Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Бірақ  балалар  қиялы  бай  емес, көптеген  іс-әрекеттерге  қатысты  ересек тердің қиялынан  төмен. Бала  өмірлік  тәжіребесі  аз  болғандықтан  ересек  адамдардан  әлде  аз  қиялдайды.Сонымен  бірге  ересектер  өмірінен қарағанда, бала  өмірі маңызды рөль  атқарады. Қиялдың үздіксіз  жұмысы – бұл баланың қоршаған  ортаны  танып,  меңгеруге бірден-бір жетекші жол.Қиял  мен естің жүйелі  дамуының  сипаты   мектепке  дейінгі кезеңде осы танымдық  процестің   кейбір  онтогенез  бейнесін  береді. Алғашында  бала  бірдеңені  елестетуге  немесе  еске  сақтауға  мақсат  қоюға  тырыспайды.

Қиял  және  ес  образы  ойын  процесінде,  сурет  салуды,  ертегі  және  әңгіме  тыңдағанда  пайда  болады.3-4  жаста  бала  қайта  жаңғыртуға  ұмтылу,  бала  әліде бұрын қабылдағандарын ұстай алмайды. Қайта жаңғырған образдар  бірінші негізден  алшақ болады  және   баланың есінде  көпке дейін сақталмайды. Бірақ баланы  тек қана  ертегі  киіпкері  болатын   қиял  әлеміне  жетектеу  оңай. Егер ересек  адам  бір фантастикалық кейіпкердің рөлін алып  сомдаса,  бала  бұған шынайы  өмірдегідей қайғырып, қуанады.  Ересек  адамның көмегі  арқылы  бала  өөзіндік  кейіпкерлерді сомдауға  үйренеді. Бұл кейіпкерлер аяқталмаған,  бала  көбіне  оның  іс-әрекетін  соңына  дейін  апармайды.Баланың  санасында  болып  жатқан  образдың  туындауын  және  сыртқы  көзқарасымен  қабылдауын  бақылау  өте  қиын: бала  өзі  образды  суреттеуге  және  оны   беруге  қиналады: қағазға  салып  немесе іс-әрекетімен    әліде  дамымаған  күшпен  « техникамен »  бейнелей  алмайтындығын  көрсету. Осы  құпия  әзірше  отбасында  сақталған. Бірақ  тарихи  шығармамен  әңгімелерді  құрастырғанда  таныс  образдарды  пайдалануды,  сонымен  қатар,  бала  шығарма  жазғанда  оның  логикалық  құрылымына   мән  бермейді, тек  жүре  пайда  болған  әңгіме  ассоцияциясына  сүйенеді.

Үлкен  мектеп  жасында  баланың  қиялын  басқаруға  болады. Қиял  әрекеті  қалыптасады: көрнекілік  манер  формасындағы  түпкі  ой; зат  образымен  әрекет;  қиялдағы  заттың  образы. Қиялда    қарастырылып  отырған  суретке ,  тыңдалынып  отырған  ертегіге  жалғасын  тоқтатады. Ол  практикалық  іс-әрекеттен  бөлектеніп,  дербестікке  ие  болады.

Қиял  танымдық  тапсырмаларды  шешуде  ойлаумен  бірігіп,  практикалық  іс-әрекеттің  алдын  алады. Қиял  мақсатқа  бағытталған іс-әрекет  ретінде  қиялдағы  образ  схемасының ,  құбылыстың  оқиғаның  көрінісі  процесінде  дамиды. Бала  өз  қиялының  сипатын  анықтап,  бақылай  бастайды. Осыдан ол  қиялдар образдарының  қимылына  өзі бақылау жүргізеді. Әрине бала  қиялы -  бала  ішкі  дүниесінің  өзгерісімен байланысты  қайғысымен  бөлінуге  дайын болғанымен, бұл алдымен « өзі үшін » шығармашылық.

Баланың  жалпы  психикалық  дамуында  қиялдың  белсенді  дамуымен  үлкен  қауіп  байланысты.  Кейбір  балаларда  қиялы  кез  келген  тілегіне  еш  қиындықсыз  жететін,   ерекше  әлемді  құрады, шынайылықты  «ауыстырады». Бұндай  жағдайлар  ерекше  көңілді  талап  етеді, аутизми ( шынайылыққа  қызығушылықтың  жоғалуы )  немесе  бала  психикасының  дамуының  бұзылғанын  растайды. Бірақ  бұл  ізсіз  жоғалатын  уақытша  құбылыс.

