Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Кіші оқушыда 2-3 сыныптарда ерікті зейін пайда бола бастайды: ол қызық емес, бірақ қажет деген  сабақтың бөлшектеріне зейінді бода алады. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп түсіндіріп, тапсырманы қалай орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет.

Кіші оқушының зейінінің  аумалылығымен күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен  соң бірін алмастырып отырған  жөн. Тек сонда ғана бала зейінінің  аумалы келуімен  күресе алады.

Ес пен жадқа байланысты өзінше жұмбақ міндеттерді шешу кездеседі. Мұны мнемоникалық (“mnomo”- жад), міндет деп атайды. Мысалы, бір жағдайда берілген тапсырманы сол түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру  қажет. Екінші жағдайда тапсырманы өз сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осының өзі әр түрлі мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті баладан талап етеді: егер түпнұсқасынан айтпай есте қалдыру жад процесіне байланысты келеді, өз сөзімен оны айтып беру ес процесіне жатады.

Ал балалар берілген мағлұматты жадында қалдыру үшін әуелі оған нендей талап қоятынын, тапсырманы жаттап алу қажет пе, не өз сөзімен айтып беру керек  пе, соны білуі шарт.

Кіші оқушының қиялына келсек, әуелгі кезде мектепке дейінгілердің ойынында кездескендей мазмұнда болады. Бірақ оқудың талабына сай қиялдың мазмұны өзгерістерге ұшырайды. Әдетте, оқушының қиялы творчестволық және қайта жаңғырту қиялына бөлінеді. Ойынының көбісі шындықтан алыстап кеткенінен, мектепке дейінгілерде творчестволық қиял басым келеді де, мектептегілерде қайтадан жаңғырту қиялы кеңінен өріс ала бастайды. Қиялдың осы түрінің дамуына бастауыш сыныптардағы пәндердің көпшілігі едәуір ықпалын тигізеді. Оқуда бейненің қиялы бірте-бірте шындыққа дәл келе бастайды. Осының өзі творчестволық қиялға, яғни фантазияға қарағанда нәтижелі. Өйткені іске аспайтын қиялдан гөрі қиялданудың ақиқатқа жақын келуі баланы шындық тұрғысынан тәрбиелей алады.

Кіші оқушының ойлау процесіне келсек, оның қаншалықты дамығаны туралы әртүрлі пікірлер бар. Біз ілгеріде Ж.Пиаженің 7-11 жастағыларда тек қрапайым, яғни нақты ой операциясы кездеседі дейтінін ескерттік. Өзгелердің, яғни мәдени-тарихи теорияны жақтаушылардың (Л.С.Выготскийдің т.б.) пікірі бойынша оқымай келген бала мектепке барған соң ойы мен интеллектісі үлкен өзгерістерге ұшырайды: бала қарапайым, яғни натуралдық ойдан мәдени, яғни ұғым арқылы ойлануға көшеді. Соңғы пікір қазірге дейін үстем алып келсе де, әлі жете тексерілмеген. Нақты ой, яғни нақты бейнелерге негізделіп ойлану, көбінесе елестету не көрнекті заттың бейнесіне сүйеніп операция жасау болып табылады. Осының өзі талдау мен топтаудан, салыстырудан, абстракциялау мен нақтылаудан қарастырылады.

Ой операцияларының осы түрлері  кіші оқушылардың оқу әрекетінде әртүрлі тереңдікте кездеседі. 1 сыныптағылар нақты затқа не солардың көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қиынға түседі. 2-3 сыныптағылар бірте-бірте заттың жеке қасиетіне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды мүмкіндігінше топтастыра алуға үйренеді. “Жеке бас” деген ұғымға “Мен” деген мәніс те кіреді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда нендей орын алатындығын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасы мен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтылық болғаны жақсы. Егер кіші оқушының өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмен келсе, ондай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзімен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте, өзгелердің бағасынан жоғары дәрежеде келеді.

Кіші оқушының жеке басы деген түсінікке оның сыпайылығы, керісінше, осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. 7-11 жастағылар көбінесе ақкөңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы болып келеді.

