Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның әсерімен ғана дами бастайды.

Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске  түседі. Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің  шынайы заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары арқылы қайта жаңғыртатын іс-әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқкиім тазалайды т.с.с. Іс-әрекеттерді қайта жаңғырту - мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны.

Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы  іс-әрекеттерге сәйкес рольдерді  өзіне алмайтын болса, ересек балалар  қайсыбір рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: “Сен кімсің?”- деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты жасар қыз болса, өзін “мамамын” деп таныстырады.

Ойынмен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу, аппликация, конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже (сурет, құрылыс) алуға бағытталуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі балалар жекелеген еңбек тапсырмаларын да орындауды үйренеді. Әрине, бұл жерде іс-әрекеттің ерекше дербес түрі ретіндегі еңбек жөнінде айту ертерек болғанымен, осындай тапсырмаларды орындау үстінде еңбектің дамыған формаларына тән кейбір психологиялық қасиеттер қалыптасады. Солардың ішіндегі негізгісі өз іс-әрекетін қоғамдық мотивтерге бағындыра білу, бұл іс әрекеттің бас қа адамдарға келтіретін пайдасын басшылыққа алу болып табылады. Нәтижесінде мектепке дейінгі шақтағы бала оқу әрекетінің әлементтерін игереді. Оқу міндеттерінің бөлініп шығуы мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай ғана болады. Осыған байланысты балаларда үлкеннің нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықылас, өзін-өзі бақылаудың алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен қабылдау, зейін, ес, ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

Мектепке дейінгі шақ - баланың сезімдік тәжірибесінің  орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы істің бастамалары  қалыптасу кезеңі болып саналады.

Үш жастан жеті жасқа  дейінгі көру, есту, тері-қимыл сезгіштігінің табылдарықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың реңктерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және жоғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстығы заттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әрекеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі.

Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар (сенсорлық эталондар - спектр түстері, геометриялық формалар, музыкалық дыбыстар, тіл фонемалары т.б. жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жіктелген өзара байланысқан үлгілері). Сесорлық эталондар балалар қабылдау әрекеттерін орындағанда қолданып, тексерілуге тиісті заттардың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін айрықша өзінше бір өлшем қызметін атқарады.

Қабылдауды дамыту әсіресе арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбие болған жағдайда тиімді өтеді. Сурет салуға үйреткенде музыка сабақтарында, дидактикалық ойындар процесінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық эталондар жүйелерімен жоспарлы түрде таныстырады, заттарды тексеру тәсілдеріне, олардың қасиеттерін игерілген эталондармен салыстыруға үйретеді. Бұл бала қабылдауының толық, дәл және бөлшектенген болуына жетелейді.

Қабылдауды дамытудың  айрықша бір саласы - көркем туындыларды (картиналарды, музыкалық пьесаларды) эстетикалық қабылдауды қалыптастыру. Салынған суретті дыбыс қабылдау үшін бала бейнелеу ерекшеліктерін ескере білуі тиіс. Ол қоғамда қалыптасқан графикалық және живопистік бейнелеу нормаларын игеруі тиіс. Бұлай болмаса бала, көшеде жүрген балалардың перспективалы бейнелерін көре салып: “Мынау үлкен, мынау кішкентай бала, ал мынау қуыршақ”,- деп дәлелдейді.

Балалардың музыка қабылдау қабілеті және соған байланыстыэтетикалық тебіренуі, картиналарды қабылдауға қарағанда  азырақ зерттелген. Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық шығармаларды эстетикалық қабылдауға қабілеттілігі және мұның өзінде музыкалық тебіреністер, негізінен, шығармалардың тербрі және ырғағымен анықталатыны дәлелденген. Алты-жеті жасқа қарай балалар әуенді тәп-тәуір қайта жаңғыртып және ең бастысы, оған эстетикалық баға (“ұнайды”, “ұнамайды”) бере алады. Музыканы үнемі тыңдауға, айналасындағылардан оған терең эмоциялық жауап қайыруды үйренуге мүмкіндік бар жерлерде балалардың музыкалық қабілеттері ерте оянады.

Қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық (атап айтқанда, құралдық) іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады. Бұлай болу себебі, бала бұрынғы тәжірибеде жасалған әрекет тәсілін басқа, бірақ алғашқыға дәлме-дәл келмейтін жағдайға ауыстыруды үйренеді.

Мектепке дейінгі шақта  бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдермен шешеді. Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекі-бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді.

