Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад

Описание работы

Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздың экономикалық мәні.doc

— 563.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7.   Туынды бағалы қағаздың мәні мен түрлері

Туынды бағалы қағаз – бұл қандай да бір базиске активке арналған бағалы қағаз: базистік активтер бағаларына пайыздық мөлшерлемелер, индекстер жатады. Базистік активтерге тауарлар, негізгі бағалы қағаздар жатады. Туынды бағалы қағаздарға: фьючерлік келісімшарттар, варранттар, құқықтар және еркін айналыста болатын опциондар жатады. Туынды бағалы қағаздардың ерекшеліктері:бағасы шығаруға негіз болған активтің бағасына негізделеді;шығару негізі болған активтің айналыс мерзімімен салыстырғанда оларды қолдану уақыты шектеулі болады;туынды бағалы қағазды шығаруға аз ғана инвестиция жұмсалады,бірақ пайдасы жетерлік;олардың айналыстың сыртқы формасы негізгі бағалы қағаздың айналысына ұқсас.Туынды бағалы қағаздарды шығарып,айналысқа түсірудің мақсаты-кез келген биржалық активтердің бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес,сонымен бірге бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіптен сақтандыру.«Бағалы қағаз нарығы» туралы заңға сəйкес туынды бағалы қағаз дегеніміз - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куəландыратын бағалы қағаз.Базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар валюта, қаржы құралдары жəне сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер. Туынды бағалы қағаздың негізгі ерекшеліктері: -  туынды бағалы қағаз айналысының сыртқы формасы негізгі бағалы қағаздарға ұқсас болып келеді; - туынды бағалы қағаздардың өмір сүру кезеңі, басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда шектеулі; - туынды бағалы қағаздардың бағасы (номиналдық құны) – базалық активке негізделеді; - басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда минималды инвестиция тартуда пайда алуға мүмкіндік береді. Туынды бағалы қағазды эмиссиялаудың мақсаты – кез келген базалық активтердің бағасының ауытқуынан тек пайда табу ғана емес, сонымен қатар бағаның қолайсыз өзгеруіне байланысты қауіп – қатерден сақтандыру (хеджирлеу). Хеджирлеу - мүлiктiк мүдделердi жай-күйi қаржы құралдарымен мəмiле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң кiрiстерi мен шығындарының туындауына байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткiштердiң өзгеруi кезiндегi тəуекелдерден қорғау. Туынды бағалы қағаз мынадай белгілер бойынша жіктелінеді:

1. Келісім шарт нысанындағы бағалы қағаздар:· форвардтық келісім шарт; · фьючерстік келісім шарт;· опциондық келісім шарт; · своп - келісім шарт.2. Кепілдік нысанындағы бағалы қағаздар:· варрант; · коносамент.3. Куəлік нысанындағы бағалы қағаздар:

· ипотекалық куəліктер; · депозитарлық қолхат; · банктік сертификат.

8.   Негізгі бағалы қағаздың  мәні мен түрлері

Негізгі бқ-олардың негізіне қандай да бір активіне,ақшаға,капиталға берілген мүліктік құқық жатады. Мысалы,акция,облигация. акция-ақ-ның капиталына қатысуға мүмкіндік беретін бқ.оны мемл.органдар емес,тек ақы ғана шығарады.

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.Акционерлік қоғам мынадай жағдайларда акцияны шығарады: - акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;

   бірнеше акционерлік қоғамның қосылуы (жұтылуы) кезінде;

   жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде.

