Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Баланы іске итермелеуші  күштің ендігі бір түрі сол объектінің, мысалы, ойынның оған қызғылықты келуі. Ойын неғұрлым қызғылықты келсе, соған  көп уақытын жіберіп, мезгілдің  қалай өткенін білмей қалады. Ойын қызық болмаса, онда оған ұмтылмайды.

Мұнымен қатар мектепке дейінгілердің іске оларды итермелейтін күштің бірі өзгелер алдында арлануы не өзінің намысын төмендетпеуге тырысуынан да кездеседі. Соңғы жағдайда бәлендей істі не тапсырманы орындамаса, өзгелерден ұят деп түсінеді.

Бұл келтірілген мотивтердің түрі бөбек жасында кездеспейді. Осылар бірлесіп иерархиялық түрде қабаттасып кездеседі. Тек осындай бірлесудің нәтижесінде мотивтер мен ниет баланы тиісті істі орындауға итермелейтін болады.

Сайып келгенде мектепке дейінгілердің “Мен” деген қасиеті және оны іске итермелейтін мотивтер мен ниеттер недәуір қалыптасып, алдағы кезде баланың жетістікке жетуіне жағдай туғызады.    

    1. – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
            1. Нәресте жасындағылардың психикалық даму ерекшеліктері.
            1. Нәресте жасының жалпы сипаттамасы.
            2. Нәресте тілінің шығуы және оның сөз қоры.Нәресте жасындағы сенсорлық үрдістердің дамуының негізгі заңдылықтары.
            3. Қарым-қатынас нәресте жасының жетекші іс-әрекеті. Сөздің дамуына дайындық сатысы.

60 жылдары Америка  ғылымында бихевиоризмге, әсіресе даму психологиясына жақын жақтарына жасалған шабуылдар әр түрлі бағытта болды. Солардың бірі экспериментальді материалды қалай жинауға болатыны    туралы болды.

Еуропа мемлекеттеріндегі  зерттеушілер даму процесінің философиялық және онтогенездік дамуына қатты қызығушылық танытты. Олар даму процесінің сапалық ерекшелігінің нәтижесіне көп мән берді.И.П.Павловтың, Э. Торндайктың, В.Келлердің жұмыстарынан кейін Австриялық психолог К. Бюлер дамудың 3 сатысы теориясын ұсынды: интеллект, инстинкт,  дрессура. К.Бюлер бұл 3  сатыны олардың пайда болуымен, аффективті процесінің дамуымен, әрекетпен байланысты уайыммен, рахатпен байланыстырады. Мінез – құлық эволюциясында рахаттанудың «соңынан басына қарай» өту кезеңі анықталынған. Оның ойынша І кезең – инстинкттер – инстинктивті қажеттіліктерді қанағаттандыру нәтижесімен сипатталады, яғни әрекетті орындап болған соң пайда болады. Осыдан барып, «функциональді рахат (ляззат)» ұғымы қалыптасты. Сонымен қатар, тапсырманы интеллектуалды шешу кезеңінде қалыптасатын рахаттану түрі де бар. Сондықтан қанағаттың «соңынан басына өтуі» К.Бюлер бойынша мінез-құлықтың дамуының негізгі қозғаушы күші. Ол бұл схеманы онтогенезге жатқызды. К. Бюлер балаларға зоопсихикалық эксперимент жүргізіп, мынадай қорытынды жасады, яғни балалардағы алғашқы ойлау формасын «шимпанзе тәріздес кезең» деп айтты. Осы зоопсихикалық эксперимент бала психологиясының ғылым болып қалыптасуына жасалған алғашқы қадам болды.