Мектеп жасына дейінгі  баланың ойлауын дамыту негізіне ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру жатады. Бұл қалыптасудың басталар жері - материалдық заттармен жасалынатын шынайы әрекеттер.

Баланың бейнелі ойлауы белгілі бір жағдайларда дұрыс  болмай, қателіктерге ұрындыратынына қарамастан, ол қоршаған дүниені таным  білудің күшті құралы болып, балаға нәрселер мен құбылыстар туралы жалпылама ұғымдар жасау мүмкіндігін қамтамассыз етеді. Бұл толық мөлшерде мектепке дейінгі оқыту процесінде байқалады.

Мектепке дейінгі балалық  шақта ойлаудың сөздік формаларының дамуы сөйлеу мен практикалық  іс-әрекеттің өзара қарым-қатынасының өзгеруімен байланысты болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардың практикалық міндеттерді шешу процесінде пікір айтуы оларға қортынды жасауы сияқты тиісті әрекеттерден тұрады. Келесі кезеңде сөйлеу әрекеттің алдын орау, жоспарлау функциясын атқарады.

Тіл баланың жалпылауларының  жай қосымшасы ғана емес. Сөз - қоғамдық тәжірибенің бір бөлшегі. Ол баланың  ойлау іс-әрекетін белгілі түрде  бағыттайды, біртіндеп жоғары, нағыз  ұғымдық форманы игеруге жеткізе  отырып, оның жалпылауларын қалыптастырады.

Ойлауды қалыптастыруда шешуші роль атқарудың үлесіне тиеді. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалар ойлауының бұрын жастың ажырамас белгісі деп саналып келген көптеген ерекшеліктері, шындығында балалар өмірі мен іс-әрекеттің айрықша жағдайларымен түсіндірілетінін және мектепке дейінгі оқытудың мазмұны мен әдістерін өзгертуге болатындығын көрсетіп отыр. Бес-алты жасар балалар денелердің кейбір жалпы физикалық қасиеттері мен күйлері, жануарлардың дене құрылысының олардың тіршілік жағдайына тәуелділігі, Бүтін мен бөлшектің арақатынасы, бірлік пен көптік т.б. туралы білімдерді оңай игереді және осы білімдерін өздерінің ойлау әрекетінде қолданады. Оқытудың тиісті формаларында (ақыл-ой іс-әрекеттерін кезең бойынша қалыптастырғанда) мектепке дейінгі балалар логикалық ойлаудың толық түсініктері мен тәсілдерін игереді.

Мектепке дейінгі шақта  бала алдында тұңғыш рет практикалық  қана емес, сонымен бірге білім  алуға бағытталған айрықша танымдық міндеттер де пайда бола бастайды. Мұндай міндеттердің үлес салмағы біртіндеп артады. Атап айтқанда, танымдық белсенділік шеңберінде ақыл-ой іс-әрекеттерінің жоғары типтері қалыптасады. 

Мектеп жасына дейінгі  баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан әлсіздеу болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты –-оны біртіндеп саналы ниетке бағындарып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру.

Мектепке дейінгі балалық  шақ ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және назарын аударып, “өзі есте қалатынды” есінде сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер әлдеқайда оңай есте қалады. Тіпті тексті есте қалдыруда мазмұннан гөрі ырғақ пен ұйқастық көбірек маңызы бар.

Таным іс-әрекеттерінің  барлық түрлерін жетілдіру баланың  тілін дамытуға сүйенеді. Сөз балалар  игеретін сенсорлық эталондарды  бекітіп, ұғымдар мен түсініктерді тасушы ретінде ойлау процестеріне еніп, логикалық пікірлесу мүмкіндіктерін қамтамассыз етеді. Сөйлеу қиял қызметін бағыттайды, ырықтылық элементін енгізе отырып, зейін мен ес алдына міндеттер қояды есте сақтауға мән береді. Сөйлеу арқылы балаға адамзат тапқан. Жинақталған тәжірибе, атап айтқанда, психикалық іс-әрекеттің өзінің тәжірибесі беріледі.