Акцияның мынадай өзіндік қасиеттері бар:

   акция - бұл меншік титулы, яғни акция иесі акционерлік қоғамның ортақ

   еленушісі болып табылады;

   акцияның өмір сүру мерзімі жоқ, яғни акция иесінің құқығы акционерлік

   қоғамның өмір сүру ұзақтығымен байланысты;

   акция иесінің жауапкершілігі шектеулі, акционер акционерлік қоғамның

   міндеттері бойынша жауап бермейді, яғни акционерлер өздері салған акция

   сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді;

   акцияның бөлінбеушілік қасиеті, яғни акцияны ортақ меншік құқығымен

   бірнеше тұлғаның бірлесе отырып иеленуі меншік иелері арасындағы

   құқықтың бөлінбеуін білдіреді;

   акцияны шоғырландыру;

   акция санын көбейтуге болады, яғни бір акцияның бірнеше акцияға айналуы. Облигация-бұл эмитенттің қарыздық міндеттемесін растайтын құжат,ол оның активтеріне қарсы қойылады.оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды.облигацияны шығару-капитал қарызының бір формасы.облигация ұстаушыға-эмитент банкротқа ұшыраған жағдайда өз міндеттемесін орындамаса, мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын берді. облигация жіктелімі: эмитентке,мерзімге,шығару формасына,иелену тәртібіне,айналысқа қарай,т.б. бөлінеді. Облигация – эмитенттің инвестордан алған соманы қайтару жөніндегі  міндеттемесі мен белгілі уақыт аралығында пайыздық төлем төлеуі туралы келісімшарт. Облигация - сатуға және сатып алуға болатын, қарыздың барлығын дәлелдейтін құжат.
Облигация шектеулі мерзімге шығарылады, облигация айналымы барысында эмитент облигация ұстаушысына оның номиналдық құнынан міндетті, тағайындалған пайызын төлеп               тұрады.     Акциямен салыстырғанда облигация құны жылдам ауытқусыз. Облигация ұстаушысы өз инвестициясынан пайыздық үлгідегі бекітілген кірісті табуға сенім артады. Облигациялардың акциялардан айырмашылығы:-  1)облигациялар акцияларға қарағанда аз тәуекелді. Өткені, облигацияларда төлем ағыны алдын ала белгілі: төлем мерізімі мен оның мөлшері нақты белгіленген. Осылайша, инвесторға белгіленген кірістің берілуі мен белгілі уақыт ішінде ақшалай мүліктің қайтарылымы кепілдікке алынады.2) инвестор, облигацияны сатып алу барысында банкроттыққа апарар апаттық тәуекелден басқа (мұндай жағдай өте сирек кездеседі) компания-эмитенттің бизнес-тәуекелін өз мойнына алмайды. Мұнымен қоса, облигациялар бойынша төлемдер эмитент кірісінің үлкендігіне, салалар мен экономиканы дамыту перспективаларына еш               қатыссыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.   Қазақстандағы бағалы қағаз нарығының қалыптасу ерекшеліктері

Қазақстанның егеменді ел атануымен қатар экнономиканы қайта құру идеясы өндірісті қайта қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпкерліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуіне қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылы 19 маусымдағы «БҚ » туралы ережені бекітті. 1994 жылы 20 наурыздағы республика Президентінің «БҚН –н қалыптастыру шаралары » туралы жарлығы БҚН- ндағы қатынастарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде БҚ- дар жөніндегі ұлттық комиссиясының ережесін бекітті. Бұл жарлық 1991 жылғы «БҚ-р айналымы және Қор биржасы туралы» заңды және «БҚ-р » туралы ережені жойды. 1994 жылы 3 қазандағы Министрлер кабинетінің қаулысымен «БҚ- р туралы уақытша ережені» бекітті. Ол Қазақстанның БҚН- н дамытудың құқықтық негізі ретінде 1995 жылғы сәуірге  дейін пайдаланылды. 1995 жылдың қаңтарында република президенті БҚ –р жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасымен оның төрт мүшесін бекітілуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы БҚН – н қалыптастырудағы асулы кезең болды. Дәл осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға кірісті.

