Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

ДӘРІСТЕР ТЕЗИСІ

    1. – дәріс.  Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
  1. Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық міндеттері. Жас ерекшелік психологиясының пайда болу тарихы. Жас ерекшілік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы
  1. Жас ерекшілік психологиясының әдістері және олардың мінездемесі (бақылау, эксперимент, диагностикалық әдіс, егіздер әдісі, лонгитюдтік әдіс, көлденең кесу).
  2. Жас ерекшілік психологиясының негізгі категориялары (жас периодизациясы, даму және т.б.). Жас ерекшілік психологиясының бөлімдері.

 

       Жас ерекшеліктері   психологиясы   адамның  бүкіл   өмір  бойындағы   психикалық  қасиеттері  мен  даму  тұлғасының   даму   үдерісін   зерттейді.   Бізді  қызықтыратыны   бүкіл   өмірлік  жол  емес, өте   жылдам  есейіп  келе  жатқан  баланың    мектепті  тамамдап, ересек  өмірге   қадам  басқанша   жүріп  өткен,  туғаннан  17  жасқа  дейінгі  өмірдің   бастапқы  кезі.  Жас  ерекшеліктері  психологиясының   бұл  бөлімінде  бала  дамуының   заңдылықтары  мен   фактілері  анықталады.

        Жас  ерекшеліктері   психологиясының психологияның   басқа  салаларынан   басты   айырмашылығы  даму  қарқынына   басым көңіл  бөлуі.  Сондықтан   оны  генетикалық  психология  (грек  тілінде  «генезис»   шығу  тегі, қалыптасу)   деп  атайды.   Әйткенмен,  жас ерекшеліктері психологиясы  психологияның   басқа салаларымен:  жалпы психологиямен, тұлға психологиясымен, әлеуметтік  психологиямен, педогогикалық және дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты.   Жалпы психологияда   психикалық  қасиеттер: қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес, зейін,  қиял  зерттелетіні  белгілі.  Жас  рекшеліктері  психологиясында   әр  психикалық қасиеттің  даму  үдерісі  және  әр  түрлі  жас  кезеңіндегі   қызметаралық  байланыстардың    өзгеруі  қадағаланып  отырады.    Тұлға  психологиясында  түрткі, өзін  өзі  бағалау  және  талаптану  деңгейі  ,  құндылықты  бағдарлар, дүниетаным  және  т.б  сияқты   тұлғалық  түзілімдер  қарастырылса,  жас  ерекшеліктері  психологиясы    осы  түзілімдердің  баланың  бойында қашан пайда болып,  олардың белгілі бір жас кезеңіндегі    ерекшеліктері қандай  болатындығы туралы  сұрақтарға  жауап береді.     Жас ерекшеліктері психологиясының    әлеуметтік  психологиясымен байланысы    баланың мінез құлықы мен   дамуының  оның  өзі  кіретін  топтарға:  отбасына,  балабақша  тобына,  мектеп  сыныбына,  жасөспірімдер  ортасына  тән  ерекшеліктерге    байланыстылығын  бақылауға  мүмкіндік  береді.  Әрбір  жас кезеңі  баланың  айналасындағы   адамдардың,  ересектер  мен   құрбы  құрдастардың  өзіндік, ерекше  ықпалы.  Баланы  оқытып  тәрбиелейтін  ересектердің  мақсаты  ықпалы  педогогикалық  психология  аясында  зерттеледі.  Жас  ерекшеліктері  психологиясы мен  педогогикалық  психология  бала  мен  ересек  адамның    өзара  ықпалдасу   үдерісіне  әр  түрлі  қырларынан  қарайды,  жас  ерекшеліктері  психологиясы   бала  тұрғысынан,  педогогикалық  психология  тәрбиеші,  мұғалім  тұрғысынан.

