Бағалы қағаздардың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:55, доклад

Описание работы

Бағалы қағаздар» - иелеріне мүліктік құқықтар мен белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлық құжаттар.
«Бағалы қағаз нарығы» туралы қолданыстағы заңға сəйкес бағалы қағаз – мүліктік құқықты куəландыратын белгілі бір жазбалармен басқа да белгілеулердің жиынтығы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаздың экономикалық мәні.doc

— 563.50 Кб (Скачать)

Бағалы қағаз нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алудан үміткер тұлға лицензия алу үшін уəкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:

1. өтініш;

2. лицензиялау алымының бюджетке төленгендігін растайтын құжатты;

3. заңды тұлға есебінде өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің жəне жарғының нотариат куəландырған көшірмелерін;

4. өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куəліктің нотариат куəландырған көшірмесін;

5. бағалы қағаз нарығында қызметті жүзеге асыруға қытысатын филиалдардың тізімін жəне мұндай филиалдар туралы ережелердің нотариат куəландырған көшірмелерін;

6. құжаттарды берген күннің алдындағы күндегі жағдай бойынша акционерлер туралы мəліметтерді;

7. бухгалтерлік балансты, пайдалар мен залалдар туралы есепті, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті, өтініш берушінің акцияларын төлеуге ақша салар алдындағы соңғы айдың аяғындағы өтініш берушінің акционерлер – заңды тұлғалардың капиталындағы өзгерістер туралы есепті;

8. Қазақстан Республикасындағы заңнамаға сəйкес, басшы қызметкерлерді келісілу үшін ұсынылатын құжаттарды;

9. қызметкерлердің фамилиясы, аты жəне болған жағдайда əкесінің аты, олардың атқаратын лауазымы көрсетіле отырып, штаттық кестенің көшірмесін;

10.бағалы қағаз нарығында қызметті жүзеге асыру бойынша міндет жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережені;

11.ішкі аудит қызметі туралы ережені;

12.құрамы туралы мəліметтерді (инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиылар алуға үміткер өтініш берушілер үшін) қоса отырып, инвестициялық комитет туралы ережені;

13. өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бағалы қағаз нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық – техникалық құралдарға жəне өзге де құрал жабдыққа қойылатын талаптарды орындайтындығын растайтын құжаттар;

14.өтініш беретін тоқсанның алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы бухгалтерлік балансты;

15.аудиторлық есеппен расталған соңғы аяқталған жылға өтініш берушінің қаржылық есебін;

16.бизнес – жоспар, қызметтің негізгі бағыттары жəне өтініш беруші бағдарға алған рыноктың сегменті, қызмет көрсету түрлері, маркетинг жоспары, өтініш берушінің кəсіби қызметімен байланысты тəуекелдер жəне оны азайту тəсілдері, қаржылық перспективалары(есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржылық жылға кірістер мен шығыстардың есебі), еңбек ресурстарын тарту жоспары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

58.             Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібі

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi тiркеушiнiң iшкi құжаттарында жəне эмитентпен жасалған шартқа сəйкес тiркеушi жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты мiндеттi болып табылады.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы мəлiметтер уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде жəне тiркеушiнiң iшкі құжаттарында белгiленген тəртiппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiне енгiзiлуге тиiс.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы мəлiметтер уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде жəне тiркеушiнiң iшкі құжаттарында белгiленген тəртiппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiне енгiзiлуге тиiс.

Тіркеушінің лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырған жағдайларда уəкілетті орган бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөнінде эмитент жаңа шарт жасасқан тіркеушіге оларды кейіннен беру үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін құрайтын деректердің резервтік көшірмелерін алып қоюға құқылы.

Тiркеушiнiң функциялары:

1. бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн қалыптастыру, жүргiзу жəне сақтау;2. тiркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесінде жеке шот ашу;

3. тiркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мəмiлелердi тiркеу;4. тiркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарын стау;5. бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн сайма-сай қалпында ұстау;6. қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста жүрген бағалы қағаздар санының уəкiлеттi орган тiркеген санына сəйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;7. бағалы қағаздарды ұстаушыларға эмитенттiң тапсырмасы бойынша эмитенттiң жалпы жиналысын өткiзуiне немесе эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеуiне қатысты, сондай-ақ эмитенттiң бағалы қағаздарды шығаруына қатысты хабарлау;8. эмитенттiң сұратуы негiзiнде оған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпарат табыс ету;9. бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын мəлiметтер алуға құқығы бар мемлекеттiк органдарға ақпарат табыс ету;

10.Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сəйкес өзге де функциялар болып табылады.

59.             Брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі

Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлiк қызмет жəне дилерлiк қызмет брокерлiк жəне дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.Брокерлiк жəне дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда уəкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы.

Нақтылы ұстаушы ретiндегi клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар брокер жəне дилердiң ұйымдық құрылымында мынадай құрылымдық бөлiмшелер:

1. қаржы құралдарымен мəмiлелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi; 2. қаржы құралдарымен мəмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын жəне сол брокер немесе дилер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi енуге тиiс.

Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокер жəне дилердiң сауда бөлiмшесi басшы қызметкерлерiнiң сол брокер жəне дилердiң есеп айырысу бөлiмшесiнiң басшы қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауға жəне керiсiнше жасауға құқығы жоқ. Брокер жəне дилер клиенттiң бұйрығына сəйкес қаржы құралдарымен мəмiлелер жасайды. Клиенттердiң бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны жəне ресiмделуi уəкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен жəне брокер жəне дилердiң iшкi құжаттарымен белгiленедi.