Сойтіп, 1995 жылдың сәуірінен Қазақстанды БҚН-н дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық Азия Қор биржасы ашылды.1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан БҚН-нда өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған Орталық Азия және Қазақстан Қор  биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана – Қаз-н Қор Биржасы қызмет көрсетуде.  1997 жылдың 5 наурызында «БҚН туралы» және «ҚР – ң БҚ-ымен мәмілелерді тіркеу туралы » қабылданған 2 заң негізінде қазіргі Қаз-н БҚН-ң базалық инфрақұрылымы түгелімен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында БҚН-нда кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін норм-құқ-қ акт-ң – брокерлік –диллерлік, кастодиандық, Орталық депозитарийлік, БҚ ұстаушылардың реестрін жүргізу б-ша пакетін бекітті.  1997 жылы жүргізілген тенддердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасының біріккен біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «БҚ-ң Орталық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол қазастан қор биржасымен бірігіп , қор нары,ының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі.  2001 жылдың 11 маусымында ҚР-сы президентінің «Қаржы нарығын мем-к реттеудің біріңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар туралы» жарияланған жарлыққы сәйкес БҚ жөніндегі ұлттық комиссия таратылып, оның барлық өкілеттілігі мен қызметтері ҚР ҰБ-іне беріді. 2003 жылға дейін ҰБ бақылаушы реттеуші қазметтерін ж.а. одан кейін ҚҚА құрылып, бақылау реттеу қазметтерін өзіне алды. Алайда 2011 жылы ол агенттік жабылып, Ұб реттеу қызметін қайта өзіне алды.

 

 

10.             Бағалы қағаздар нарығының мәні

Бағалы қағаздар нарығының мəні – нарық қатысушыларының бағалы қағаздарды шығаруымен жəне бағалы қағаздардың айналысымен байланысты экономикалық қатынастарының жиынтығын білдіреді. Осы тұрғыдан бағалы қағаздар нарығының мəні кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан өзгешеленбейді.Тауар шаруашылығы тұрғысынан алғанда бағалы қағаздар нарығы бір жағынан кез келген тауар нарығына ұқсас, яғни бағалы қағаз - тауар тұрғысынан қарастырылады, ал екінші жағынан тауар мен бағалы қағаздың арасында өзіндік айырмашылық бар. Бағалы қағаздар нарығы мен материалдық игілік түріндегі тауар нарығының арасыдағы айырмашылықтарға мыналар жатады: Біріншіден, екі нарықтың объектісінде жəне көлемінде, яғни бағалы қағаздар нарығының объектісі - бағалы қағаз, тауар нарығының объектісі - материалды тауар болып табылады. Материалдық игілік нарығының көлеміне қарағанда бағалы қағаз нарығының көлемі кең ауқымды.

Екіншіден, нарықтың қалыптасу тəсілінде. Тауар еңбек процесінде өндірілсе, бағалы қағаз айналыста шығарылады.

Үшіншіден, айналыс процесінде. Материалдық тауарды өндіру мақсаты – жеке тұтыну болып табылады. Айналыс процесінің қажеттілігі тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу болып табылады. Тауар айналысының кезеңділігі шектеулі. Бағалы қағаз айналыс процесінде ғана өмір сүреді. Ал бағалы қағаз айналысының жылдамдылығы – бұл оның "сапасын" көрсететін негізгі көрсеткіш. Бағалы қағаз үшін айналыс процесінің тоқтатылуы бағалы қағаздың өмір сүруінің аяқталуын білдіреді.

Төртіншіден, екі нарықтың қызмет ету ерекшелігінде, яғни материалды тауар өндірісі еңбек процесінде жүргізіледі. Бағалы қағаздар нарығы мен ақша нарығы өзіндік объектілерімен ерекшеленеді. Бірақ бұл нарықтың айналыс процесінің мəнділігі мен қалыптасу тəсілдері ұқсас болғандықтан, бағалы қағаз есеп айырысу қызметін атқаруы мүмкін.

