Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад
Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.
Бағалы қағаздың иесі немесе өзінің капиталын оның титулына айырбастаған тұлға болады. Меншік құқығын беру тұрғысынан бағалы қағаз атаулы, мəлімдеуші жəне ордерлі болады.
Бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру ерекшеліктері мынада:
1. ұсынушыға бағалы қағазбен куəландыратын құқықты басқа адамға беру үшін бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткілікті.
2. атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның жаңа иесіне басқа бағалы қағаз беріледі.
3. ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берілгенін жазу – индоссамент арқылы беріледі. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқық беруші адам (индоссант) құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады.
Атаулы бағалы қағазға қарағанда мəлімдеуші бағалы қағаздың артықшылығы мынада: бұл бағалы қағаздың айналысы жəне есеп айырысу жылдамдылығы өте жоғары; капиталға деген құқық бір тұлғадан екінші бір тұлғаға бағалы қағазды беру арқылы өтеді.
Бағалы қағаз бойынша міндеті бар тұлғалар – эмитенттер болып табылады.
Эмитент өзінің міндеті бойынша бағалы қағаз иелерінің алдында жауап береді.
Бағалы қағаздың номиналы - бұл бағалы қағазды эмиссиялау барысында нақты бағалы қағазға бекітілетін ақшалай соманы білдіреді. Бағалы қағаздың номиналдық құны негізінде заңды тұлғаның капиталымен байланысты əр – түрлі көрсеткіштер сондай – ақ бағалы қағазға есептелетін табыс бекітіледі. Есептелетін табыстың екі нысаны бар: акция бойынша дивиденд нысанындағы табыс жəне басқа да бағалы қағаз түрлері бойынша пайыз нысанындағы табыс.
Бағалы қағаз бойынша берілетін құқықтар:
· пайда (табыс) алу құқығы;
· номиналдың қайтарылу құқығы;
· айналыс құқығы, яғни бағалы қағаздың нақты түрлеріне байланысты құқықтың бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өту құқығы;
· кəсіпорынды басқару құқығы;
· дауыс беру құқығы;
· иесінің қандай - да бір жеңілдіктерге құқығының болуы жəне т.б.
4. Бағалы қағаздың жіктелімі
№ | Бағалы қағаздың жіктеліну белгілері | Бағалы қағаздың түрлері |
1 | Айналыс мерзіміне қарай | 1. мерзімді бағалы қағаз: • қысқа мерзімді - 1 жылға дейін; • орта мерзімді - 1 жылдан шамамен 5-10 жылға дейін; • үзақ мерзімді - 10 жылдан жоғары шамамен 20 - 30 жылға дейін; • қайтарылатын бағалы қағаз. 2. мерзімсіз бағалы қағаз. |
2 | Шығарылу нысанына қарай | 1. қүжатты бағалы қағаз; 2. қүжатсыз бағалы қағаз. |
3 | Пайдалану мақсатына қарай | 1. инвестициялық бағалы қағаз; 2. инвестициялық емес бағалы |
4 | Ұлттық сипатына қарай | 1. үлттық бағалы қағаз; 2. шетелдік бағалы қағаз. |
5 | Меншік құқығын беру | 1. атаулы бағалы қағаз; |
| ерекшелігіне қарай | 2. мәлімдеуші бағалы қағаз; 3. ордерлік бағалы қағаз. |
6 | Эмиссиялау тәртібіне қарай | 1. эмиссиялық бағалы қағаз; 2. эмиссиялық емес бағалы қағаз. |
7 | Эмитенттің түріне қарай | 1. мемлекеттік бағалы қағаздар: • Ұлттық банктің бағалы қағаздары; • Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздары; • Жергілікті атқарушы органның (муниципалитеттің) бағалы қағаздары. 2. мемлекеттік емес бағалы қағаздар: • корпоративті бағалы қағаздар; • жеке тұлғалардың бағалы қағаздары. |
8 | Айналымдылық деңгейіне қарай | 1. нарықтық бағалы қағаз; 2. нарықтық емес бағалы қағаз. |
9 | Тәуекел деңгейіне қарай | 1. тәуекелі жоқ бағалы қағаз; 2. тәуекелі бар бағалы қағаз: • тәуекелі жоғары бағалы қағаз; • тәуекелі орташа бағалы қағаз; • тәуекелі төмен бағалы қағаз. |
10 | Табыс түріне қарай | 1. табысты бағалы қағаз: бағалы қағаз бойынша пайыз мынадай нысанда есептеледі • пайыз(қарыздық бағалы қағаз бойынша); • дивидент(акция); • дисконт(номиналдық құн мен сатып алу құн арасындағы айырма). |
11 | Айналыс нысанына (беру | 1. келісім шарт бойынша берілетін |
| құқығына) қарай | бағалы қағаз: • беру жолымен; • циссия арқылы. 2. ордерлік немесе индоссамент бойынша берілетін бағалы қағаз. |
