Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад
Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.
Нақтылы ұстаушы тiркеушiнiң, орталық депозитарийдiң жəне эмитенттiң талап етуi бойынша, өзiнiң нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мəлiметтердi табыс етуге мiндеттi.
61. Кастодиандық қызметті жүзеге асыру тәртібі
Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодиан өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына жəне клиентпен жасалған кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сəйкес жүзеге асырады.
Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартқа сəйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары кастодиандық қызмет объектiлерi болып табылады.
Кастодиан мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1. ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздарға жəне кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарына қатысты клиентке шоттар ашу; 2. ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды жəне кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарын есепке алуды қамтамасыз ету; 3. нақтылы ұстауды жүзеге асыру; 4. эмиссиялық бағалы қағаздармен жəне кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарымен мəмiлелер бойынша төлем агентiнiң функциясын атқару; 5. клиенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарымен мəмiлелердi тiркеу жəне осы бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарын растау; 6. эмиссиялық бағалы қағаздар жəне кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдары бойынша кiрiс алу жəне оны клиенттiң шотына есептеу; 7. эмитенттiң тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат беру; 8. клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта көзделген өзге де қызметтер көрсету; 9. құжатты бағалы қағаздарды жəне құжатты нысанда шығарылған өзге де қаржы құралдарын сақтау.
Кастодианның міндеттері: 1. кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарттың талаптарын, сондай-ақ клиенттiң бұйрықтарын олардың мазмұнына сəйкес орындауға; 2. эмиссиялық бағалы қағаздардың жəне өз активтерiне қатысты кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарының бөлек сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етуге; 3. клиенттердiң шоттарын жүргiзу технологиясын сақтауға; 4. клиентке тұрақты негiзде немесе оның талап етуi бойынша шоттарының жай-күйi туралы есеп беруге;5. қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəлiметтердi жария етпеуге.
Кастодиан мен оның клиентi арасындағы қатынастар кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шарт негiзiнде туындайды. Кастодиан кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартты жасасу кезiнде клиенттi өзiнiң iшкi құжаттарымен таныстыруға мiндеттi.
Кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартта мынадай ақпараттар көрс-ді:
1. клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер ұсыну тəртiбi;
2. кастодианның жəне оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
3. кастодианның қызметiне ақы төлеу тəртiбi;
4. кастодианның кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген бағалы қағаздары бойынша кiрiс алуының талаптары мен тəртiбi жəне оны клиенттiң шотына есептеу;
5. кастодиандық қызмет көрсету жөнiндегi шартты бұзу тəртiбi;
6. тараптардың жауапкершiлiгi;
7. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес өзге де талаптар болуға тиiс.
62. Орталық депозитарийдің қызметті жүзеге асыру тәртібі
Орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Орталық депозитарийдiң акциялары бағалы қағаздар нарығының кəсiби қатысушылары жəне халықаралық қаржы ұйымдары арасында орналастырылады.
Мына тұлғалар орталық депозитарийдiң құрылтайшылары жəне акционерлерi бола алмайды:
1. тiзбесiн уəкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар; 2. тiзбесiн уəкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;
3. тiзбесiн уəкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлерi) болып табылатын тұлғалар.
Бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кəсiби қатысушылары, сондай-ақ шетелдiк депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.
Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын бiрден-бiр ұйым болып табылады.
Орталық депозитарий депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру процесiнде мынадай қызмет түрлерін асырады:
1. депоненттерге қаржы құралдарын нақтылы ұстау қызметiн көрсетедi;
2. ұйымдастырылған жəне ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында оның депоненттерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сəйкес тиісті лицензиясыз брокерлік жəне (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғалардың қатысуымен (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр тараптан депонент жəне екiншi тараптан басқа депоненттiң клиентi арасында; əртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында) жасалған мəмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды жүзеге асырады;
3. өзiнiң ережелер жинағына сəйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
4. консультациялық, ақпараттық жəне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi;
5. қаржы құралдарымен жасалған мəмілелер бойынша қаржы құралдарындағы жəне (немесе) ақшадағы клиринг қызметі.
Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:
1. брокерлер мен дилерлер арасындағы есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;
2. қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі жəне оларды өтеу кезінде төлем агентінің функцияларын орындауды;
3. депонентке эмиссиялық бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен мəмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу жəне қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды жүзеге асырады.
Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзуге құқылы
63. Қор биржасының мәні, атқаратын қызмет түрлері
Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дəйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады.