       Дамудың  жас   ерекшелік  заңдылықтарынан   басқа,  дифференциалдық  психология   айналысатын  индивидуалды  айырмашылықтары  да  болады:  бір  жастағы  балалар  ақыл  парасаттың  әр  түрлі  деңгейін   және  әр  түрлі   тұлғалық  қасиеттерді  иленуі  мүмкін.  Жас  ерекшеліктері   психологиясында   барлық  балаларға  ортақ    жас ерекшелік заңдылықтары  зерттеледі.  Бірақ бұл орайда   дамудың магистралды   желілерінен   қандай  да  бір басқа жаққа ықтимал   ауытқушылықтар  да  ескеріледі.

   Сонымен,  жас  ерекшелік   психологиясы  психологиялық   білімнің   ерекше  саласы.     Баланың  даму  үдерісін  қарастыра   қарастыра  отырып,  ол  әр  түрлі  жас  кезеңдеріне  сипаттама  береді,  демек «жас»  және  «балалық шақ»  деген  ұғымдарды  қолданады.  Жас  немесе  жас  кезеңі  дегеніміз  бала  дамуындағы   өз  құрылымы  мен  қарқыны бар цикл.  Л.С.Выготский бұл туралы  өз  еңбектерінде  жазып кеткен. 

     Біріншіден,  психологиялық   жас   жекелеген  баланың   оның  туылуы  туралы  куәлігінде,  ал  кейінірек   төлқұжатында  жазылған  хронологиялық  жасымен   сәйкес  келмеуі  мүмкін.    Өзінің  қайталанбас  мазмұны  баланың  тұлғасы  мен  психикалық  қасиеттерінің  даму  ерекшеліктері,  оның  айналасындағы  адамдармен  өзара  қатынастарының  ерекшеліктері  және  ол  үшін  басты  болып  табылатын  іс  әрекеті  бар  жас  кезеңінің   белгілі  бір  шектері  бар.  Бірақ  бұл   хронологиялық  шектер  жылжытылуы  мүмкін,  бір  бала  жаңа  жас  кезеңіне  ересек,  ал  екіншісі  кешірек  енеді.  Әсіресе  балалардың  жыныстық  пісіп  жетілуімен  байланысты  жасөспірімдік   шақтың  шектері  қатты «толқымалы болады».

   Екіншіден, бастапқы  жас   кезеңдері  балалық шақты   негізінен  ересек  өмірге,  өздігінен  еңбек  етуге   дайындық  болып  табылатын   тұтас  бір  дәуірді  құрайды.  Балалық  шақ  тарихи  құбылыс,  оның  мазмұны  да,  ұзақтығы  да  ғасырлар  бойы  өзгеріп  отырған.  Алғашқы  қауымдық  қауымдағы  балалық  шақ  қысқы,  ал  орта  ғасырлардағы  ұзағырақ  болған.  Қазіргі  замандағы  баланың  балалық  шағы  одане   да  ұзағыраққа  созылып,  іс  әрекеттің  күрделі  түрлерімен  толыға  түсті  балалар  өз  ойындарында   ересек  адамдардың   отбасылық  және  кәсіби   қатынастарын  қайталап,  ғылым  негіздерін  меңгере  бастады.    Балалық  шақтың  өзіне  тән  ерекшелігі   бала  өмір  сүріп,  оқып  және  тәрбиеленіп  отырған  қоғамның    әлеуметтік  экономикалық  және  мәдени   даму  деңгейлерімен   анықталады.

     Біздің   заманымызда   балалық  шақ  қашан  аяқталады?   Дәстүрлі  түрде  жас  ерекшеліктері   психологиясының  бірінші   бөлімі  ретінде   балалар   психологиясы  баланың  туылғаннан  7   жасқа  дейінгі  даму  үдерісін  қамтиды.    Бірақ  қазіргі  балалық  шақ    мектепке  барғаннан   кейін  де   жалғаса  береді,  бастауыш  мектеп  оқушысы  да  бала  болып  қала   береді.  Оның  үстіне,  кейбір  психологтар  жасөспірімдік  шақты  да  ұзап  кеткен  балалық шақ деп   қарастырады.  Қандай  көзқарасты  қарастырсақ та  нағыз ересектің    баланы  тек мектеп   табалдырығынан  тыс,  15   немесе 17  жаста күтетіндігін   мойындаумызға   тура  келеді. 