12 | Номинал түріне қарай | 1. тұрақты номиналы бар бағалы 2. ауыспалы номиналы бар бағалы |
13 | Тіркелу түріне қарай | 1. тіркелетін бағалы қағаз; 2. тіркелмейтін бағалы қағаз |
14 | Базистік актив бойынша | 1. негізгі бағалы қағаз: • акция мен облигация. 2. туынды бағалы қағаз: • фьючерстік келісім шарттар; • варрант; • опцион және т.б. |
15 | Бағалы қағаз бойынша эмитенттің міндеттеріне қарай | 1. үлесті бағалы қағаз: • акцияның барлық түрлері; • инвестициялық жарна. 2. қарыздық бағалы қағаз: • облигацияның барлық түрлері; • мемлекеттің қарыздық міндеттемелері; • Ұлттық банктің ноталары; • ипотекалық куәліктер. |
5. Үлесті бағалы қағаздың мәні мен түрлері
Үлесті бағалы қағаз-кәсіпорын таратылғанда өз иесінің мүліктің бір бөлігіне ие болу құқығын бекітіп береді.өз иесіне жарғылық капиталды құруға қатысуына мүмкіндік береді,пайданың бір бөлігін алуға және кәсіпорынды басқаруға құқық береді.Үлесті бағалы қағаздарға акциялардың барлық түрлері,инвестициялық пайлар жатады.
Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куəландыратын, басқару ісіне қатысуға жəне кəсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс əкелетін бағалы қағаз.
Акционерлік қоғам мынадай жағдайларда акцияны шығарады:
акционерлік қоғам жаңадан немесе қайтадан құрылған кезде;
бірнеше акционерлік қоғамның қосылуы (жұтылуы) кезінде;
жарғылық капиталға ақшалай қаражаттарды жұмылдыру кезінде.
Акцияның мынадай өзіндік қасиеттері бар:
акция - бұл меншік титулы, яғни акция иесі акционерлік қоғамның ортақ
еленушісі болып табылады;
акцияның өмір сүру мерзімі жоқ, яғни акция иесінің құқығы акционерлік
қоғамның өмір сүру ұзақтығымен байланысты;
акция иесінің жауапкершілігі шектеулі, акционер акционерлік қоғамның
міндеттері бойынша жауап бермейді, яғни акционерлер өздері салған акция
сомасының мөлшерінде ғана қоғам міндеттемелеріне жауап береді;
акцияның бөлінбеушілік қасиеті, яғни акцияны ортақ меншік құқығымен
бірнеше тұлғаның бірлесе отырып иеленуі меншік иелері арасындағы
құқықтың бөлінбеуін білдіреді;
акцияны шоғырландыру;
акция санын көбейтуге болады, яғни бір акцияның бірнеше акцияға айналуын білдіреді. Бір акцияның бірнеше акцияға айналуы барысында жарғылық капиталдың көлемі өзгеріссіз қалады. Акцияның бұл қасиетін эмитент акцияның нақты бір түріне ұсынысты көбейту үшін қолдануы мүмкін. Мысалы, номиналдық құны 1000 теңгемен бағаланатын бір акцияның орнына номиналдық құны 250 теңге болатын 4 жаңа акцияны шығарады. Акционерлердің иелігіндегі акция санының көп екендігін білдіред
6. Қарыздық бағалы қағаздың мәні мен түрлері
Қарыздық құнды қағаздар — эмитенттің (қарыздардың) осы құнды қағаздарды шығару талаптарымен негізгі қарыз сомасын төлеу туралы міндетін растайтын құнды қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады. Вексель ХІІ ғ. Италияда алғашқыда халықаралық сауда, кейін ішкі сауда айналысында қолданылған. Вексель - төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем уақыты келгенде келісілген жерде өтеу қарыздардың сатушыға жазбаша түрде берген құжаты. Тауарлы төлем міндеттемесі коммерциялық вексель деп аталады.Сатып алушы кәсіпорының жабдықтаушы кәсіпорынға сатып алған тауар үшін ақшаны бірден төлемей оның орнына вексель жазып береді. Вексельдегі сома көрсетілген мерзімде, әдетте, 3 айдан аспай төленуі тиіс. Егер сатушыға көрсетілген мерзімнен бұрын ақша қажет болса, онда ол банкке төлем міндеттемесін қабылдауын және өзіне вексельде көрсетілген сомадан есептеу проценті шегерілгеннен қалған соманы төлеуін өтінеді. Банк вексельді қабылдаған жағдайда орнына қолма қол ақша төлейді. Сонда сатып алушы несие берушімен емес, банкпен есептеседі.Вексель-бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлейтін шартсыз міндеттеме. Вексельге тән белгілер:
- ақшалай міндеттеменің шартсыз сипаты; - міндеттеменің дерексіз сипаты;
- осы құжатты толтырудың қатаң формаланған рәсімі; - есеп айырысудың ақшалай формасы.