Кіші оқушының мінезіне: қиыншылыққа төзімділігі, берген уәдесінде тұра алуы, өзгелерге сүйкімді келуі, бір нәрсеге әуесқойлығы т.б. жатады. Осы жағынан алып қарағанда қыздар мен ұлдардың мінезінің осы түрлері бірдей болып келе бермейді. Мысалы, қиыншылыққа төзімді келіп, одан бас тартпау, табандылық т.б. ұлдарда көбірек кездесетін болса, өзгелерге сүйкімді, сыпайы, біреуге қамқорлық жасағысы келуі т.б. қыздарда басымырақ келеді. Мұның бұлай болып келуі тәрбиенің және кімнің қандай жынысқа жататынына байланысты.

Кіші оқушыда кейде  ашуланшақтық қасиеті де болып тұрады. Баланы үй-іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда “жақсы”, “өте жақсы” деген баға алса, жұрттың көзінше оған қатты қуанғанын жасыра алмайды.

Кіші оқушының өз құрбыларымен қарым-қатынасы бастауыш мектептің  әр сыныбында әртүрлі және осының өзі бұрын бала-бақшада өсті ме, әлде үйде өсті ме, соған байланысты. Бұлардың ұжымдық қасиетінің қалай  қалыптасатынын алсақ, осының өзі 1 сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында  тәрбиеленген балалардың бірқатары басқалардан бөлшектеніп, өзін сол ұжым мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір-біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді. Тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны, бірақ 2-3 сыныптағыларда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлығы өзара достасып, бірі екіншісіне мейрімді бола бастайды.

Көбіне үш типті қиыншылық жиі байқалады.

Олардың біріншісі жаңа мектеп режимі ерекшеліктеріне байланысты (дер кезінде ояну және тұру керек, сабақты жіберуге болмайды, барлық сабақтарда тыныш отыру талап етіледі, үй тапсырмаларын орындау қажет және т.б.). Тиісті дағдылар болмаса, бала да әдеттен тыс шаршау оқу жұмысын бұзу, режимдік сәттерді жіберіп қою пайда болады. Жеті жастағы балалардың көпшілігі психологиялық-физиологиялық жағынан қажетті дағдыларды қалыптастыруға даяр болады. Тек қана мұғалім мен ата-аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі, олардың орындалуын әрдайым тексеріп балалардың жеке-дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, мадақтау мен жазалау шараларын қолданып отыруы қажет.

Бірінші сынып оқушылары  бастан кешіретін қиыншылықтардың екінші типі мұғаліммен, сыныптағы жолдастарымен, жанұяда болатын қарым-қатынастардың сипатынан туындайды. Балаларға мүмкіндігінше жылы шырай таныта және мейірман бола отырып, мұғалім қайткенмен беделді де қатал тәлімгер болып табылады, ол белгілі бір мінез-құлық ережелерін ұсынып, одан ауытқудың қандайын болса да тоқтатып отырады. Ол үнемі балалардың еңбегіне баға береді.

Бірінші сынып оқушысы  көбіне жаңа ортаға үйренісе, балалармен бірден таныса алмайды, өзін жалғыз сезінеді.

Тәжірибелі мұғалім  барлық балаға бірдей талап қояды, бірақ әр баланың бұл талаптарды орындауының өзіндік жеке-дара ерекшеліктерін мұқият бақылайды. Бұл олардың мінез-құлықтарының «астарына« көз жүргізіп, олардың шын мәніндегі психологиялық қасиеттерін түсінуге көмектеседі.

Қиыншылықтардың үшінші типін бірінші сыныптағы көптеген оқушылар оқу жылының ортасына таман сезіне бастайды. Алғашқы да олар сабақ басталардан көп бұрын мектепке қуана барды, кез келген жаттығуларға ықыласпен кірісіп, мұғалімнің берген бағасына мақтанысты: олардың білімді игеруге жалпы даярлықтары сезіліп тұрды. Бірақ 1 сыныпта оқу процесі әдетте балалар белгілі бір даяр білім мен анықтамалар алып, оларды есте сақтап, қажетті жағдайларда қолданатындай етіп жасаған. Әдетте, мұндай жағдайларда баланың ақыл-ой ізденісінің өрісі тар, таным дербестігі айтарлықтай шектеулі болады. Осыған ұқсас сабақтарда оқу материалдарының өзіне ықылас нашар қалыптасады. Мұғалімдер кейде материалға сырттай қызықты элемент енгізе отырып, оларды жеңуге тырысады. Бірақ бұл әдіс аз уақыт қана ықпал етеді.