11.             Бағалы қағаздар нарығының мәні мен атқаратын қызметтері

Бағалы қағаздар нарығының атқаратын қызметтерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Жалпы нарықтық жəне өзіндік ерекшілігі бар қызмет.

Бағалы қағаздар нарығының жалпы нарықтық қызметіне мыналар жатады:

1. коммерциялық қызмет, яғни бағалы қағаздар нарығындағы операциялардан пайда алу;

2. баға белгілеу қызметі, сұраныс пен ұсыныс негізінде нарықтық бағаның қалыптасуын қамтамасыз ету;

3. ақпараттық қызметі, нарық өздерінің қатысушыларын сауда объектілері мен нарықтың қатысушылары туралы əртүрлі ақпараттармен қамтамасыз етеді;

4. реттеушілік қызметі, нарық сауда-саттықты ұйымдастыру жəне оған қатысу ережесін қалыптастырады, нарыққа қатысушылар арасындағы дау-дамайды шешу тəртібін бекітеді.

Бағалы қағаздар нарығының өзіндік ерекшілігі бар қызметтеріне мыналар жатады:1. қайта бөлу қызметі;2. қаржылық жəне баға тəуекелін сақтандыру немесе хеджирлеу қызметі.

Ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметі - бұл бағалы қағаздарды шығару жəне оның айналыста болуымен байланысты, яғни бұл қызметтің мəні мынада:

мемлекет пен жеке жəне заңды тұлғалар арасында; халық пен кəсіпорын арасында;

сала арасында, аумақ пен ел арасында ақша қаражаттарының қайта бөлінуінде.

Сонымен қайта бөлу қызметін шартты түрде мынадай қосалқы қызметтерге бөлуге болады:1. нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;2. халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;3. бейинфляциялық негізде, айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай-ай мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру.

Бағалы қағаздар нарығының қаржылық жəне баға тəуекелін сақтандыру немесе хеджирлеу қызметінің мəні - тəуекелді қайта бөлу болып табылады. Бұл қызмет туынды бағалы қағаздардың пайда болуымен байланысты қолданысқа ене бастады. Осы қызметтің көмегімен бағалы қағаздар нарығы өзінің тұрақтылығын жəне мəнділігін ұлғайтты

 

 

 

12.             Бағалы қағаздар нарығының мәні мен  жіктелімі

Бағалы қағаздар нарығының жіктелінуі бағалы қағаздың нақты түрлерімен байланысты болып келеді, яғни мынадай түрлері бар:

1. копоративті бағалы қағаздар нарығы:

· акция нарығы;

· облигация нарығы.

2. мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы (эмитенттері мыналар болып табылады: Ұлттық банк, Қаржы Министрлігі, муниципалитет);

3. туынды бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздар мынадай нысанда эмиссияланады:

· келісім шарт нысанында: фьючерс, форвард, опцион, своп;

· кепілдік нысанында: варрант, коносамент;

· куəлік нысанында: депозитарлық қолхат-р, банктік сертиф-р, ипотекалық куəлік-р.

Бағалы қағаздар нарығының ролін мына екі позиция тұрғысынан бағалауға болады: əртүрлі көздерден ақша қаражаттарын тарту көлемі тұрғысынан жəне бос ақшалай қаражаттарды қандай да бір нарыққа орналастыру тұрғысынан.

Ақша қаражаттарын тарту ішкі жəне сыртқы көздер есебінен жүргізілуі мүмкін. Əдетте ішкі көздерге мыналарды жатқызады: амортизациялық аударымдар жəне алынған пайда (кіріс). Ал сыртқы көздерге: банктік ссуда жəне бағалы қағазды шығарудан түскен ақша қаражаттары жатады. Бос ақшалай қаражаттар пайда əкелетін əр түрлі салаларда пайдалануы мүмкін: өндіріс, құрылыс, сауда, байланыс жəне т.б. салаларда.

Информация о работе Бағалы қағаздардың экономикалық мәні