Весельдер екі негізгі түрге бөлінеді:жай,аудармалы.Жай вексель-несие берушіге ақша қаражаттарының нақты сомасын белгілі бір орында және белгілінген мерзімде қарыз алушы төлейтін,қандай да бір шартпен шектеліп қалмайтын міндеттемені қамтитын вексель.Жай вексельдің ерекше белгісі-қарыз алушы тұлғаға вексельді жазып беретін-вексель беруші болып табылады.Аудармалы вексель-бұл вексельдік қатынасты үш жақты реттейтін құжат:несие беруші,қарыз алушы,төлемді алушы.Аудармалы вексельдің шығарылуы мен айналымның ерекшелігі:ол төлемнің жай құралы ретінде қызмет етпейді.Вексельдің жіктелінуі:
Эмитент:қазынашылық,жеке;
Экономиканың ақша несиелік реттеуіндегі вексельдер сатып алынатын,сатылатын нарықтың рөлі ерекше.оның маңызы экономикада ақша ағымын бірқалыпты етуінде жатыр.вексельдердің коммер-қ деп аталатын несие рәсімдейді.сату-сатып алу обьектісі болып табылатын олар төлем мерзімін ұзартуды қамтамасыз ете отырып,нарықта айналысқы түседі.вексельдік операциялар банк несиесінің қызметінің ең маңызды және келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады.Вексель нарығының міндеті-негізінен қысқа мерзімді ақша қаражаттарын қайта бөлу,ал оның обьектісінің және қаржылық вексельдер жатады.Вексельдік айналым әр түрлі салаларды:біріншіден, банк ссудасын беру барысындағы банк пен клиенттің арасындағы қатынасты; екіншіден, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қатынасты; үшіншіден, банктің араласуынсыз жеке жіне заңды тұлғалардың арасындағы қатынасты қамтуы мүмкін.Вексель бағалы қағаздарға жатпайды,ол «ҚР вексель айналысы туралы» заңға сәйкес реттеледі.
Облигация-бұл эмитенттің қарыздық міндеттемесін растайтын құжат,ол оның активтеріне қарсы қойылады.оның көмегімен жұмылдырылған капитал акционерлік капитал болмайды.облигацияны шығару-капитал қарызының бір формасы.облигация ұстаушыға-эмиитент банкротқа ұшыраған жағдайда өз міндеттемесін орындамаса,мүліктің бір бөлігін алуына мүмкіндік беретін құқығын берді.облигация жіктелімі:эмитентке,мерзімге,
Облигациялардың акциялардан айырмашылығы:
Бұған дейін атап өткендей, облигациялар акцияларға қарағанда аз тәуекелді. Өткені, облигацияларда төлем ағыны алдын ала белгілі: төлем мерізімі мен оның мөлшері нақты белгіленген. Осылайша, инвесторға белгіленген кірістің берілуі мен белгілі уақыт ішінде ақшалай мүліктің қайтарылымы кепілдікке алынады.Екіншіден, инвестор, облигацияны сатып алу барысында банкроттыққа апарар апаттық тәуекелден басқа (мұндай жағдай өте сирек кездеседі) компания-эмитенттің бизнес-тәуекелін өз мойнына алмайды. Мұнымен қоса, облигациялар бойынша төлемдер эмитент кірісінің үлкендігіне, салалар мен экономиканы дамыту перспективаларына еш қатыссыз.Әрбір компания жұмыс қортындысынан басқа өзі шығарған облигациялар бойынша толық түрде төлемдер жүргізуге міндетті. Ал акциялар ұстаушылары дивидендті әр уақытта ала бермейді. Егер қандай да бір нақты акциялар бойынша дивидендтер төленбесе, онда олардың құны төмендеп, үлкен шығынға апарады.Үшіншіден, инвесторлар облигацияларға қатысты нарықтық құн өсімі бойынша қосымша кіріс ала алады. Егер, нарықтық құн артса, инвестор қағаздарды сатып, қосымша пайда табады. Облигациялар – тәуекелге бармастан, пайда табуды көздеген инвесторлар үшін тамаша мүмкіндік. Облигациялар нарығы - қаражатты инфляциядан сақтап қана қоймай, едәуір көлемде кіріс түсіретін өзіндік «тыныш айлақ».Облигация өтем мерзімін күткісі келмеген инвесторлар үшін қалыпты мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар облигациялар тиімді. Компания – эмитент сатып алу құнын алдын ала хабарлайды (оферта жариялайды). Инвестор өзінің әлеуетті кірісін есептеп, офертаны қолдану қажет пе екендігін немесе облигацияларын өз инвестициялық портфелінде қалдыру керек пе екендігін анықтайды.