 

    1. – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
              1. Бөбектік шақтағы психикалық даму шартының жалпы сипаттамасы.
              1. Бөбектік шақтағы ойын іс-әрекеттің сипаттамасы.
              2. Сәбилік шақтағы психикалық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары.

Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан алып қарағанда  недәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен  нерв системасының төменгі алаптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды. Мидің төменгі алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен. Бұл заңдылық бойынша, бала (бұл жануарларға да тән) анасының құрсағында бәлендей биологиялық түрде жататын жануар ата-тегінің тарихи дамуын (филогенетикалық дамуын) қайталайды.

Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген неміс зоологы Э.Геккель (1884-1919) болатын. Бұл ғалым осы заңдылықтың жалпы бағытын шамамен бір түрде жататын жануарлар филогенездегі ата-тегінің дамуын қайталайтынын ашып берді. Осы заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың нерв системасының қалыптасуына қатысты екекнін дәлелдеген орыс морфологы А.Н.Северцов (1866-1986) болатын.

Балаға тән нерв системасының негізі - бас миы. Баланың бас миы ана құрсағында недәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып тиісті тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстерімен туады. Шартсыз рефлекстердің ішінен, әсіресе ему шартсыз рефлексі күшті дамыған.

Біз жаңағы биогенетикалық заңдылықтың баланың келелі кездегі  дамуына тигізетін әсеріне тоқталайық. Бұл заңдылық - тіршіліктің қалай  дамитыны жайында аса құнды өзгешіліктің бірі. Бала ана құрсағынды жануарлар ата-тегі жүйке системасының дамуының қайталайтыны әлі күнге дейін терең шешілмеген. Бірақ осының өзі әр кімнің қазіргі кездегі биологиялық дамуы тек бүгінгі күннің жемісі емес, ұзақ филогенетикалық дамудың продуктысы екеніне дәлел болады. Жануарларға қарағанда биологиялық фактордың адам маймылдан бөлінгеннен кейін азая бастады дейді. Кейбір зерттеушілердің (Я.Я.Рогинский, М.Эррис) айтуынша, адамның психикалық дамуын биологиялық факторлар билемей, әлеумет ортасына тән жағдайлар билейді. Себебі тас дәуірінен бері (50-60 мың жылдай мезгіл өтті), адам ұрпағы (Home Sapіens ұрпағы) морофлогиялық және физиологиялық тұрғыдан ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Осылай деу биологиялық фактордың баланың психикалық дамуындағы ролін түгел жоққа шығармайды.

Егер нәрестенің психикалық дамуы тым қарапайым түрде  кездессе, алдағы екі жылдың ішінде психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Бөбек жасының аяқ кезінде (3 жастағы  кезі) бала ақыл-ойдың дамуы жағынан едәуір жетістікке жетіп қалады. Психолог Блеренс Гудинаф өзінің таныстарына мынаны ұсынады: “Сіздер жаңа туған баланы бақылаңыз да, оның қолынан не келеді, не келмейтінін біліңіз. Бұдан соң ересек кісілерді бақылап интелект жағынан алып қарағанда қабілеті қандай екен соны біліңіз. Осыдан соң бөбекті алып, ол жаңа туған балаға, не ересектерге ақыл-ойы мен іс жағынан ұқсас па екен, соны біліңіз”,- дейді. Содан Гудинафтың айтайын дегені, жаңа туған бала мен үлкендердің психикалық дамуының тең ортасы - үш жас деуі еді. Үш жас адамдағы психикалық дамудың тең ортасы деуге АҚШ психологы Э.Трондайк қосылыпты. Біз осыдан психикалық даму қанша уақыт өмір сүргеніне байланысты емес екенін, осының себебі психика дамуының шапшаңдығы әр жаста түрліше келетінін көреміз.

Егер нәресте жасындағылар әр заттың қандай қызмет атқаратынын  білмесе, енді ол бөбек жасына көшкенде соның атқаратын қызметінің мәнісіне түсіне бастайды. Заттың атқаратын  қызметі деп отырғанымыз - қоғамдық ортада көпшілік арасында мойындалған  оның атқаратын міндеті. Мысалы, шанышқы ет т.б. жеуге, қасық сорпа ішуге арналған. Сондықтан заттың атқаратын қызметіне түсіну - үлкен жетістіктің белгісі.

Бөбек психикасының дамуына  негізгі әсер ететін фактордың бірі - оның қарапайым ойындары және балалар  бақшасында тиісті өнерге үйренуі (сызуға не үй салу т.б.). Бұл бөбектер үшін өзінше әрекеттің түрлері, сондықтан ойын мен жаңағы іс-әрекеттер бөбек психикасының дамуына үлкен әсер етеді.

