Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Генетикалық психологгияның негізгі стартегиясы – психикалық құбылысты жасау, пайда қылу қалыптастыру болып табылады. Л.С. Выготский қалыптастыру жайлы алғаш айтқан. «Біз қолданатын әдіс эксперименталды генетикалық деп аталуы мүмкін. Себебі, ол жасанды түрде психикалық дамудың генетикалық тұрғыда жасап шығарады. Әрбір қатып қалған психологиялық форманы ерітіп, оны қозғалғыш ағынға айналдыру қажет. Анализдей келе, жоғарғы форманы зат есекбінде емес, процесс есебінде алып, заттың оның бөлшектеріне емес, ол прцестен бөлек сәттеріне бару.»

   Баланың психикасынан  басқа психологиялық саланың  айырмашылығы – ол ерекше бірліктермен  жұмыс жасайды, олар – жас  немесе даму кезеңі болып табылады.Мектепке  дейінгі кезеңде бала жаңа принципиалдық жетістікке жетеді.  Бала ересектермен және құрдастармен қарым- қатынастың қиын- қыстау кезеңінде басқа адамдардың рефлекциясын меңгереді. Бұл кезеңде ересектермен қарым- қатынас жасау барысында идентификация қабілеті қарқынды дамиды. Кейінгі жастық шақта бала бір мезгілде позитивті және негативті даралануды меңгереді.   Мектепке дейінгі кезеңде өз дене мүшелерін белсенді түрде басқара алады. Бұл шақта балада дене мүшелерінің құрылымына, соның ішінде жыныс мұшелерінің ерекшеліктеріне қызығушылық пайда болады. Осы кезңде баланың тілі қарқынды түрде дамиды. Осы кезеңде  бала жаңа жаңа құбылыстарды меңгеруге үзілді- кесілді қарсы, ол бұрынғы меңгерген білімдерін қайта жаңғыртады.

 Қарым- қатынастың ерекшеліктері

Эмоционалдық  және тілдік қарым- қатынас. Мектепке дейінгі кезеңде бала тіл арқылы өзіне маңызды деген уақиғаларды баяндайды., өзінің алған әсерлерімен бөліседі, адамдармен тең дәрежеде қары- қатынас жасауды үйренеді. Тіл- қарым- қатынас құралы. Ата-анасына, жақын туыстарына  елітеу арқылы баланың табиғи қарым- қатынас жасау процесі өзгереді.

 Идентификация және даралану механикасының дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде бала «Мен» концепциасын жүзеге асыру үшін, адамдармен қарым- қатынас жасауда идентификацияны және даралануды пайдаланады.

         Күнделікті үзбей идентификация  мен даралану механизмдерін пайдалану  балаларда бейсаналы түрде қарым-  қатынас техникасына айналады. Бұл  механизмдер негізінен ашық әлеуметтік  өзара іс- әрекетке қызмет етеді.

      Баланың құрдастарының тобында  эмоционалдық өзін- өзі сезінуі. Баланың құрдастарымен қарым- қатынасы оның тұлға ретіндегі дамуына қатты әсер етеді. Баланың қаншалықты өзін сабырлы, байсалды ұстауы құрдастарының ортасындағы жағдайға, қарым- қатынас стиліне байланысты. Құрдастарымен қарым- қатынас- әлеуметтік қарым- қатынастың қатаң мектебі. Осы құрдастарымен қарым- қатынас жоғары эмоционалдық күшті талап етеді.

        Баланың құрдастарымен өзара  іс- әрекеті- бұл тек қоршаған  ортаны бірлесіп танудағы мүмкіндік  емес, сонымен бірге өзімен қатарлас ұл, қыздармен қарым- қатынас жасау мүмкіндігі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларда құрдастарымен қарым- қатынас жасауға қажеттілік туады. Мектепалды арнайы тәрбие жағдайларында, яғни бала үнемі басқа балаларымен қатар тәрбиеленетін болса, бала қоғамы пайда болады.

Қарым- қатынас  және  баланың  мектепке  дайындығы. Бала мектепке дейінгі кезеңнің соңында құрдастарымен және ересектермен өнімді қарым – қатынас орнатуға көмектеседі. Мектепке дейінгі кезеңнің соңғы кезеңінде балада жауапты қарым – қатынас  негізі  қалыптасады. Алты  жеті  жаста  бала  жауапкершіліктің  өнегелі  мәселелерінтүсінуге  қабілетті  ойында  және  қарапайым  өмірде  таныстармен құрдастармен  қарым – қатынавста  жауапкершілік  іс - әркетте  тәжіребе  жинақтайды.