     Қазіргі  таңда    әрбір  білімді  адам  «балалық  шақ  деген  не»,  деген  сұраққа  бұл  даму,  үйрету,  өзгеру  кезеңі  деп  жауап  береді.   Алайда  тек  ғалымдар  ғана   бұл  кезеңді  парадокстар   және  қарама   қайшылықтар   кезеңі,   және  онсыз  даму   процесі  болмайтындығын  атап  көрсетеді.  Балалық  шақ  дамудың    парадокстары  жайлы  В.Штерн, Ж.Пиаже, И.А.Соколянский  және  т.б  жазды.   Д.Б.Эльконинның  айтуы  бойынша    балалық  шақ   психологиясында    парадокс  бұл   ғалымдардың   әлі  де  шешетін   дамудың  жұмбақтары. 

          Д.Б.Эльконин  Москва    университетіндегі    дәрістерін   балалық  даму    парадокстарының  екі  негізгі   мінездемелерінен   бастайтын.

          Адам  дүниеге   келгенде  өмірді  сақтай  алатын  элементарлы   механизмдермен    ғана  шектеледі.  Физикалық  құрылымы,  жүйке  жүйесінің    үйлесуі  жағынан,  іс  әрекет     типтері   және    оны  бақылауы   жағынан     табиғаттағы    мінсіз  жан  болып   есептелінеді.

          Алайда  эволюциялық   қатарға   дүниеге   келген   уақытысында    мінсіздіктің  айтарлықтай    күрт  төмендеуі  байқалады,  яғни  балағда   дайынг  мінез  құлық  формалары  болмайы.   Негізінен,    тірі  жан  жануарлар  қатарында  жоғары  сатыда  тұрған  сайын,   сол   сияқты    оның  балалық   шағы  ұзаққа  созылады,    сол  сияқты  туылғанда  да  әлсіз  болады.   Бұл  табиғаттың    бір  парадоксы   болып  есептеледі.    Тарихи  даму  барысында    адамзаттың  материалды   және  рухани   мәдениетінің    үздіксіз  артуы   байқалады.    Мыңжылдықтардың  ішіндегі    адамдардың  тәжірибесі мың  есеге  көбейді.  Бірақ  бұл  уақытта  туылған   сәби    еш  өзгерген  жоқ.   Антропологтардың  мәліметтері  бойынша   анатомо   морфологиялық  ұқсастықты   зерттей  отырып    олар  кромоньондықтармен  және  қазіргі  европалық  адамды  салыстырады.  Қорытынды  бойынша  қазіргі   заманғы  адамның    жаңа   туылған  сәбиі  он  мың  жылдар  бұрын  өмір  сүрген   сәбиден еш  айырмашылығы  жоқ.

        Сонда  табиғи  шарттары  ұқсас  бола  тұра   психикалық  дамудың  деңгейі,  қоғам   дамуының  тарихи  кезеңдерінде   бал әр  түрлі жетістіктерге   жетеді.    Балалық шақ бұл   жаңа  туғаннан   әлеуметтенгенге дейін жалғасатын   жәнек әрі қарай    ержеткенге   дейін    бұл кезең баланың    адами қоғамның    толық мүшесіне  айналуы.   Сонымен  қатар,  алғашқы  қоғамдағы  балалық  шақтың  ұзақтығы    орта  ғасырлардағы  қазіргі  күндердедегі  баланың   шағының    ұзақтығы  мен   тең  емес.    Адамның  балалық  шақ  этапы   тарихи  өнімі,  және  сол    секілді  олар  мың  жыл  бұрын    өзгеруге  бейім  болды.    Сондықтан  да  балалық  шағын  және  оның  заңдылықтарын  ,  оның  қалыптасуын   адами  қоғамның    және  заңдылықтарының  дамуынан    тыс  қарастыруға  болмайды.   Балалық  шақтың   ұзақтығы  қоғамның  материалды   және  рухани   мәдениетінің  деңгейіне  байланысты.