Клиенттiң бұйрығын орындауды брокер жəне дилер сол бұйрықта көрсетiлген мəмiле жacaу талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мəмiле жасау кезiнде мəмiленiң талаптарын өзгерту қажет болса, брокер жəне дилер өз iс-əрекетiн клиентпен келiсiп алуға мiндеттi. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер жəне дилер мəмiленi өз мүддесiнен клиенттiң мүддесi басым екендiгiн негiзге ала отырып жасауға мiндеттi. Уəкілетті орган берген банкілік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар брокер немесе дилер уəкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тəртіппен факторинг операцияларын (төленбеу тəуекелін қабылдай отырып, (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алушыдан төлем талап ету құқықтарын сатып алуды) жəне форфейтинг операцияларын (сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін төлеуді) жүзеге асыруға құқылы.Брокер немесе дилер эмитентке андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсетуге құқылы.Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледi.

Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды мынадай тəсiлдермен жүзеге асыруға құқылы:

1. "қатаң мiндеттемелер" тəсiлiмен; 2. "ең үздiк күш салу" тəсiлiмен;

3. эмитент пен андеррайтер арасында жасалған шарт талаптарына сəйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың өзге де тəсiлдерiмен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

60.             Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметті жүзеге асыру тәртібі

Бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар орталық депозитарий, кастодиан жəне брокер жəне дилер нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқылы.Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау – бұл нақтылы ұстау шартына сəйкес бағалы қағаздарда ұстаушылардың атынан жəне есебiнен белгілi бiр заңды iс-əрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау жəне осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мəмiлелерiн тiркеу.

Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды клиентпен жасалған, лицензиаттың нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты құқықтарын белгiлейтiн шарттың талаптарына сəйкес лицензиат жүзеге асырады.

Нақтылы ұстау ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиан жəне брокер жəне дилер клиентпен нақтылы ұстау туралы шарт жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк үш күн iшiнде клиентке нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот жəне орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi клиенттiң қосалқы шотын ашуға мiндеттi.

Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде нақтылы ұстауға берiлген мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды есепке алу орталық депозитарийдiң жеке шоты бойынша жүзеге асырылады, оны ашуды орталық депозитарийдiң бұйрығы негiзiнде тiркеушi жүргiзедi. Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот ашу тəртiбi нақтылы ұстаушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.

Нақтылы ұстаушының мiндеттерi мыналар:

1. клиенттiң жеке шотындағы қателiктер мен ақпаратты бұрмалаудың алдын алу мақсатымен тұрақты бақылауды жүзеге асыруға;

2. нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бар жəне клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерiстер енгiзудiң ретiн белгiлеуге немесе қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн ақпаратты сақтауға;

3. белгiленген тəртiппен жəне мерзiмдерде клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерiстер енгiзуге;

4. нақтылы ұстау туралы жасалған шартқа сəйкес клиентке анық ақпарат беруге.

Нақтылы ұстаушының функциялары мыналар:

1. клиенттiң бағалы қағаздарын есепке алу жəне осы бағалы қағаздармен мəмiлелер жасасу кезiнде олардың болуын қамтамасыз ету;

2. клиенттiң бағалы қағаздарымен жасаған мəмiлелерiн тiркеу;

3. клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растау;

4. нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздармен мəмiлелер жасасу кезiнде клиенттердiң мүдделерiн бiлдiру;

5. нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпаратты клиенттiң назарына жеткiзу;

6. нақтылы ұстау туралы шартқа сəйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де функциялар болып табылады.Нақтылы ұстаушының:

1. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес келмейтiн бағалы қағаздармен мəмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;2. клиенттiң бұйрығынсыз бағалы қағаздармен мəмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;3. клиенттiң тиiстi жазбаша рұқсатынсыз оның ақшасы мен бағалы қағаздарын өз мүддесiне немесе үшiншi тұлғалардың мүддесiне пайдалануына тыйым салынады.Нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасындағы құқықтық қатынастар олардың арасында жасалған нақтылы ұстау туралы шартпен реттеледi.

Нақтылы ұстау туралы шартты жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретiндегi қызметтi орындау талаптарымен таныстыруға мiндеттi.Нақтылы ұстау туралы шартта мынадай талаптар болуы мүмкiн:1. шарттың нысанасы;2. тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;3. клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздар жөнiндегi құқықтарын растау тəртiбi;4. нақтылы ұстаушының көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тəртiбi;

5. нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есептiлiк нысаны жəне кезеңдiлiгi;6. тараптардың шарттың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;7. бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу талаптары мен тəртiбi болуға тиiс.8. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар.Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мəмiлелердi тiркеудi нақтылы ұстаушы клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi шоты жəне клиенттiң орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоты бойынша жүзеге асырады.Депоненттiң орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi алуға құқылы. Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiндегi жеке шоттан үзiндiде көрсетiлген бағалы қағаздардың саны, түрi туралы мəлiметтер орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоты бойынша сондай мəлiметтерге сəйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде көрсетiлген мəлiметтер басымдыққа ие болады.Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi қосалқы шоттан үзiндiнi табыс ету тəртiбi оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.

Информация о работе Бағалы қағаздардың экономикалық мәні