Сонымен, бала мектеп өміріне  алғаш ене бастағанда онда мәнді  психологиялық қайта өзгеріс  болады. Ол жаңа режимнің бірқатар маңызды  әдеттерін бойына сіңіреді, мұғаліммен және жолдастарынмен сенімді қарым-қатынас  орнатады. Оқу материалының мазмұнына ынтаның пайда болуы негізінде оның оқуға деген жақсы көзқарасы қалыптасады. Бұл ынталардың одан әрі дамуы және төменгі сынып оқушыларының оқуға деген көзқарасының жайы олардың оқу әрекетінің қалыптасу процесіне байланысты. Сондықтан педагогикалық психология үшін осы іс-әрекетті құру және оның жекелеген бөліктерінің ерекшеліктері туралы мәселе ерекше маңызды болып табылады. 

 

    1. – дәріс. Жасөспірімдік кезеңнің сипаттамасы.

1. Жасөспірім жасының   дағдарысы мәселесін шетел және  кеңес идеологиясында зерттеу.

2. Жасөспірім жасына  өтудің анатомиялық-физиологиялық  және психологиялық алғы шарттары.

3. Жасөспірім жасындағы  жетекші іс-әрекет. Құрбылар ұжымы  және ондағы өз ара әрекет  қоғамның ересек мүшелерінің  қатынастарын моделдеуі ретінде.

4. Жасөспірімнің оқу іс-әрекеті.

Жасөспірімдер үшін мемлекет алдындағы борышы қоғамдағы өз тұлғасының дамуы деп түсінеді. Жасөспірім сайлаудың  элементтерін қоршаған ортаның мәдениеті  деп ойлап, ал өзі осы мәдениетке таңдау жасайды. Жасөспірім кезеңі –  адам бұл кезде жаңа өмірге қадам бастайды. Өз тұлғасын қалыптастырады.  Дәл жасөспірім шақта мынандай периодтарда (12-13 тен 15-16 –ға) дейін жеке тұлғасының дамуы.

Лидерлік – бұл  адамның ашық айналық қасиеті. Ол қатты әсер етеді. Мақсатқа жету үшін тынбай еңбек ету, өз дамуының биіктігінде жаңа лидерліктің дамуы. Ол ең алдымен өзіне деген қарым – қатынас. Одан басқаларға әлемге, табиғатқа деген ерекше қарым – қатынастар. Оларды мынандай феномен болады «Біз» және «Мен». Біз деген қасиет, яғни мүмкіндік – басқалармен идентификациялық байланыс. Эмоционалды ситуацияларда және әлеуметтік таңдау кезінде. Бұл қуаныштың нақты қарым – қатынасы. Мен – басқалардан ерекше болу мүмкіндігі. Жалғыз бір бөлмеде қалу сияқты, өзін басқалардан жоғары санау. Мен және біз әлеуметтік қарым – қатынас, әлеуметтік индивидуалдылық болып екіге бөлінеді. Бұлар тұлғаның дамуына оның әрі қарай өсуіне, сонымен қатар жасөспірім оларды түсінуге тырысады. Екі плюс арасында тығыз байланыс пайда болады. Жасөспірім шақта белгілі бір нәтижеге ұмтылады. Жасөспірімдер дайын әлеуметтік лидерлер.

Жасөспірім шақта физикалық  процесс, психикалық және әлеуметтік даму позитивті жетістікпен заңдық негативпен немесе спецификалық  психологиялық  қиыншылықтармен қатар жүреді.Өзін-өзі  дамытудағы жасөспірімнің ынтасы өзіне  сенбеушіліктен басталады.

Рефлексия басқа жасөспірімнің  өзін-өзі тануда жақсы дамып келе жатыр. Ол өзін-өзі тануды жақсы көреді. «Мен кіммін?» - осы жастық негізі сұрағы.

