Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад
Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.
1. Бағалы қағаздың экономикалық мәні
«Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздың иесі бағалы қағаздың нақты бір түріне қарай бір қатар құқықтарға ие болады. Бұл құқықтар мүліктік құқықтар болып табылады. Мысалы, акциялар қоғамды басқаруға қатысу құқығын, дивидендтер алу құқығын жəне акционерлік қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің тиісті бөлігін алу құқығын береді. Бағалы қағаз нақты капиталдың өкілі, ал капитал ретінде бағалы қағаз бұл тіркелген (жалған) капитал болып табылады. Жалған капиталдың нақты (ақша немесе құрал жабдық нысанындағы) капиталдан айырмашылығы құнды көрсетпейді, тек пайда алуға құқық беретін капиталды айтады. Бағалы қағаз бір уақытта нақты капиталдың өкілі де жəне тіркелген капитал да бола алады. Тауар əлемі екі топқа бөлінеді: тауар(материалдық игілік, қызмет) жəне ақша. Өз кезегінде ақша жай ақша немесе капитал болуы мүмкін. Осыған сəйкес бағалы қағаз тауар немесе ақшаның өкілі болуы мүмкін.
Бағалы қағаз - бұл материалдық тауар немесе ақша болып табылмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тəн онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда, бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы тап олардың осы қасиеті мен айқындалады жəне нарық бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін жəне оңай беруімен сипатталады.Бағалы қағаздың айналымы тауар айналысынан өзгеше. Себебі тауар айналымы өндіріс жəне тұтыну кезеңінен өтеді. Ал бағалы қағаздың айналымы мына кезеңдерді қамтиды. Бағалы қағаздың айналымы 1-суретте берілген.
Бағалы қағазды эмиссиялау – бұл ссудалық капиталды титулға айырбастауды білдіреді; бағалы қағаздың айналысы – бұл бағалы қағаз бойынша меншік құқығының бір тұлғадан басқа бір тұлғаға өтуін айтады; бағалы қағазды өтеу немесе айналыстан титулды алу яғни бағалы қағаздың нақты капиталға айырбастауын білдіреді.Бағалы қағаздың тұтыну құны болады, бағалы қағаздың бұл құны материалдық тұрғыда қамтамасыз етілуіне емес оның мүліктік құқығына негізделеді. Бағалы қағаздың тұтыну құнының өлшемі бағалы қағаздың сапасын білдіреді. Бағалы қағаздың сапасын мына элементтер сипаттайды: - бағалы қағаздың өтімділігі, бағалы қағаз бойынша құқықтың бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өтуі; - бағалы қағаздың табыстылығы, бағалы қағаз иесінің пайда алу құқығы; - бағалы қағаз бойынша тəуекел, құқықтарды (пайда алу жəне айналыс құқығы) жүзеге асырумен байланысты белгісіздік.
Бағалы қағаздардың мəнін ашу үшін оның атқаратын қызметтеріне тоқталып өткен жөн. Бағалы қағаз мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
1. ақша қаражаттарын қайта бөлу; 2. қаржыны жұмылдыру;
2. Төлем жəне есеп айырысу қызметі.
Экономикалық категория ретінде бағалы қағаздың мынадай белгілері бар:
1. мерзімділік: · бағалы қағаздың өмір сүру мерзімі.
2. кеңістік: · бағалы қағаздың өмір сүру нысаны; · бағалы қағаздың ұлттық сипаты; · бағалы қағаздың территориялдық сипаты.
3. нарықтық:
· бағалы қағазды иелену құқығы: ұсынушыға немесе нақты тұлғаға (заңды немесе жеке тұлғаға) арналаған бағалы қағаз; · бағалы қағазды эмиссиялау нысаны: эмиссиондық, сипаты жағынан бір - біріне ұқсас болып келетін бағалы қағаздарды жекелеген сериямен шығару жəне эмиссиондық емес(жеке);
· эмитент түрі: мемлекет, корпорация, жеке тұлғалардың бағалы қағазды эмиссиялауы; · бағалы қағаздың айналымдылық сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі түрде айналыста болады; · тəуекел деңгейі: бағалы қағаз бойынша тəуекел деңгейі төмен, жоғары жəне т.б; · бағалы қағаз бойынша есептелетін пайданың болуы немесе болмауы;· номиналдың түрі (тұрақты жəне ауыспалы)
Бағалы қағаздар, экономикалық қатынастар жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау жəне айырбастау үрдісіндегі ыңғайлы əрі тиімді құрал болып табылады. Халыққа белгілі бір кəсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі. Бағалы қағазбен есеп айырысу кезінде кепіл ретінде қолданылуы мүмкін; жылдар бойы сақталуы мүмкін; мұрагерлікпен берілуі мүмкін жəне т.б
2. Бағалы қағаздарды орналастыру
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестордың бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiн немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң көшiрмесiн бергенi үшiн инвестордан оны дайындауға жұмсалған шығыс көлемiнен аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы.Инвестор эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi көшiрмесiнiң уəкiлеттi органдағы проспектiсiне сəйкес келуiн тексеру туралы, ocы мақсатта мұндай көшiрменi уəкiлеттi органға бере отырып, уəкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тəртiбi. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында аукцион немесе жазылым жүргізу арқылы жүзеге асыруға құқылы. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сəйкес жүзеге асырылады.Эмитенттің тиiстi органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешiм қабылдағаннан кейiн эмитент күнтiзбелiк он күн iшiнде мемлекеттік жəне орыс тiлдерiнде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:
1. эмитенттiң толық атауы жəне орналасқан жерi;
2. эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу күнi, олардың түрi жəне орналастырылуға тиiстi саны;
3. акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын iске асырудың мерзiмдерi мен тəртiбi туралы мəлiметтер;
4. эмитенттiң бөлiмшелерi мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiмен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкiн болатын андеррайтердiң (эмиссиялық консорциумның) атауы мен орналасқан жерi туралы мəлiметтер;
5. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мəлiметтер болуға тиiс.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекiту үшiн эмитент уəкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау жөнiндегi өтiнiштi;
2. есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептiлiктi;
3. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген талаптарға сəйкес жасалған жəне ресiмделген есептi табыс етедi.
Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық жəне басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi. Эмитент уəкiлеттi органға эмиссиялық бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн əрбiр алты айдың қорытындылары бойынша (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде), сондай-ақ оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi уəкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды. Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес келмеу фактiлерi анықталса, уəкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартуға құқылы.Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiтуден бас тартқан жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уəкiлеттi органға пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.
Уəкiлеттi орган:
1. эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;
2. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мəлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сəйкес еместiгi анықталған;
3. эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру жəне өтеу шарттары бұзылған;
4. сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уəкiлеттi орган эмитентке, сол бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiге жəне орталық депозитарийге жiбередi.Тiркеушi жəне орталық депозитарий уəкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегi мəмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.Эмитент уəкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк тiлде жəне орыс тiлiнде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлама жариялауға жəне анықталған бұзушылықтарды уəкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға жəрдемдесетiн барлық iс-əрекеттi қолдануға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн, уəкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Бағалы қағаздың деректемелері
Бағалы қағаздың реквизиттері – бұл бағалы қағаздың экономикалық сипаттамасын білдіреді. Бағалы қағаздың реквизиті заңмен бекітіледі. Шартты түрде бағалы қағаздың реквизиттері екі топқа жіктелінеді: бірінші тобы - бағалы қағаздың экономикалық мазмұнын сипаттайтын экономикалық реквизиттер; екінші тобы - техникалық реквизиттер, яғни бағалы қағаз иесінің құқығын жүзеге асырушы мекеменің атауы, мөрі, қолы, мекен жайы, реттік нөмірі жəне т.б.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің біреуінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сəйкес келмеуі оның жарамсыздығын білдіреді. Бағалы қағаздармен куəландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар жəне басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тəртіп бойынша белгіленеді.
Бағалы қағаздың экономикалық реквизиттеріне мыналар жатады:
1. бағалы қағаздың нысаны;
2. бағалы қағаздың мерзімі;
3. бағалы қағаздың иесі;
4. бағалы қағаз бойынша міндеті бар тұлғалар – эмитенттер;
5. бағалы қағаздың номиналы;
6. бағалы қағаз бойынша берілетін құқықтар.
Бағалы қағаздың нысаны - бұл бағалы қағаздың физикалық түрін білдіреді, яғни бағалы қағаз құжатты жəне құжатсыз нысанда шығарылады.Бастапқы кезеңде бағалы қағаздар тек қана құжатты нысанда шығарылатын. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты бағалы қағаздар құжатсыз нысанда шығарыла бастады.
Бағалы қағаздың құжатты нысаннан құжатсыз нысанға ауысу себептері:
Біріншіден, айналыстағы бағалы қағаз санының өсуі.
Екіншіден, бағалы қағаздың нысанына байланыссыз, бағалы қағаз иесінің құқықтары жүзеге асырылып отырды.
Үшіншіден, құжатты бағалы қағаздарға қарағанда, құжатсыз нысанда шығарылатын бағалы қағаздармен есеп айырысу, оларды сақтау, жəне есепке алу, сондай – ақ бір тұлғадан екінші бір тұлғаға өтуі (жəне тағады басқа жағдайларда) оңай əрі жылдам жəне аз шығындармен жүзеге асырылады.
Төртіншіден, бағалы қағаз нарығының құрылымының өзгеруімен байланысты.
Құжатты жəне құжатсыз нысанда шығарылатын бағалы қағаздар, бағалы қағаздың даму кезеңін білдіреді. Құжатсыз бағалы қағаз - бұл нақты қағаз жүзінде шығарылатын дəстүрлі бағалы қағаз тіптен қағаз болып табылмайтын, капитал иесінің есебі электрондық нысанда жүзеге асырылатын бағалы қағазды білдіреді.
Бағалы қағаздың мерзімі - екі аспектіде қарастырылады:
1. тарихи тұрғыда, яғни əр бір бағалы қағаздың өзінің шығу тарихы жəне нарықтық қатынастардың дамуына қарай əр бір бағалы қағаздың өзінің ролі болады. Осыған сəйкес бағалы қағаздың жаңа түрлері пайда болады.
2. бағалы қағаз айналымының мерзімі. Əр бір бағалы қағаздың өзінің айналысқа шығару мерзімі, шарты болады. Бағалы қағаздың мерзімі эмитенттің қызмет ету мерзімімен тікелей байланысты. Эмитенттің қызмет ету мерзімімен байланысты бағалы қағаздарға акцияның барлық түрлері жатады.
Нақты бағалы қағаздың мерзімі аяқталғаннан кейін немесе бағалы қағазды шығарған кəсіпорын таратылған жағдайда капитал өзінің соңғы иесіне қайтарылады. Қайтарылатын капиталдың көлемі, бағалы қағазды шығару барысында алдын – ала қарастырылады немесе қалдық құны бойынша анықталады.