         Тану  теориясы  мен   диалектика   жеке  ғылымдардың   тарихынан    жануарлар  балаларының   ақыл  ой  дамуы,  тіл  тарихында    қалыптасуы  мүмкін.

         Назарды   баланың  ақыл  ой  даму   тарихына  аудара  отырып,    оны  балалық  онтогенездегі  дамунан  және    қазіргі  заманғы   мәдениеттердің  біркелкі   емес  дамуынан   ажырату  қажет.

         Балалық   шақ  дамуының   проблемасы  қазіргі  балалық  шақ   психологиясының   ең  күрделісі   болып  табылады.    Себебі  бұл    аймақта  бақылау да, эксперимент  те  жүргізе  алмайсыз.  Этногрофтарға  балаларға  байланысты.    Мәдени  ескерткіште  кедей  екені  белгілі.    Тіпті, археологиялық  қазбаларда  табылатын  ойыншықтардың  өзі  діннің  заттары,  яғни  оларды  ол  дүниеге барғанда  иесіне  қызмет  етсін деп салады  екен.

         Балалық   шақтың  тарихи  шығу  тегі  кезеңдері    жайлы   теоретикалық  сұрақты  П.П.Блонский, Л.С.Выготский,Д.Б.Эльконин  деген  ғылымдардың   еңбектерінде  жасалып  шығарылды.  Л.С.Выготскийдің  концепциясы бойынша    бала  дамуының  психикалық  даму  жолы  табиғаттың  мәңгілік     заңдылықтарына  бағынбайды.   Міне,  сондықтан да  мәңгілік  балалық шақ болмайды.   Ол  тек тарихи  балалық шақ қана  бар деп көрсетеді.  XIX    ғасыр әдебиеттерінде  өте көп дәлелдемелер  келтірілген.    Олар  бойынша жұмысшылардың балаларында балалық шақ болмайды.  Ф.Энгельс 1483 жылдары Англиядағы  жұмысшы класты  зерттей отырып  мынандай  мәліметтер  алды.  Балалар кейбір  жағдайда  бес  жастан  бастап  жұмыс  істеп  жиірек  алты  жаста, жиі  жеті  жаста   бірақ  ата  анасының   ахуалдары  нашар  балдардың   бәрі  сегіз   жастан  жұмыс  істейтін  болған,  жұмыс  уақытысы  14,16  сағатқа  созылған.

          XIX,XX  ғасырда  балалық  шақты  қорғау  органдарының  жұмыс  істеуінің  арқасында  бала   еңбегі   тоқтатылды.   Әрине,  бұл  қоғамның  төменгі  деңгейде  орналасқандарға  балалық  шақты  қоштасу  ету  емес.   Біздің  заманымызда  бала  еңбегі  жоқ  десек  те,  балалық  шақ  статусын  ата  анасының  әлеуметтік  қоғам  құрылымындағы  орнын  есептемей  айта  алмаймыз.

         ЮНЕСКОның   қабылдаған  және  көп  мемлекеттер   бекіткен  1989 жылы «Бала  құқықтары   жайлы  конвенция»  бойынша   барлық  жер  бетіндегі  бала  тұлғасының   толыққанды  дамуы қамтамассық етілуі  қажет.

