Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад

Описание работы

Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздың экономикалық мәні.doc

— 563.50 Кб (Скачать)

Шығару шартына қарай АДР екі түрге: демеушіленетін жəне демеушіленбейтін болып бөлінеді. Демеушіленбейтін АДР, компанияның акциясын көп бөлігін иеленетін ірі акционер немесе акционерлер тобының бастамасымен шығарылады. Демеушісіз АДР – дің артықшылығы – ол қарапайым, ал кемшілігі – онымен сауда тек биржадан тыс нарықта жасалады.

Демеушіленетін АДР эмитенттің бастамасы бойынша шығарылады. Демеушіленетін АДР – ге арналған төрт деңгейлі бағдарлама болады. Бірінші жəне екінші деңгейлік бағдарлама қайталама нарықта айналыста жүрген акцияларға қолхат шығаруды көздейді. Үшінші жəне төртінші деңгейлік бағдарламалар бастапқы шығарылатын акцияларға қолхат шығаруды сипаттайды.

Қазақстандық депозитарлық қолхаттың эмитенті ретінде кастодиан қызметіне арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк бола алады. Қазақстандық депозитарлық қолхаттың базалық активіне туынды немесе эмиссияланбайтын бағалы қағаздар жатады.

 

 

 

 

54.             Банктік сертификаттың  мәні мен түрлері

Банктік сертификат. Құжатты нысанда, атаулы немесе мəлімдеуші негізде шығарылатын банктік салым бойынша келісім шартты білдіреді. Бұл бағалы қағаздың түрін тек қана коммерциялық банктердің эмиссиялауға құқығы бар. Экономикалық табиғаты жағынан, банктік сертификат пайыздық табысы бар қарыздық бағалы қағазға ұқсас болып келеді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Банктік сертификаттың мынадай түрлері бар:

депозиттік сертификат - заңды тұлғаның банкке салған қаражатын куəландыратын жəне оған салым мерзімінің өтеуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз. Бұл бағалы қағаздың айналым мерзімі 1-ға жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Депозиттік сертификат көбіне ірі сомада шығарылатындықтан оларды заңды тұлғалар сатып алады;

жинақ сертификаты - жеке тұлғаның банкке салған қаражатын куəландыратын жəне оған салым мерзімінің өтеуіне қарай банктен немесе оның филиалдарынан салған салым сомасы мен сыйақы мөлшерлемесін алуға құқық беретін бағалы қағаз. Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Бұл бағалы қағаздың айналым мерзімі 1 жылдан 3-ға жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.

Əлемдік тəжірибеде депозиттік сертификаттың мынадай екі түрі бар:

аударылатын депозиттік сертификат – басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу – сату арқылы өтеді;

аударылмайтын депозиттік сертификат – салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Банктік сертификатта мынада реквизиттер көрсетіледі:

«депозиттік» немесе «жинақ» сертификатының атауы;

сертификатты беру себебі(салымды жинақтау немесе бос ақшалай қаражатты депозитке орналастыру);

жинақ салымның немесе ақшалай қаражатты депозитке орналастырған күні;

депозиттің немесе жинақ салымының көлемі (көлемі сандық жəне жазбаша түрде көрсетіледі);

орналастырылған соманы банктің иесіне қайтару жөніндегі міндеттемесі;

сертификат бойынша салымшының орналастырған ақшалай қаражатты талап ету күні;

депозитті немесе салымды пайдаланғаны үшін пайыздық мөлшерлеме;

банк – эмитенттің атауы жəне мекен жайы, ал атаулы сертификат бойынша салымшының аты – жөні;

банк тарапынан қол қоюға өкілеттілігі бар екі тұлғаның қолы.

Жоғарыда аталған реквизиттің біреуінің болмауы бағалы қағаз ретіндегі сертификат мəртебесінен айырады.Заңға қайшы келмейтін қосымша реквизиттерді банк белгілеуі мүмкін.Сертификат сериямен немесе бір жолғы ретпен шығарылуы мүмкін. Тауарды немесе қызметті сату - сатып алу кезінде банктік сертификат есеп айырысу немесе төлем құралы болып табылмайды.

Банктік сертификаттың айналым мерзімі аяқталғаннан кейін, оның иесіне салған салым сомасы мен оған есептелетін сыйақы мөлшерлемесі қайтарылады

 

 

55.             Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібі

Бағалы қағаздар нарығында уəкiлеттi органның лицензиялануына жататын қызмет түрлерi мыналар: 1. брокерлiк; 2. дилерлiк; 3. бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзу; 4. инвестициялық портфельдi басқару; 5. зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару; 6. кастодиандық; 7. трансфер-агенттiк; 8. бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.

Жоғарыда аталған қызмет түрлерi, сондай-ақ депозитарийлiк қызмет бағалы қағаздар нарығындағы кəсiби қызмет болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығындағы кəсiби қызметтiң белгiлi бiр түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында өзiн-өзi реттейтiн бiр ғана ұйым құрады.