Жасөспірім өзінің мойындауларын  және болашақтағы  ер баланы, қыз  баланы бағалаудағы өзінің бұрынғы өміріндегі және қазіргі  уақыттағы  тұлғаның қалыптасуына зор көңіл бөледі. Жеке тұлғаның болашақтағы дамуы. Өзін-өзі танудың дамуы ішкі жұмысы қарым-қатынастың «Ішкі позициясын» жауапкершілікпен қаарйды. Тұлғалық сапасы жақсы қаралаған. Жасөспірім ішкі жан дүниесінің дамуы, интенсивтілік тану. Жасөсіпірмдерде физикалық  даму өзінің тануында «Мен өзімді басқалар арасында қалай көрсете аламын» деген сұрақ мазалайды.

     Ж.Пиаже  және оның әріптестері баланың  психологиялық дамуын зерттеудегі  ең бір жемісті бағыттарын зерттейтін Женевалық генетикалық психология мектебін құрды. Бұл мектептің психологтары  ақыл-ойдың дамуын, оның пайда болуын баланың  ақыл-ойының дамуына қарай зерттейді. Олар үшін баланың танымдық механизмін түсіну маңызды. Соның мақсатында негізгі әдіс ретінде белгілі Ж.Пиаженің әдісі қолданды. Ол баланың сыртқы тәртібінің ерекшеліктеріне, сөйлеу мазмұнына емес, сыртқы бақылау феномендерінің пайда болуына әсер ететін ақыл-ой процесіне негізделеді. Ж. Пиаже жұмыстары  және оның оқушылары баланың ақыл-ой дамуы  эгоцентризмнен децентрация арқылы баланың сыртқы әлемге және өзіне обьективті қарауына байланысты.

     Баланың  психикасының дамуының  өзара  ерекшелігін Женева мектебінің  психологтары баланың өміріндегі  заттармен қарым-қатынасына байланыстырады. Баланың сыртқы материалды іс-әректтері (екі жасқа дейін) алғашында кең түрде және бір-біріне байланысты болады. Бастауыш сынып жасында бір-бірімен байланысты іс-әрекеттер жүйесі ақыл-ой операциясына айналады. Ақыл-ойдың даму реті тұрақты қалыптасады, бірақ оның нәтижесі ішкі және сыртқы факторларға байланысты, соның ішінде баланың өмір сүретін әлеуметтік ортасы  мен мәдени ортасының ықпалы да зор. Ж.Пиаже заңына сәйкес, танымдық даму көп жақты, олар баланың ақыл-ой процесі сондай-ақ ғылыми даму арқылы іске асырылады. Ж.Пиаже замандасы және оның тұрақты оппоненті, француз психологы Анри Валлон  Ж.Пиаженің жұмысын жоғары бағалады. Ж. Пиаже танымдық қасиеттерді психикалық өмірде сапалық тану ретінде бас тартты. Оның ойынша, ондай элемент ретінде қозғалыс, нақтылық, іс-әрекет болуы керек.

А.Валлон бала дамуының патопсихологиялық  әдістің көмегімен нормаларды, әртүрлі  ауытқуларды және дамудың тежелуін бақылауға негізделге заңдылықтарды  көрсетті. А.Валлон қалыпты бала патологиялық баладан шығады деп мойындады.

Тұлға даму стадиясының  анализі жарты ғасырға созылған жаңа сұрақтарды туғызады: неге бір  стадияда жақсы бейнеленген ағза, келесіге өтеді? Қандай жолмен дамушы ағза өз бірегейлігін сақтап, сапалы түрде  өзгереді? Осы сұрақтарға теориялық  негіздегі жауап Х.Вернердің ортогенетикалық концепциясынан табуға болады. Сөздік анықтамасы бойынша. Онтогенез – тірі ағзалардың эволюциясы қатаң анықталған бағытпен жүреді деп сендіретін, тірі табиғат дамуының теориясы. Ортогенетикалық концепция психологияда психикалық өмір мен оның дамуын қамтиды. Х.Вернер әр түрлі бағыттағы - филогенез, онтогенез, микрогенез. Отногенез, потогенез эволюцияларының салыстырмалы анализін жүзеге асырады. Қай жерде тіршілік болса, ол жерде өсу мен даму жүреді, сондықтан жеке тұдғаның және адам нәсілінің психологиясын, баламен жануардың психологиясы психапотология және психология генетикалық негізге ие деп өрсетті. Х.Вернердің пікірінше, зерттеудің әр түрлі аумағынан алынған фактілер саналы өмір үшін қолданылатын дамудың жалпы заңдылықтарын ашуға болады.

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"