1997 жылдың басында Қазақстанда 3 қор биржасы болған: Орта Азия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Қазақстандық банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсан айында жарияланған тендрде модельді қор биржасын таңдау кезінде Қазақстан Қор биржасы мен Қазақстандық банкаралық қор биржасы жеңген болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз əрекетін тоқтатты. Қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық жəне техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға жəне коммерциялық емес ұйым болып табылады.Қор биржасының əр акционері оған тиесілі қор биржасының акцияларының санына тəуелсіз, акционерлердің жалпы жиналысында тек бір дауысты иеленеді.Қор биржасы өзінің жарғысына сəйкес жарғылық капиталын қалыптастыруға қатыспайтын "алтын акция" шығарады. Қор биржасының "алтын акциясының" иесі валюталық реттеу жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағаздар нарығын реттеу мəселелері бойынша қор биржасының органдарының шешімдеріне вето салу құқығы бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
Қор биржасы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1. сауда жүйелерiн пайдалану жəне қолдау;
2. қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгiзуге жорамалданып отырған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;
3. қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен мəміле жасасу мақсатында сауда жүйесiне кіруге өз мүшелерiне мүмкiндiк беру;
4. қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру жəне өткiзу;
5. қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мəмiлелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру жəне жүзеге acыру, не осындай есеп aйырысуды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты əзiрлеу;
6. өз мүшелерiне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық жəне өзге де қызметтер көрсету;
7. бағалы қағаздар нарығы жəне өзге де қаржы құралдары мəселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
8. Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген тəртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;
9. қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың жəне қайта бастаудың шарттары мен тəртібін айқындау функцияларын;
10.қор биржасының iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды.
64. Қор биржасының Ресми тізімінің секторлары
Ресми тізім келесі секторлардан тұрады:
1. акциялар; 2. борыштық бағалы қағаздар; 3. инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары; 4. депозитарийлік қолхаттар; 5. халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары; 6. мемлекеттік бағалы қағаздар; 7. туынды бағалы қағаздар. 8. Жеңілдетілген рəсімдеу бойынша қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін немесе онда орналасқан бағалы қағаздарға қойылатын талаптар.
1. «Акциялар» секторы үш санатқа бөлінеді: бірінші (ең жоғарғы) санат, екінші (ең жоғарғы) санат жəне үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санат.
Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бірінші, екінші жəне үшінші санаттары бойынша «акциялар» секторына эмитент акцияларын енгізу жəне онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті белгілі талаптарға сəйкес болуы керек:
2. «Борыштық бағалы қағаздар» секторы екі санаттан тұрады:
рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;
рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар: рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының бірінші санатшасы (ең жоғарғы санат); рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасы (ең жоғарғы санатынан кейінгі санат).
3. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне инвестициялық қордың бағалы қағаздарын енгізу үшін жəне онда қалдыру үшін, аталған бағалы қағаздар, инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер ол инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елі заңнамасында қарастырылған сəйкес құжаты бар (бұдан əрі — инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) белгілі талаптарға сəйкес болуы керек.
4. Депозитарийлік қолхаттар листингіне қойылатын талаптар.
Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «депозитарийлік қолхаттар» секторының айналымына базалық активі Қазақстан Республикасы жəне басқа мемлекеттер заңнамасына сəйкес шығарылған акция болып табылатын депозитарийлік қолхаттар енеді. Ресми тізімнің берілген секторына депозитарийлік қолхаттарды енгізу белгілі талаптарға сəйкес болуы керек.
5. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының жіберілуіне қойылатын талаптар. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары» секторының айналымына халықаралық қаржы ұйымдарының келесі талаптарға сəйкес келетін эмиссионды бағалы қағаздары жіберіледі: олардың есебі орталық депозитарий есебі жүйесінде жүзеге асырылады; ресми тізімнің берілген санатқа бағалы қағаздарды енгізу туралы мəселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мəртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады. Қор биржасы эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасы жүйесінде айналымға жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізімін қаржы орталығының қызметін реттеу бойынша уəкілетті органмен келісе отырып бекітеді. 6. Мемлекеттік бағалы қағаздар жіберілуіне қойылатын талаптар.Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «мемлекеттік бағалы қағаздар» секторының айналымына Қазақстан Республикасы жəне басқа да мемлекеттер заңнамасына сəйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі:олардың есебі орталық депозитарий есебі жүйесінде жүзеге асырылады;ресми тізімнің берілген санатына бағалы қағаздарды енгізу туралы мəселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мəртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады. Берілген талап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жəне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен шығарылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қолданылмайды. 7. «Туынды бағалы қағаздар» секторының айналымына жіберілетін (жіберілген) қаржы құралдарына жəне олардың эмитенттеріне қойылатын талаптар. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «туынды бағалы қағаздар» секторының айналымына туынды бағалы қағаздарды енгізу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті қор биржасының бекітілген ережелеріндегі талаптарға сай болуы тиіс, сондай-ақ қор биржасының ережелері қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі жəне қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уəкілетті органдармен келісе бекітуі тиіс.