         Балалық   шақ  туралы  түсініктер   тарихта  көбіне  олардың   биологиялық  дамуы  емес,  әлеуметтік  даму  кезеңдері   ескерілді.  Осы  айтылған  қорытындылардың   дәлелі   ретінде  француз   демографы  және   тарихшысы Филип Ариестің   деректері негіз болды.   Соның арқасында   шетелдік  ғалымдар  балалық шақ    психологиясына    назар аударды,  ал  Ариестің  еңбегін классикалық дәрежеде  бағалады.

        Түрлі  тарихи  дәуірден,  тарихи  процестің  барында  суретшілердің   санасында  балалық  шақ  ұғымының  ерекшеленуі.   Бейнелеу  өнеріндегі   зерттеулері  бойынша  он  үшінші  ғасырға  дейін  өнер  балаларға  назар  аудармады.   Суретшілердің  өздері  де  бейнелеуге  тырысады.

         XIIIғ  баланың бейнесі,  кескіні тек діни  аллегориялық  сюжетте   кездеседі.   Бұл нәресте Исус  және  жалаңаш сәбидің   өліктің символы ретінде.   Шынайы  түрде балалар суретін салу   бейнелеу  өнерінде   көпке дейін болмады.   Мүмкін  ешкім өзіндік  тұлға  екендігін   есептемеді.  Өнер  шығармашылығында  бала   бейнесі  пайда  болғанымен  көбіне,  олар  ересектердің  кішірейтілген  формасында  көрсетілінді.  «Бала  сөзі»  көпке  дейін  қазіргі  кезде  нақты  мағынаға  ие  болмады.   Мысалы  орта ғасырларда  Германияда  «бала»   сөзінің   мәні  «ақымақ»  сөзімен барабар болды.

         Балалық   шақ  ол  кезеңде  тез   өтпелі  және  құндылығы  жоқ   болып  есептелінді.  Оған  немқұрайлы   болуын  Ф.Ариес,  сол  кезеңдегі   демографиядағы   жоғарғы   туу  мен  жоғарғы  өлімнің  болу  ерекшелігінің  салдарынан.   Балалық  шаққа  деген  немқұрайлықты  жеңу  ол     XVI ғасырда  өлген  балалардың  портреттерінің  пайда  болуының  әсерінен  дейді  француз  демогрофы.  Бұл  жағдай   жай  ғана  құбылыс  емес,  үлкен мән берілетін мәселе  ретінде қарастырылады.   Жеңіл болуын  бейнелеу  өнерінде  балалардың   шынайы  суреттері   XVII  ғ ерте  дамымады.   Ол  кешегі  біздің  революцияға дейін балалар мен ересектер бірдей  киінген.   Және  бұл ерекшелік  баланың  ойны  мен  үлкендердің  айырмашылығы  аса  көп  болмаса  киімдерінің  бірегейлігі  осы  уақытқа   дейін  сақталған.

         Ф.Ариес   көне  кезеңдердегі  бала  бейнесі   мен  әдебиеттегі  балалық   шақ  киімдері  көрініттерін  анализ  жасай  келе,  бала  киімінің   эволюциясындағы  3 тенденцияны  бөледі.

  1. Феминизация  ер  балаға  арналған  костюм,  онда  көбіне  әйел киімінің  бөліктері  қайталанады.
  2. Архаизация  дәл  осы  уақыттағы  бала  киімі  үлкендердің киімінен  сән үлгісі  қалуда,  және  көбіне  өткен  ғасырдағы.
  3. Жоғарғы  тап  өкілдерінің   балаалрына,  төменгі  тап шаруалардың   ересектерге  арналған   көстюмді  киюі.

        Ф.Ариес   атап  өткендей,  балаларға   арнайы  киімдердің  қалыптасуы  ол  қоғамдағы  балаға  деген   қарым  қатынастың  өзгеруі  байқалады.   Енді  балалар   ересектердің   өмірінде  маңызды  орын  алады.

Жас ерекшелік психологиясында  әдістерді қолдану ерекшелігі. Әдіс – бұл психикалық өмірдің белгілі-бір  фактілері алудың құралы, инструменті.

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"