Лицензиат бағалы қағаздар нарығындағы қызметті:

1. бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тəртібін белгілейтін ішкі құжаттары;

2. операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын белгілейтін ішкі құжаттары;

3. лицензиат пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін белгілейтін ішкі құжаттары;

4. лицензиаттың директорлар кеңесі ішкі құжаттарға қосу қажет деп есептейтін өзге де шарттарды, талаптар мен шектеулерді белгілейтін ішкі құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Ішкі құжаттарды лицензиаттың директорлар кеңесі бекітуге тиіс.

Бағалы қағаздар нарығында көрсеткен қызметтерi үшiн лицензиатқа клиенттiң сыйақы төлеуiнiң талаптары мен тəртiбi лицензиаттың iшкi құжаттарымен жəне лицензиаттың өз клиентiмен жасалған шартымен белгiленедi.

Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталын қалыптастыру тек қана ақшалай нысанда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.

Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

Жеке жəне заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместер өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары жəне акционерлерi бола алады.Мыналар:

1. тiзбесiн уəкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар;

2. оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;

3. оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлерi) болып табылатын тұлғалар өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшысы жəне акционерлерi бола алмайды.

Лицензиат (Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган тіркеген тіркеушіні, трансфер-агентті, сондай-ақ брокерді жəне дилерді қоспағанда) міндетті түрде мынадай алқалы органдарды қалыптастырады:

1. директорлар кеңесі - басқару органы;2. басқарма - атқарушы орган;

3. ішкі аудит қызметі - бақылаушы орган

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

56.             Бағалы қағаз нарығында кәсіби қызметті жүзеге  асыруға   қойылатын талаптар

Өтінішті берушігі (лицензиатқа) қойылатын талаптар

Өтiнiш берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуға тиiс: 1. өтініш берушінің оны құру мақсаттарын ашатын бизнес-жоспарының болуы; 2. қызметінің негізгі бағыттарын жəне оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегменті; 3. қызмет түрлері; 4. маркетинг жоспары; 5. өтініш берушінің кəсіптік қызметімен байланысты тəуекелдер жəне оларды азайтудың тəсілдері;

6. қаржылық перспективасы (есептік балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың есептері); 7. еңбек ресурстарын тарту жоспары; 8. уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сəйкес, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдары мен жабдықтары болуы; 9. белгіленген талаптарға сəйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы; 10. өтініш берушінің ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.

Өтініш берушінің басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар

Өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы мен мүшелері, бас бухгалтері, өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді жəне бақылауды жүзеге асыратын жəне бағалы қағаздар нарығында мəмілелер жасауға негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып табылады. Мыналар:

1. жоғары білімі жоқ; 2. қаржылық қызмет көрсету жəне оны реттеу саласында жұмыс стажы жоқ; 3. мінсіз іскерлік беделі жоқ; 4. уəкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мəжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы жəне оның орынбасары, бас бухгалтері болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қаржы ұйымын мəжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады; 5. өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уəкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

Өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тəуелсіз директорлар болуға тиіс.

Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар

Бағалы қағаздар нарығында кəсiби қызметтi жүзеге асыруға екi жəне одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтiң əр түрi бойынша жекелеген бөлiмшелерден тұруға тиiс.

Лицензиаттың бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды екiншi бөлiмшенiң қызметкерлерiне жүктеуге құқығы жоқ.

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшiн лицензиялар берудiң талаптары мен тəртiбi «Бағалы қағаздар нарығы» туралы Заңмен жəне уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

Лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды уəкiлеттi орган (бағалы қағаз нарығын реттеу жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган) қарайды жəне өтiнiш берушi мен ол табыс еткен құжаттар «Бағалы қағаздар нарығы» туралы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сəйкес болған жағдайда бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей лицензия бередi. Лицензия өтініш беруші басқармасының бірінші басшысына не сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.

Уəкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздемелер бойынша лицензия беруден бас тартуға құқылы.

Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы дəйектемесiз мəлiметтер бар екенi анықталса, уəкiлеттi орган ол құжаттарды қapaу мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн жəне құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уəкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

 

 

 

 

57.             Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті лицензиялау  тәртібі

Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшiн лицензиялар берудiң талаптары мен тəртiбi «Бағалы қағаздар нарығы» туралы Заңмен жəне уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

Лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды уəкiлеттi орган (бағалы қағаз нарығын реттеу жəне қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган) қарайды жəне өтiнiш берушi мен ол табыс еткен құжаттар «Бағалы қағаздар нарығы» туралы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сəйкес болған жағдайда бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей лицензия бередi. Лицензия өтініш беруші басқармасының бірінші басшысына не сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі.

Уəкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздемелер бойынша лицензия беруден бас тартуға құқылы.

Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы дəйектемесiз мəлiметтер бар екенi анықталса, уəкiлеттi орган ол құжаттарды қapaу мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн жəне құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уəкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

Информация о работе Бағалы қағаздардың экономикалық мәні