Ойыншықтың қай-қайсысы да сол  нақты заттың (жәндіктің, не машинаның) өзі емес, оның әдейі кішірейтіліп жасалған көшірмесі, яғни сол заттың орнындағы оның бейнесі.

Бөбек жасында ойыншыққа байланысты ұлдар мен қыздардың ойыны  бірдей емес. 3 жастағы қыз аюдың  ойыншығын оған бергенде оның үстіне көйлек тігіп, кигізіп, кішкентай тарелкаға ас салып қасықпен оны тамақтандырады. Ұлға осындай ойын ұсынғанда ол бас тартып, бұл әйел жынысына жататындардың қызметі, сондықтан оған қатысы жоқ екенін айтады. Ал ұлдар таяқты ат қылып мініп, “осы менің атым” деп жүгіретіні көрсетеді.

Бөбектердің есеюіне орай өз қолдарымен нәрсе жасау әрекетіне келсек, осылардың көбі балалар бақшасында ұйымдастырылады. Мысалы, оларға кесте тігу, не қағаздардан белгілі бір нәрселерді құрастыру т.с.с. тапсырмаларды беріп, қолының ептігін күшейтуге жағдай туғызады.

Бөбек психикасының дамуын одан әрі  өрістетуде оның сөйлеу әрекетінің қалыптасуының  ерекше маңызы бар. Біз ілгеріде 12 ай толған баланың сөздігі 10-дай жеке сөздерден тұрады дедік. Бірақ олар жеке сөздерден сөйлем құрастыру  білмейді. Бөбек 1,5 жаста 200-дей сөз біледі. Осы кезден бастап сол сөздерден сөйлем құрастыруға талпынады. Бөбек 3 жасқа жеткенде 1200-1500 сөз біледі.

Адам тек ұғымға сүйеніп ойланбайды. Оның ой-өрісі елестету бейнелеріне  де негізделеді. Сондықтан әуелі  бөбектің қабылдауы мен елестеуіне тоқталайық. Бөбек жасының бас кезінде (1,5-2 жаста) бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарын таныс еместерінен ажырататын болғанымен оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Бөбек әуелгі кезде заттың тек бар қасиетіне, не белгісіне мән беріп, өзге жағын елемейтін болады.

Ал бөбектің қабылдау үстінде заттың бірнеше қасиеттерінің, соның ішінде көлемімен, ұзындығымен, енімен, түсімен  т.б. танысуға келсек, осылар сол заттың бейнесімен бірге елестетіледі. Бөбек  жасының аяқ кезінде бала “шеңбер”, ”төртбұрыш”, ”үш бұрыш”, ”тік бұрыш”, “көп бұрыш” т.с.с. ажыратып соларды есінде сақтай алады. Сол кезде бөбек негізгі түстерді (қызыл, сары, көк, жасыл, көкшіл, ақ, қара т.б.) ажыратып соларды қосымша түстерден олардың араласуынан болған түстерден айыра бастайды.

Ал бөбектің ақыл-ой қабілетіне келсек, осының өзі бұларда әлі жөнді  қалыптаспаған. Ж.Пиаже өзінің шығармаларында мектепке дейінгі жасты, соның ішінде бөбек жасындағыларды ойлау операциясына дейінгі жас деп атайды. Бұл  жерде Пиаже “ойлану” деген терминді, проблемалық мәселені шеше білу ретінде (есеп шығару т.б.) қолданды. Ал бала өзінің ойын біреуге жеткізе алса, осыны Пиаже ойлану деп атамайды. Тікелей мағынасында ойлану процесі бөбектерде кездеспейді. Оларда ойланудың тек қарапайым түрлері бар. Бөбек жасында нақты ой-әрекеті кездеседі. Мысалы, бөбек кубиктерден үй құрастырып жатқанда, оның қасына келіп, не істеп жатырсың десе, осыған ауызша жауап беруге қиналып, салған үйін бұзады да, “қара!” деп соны қайтадан салады.

Ескерте кететін мәселе бөбектердің нақты ой-әрекеті тек олардың әрекеті (ойыны т.б.) үстінде қалыптасады. Сондықтан бұлардың ой-әсерін дамыту үшін тиісті әрекеттерге машықтандыру қажет.

Баланың есінің кіруінің өзі ол үшін үлкен жаңалық. Өйткені есі кіргеннен  кейін бөбекте “Мен” деген қасиет пайда болады. Осының жаңалық екені сол, бұл уақытқа дейін бөбек үлкендердің оған қамқорлық  жасап жүргенін біліп, енді осымен күрескісі келіп, үлкендердің қамқорлығынан қайткенде құтылсам екен дейді. Оның пікірінше бәрі өз қолымнан келеді, мен “өзгелерден бөлек, дербес адам екенмін” деп барлық істі өзі орындағысы келеді.