Алты – жеті жастағы  бала  жақсы  таныс  құрдастарымен  қарым – қатынаста  дұрыс қарым – қатына  тәсілін  таңдайды, өзіндік  позициясын  жауапкершілік  сезінеді.

Бала  ересектің  бақылауына  және  дұрыс  бағалауына  мұқтаж.Дамудың  бірінші  этапы  баланың  моральдық  мінез -  құлқының  дамуы. Ересек  адам  баламен  сенімді, жағымды  тонда  оның  өзін  дұрыс  ұстай  алатынын  айту  керек.

Ересектермен  және  құрдастармен   қарым – қатынасқа  түскенде  бала  мінез – құлқының  әлеуметтік  эталонын  меңгеруге  мүмкіндік  алады.Бала  өмірдегі  белгілі бір ситуацияларда өзінің  мінез – құлқының  моральдық нормаларымен  талапқа бағыну  қажеттілігі туады . Сондықтан баланың өнегелік  дамуындағы  маңызды сәттер -  қарым – қатынас нормасын,  олардың құндылығын  түсіну  білімі  болып  табылады.

 Мектепке  дейінгі   кезеңде  бала  адамдардың  ересектермен  және  балалармен  қарым – қатынастағы  мінез  – құлық  жүйелерінің  әлеуметтік  кеңістікті  меңгеруде  үлкен   жолдан  өтеді.

Ақыл - ойдың   дамуы

Тілді  және  саналы  сөйлеуді  практикалық  меңгеру. Мектепке  дейінгі балалар өз  бетінше әрекет  етіп , отбасы  шеңберінен  алшақтап,  құрдастарымен , басқа адамдармен  қарым – қатынас жасап қарым – қатынас шеңбері ұлғаяды. Шеңбердің ұлғаюы  баладан қарым- қатынас жасаудың  барлық  тәсілдерін  меңгеруді  талап  етеді. Олардың  маңыздысы–сөйлеу.

Сөйлеудің  дамуы  бірнеше  бағытта  жүреді: сөйлеу  басқа  адамдармен   қарым – қатынас  жасаудың  негізгі  құралы; сонымен  қатар сөйлеу – ойлаудың  құралы , психикалық  процестің  маңызды  бөлшегі  бала  тәрбиесінің  белгілі  жағдайларда, бала  сөйлеудің  мағынасын,  құрылымын  түсінеді.

Сөздіктің  және  сөздің  грамматикалық  құрлымының  дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде сөздік  қор дамуы жалғасады. Ерте  балалық   шақпен  салыстырғанда  мектепк  дейінгі  кезеңдегі  баланың  сөз  қоры 2 -3 есеге  ұлғайған. Сөздік  қордың   дамуы  өмір  жағдайларымен  тәрбиеге  тікелей  байланысты  индивидуалдық  ерекшеліктері  айқын  көрінеді.

Мектепке  дейінгі  баланың  сөздік  қоры  тек  зат  есім емес,  етістік, есімдік, сан есім және  біріктіруші сөздер  арқылы  дамиды. Мектепке  дейінгі кезеңде бала  ана -  тілінің морфологиялық, септелу мен жіктелудің бір қырларын  меңгереді.

Балада тілдің  меңгеру  өзінің  белсенділігімен  анықталады. Бұл белсенділік сөз құрауда немесе  сөздіктің жаңаруында  байқалады. Мектепке  барар алдында бала  тілдің  синтаксистік  және  морфологиялық заңдарының  біраз бөлігін игереді. Тілдің  мағынасын және  дыбысталуынан хабардар  болу  үшін  практикада  қолдану  керек. 

Мектепке  дейінгі  кезеңдегі  балада  сөздің  мағынасын  арнайы  оқыту  процесінде  пайда  болады.

Тіл  функциясының  дамуы.  Коммуникативті  функция -  бұл мектепке  дейінгі кезеңде дамитын қарым – қатынас функциясы болып табылады.  Ерте  кезден  бастап  бала  оның  қоғаммен  араласу  үшін  қолдана  бастайды.  Сол  сәтте  өзіне  жақын  адамдармен  араласа  бастайды. Қарым –қатынастың  бұл  түрі  үлкен  адаммен  баланың  тікелей  қатысуымен  жүреді. Ситуативтік  байланыс  әсіресе  өзіммен  бірге  қасында  отырған  адамға  жақын  және  түсінікті  болып  келеді.  Ал  бірақ  түсінбеген  адамға  бұл  әрине  түсініксіз  болып  табылады.  Ситуативтілік  баланың  тілімен  әр  түрлі  болып  табылады.  Айналадағы  қоғаммен  арласа  отырып  және  айналадағы  дүниеге  деген қызығушылықтан  балада  контекстік  байланыс  пайда  бола  бастайды.  Контекстік  байланыс  ситуацияны  толықтай  бейнелей  айлады

