Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Л.С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз процесі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.

 Екінші критерий – бір  жастан екіншісіне өту динамикасын  есепке алу. Динамиканы анықтауда  ең маңыздысы тұлға мен оны  қоршаған әлеуметтік орта арасындағы  қатынастарды есепке алу болып  табылады.

 

    1. – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.

1. Әртүрлі бағыттар  мен кезеңдер критерилері  

Л.С.Выготскийдің жұмыстарындағы периодизация мәселесі. «Жас дамуының әлеуметтік жағдайы» ұғымдары.

        1. Жас кезеңдері және бала дамуының дәуірлері. Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау 

Бала жасын кезеңдерге бөлудің жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған; екіншіден, психология ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуді жабайы өмір тұрғысынан Г.Гете мен Л.Н.Толстой жазады. Л.Н.Толстой бөбек пен жеткіншек (“отрочество”) балалардың балалық және ересек (“юность”) туралы әдейі кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған болатын.

Әдетте, жасты кезеңдерге бөлуде мынадай деректерге сүйенеді. Әр жас кезеңдеріне жататындардың  бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер  бар деген шешімге келеді. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны, сол жас кезеңіне тән пәлендей ақыл-ой жағынан белгілі бір жәрежеге жетуі. Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген.

Әр елде есеюді, әр жас  кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті төменгідәрежеде болды. Мұнымен қатар, осы даму сатысындағы тайпаларда балаларды материалдың игіліктерді өндіруге ерте жасынан (мысалы, Эксимос елінде 5-6 жасынан, өзгелерінде 7-8 жасынан) жекті. Осыған сүйене отырып есеюді әлеумет жасына және әр баланың өзіне тән хроникалық жасына бөлуге болады. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.

а) Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу тарихынан. Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан: Әр жас кезінде баланың өз үй-ішінде және құбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуін айтып отырмыз. Осыған орай жас кезеңін топтастырып көрейік.

Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең - нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы мынадай 2 кезеңге бөлінеді:

а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);

б) еңбектеу жасына (7 айдан 12 айға дейін).

1-ден 3 жасқа дейінгі  кезді - бөбектер жасы деді. Бұл кезбаланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. Бөбек өте мейрімді келеді. 3-тен 7-ге дейін сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты: Қыздар көбіне қазан-аяқ ұстап шешелеріне көмектесті (нан илеу, от жағу, су әкелу т.б.). Ұлдар бұзау, не қозы бағып, тезек теріп, оны үйге артып әкелетін.

8-ден 11 жасқа дейін періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда қазіргі ғылым тұрғысынан (1-1,5) жыл алда келетінін, елде мәдениет таралмай тұрған кезде әбден жақсы білінді. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдеп-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді. Егер бұлар бұзақы іс жасай қалғанда соны кінә екені осы жастардан соң есептелінді.

12 жастан 15 жасқа дейін бозбала (қыз бала) кезеңі.

Бұл мезгіл ұл мен қыздардың  недәуір есейіп қалған кезі. Мұны мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жастағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін. Ұлдарды үлкендермен бірге табақтас ететін, киген киімі де өткен жастағыдай емес, үлкендермен қатар атқа мініп, саяхат жасауға (аң аулау т.б.) қосылатын.

15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдарды үйлендіріп, еншісін бөліп беріп, қыздарды ұзату мезгілі болатын.

ә) Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Себебі білім мен психикалық даму бір емес екенін ілгеріде ескерттік. Егер ілгеріде аталып кеткен психиканың дамуына оқыту әсер етпейді дейтін Ж.Пиажэнің пікірін басшылыққа алсақ, онда психиканың дамуы баланың қай жаста екеніне тәуелді келеді дейміз. Әрине, бала психикасының қандай болып келуіне әлеумет ортасының недәуір ықпалы бар.

Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән  баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен  баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық “дағдарыс” тез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас өспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі:

Туғаннан 1 жасқа дейін - нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу т.б.) тұрады.

1-ден 3-ке дейінгі алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.

3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті жөнінен өріс алады.

7-ден 11-ге дейін  - бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.

11-16 орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиялдары кеңінен өріс алады. Бұл жастарда балалар биологиялық (жыныс т.б.) жағынан үлкен өзгерістерге ұшырайтындықтын, осы жас кезеңі ерекше сипатталынады. Жеткіншек - балалық кез бен ересек жасының көзқарасы болып есептеледі.