А. Гезелл басқа да ірі  психологтар секілді педагогикалық  және медициналық  білім алды. Содан кейін 30 жыл Иельск психоклиникасында жұмыс істеді. Кейінірек бұл атақты Гезеллдің баланың дамуы институты болып қалыптасты. Ол жақта психиканың онтогенезі қарастырылып, клиникалық және педогогикалық зерттеулер жүргізілді. Бала психологиясына  А.Гезелл үлкен үлес қосты. Ол баланың туылғаннан жасөспірімдік кезеңге дейінгі психикалақ дамуын диагностикалайтын практикалық жүйе жасады. Ол бақылаудың объективтілігіне байланысты ең бірінші жартылай өткізетін айна қолданды.Кейіннен бұл атақты «Гезелл айнасы»  деп аталды. А. Гезелл психологияға баланың туылғаннан жасөспірім кезеңге дейінгі психикалық дамуын  анықтайтын лонгитюдті әдісті ұсынды.Ол көпзиготалы егіздерді зерттеді және алғашқы егіздік әдістерінің бірін жетілу мен үйрену арасындағы  байланыс нәтижесін білуге арнады.  Өмірінің соңғы жылдарында А. Гезелл соқыр баланың психикалық  дамуын зерттеді .Оның мақсаты қалыпты дамудан соқыр бала психикасының дамуының айырмашылығын терең түсінгісі келді.  Клиникалық практикада А. Гезелл құрастырған нәрестенің мінез-құлқының  Атласы қолданылады. Атлас баланың    туылғаннан екі жасқа дейінгі әлеуметтік мінез-құлқын және қозғалыс белсенділігін  фиксациялайтын  3200 суреттен тұрады. А. Гезелл баланың дамуының жалпы заңдылығын қалыптастыруда жас ерекшелікке байланысты дамудың темпінің (екпінінің ) төмендеуіне назар аударды.  Бұл темптің өзгеруіне не себеп болды?  А. Гезелл жұмыстарында бұған жауап табу қиын.  А. Гезелл жұмыстарына Л. С. Выготский талдау жасады. Ол А. Гезеллдің концепсиясын  «эмпирикалық эволюционизм теориясы » деп атады. 

Л.Термен 1916 жылы Американ балаларына А.Бине тестерін стандартизациялады.Ол шкаланы кеңейтіп, ақыл – ой қабілеттілігін өлшеуге арналған тесттің жаңа нұсқасын жасады. Сонымен қатар ол интеллектуалды коэффицент  түсінігін енгізді. Л. Термен тесттердің көмегімен популяцияға қабілетті қисық нормальді үлестірімді өңдеді және көптеген корреляциялық зерттеулер жүргізе бастады. Л.Термен логитюдті әдістерінің бірін 50 жыл бойы дайындаған.1921 жылы Л.Термен интеллект коэффиценті 140-тан жоғары 1500 баланы іріктеп алып, олардың дамуын зерттеді. Зерттеу Л.Термен өлімінен кейін, 70 жылдардың ортасында бітті. Бұл зерттеу таңқаларлықтай нәтиже бермеді. Л. Терменнің пікірінші: «гениалдылық – мықты денсаулықпен, жұмысқа қабілеттілігінің жоғарылығымен, білім аясындағы жоғары жетістіктермен байланысты».

 Л.Термен ақылды  балалардың интеллект коэффиценті  жоғары деп санады. Ал одан  кейінгі психологтар (Дж. Гилфорд,  Э.Торренс)  интеллект көрсеткіштері  мен креативтіліктің арасындағы  үлкен айырмашылықты көрсетті. Осы айырмашылықтың негізінде Дж.Гилфорд конвергентті және дивергентті ойлауды қарастырда.

Конвергентті ойлау  – бір ғана жауабы бар тапсырманы шешу. Ал дивергентті ойлау –  көптеген жауабы тапсырманы  шешу болып  табылады.

Дж.Гилфорд идеясы негізінде Торренс және оның әріптестері Миннесотстік университетінде шығармашылық ойлауға арналған тесттер жасады және бұл тесттерді бірнеше мыңдаған мектеп оқушыларына жүргізді. Бұл зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері мынадай нәтиже берді: шығармашылық қабілеті жоғары балаларды интеллекті коэффиценті құрдастарына қарағанда төмен болады. Э. Торренс интеллектуалдылыққа арналған тесттер енгізіп, балардың креактивтілік дейгейін бағалағанда 70 % балалар ақылды болып шықты.

Сонымен қатар талантты зерттеудің үлкен бір проектісін жасады.Зерттеу программасы: интеллект пен креактивтілік арасындағы сәйкестікті қарастыру; креактивті балалардың тұлғалық қасиеттерін анықтау; шығармашылық қабілеттерді дамуына әсер ететін факторларды қарастыру; бала мен ата- ана арасындағы қарым – қатынасты анықтау; әлеуметтік және мәдени факторлар.Жасалған жұмыс мынадай нәтиже берді: креактивтілік бірқалыпты жүрмейді. Төрт жылдық интервалда (5,9,13,17 жас); зертеушілер креативтілікті оның әлеуметтік және биологиялық факторлармен байланыстырады.