Мектепке дейінгі шақтың басында бала ана тілін іс жүзінде  тәп-тәуір игереді. Алайда, оның сөйлеуі  ситуациялы: сол нақтылы жағдайдан  тысқары жерде түсініксіз болады. Ол баланың өзіндік әрекеттерінде әлі өте нашар реттейді. Бала тілдік құбылыстарды аңғара алмайды, сөздерді олар бейнелейтін заттардан ажырата білмейді. Мектепке дейінгі шақтың аяғында сөздік қор молайып, тілдің грамматикалық құрылысы одан әрі жетіле түседі; ситуациялы сөйлеуден ситуациядан тыс жерде де түсінікті болатын контекстік сөйлеуге ауысу жүзеге асады; мінез-құлықта және психикалық әрекеттердің барлық түрлерін жүзеге асыруда тілдің реттегіштік функциясы құрт артады; сөздік ойлаудың негізі болатын іштей сөйлеу қалыптасады. Тиісінше үйреткен кезде балалар тілдің сөздік құрамы мен сөздің дыбыстық құрамын аңғара бастап, тілдік құрлыстарға болмыс құбылыстарының ерекше түрі ретінде қарай бастайды.

Тілді меңгермейінше  мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс  психикалық дамуы мүмкін емес десек те, тіл психикалық құбылыстарды жасайды деп ойлауға болмайды. Олар іс-әрекеттің алуан түрлі процестерге тілдің қатысуы үстінде тәрбие мен оқытудың шешуші ықпалымен қалыптасады.  

Баланың жеке басы дегенде, біріншіден, ол нендей қасиетке ие, оның ішкі “Мен” дейтін сапасы қандай т.с.с. айтады. Екіншіден, “жеке бас” деген  сапа кім болса соған тән емес, бұл өзбеттілігі бар адам деген  мағынаны да білдіреді. Мектепке дейінгілер үлкендерге бағынышты болғандықтан, оларда соңғы қасиет барлық жағдайда үнемі терең кездеседі деуге болмайды. Дегенмен бұларда өзбеттіліктің бастапқы қасиеттері кездесе бастайды.

Ал мектепке дейінгілердің  “Мен” деген қасиетіне келсек, бөбектерге қарағанда осы сапасы недәуір қалыптасып қалған. Бұлар үлкендердің қамқорлығына барлық жағдайда көңіл бөлгісі келмейді. Кейде бұлар ерегісіп үлкендердің тілін алмай қоятындары кездеседі. Бірақ бұл ерегесу не қыр көрсету бұларда үнемі кездеседі деуге болмайды. Себебі бөбектерге қарағанда мектепке дейінгілердің есі кіріп қалғандықтан көпшілік жағдайда үлкендердің сөзін тастамайтын болады.

Мектепке дейінгілердің  “Мен” деген қасиеті үлкендердің  ықпалының негізінде қалыптасады. Біздің қоғамымызда арнайы шығарылған моральдық кодекс бар. Онда нені орындауға болады, нені болмайтыны туралы моральдық мөлшерлер жазылған. Сол мөлшерлерді бала бөбек жасынан бастап ұғынады да, кейін соларды күнделікті өмірінде орындауға тырысады. Бала нені жасауға болатынын, не болмайтынын білу үшін сол әлеумет ортасында, көпшілік арасында мойындалған мөлшерлерді (“нормаларды”) сақтап, соларды орындауға ұмтылады. Сөйтіп, жаман әдеттен аулақ болып, пайдалы істерге ұмтылып, баланың “Мен” деген қасиеті дами бастайды.

Ал мектепке дейінгілердің  өз құбылыстарымен өзара қатынасына келсек, осылардың байланысы неше түрлі дәрежеде болып кездеседі. Баланы құрбыларымен достастыратын ойын қажеттілігі. Мұның солай екені мынадан: баланың жалғыз өзі ойнай алмайды. Біріншіден, бала ойнау үстінде көңілін көтеріп, өзін өзгелердің алдында осал емес екенін көрсеткісі келеді. Екіншіден, ойын - өзінше ермек. Осының нәтижесінде бала өз құрбыларымен осы қажеттілігін қанағаттандыру үшін достасатын болады. Бірақ баладан құрбыларымен не үшін дос боласын деп сұраса, осының өзде терең білмейді. Көбіне бұлар құрбысы оны “ренжітпейді” ойынды бірге ойнайтындықтарын айтады. Бірақ құрбысының мінезі қандай, қылығының нендей жағы сүйкімді, нендей жағы сүйкімсіз екенін жөнді айта алмайды.

Ал мектепке дейінгілердің  ниетіне не іс-әрекетінің мотивтеріне келсек, осылар түрліше келеді. Белгілі тапсырманы орындау, соны қалай жүзеге асыру үлкендердің басшылығымен орындалады және оларға арналған қатынасына байланысты. Егер баланың ересектермен қатынасы жақсы, тату келсе, оның тілін алып, тапсырманы мүдіртпей орындайды.

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"