Жоспарланған  функция.  Мектепке  дейінгі кезең жақындаған  сәтте баланың сөзі  алдын  ала жоспарланған  және  оның  практикалық мінез - құлқына айналады.  Осыған  сәйкес  екінші  функциялық  сөз қалыптасады.  Бұл функцияны орындау баланың ойлау қабілетімен бірге жүреді.  Баланың ойлау қабілеті  оның  балалық шағында практикалық  іс - әрекетімен  байланысты.  өзіне  байланысты  айтылған  және  іс -әрекет  кезінде  пайда  болатын  байланыс  эгоцентрикалық  байланыс  деп   аталады.  Мектепке  дейінгі  кезеңде  өзгеріп  отырады.  Онда  практикалық  іс-  әрекетке  дейін  ой  пайда  болыды.  Жоғарғы  мектеке  кезеңге  келгенде  бұл  байланыс  өте  жиі  өте  байқалады.  Гегер  бала  осы  кезеңде  ешқандай  адаммен  араласпаса,  онда  ор  жұмысты  ішінен  орындайды.  Эгоцентрикалық  байланыс  ішкі  және  сыртқы  байланыстың  аралық түрі  болып табылады.

Экспрессивтік  функция -  жоғарғы  деңгейдегі  жануарларға арналған  ең  көне  гететикалық  функция  болып  табылады.  Эмоционалды  функцияның  барлығы  оның  барлық  жақтарын  қамти  отырып,  экспрессивттік  функцияға  қызмет  атқарады. Экспрессивті  функция  автономды  функциядан бастап,  барық  функцияға  ұқсас болып  келеді.

Сенсорлық  даму. Мектепке  дейінгі кезең баланың сенсорлық даму  кезеңі  болып табылады .Қозғалмалы  заттарды  тани  отырып,  бала  заттың  формасын,  түрін  түсін, салмағын, температурасын  дұрыс  ажырата  алады. Ол  музыканы  тыңдай  отырып,  дыбыстың  жоғарылығын, әуенді  ажыратуды  үгренеді . Сенсорлық  даму  екі  жақты  байланысты  қарастырады. Сенсорлық  эталон  адамның   тарихи  даму  кезеңінде  пайда  болған  Табиғатта  көптеген  әр  түрлі  түстер  мен  формалар  бар  солардың   негізінде  адам  қоғамдық  өмірдегі  заттарды   ажыратуға  мүмкіндік  алды.

Баланың мектепке келуінен бастап оның өмірінің мүлдем жаңа кезеңі басталады. Бұл кезеңге ол тиісті дәрежеде даяр болуы тиіс. Алдымен бала, оған жаңа праволар ғана беріп қоймай, сонымен қоса едәуір қиындығы бар міндеттер артатын маңызды іс-әрекет жасауға даяр болуы тиіс. Кішкентай мектеп оқушысы айналасындағылардан өзінің оқу сабақтарына деген құрмет күте отырып, өзіде мұғалімнің барлық тапсырмасын жүйелі орындауға, сол сәтте қаласа да, қаламаса да, өзін мектеп ережелеріне сәйкес ұстауға міндетті болып саналады.

Жасы жетіге жеткен балалардың көпшілігі мектеп оқушысының жағдайына  көшуге ұмтылады, алайда ол жағдайдың не екенін олар барлық кезде бірдей айқын түсіне бермейді. Кейде оларды портфельге ие болғысы келу, өзін үлкен санау, бағалар алу т.б. тәрізді істің таза сыртқы жақтары қызықтырады. Оқушы жағдайына шын мәнінде даяр деп оны мектептің сыртқы жиқаздары емес, жаңа білідер алу мүмкіндіктері қызықтыратын, яғни біршама дамыған танымдық ынталары бар баланы айтамыз. Тек осы негізде ғана балалар өздерінің мектептегі міндеттеріне тиісті дәрежеде жауапкершілікпен қарауға қабілетті болады. Алайда мектеп оқушысы болғысы келу тілегі мен оқуға байыпты көзқарас жеткіліксіз: мұнымен қоса осы тілек, осы қатынасқа ситуациялық себебтерді бағындары білу, сабақ үстінде өзін зейінді болуға көндіру, кейде жолықтыратын ережелерді жаттау, қиын есептің шешімін табанды түрде ойластыру қажет. Басқаша аөзбен айтқанда, болашақ оқушыға өз мінез-құлқын, оның ішінде өзінің танымдық іс-әрекетін ерікті басқару, оны оқу міндеттерін шешуге бағыттап отыру қажет болады. Ал, мұның өзі балада шағын себебтерді маңыздырақ тұрақты мақсаттар мен ниеттерге бағындыруға көмектесетін мотивтердің сатылы жүйесі қалыптасқанда ғана мүмкін болады.