16-18 аға сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жастары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста “балалық” қасиеттер бірте-бірте азая бастайды.

Жасты тиісті кезеңдерге бөлудің бұл келтірілген сипаттамасы  ілгеріде қамтылған қазақ елінде жастарды тиісті кезеңдерге бөлуіне  қарағанда баланың есеюі көпке  дейін созылып отыр. Бұл екі  арадағы есеюдің алшақтығы әр дәуірдегі әлеумет ортасының  түрліше келуінен.

Жасты кезеңдерге бөлудің  келтірілген осы жолы үнемі өзгерілмейтін  нәрсе емес. Заманның өзгерілуіне, соның  ішінде әлеумет ортасының жағдайына  сай жастарды топтастыруда азды-көпті  өзгерістер болып отырады.

 

    1. – дәріс.  Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы. 
          1. Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы.
          1. Іс-әрекеттің әртүрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас формаларының даму ерекшеліктері.
          2. Ойын функциясының, генезисінің, құрылымының, шығуының әлеуметтік-тарихи сипаты.
          3. Мектепке дейінгілердегі психикалық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары. Баланың психикалық дамуы үшін сенсорлық процестерді мақсатты сәйкесті қалыптастырудың

Мектепке дейінгі балалық  шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жететілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабағы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Мектепке дейінгі жас  бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуацичсының  пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнының  ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда  елеулі айырмашылығы болады.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, “балалар қоғамының” құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысы өзіндік ішкі позициясы өз “менін” және өз қылықтарының маңызын аңғырудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі  бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері  оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен  сюжеттік-рольдік ойындардан көшіріп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалаптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепке оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.

Мектепке дейінгі шақта  жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан  белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексеріп қарауға, қызмет көрсетуге байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік ойында роль атқару дегеннің өзі рольді көрсетілген міндетті орындау және ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекеттерін үйлестіруді үйренеді. Балалар тобының басқа мүшелерімен жасалатын мұндай шынайы өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасын да жоғары көтереді.

Сонымен, егер ойынның  сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарында байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйренеді. 

Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзінде қолданады. Сонымен, ойын бұл кезде өзінің мәнісі жағынан символикалық болады. Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы - оның психиканың дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші объектінің көмегі арқылы ауыртыра білу қабілеті кейінірек әлеуметтік таңбаларды игеруді қамтамассыз ететін жетістік болып табылады.

Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына  көмектеседі. Ойын жағдайларында балалар  лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағылардан  зейінін жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын ситуациясына өтетін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны құрдастары ойыннан қуып жібереді.

Тілдің дамуына  ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын үстіндегі жолдатарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психикалық нашар даму оқиғасы суреттелген.

Ойын ақыл-ой дамуына  да әсер етеді, бала ойын үстінде заттар мен іс-әрекеттерді жалпылауды, сөздің жалпылама мағынасын қолдануды т.б. үйренеді. Ойын жағдайына ену баланың ақыл-ой әрекетінің түрлі формаларының шарты болып табылады. Мәселен, затпен қимылдар жасай отырып, ойланудан елестете ойлауға бала затқа оның тиісті өз атын бермей (тіпті бала оны жақсы біліп тұрса да) қазіргі ойын жағдайына қажетті заттың атын беруден бастап ауысады. Бұл жағдайда, таңдалынған нәрсе, біріншіден, жобаланған зат туралы ойлаудың өзгеше бір сыртқы тірегі және екіншіден, осы затпен жасалынатын шынайы іс-әрекеттер тірегі ретінде көрінеді. Сонымен, рольдік ойында ой жүзінде іс-әрекет жасау қабілеті дами бастайды. Алғашқыда, әрине, ойша әрекет жасау нақты заттарға сүйене отырып жүзеге асады. Бала өзі жаңа ат беріп және демек, жаңа функция артатын заттармен нақты әрекет жасаудан біртіндеп ішкі, нағыз ақыл-ой  әрекетіне ауысады. Ақыл-ой әрекетіне ауысудың негізгі ойын әрекеттерінің қысқаруы мен жалпылануынан тұрады.

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"