Сананың, яғни естің бөбекте пайда  болуы оның тілінің шығып, ойын сөйлеу арқылы өзгелерге жеткізе алуының  нәтижесінде пайда болады. Егер адам тіл білмесе, (мұндай жағдайда болуы  мүмкін емес), онда оның есі сен санасы да және “Мен” деген қасиеті де болмас еді.

“Дағдарыс” кез бөбектерде түрліше  кездеседі, біреуде тым айқын, өзгелерде  онша білініп жарымайды. Бірақ әрқайсысында азды-көпті кездесетіні сөзсіз. Ал осы келтірілген “менменсіну”бөбекпен дұрыс тәрбие жүргізілмесе, ерегесу, яғни негативизмге апарып соғуы мүмкін. Мысалы, 3 доағалақты велосипедке мініп жүрген бөбекке, егер шешесі мінуге рұқсат етпесе ызаланады. Кейін шешесі “міне ғой” десе, ерегісіп “енді мінбеймін” деп отырып алады. Сол кезде “мінбей-ақ қой десе”, онда “мінемін” дейді. Демек, бөбек үлкендердің айтқанына қарама-қарсы іс істегісі келеді.

Ерегесу мен қыңырлықтың ата-тегі “менменсінуден”, өзіне не жақсы, соны істеуге тырысудан пайда болады. Ал бөбек жасындағылар үнемі ерегесуге не қыңырлыққа ұшырайды, деп бірден-бір айтуға болмайды. Бірақ бөбектің жасында кездесетін осындай жәйітті еске алмаса, осының өзі ерегесуге не қыңырлыққа апарып соғуы мүмкін. Ерегесудің мұндай түрімен күресу үшін не істеу керек? Бөбек үлкендердің қамқорлығынан құтылғысы келеді, “Мен өзім істеймін” десе, оның осы қажеттілігін қанағаттардырмауға болмайды. Себебі балада өзбеттілік дамымаса, келелі кезде пассивтік түрде болуы мүмкін.

Сонымен біз бөбектің жеке басына тән оның “Мен” деген  қасиетінің қалай қалыптасатынына  тоқталдық. Бұл айтылған менменсіну, қырсықтық т.б. бөбектің үлкендердің  қол астында болуымен, оның психикасы  дамуының өріс алу арасында қайшылықтың болуынан. Жамандық болмай, жақсылық жоқ деген сияқты, қайшылық бөбекте келешекте қиын жағдайға ұшырататыны болғанымен, осының өзі психикалық дамудың шарты. Егер баланың өмірінде қайшылық кездеспесе, алға қарай дамымай, бір қалпында тұрып қалған болар еді.

 

    1. – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.
                1. Сезімдердің қалыптасуы. Баланың жаңа іс-әрекетке қосылуы (тазалық, оқу мен еңбектің элементтері).
                1. Бала дамуындағы ойынның ролі.
                2. Баланың мектепке психологиялық дайындық мәселесі.

Мектепке дейінгі балалық  шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қорытындысы – баланың  мектеп оқуына психологиялық  түрде  дайындығы. Соңында балада мектепке барар сәтте оқушыға тән психологиялық  қасиет пайда болады. Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекетінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады.

    Мектепке дейінгі  кезең (3-7 жас) ерте балалық  шақтың онтегенетикалық дамудың  тікелей жалғасы болып табылады. Бұл кезең балалардың жақын  ересек адамдармен қарым- қатынас жасау арқылы, сонымен қатар құрдастарымен  ойын және шынайы қарым- қатынас жасау арқылы әлумттік кеңістікті меңгереді. Жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан. Олар: Джон Уатсон, В.Штерн, К.Бюлер, К.Кофка, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Э.Шпрангер, Ж.Пиаже, В.М. Бехтерев, Д.М.Узнадзе, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский, Р.Р. Лурия, А.Н. Лентьев, П.Л. Гальперин және тағы басқалар.

Алайда, сол бір объектіні  зерттей отырып – психикалық даму – генетикалық және баланың психикасының екі әр түрлі психикалық ғылымдар болып табылады. Генетикалық психологияның психикалық процестердің пайда болуына және дамуын зерттейді. Генетикалық психологиялық зерттеулерді балаларға және ересектерге жүргізілуі мүмкін. Алайда, генетикалық зерттеу объектісі бала болып табылады.

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"