Қазіргі мектеп оқытуды  тақыр жерден бастамайды. Мектеп балалар 1 сыныпқа тиісті мөлшердегі білім  дағдыларымен, ал бастысы - зерттелінетін  заттар мен құбылыстарды жүйелі бақылауға, олардың ереулі ерекшеліктерін ажыратуға пікірлесуге және қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін дамыған қабылдаумен және ойлаумен келеді деп есептейді. Бұл жоспарлы және дараланған қабылдауды, оқылатын материалға теориялық қатынастың элементтерін, ойлаудың жалпылама формаларымен негізгі логикалық операцияларын, мағыналы есте сақтауды игеруге тиіс баланың ақыл-ойын дамыту дәрежесіне белгілі талаптар қояды. Мұнымен қоса бала оқу әрекеті саласындағы бастапқы іскерліктерді (нәтижеден гөрі, оқу тапсырмаларының орындау тәсіліне зейін қою өзін-өзі бақылау т.б.) игеруге тиіс.

Бала мектепке келісімен  ортақ маңызды іспен айналысып  жатқан құрбыларының тобына кіреді. Бала мектеп тобының балабақша тобынан  елеулі айырмашылығы болады. Мектеп оқушылары арасындағы өзара қарым-қатынас балабақшадағыға қарағанда басқа негізде құралады, баланың сыныптағы жағдайы басқа критерийлермен, ең алдымен оның рқудағы жетістіктерімен анықталады. Осы жағдайларда коллективке ене білу үшін бала басқа балалармен өзара қарым-қатынас жасаудың икемді тәсілдеріне, дамыған жолдастық сезімге ие болуы тиіс.

Мектепке психологиялық  даярлық, оны қай қырынан алсақ  та, баланың бұған деген бүкіл  психикалық дамуының қорытындысы, жанұя  мен балабақшадағы тәрбие мен  үйретудің бүкіл жүйесінің жемісі екенін оңай көруге болады. Нәтижелі оқытуға қажетті сапалар бірден пайда болмайды. Олар баланың өмірге келген сәтінен бастап біртіндеп қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыру үшін оңай, сурет салу, конструкциялау т.б. сияқты іс-әрекет түрлерінің маңызы болатынын атап көрсеткен жөн. Өйткені тап соларда алғашқы рет мінез-құлықтың қоғамдық мотивтері пайда болып, мотив сатылары қаланады; қабылдау мен ойлау әрекеттері қалыптасады, жетіледі, балалар арасындағы өзара қарым-қатынас дамиды. Әрине, ол өздігінен жүзеге аспай, өскелең ұрпаққа қоғамдық мінез-құлық тәрбиесін беріп, тиісті білімдерді жеткізіп, дағдыларды үйрететін үлкендердің балалар іс-әрекетіне үнемі басшылық жасауы кезінде болады. Оқу әрекеті саласындағы қарапайым іскерліктер, таным  процестеріндегі тиісті дәрежедегі өнімділік сияқты кейбір сапалар мектеп жасына дейінгі баланы сабақ үстінде жүйелі оқыту процесінде ғана қалыптасады.

Балаларды мектепке психологилық даярлауда балабақшаның ересек және даярлық тобында жүргізілетін арнайы тәрбие жұмысының ролі аз емес. Бірақ ол жеңіл жәрдем жасауға тырысу түрінде болмай, психикалық дамудың бұған дейінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенуі тиіс. Балалардың есін өте көп шашыранды мағлұматтармен толтырып немесе оқу, есеп шығару дағдыларын бағытсыз қолдана беруден зиянды нәрсе жоқ. Балалар жалпылама және жүйелі білім алып, олар болмыстың жаңа салаларында бағдар алуға үйретіліп (бұйымдардың сандық қатынастарын, тілдің дыбыстық материясын), осындай кең негізде дағдыларды игерту ұйымдастырылса, жағдай мүмлдем басқаша болады. Осындай оқыту процесінде балаларға болашақта кезкелген білімді саналы игеруге мүмкіндік беретін болмысқа теориялық көзқарастың бастамасы жасалады.   

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"