Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад
Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.
8. Жеңілдетілген рəсімдеу бойынша қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін немесе онда орналасқан бағалы қағаздарға қойылатын талаптар. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын енгізу жəне онда қалдыру үшін бағалы қағаздар жəне олардың эмитенті белгіленген талаптарға сəйкес болуы жағдайында жеңілдетілген рəсімдеуді қолдануға жол беріледі.
65. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мәні мен мақсаты
Бағалы қағаздар нарығын реттеу - реттеу қызметін жүзеге асыруға уəкілетті ұйымдардың, бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қызметін жəне жəне олардың арасында жасалатын операцияларды ретке келтіруін білдіреді.
Бағалы қағаз нарығын реттеу барысында бағалы қағаз нарығының барлық қатысушылары (эмитент, инвестор, қор нарығының кəсіби қатысушылары, нарықтың инфрақұрылымын ұйымдастырушылар жəне т.б) жəне бағалы қағаз нарығында жүзеге асырылатын барлық қызмет түрлері мен операциялар (эмиссиондық, инвестициондық, спекулятивті, трасталық, делдалдық жəне өзге де қызметтер) қамтылады.
Бағалы қағаз нарығын реттеудің мақсаты:
1. нарықтағы тəртіпті сақтау, бағалы қағаз нарығының қатысушыларының қызметіне қолайлы жағдайлар жасау;
2. бағалы қағаз нарығының қатысушыларын əр – түрлі жағдайлардан (жекелеген тұлғалардың немесе ұйымдардың ұйымдастырған айлакерлік іс - əрекеттерінен, арам ниеттерінен жəне т.б) қорғау;
3. сұраныс пен ұсыныс негізінде бағалы қағаздарға ашық жəне еркін баға белгілеу үрдісін қамтамасыз ету;
4. тиімді нарықты қалыптастыру;
5. жекелеген жағдайларда жаңа нарықты қалыптастыру, нарыққа қажетті қоғамдар мен нарықтық құрылымдарды қалыптастыру жəне қолдау;
6. қоғамдық мақсатқа қол жеткізу үшін нарыққа əсер ету (мысалы, экономикалық өсудің қарқындылығын арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету жəне т.б.)
7. нарықтағы қоғамдық мүддені қорғау.
66. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің мәні мен үрдісі
Бағалы қағаздар нарығын реттеу - реттеу қызметін жүзеге асыруға уəкілетті ұйымдардың, бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қызметін жəне жəне олардың арасында жасалатын операцияларды ретке келтіруін білдіреді.
Бағалы қағаз нарығын реттеу барысында бағалы қағаз нарығының барлық қатысушылары (эмитент, инвестор, қор нарығының кəсіби қатысушылары, нарықтың инфрақұрылымын ұйымдастырушылар жəне т.б) жəне бағалы қағаз нарығында жүзеге асырылатын барлық қызмет түрлері мен операциялар (эмиссиондық, инвестициондық, спекулятивті, трасталық, делдалдық жəне өзге де қызметтер) қамтылады.
Бағалы қағаз нарығын реттеу үрдісі мыналарды қамтиды:
1. бағалы қағаз нарығының қызмет етуіне негіз болатын нормативтік базаны қалыптастыру, яғни ережені, қаулыны, нұсқаулықты, əдістемелік – нұсқаулықты, заңды жəне өзге де нормативтік актілерді əзірлеу;
2. нарықтың кəсіби қатысушыларын іріктеу. Кез келген нарықтың сондай – ақ қазіргі бағалы қағаз нарығының өзінің кəсіби қатысушылары болады. Кез келген тұлға немесе ұйым бағалы қағаз нарығының қатысушысы бола алмайды. Нарықтың кəсіби қатысушысы болу үшін бір қатар талаптар орындалуы қажет;
3. нарықтың қызмет етуіне негіз болатын нормалар мен ережелердің бағалы қағаз нарығының қатысушыларымен сақталуын бақылау. Бақылауды тиісті орган жүзеге асырады.
4. бекітілген нормалар мен ережелердің орындалмағандығы анықталған жағдайда санкциялар жүйесін қолдану. Санкция жүйесіне мыналар жатады: жазбаша немесе ауызша нысанда ескеру жасау, нарықтың қатусушысы қатарынан шығару, қылмыстық жазалау шаралары қолдану, айыппұл жəне т.б.
67. Бағалы қағаздар нарығында уәкілетті органның қолданатын ықпал етудің шекеулі шаралары мен сакциялары
Уəкілетті орган пруденциалдық нормативтердің жəне сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар нарығының субъектілері лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-əрекеттерін немесе əрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уəкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:1. анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;2. акционерлер алдына бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы мəселе қоюға;3. міндеттеме - хат талап етуге;4. бағалы қағаздар нарығының субъектісімен жазбаша келісім жасауға құқылы.Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі жəне бағалы қағаздар нарығы субъектісі басшылығының оларды қатаң айқындалған мерзімдерде жою жəне жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөніндегі кепілдігі болуға тиіс.
Жазбаша келісім - бұл бағалы қағаздар нарығының субъектісі мен уəкілетті органның арасындағы анықталған кемшіліктерді шұғыл жою қажеттігі туралы жəне осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөніндегі келісім.Жазбаша нұсқама - бағалы қағаздар нарығының субъектісіне белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған, орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқау. Сотта уəкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.
Бағалы қағаздар нарығының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы уəкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Уəкілетті орган бағалы қағаздар нарығының субъектісіне оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.Уəкілетті орган санкция ретінде мынадай шараларды қолданады:1. лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;2. лицензиядан айыру;3. бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уəкілетті органның келісімін қайтарып алу;
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен айыппұл салу жəне оны өндіртіп алу.