Термен бойынша  ақылды балаларға тән сипаттар:  бастаған істі соңына дейін жеткізу, мақсатқа жетушілік, пайдасыз нәрселерден өзін алыс ұстау. Ал Э. Торренстің  сипаттамасы  бойынша: ақылды балалар әлеуметтік қарым-қатынасқа тез түсетін, достықты жақсы көретіндер, сонымен қатар жалғыздықты ұнататындар.Олар өзіндік сананың және юмор сезімдері бойынша ерекшеленеді. Мұндай балалар тітіркендіргішке реактивті, конформизмге тәуелсіз, стресске тұрақты.      Осының бәрі дарынды баланың психологиялық ұйымдасуының суретін бейнелейді. Тіпті Америка ғалымдарының сөздеріне қарағанда, бұл суреттелген картина әлі ашылмаған тұманды мінез-құлық танытады. А.Гезелл мен Л.Терменнің бала психологиясына қосқан үлесі зор. Олар бала психологиясының нормативтік дисциплин ретінде қалануына негіз салды. Бұнда даму барысындағы баланың жетістіктері мен дамуы суреттеліп, соның арқасында әр түрлі психологиялық шкалалар тұрғызылды.

Баланың дамуын зерттеудің нормальді, яғни орта деңгейдегі ыңғайын  балаларды зерттеудегі классикалық  Американдық бағыт қарастырады. 40- 50 жылдары баланың эмоцианальді реакциялары зерттеле бастады (А.Джерсилд, т.б.).

Естің  дамуы. Мектепке  дейінгі кезеңді есте  сақтау  мен қайта жаңғырту  қабілетінің қарқынды  дамитынымен сипатталады.  Шын мәнінде, егер  бізге  ерте  балалық  шақтан  бір  оқиғаны  еске  түсіру  қиынға  соқса  немесе  еске  түсіру  мүмкін  болмаса,  мектепке  дейінгі  кезеңде  көптеген  жарқын естеліктер  қалдырады. Әсіресе  бұл  ересек  мектепке  дейінгі  кезеңге  қатысты.

Еріксіз  естің  дамуы. Мектепке  дейігі  кезеңдегі баланың есі негізінен еріксіз ес  болып келеді. Демек , бұл бала  әдетте  алдына  бірдеңені есте  сақтап  қалу  үшін  мақсат  қоймайды. Есте  сақтаумен еске  түсіру  баланың ерік – жігеріне  тәуелсіз  жүреді. Бала іс-әрекетте  өз  көңілі  түскенді  әсер  еткен,  өзіне қызық оқиғаны еске  сақтайды.

Сөзді, суретті,  заттарды   еріксіз  есте  сақтау  сапасы  баланың    бұл  заттармен  қаншалықты  белсенді  әрекет  еткеніне  байланысты. Балаға  суреттерді  өз  орнына  қоюды, мысалы  баққа, ас  бөлмесі, балалар  бөлмесі,  ауланы  бейнелейтін  заттарды  бөлек  қоюды  ұсынғаннан, суреттерді  көзбен  бір  шолып  шықса  есінде  көп  нәрсені  сақтамайды. Еріксіз  есте  сақтау   баланың  қабылдау  мен  ойлау  әрекетінің  қосымша  нәтежесі  жанама  болып  табылады.Еріксіз  есте  сақтау  мен  еріксіз  қайта  жаңғырту  мектепке  дейінгі  кезеңдегі   баланың  ес  жұмысының   жалғыз формасы . Бала  бірдеңені  есте  сақтау  немесе  еске  түсіру  үшін  алдына  мақсат  қоя  алмайды.

Арнайы  естің  дамуы. 4-5 жаста есте  сақтау  мен қайта жаңғыртудың арнайы  қалыптаса бастайды. Арнайы  есте  сақтау  мен қайта жаңғыртуға  қолайлы шарты баланың ойын  іс-әрекеті барысында туындайды. Бала  сатушы  рөлінде белгілі бір заттарды  сатып  алу  барысында,  ересектің  тікелей  талап  етуінен  көп  сөзді  есте  қалдырады.

Естің  арнайы  формасын  игеру   бірнеше  этаптарға  бөлінеді. Алдымен  бала  қажетті  тәсілдерді  меңгермей  жатып, есте  сақтау  және  еске  түсіру  міндетін  бөле  бастайды. Сонымен  қатар  бұрын  қабылданған  нәрсені  еске  түсіру  мен  қайта  жаңғыртуды күтетін  ситуациялармен   бірнеше  рет  соқтығысып  тұрғандықтан  міндеті  ерте  бөлінеді. Есте  сақтау  міндеті  еске  түсіру  тәжіребесінің  нәтежесінде  туындайды.

Бала  бірте – бірте  материалдарды  қайталауды,  ойлауды  үйренеді. Ең  соңында  бала  арнайы  есте  сақтау  әрекетінің  қажеттігін  түсініп, осы  үшін  көмекші  тәсілдерді  қолданады.

Еріксіз  және  арнайы  есте  сақтаудың  байланысы. Ерікті  есте сақтауды  меңгерудің  жетістіктеріне  қарамастан  мектепке  дейінгі кезеңнің  соңына  дейін еріксіз ес  үстем болады. Ерікті  еске  сақтаумен қайта жаңғыртуды  балалар салыстырмалы  айрықша ситуацияларда қолданады.

