орташа өсу портфелі – агрессивті жəне консервативті өсу портфельдерінің үйлесімділігін білдіреді. Портфельдің құрамы кезеңмен жаңаланып отыратын тəуекелдi қор құралдары мен тəуекелі бар құралдарды ұзақ мерзімге сатып алатын сенімді бағалы қағаздардан тұрады. Сонымен бiрге капиталдың орташа өсiмi мен салым тəуекелдiгiнiң деңгейi бiр қалыпқа түседi. Сенiмдiлiк – консервативтiк өсiмнiң бағалы қағаздарымен, ал кiрiс агрессивтiк өсiмнiң бағалы қағаздарымен қамтамасыз етiледi. Инвесторлар тарапынан жоғары сұранысқа ие кең тараған типтегі портфель болып табылады.