Белсенді  ақыл – ой  жұмысымен  байланысты  еріксіз еске  сақтау  мектепке  дейінгі кезеңде арнайы  есте  сақтауға  қарағанда сәтсіз.Мектепке  дейінгі кезеңдегі кейбінр балаларда эйдетикалық  ес  деп аталатын  көру  есі жақсы дамыған. Эйдетикалық естің бейнесі өзінің  анықтылығымен  қабылдауға  жақындайды: бір  нәрсені  еске  түсіру,  бала  бұрын  қабылдағаны. Эйдетикалық  ес – жастың  құбылысы. Осы  қабілетті  иеленуші  балалар  мектеп  кезінде  жоғалтады.

Еріксіз  есте  сақтау  мектепке  дейінгі  кезеңде  нақты  және  баянды  болуы  мүмкін. Егер  балалық  шақтағы  осы  оқиғалар  эмоционалдық  мәнге  ие  болып, балаға  әсер  етсе, олар  баланың  есінде  өмір  бойы  қалады. Мектепке  дейін  кезеңде   сәби  мен  ерте  балалық  шақтың  амнизиясынан  арылу  кезеңі  болып табылады. Мектепке  дейінгі  кезеңде  баланың   танымдық   ортасының  дамуының  ерекшелігі  «бала  дамуында  жаңа  функция  жүйесі  сана  орталы  ес болады,  қалыптасатынын»  арнайы  айту  керек. Мектепке  дейінгі  кезеңде  ес  басты  рөль  атқарады.

Ес  психологияда  «жалпы  естеліктер» деп  аталатын  көріністерді  сақтайды (Л.С.Выготский). Мектепке  дейінгі  кезеңде  баланың  есі  орталық  орын  алып, іс - әрекеттің  жетекші  функциясы  болып  қалыптасады.

Қиялдың дамуы. Баланың қиялы сананың басты функциясы. Басты  функцияның  бір  сызығы  бір  заттың  екінші  затпен,  олардың  бейнесімен,  математикалық,  сөздік  және  басқа  бейнелерді  пайдаланудың  орын  басудан  логикалық  ойлау  формасын  меңгеруге  алып  келеді. Басқа  сызық  шынайы  заттарды  толықтыру  және  орын  басу  мүмкіндіктерінің  көрінуіне,  жиналған  материалдардан  жаңа  бейнелер  көрінісін  құруға  алып  келеді.Баланың  қиялы  ойын  барысында  қалыптасады. Бірінші  кезеңде  ол  заттарды  қабылдаумен   оларды  ойын іс- әрекетінде  орындаудан  ажыратып  қарамайды. Бала  таяқшамен  атпен  шабады – осы  сәтте  ол  шабандоз, ал  таяқша – ат. Бірақ  ол  таяқша  болмаса  атты  көз  алдына  елестете алмайды.Үлкен балаларда  қиял  орын  басатын  заттарға  ұқсамаитын  заттарға  сүйенеді.Бірте-бірте сыртқы  сүйеніш  қажеттігі  жайылады. Шын  мәнінде  жоқ  затпен  ойын  іс-әрекетіне   кірісу – интериоризация  жүреді. Бұл  қиял  ерекше  психикалық  процестің  тууы  секілді.Басқа  жағынан  қарағанда  ойын  көрінетін  іс-әрекеттерсіз  жоспарлы  түрде  жүреді.Балаларда  қиял  образы  эйдетикалық  образға  жақын  болуы  мүмкін  болғандықтан  өзіндік  сипатқа  ие. Эйдетикалық  образдар  әсіресе  бос  қабылдау  болмағанда, түнде  жарық  сөндірулі  болғанда  бала  санасына  қарқынды  әсер  етеді. Бұл  балалар  үрейінің  себебі  болуы  мүмкін.

Осы  уақытта  балада арнайы  қиял  дами  бастайды, ол  өз  іс-әрекетін  жоспарлағанда  нәтежесін  өзіне  бағыттайды. Сонымен  бірге  бала  еріксіз  пайда  болған  образдарды қолдануды  үйренеді. Балалар  шығарған  тарих  пен  ертегілер  жүйелі  және  шынайы  бола  бастайды. Сонымен  қатар  балалар  сюжетті  логикалық  түрде  соңына  дейін  жеткізеді.

Балалардың  қиялы  ересектердің  қиялынан  бай  деген  пікірлер  бар. Бұл  пікірлер  балалар  әртүрлі себептерге  байланысты қиялдай  бергендігіне  негізделген.

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"