Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

 Ұйымдастырушы әдістер:

 а) көлденең кесу әдісі;

 ә) тікелей кесу әдісі;

 б) кешендік әдіс.

 Алдыңғы сатылардың соңғы  сатыларға әсерін зерттеу үшін  және бір сатыдан екіншісіне  өту мехнизмдерін зерттеу үшін  зерттеудің лонгитюдті («көлденең») стартегиясы қажет, яғни бір  зерттелушілер ұзақ уақыт барысында зерттелінеді.

 Эмпирикалық әдістер:

 а) бақылау; ә) эксперимент;  б) психодиагностикалық әдістер  (сауалнама, әңгіме, теттер, социометрия); в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г) биографиялық әдістер.

3. Мәліметтерді өңдеу әдістері:а)  статистикалық; ә) сапалық.

4. Интерпретациялық әдістер: а)  генетикалық; ә) құрылымдық.

Жас ерекшелік психологиясының  зерттеу әдістерінің азды-көпті  өзіндік ерекшеліктері бар. Негізінде  мынадай екі жолы бар: біріншісі салыстыру жолы. Әр жастағы баланың психикасын, мысалы, 7,11,15,18 жастағылардың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын қолданып салыстырады. Салыстыру жолының мұндай түрін “кесіңді” тәсіл деп атайды. Солай дейтін себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикалық сапасын тиіп-қашып зерттейді. Жас психологиясындағы мағлуматтардың басым көпшілігі осындай әдістерді өолданып табылған.

Зерттеудің екінші жолы - генетикалық жол. Осыны қолданған баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыттың (бір жыл, не үш жыл немесе одан да көп жылдарды) зерттейді. Осыны кейде “лоннгитюд” тәсіл деп атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі, себебі бір немесе топ бплпны ұзақ жылдардың ішінде (10,20,30) үздіксіз зерттеу қиын. Бірақ осыны қолданған жағдайда бұл тәсілді пайдалану үшін үлкен даярлық жасайды.

Осы зерттеулер, әсіресе  ізденудің генетикалық жолы бойынша  есею үстінде балада қалыптасқан  қасиеттер бірінің үстіне бірі үйіліп жата ма немесе жаңа қасиеттерге (дамудың  жаңа түріне) ие болғанда, осыған дейін болып келген қасиеттер жоқ болып кете ме, - осыған жауап іздестіруге көшелік.

Бұл мәселе былайша шешіледі. Бұрынғы қалыптасып келген қасиет бала бойында тіпті жоқ болып кетпейді, жаңа қасиет үстем алғандықтан, бұрынғылардың  ролі күннен-күнге азая бастайды. Бұл жәйіттер тек жас психологиясының өзі үшін ғана емес, жалпы психологияның дәрежесін ұлғайтады.

Бала психологиясы тарапынан  жасалынатын эксперименттер мектепке дейінгі және мектеп жасындағылармен түрліше жүргізіледі.

Бала бақшасындағыларға бір зерттеуде рычагты пайдалана білуге арналған мынадай үш тапсырма берді: бір топқа рычагты пайдаланып, ілулі тұрған затты түсіруді талап етеді, есепті текст ретінде береді; екінші тобына нақты рычагты (сымды) қолына беріп, ілулі тұрған затты түсіруді талап етеді. Соңғы тапсырманы 3-4 жастағы балалар, біріншісін 6-7 жастағы балалар тобы шеше алатыны анықталыпты.

Осыған қарап соңғы  топқа нақты бейне ойы, біріншісінде сөз арқылы ойлау қалыптасқан  деген қорытындыға келеді. Мектеп жасындағы балаларға жасалған эксперименттін көбі солардың оқу үлгеріміне қарай жүргізіледі. Жеткіншек жасындағылардың жанында мазмұнның қалуы үшін жауапкершіліктің үлкен маңызы бар.

Бала психологиясында  эксперименттің көбі констатациялау және оқыту (“қалыптастыру”) эксперименттеріне бөлінеді. Констатациялау экспериментінің алдына қойылатын мақсаты тесерілетін мәселенің бағытын алдынала білу. Мұнын мәнісі мынада: Дәрігер ауырған адамды емдеу үшін алдымен оның ауруына диагноз қойып, аурудың атын және себебтерін анықтайды. Бұдан соң емдеуге кіріседі. Сол сияқты педагогикалық психология әуелі сабақты үлгермеудің себебін біліп “диагноз” қояды. Сосын барып диагноздың түріне қарай оқытуға кіріседі.

Бақылау - жас және педагогикалық психологияда жүргізілетін зерттеулерде кеңінен қолданылады. Бақылау зерттеудің тек тиісті объектілерге қарауы емес, әдейі мақсат қойып, баланың тиісті мінез-құлқын (сөзін, ісін) тексеру. Бақылау бір жағдайда “кесінді” ретінде жүргізіледі. Кесінді дейтін себебі бақылау үздіксіз жүргізілмейді, керек деген мезгілде (аз уақыттың ішінде) жүргізіледі.

Балалар ісінің қортындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне т.б. негізделеді. Балалардың осы іс-қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады.

Әңгімелесу бала психикасының сырын білудегі әдістің бір түрі. Бірақ кез-келген әңгіме сырды білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгіменің алдына қоятын мақсатқа қарай даярланып, сөйлесетін кісіден жауап алу үшін сұрақтар қандай болып келуі жөнінде ойлануы қажет. Әңгімеде көлденең сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мұның мәні мынада: егер бала тәрбиешіге шынын айтқысы келмесе, не шынын айтқаны үшін біреуден қорқатын болса, ұстаз оның ойламаған кезінде сұрақтар қояды. Бұл көптеген сұрақ болғандықтан, бала аңдамай шынын айтып қоюы ықтимал.

Қазіргі кезде әлеумет  психологиясының тәсілдері жас  және педагогикалық психологияға еніп келеді, сол амалдардың бірі - Австрияның психиаторы Я.Морено ұсынған социометрия тәсілі. Бұл тәсіл топ адамдардың татулығын не наразылығын зерттеуге арналған. Социометрия тәсілі бастауыш мектеп жасындағыларға былайша жүргізіледі: егер сыныптағы оқушылар саны 40 бала болса, жаңа жыл алдында солардың әрқайсысына открытка алып, кейін оларды сыныптан шығарып, аудиторияға бір-бірлеп жібереді. Әр оқушының қолына 39 открытка беріп, сыныптағы әр оқушының қажет десеңіздер бір-бір открыткадан, мейраммен құттықтау ретінде, қойыңыздар дейді. Мұны әр бала орындаған соң зерттеуші сол бала кімдердің орнына открытка қойды, кімдерге қойған жоқ, осыларды есептейді. Кейін екінші бала осындай тапсырмамен сыныпқа жіберіледі т.с.с. 40 бала осындай тапсырманы орындап өткен соң, солардың кімге открытка қойғанын не қоймағанын математикалық статистиканы қолданып есептеп, кім кіммен тату, кіммен наразы екенін біледі. Осы есептің қорытындысын кейін зерттеуші социограмма ретінде көрсетіп, белгілі тәртіпке келтіреді. Мұндай тәсілді студенттер педпрактика кезеңде оқушылар арасында жүргізіп, социометрия арқылы балалардың достығын не дос еместігін біліп, солардың себебіне талдау жасайды.  

 

    1. – дәріс.  Психикалық дамудың заңдылықтары.
    1. Психикалық дамудың жылжымалы күштері және қайнар көздері. Дамудың табиғи алғышарттары.
    1. Психикалық дамуда тәрбиелеу мен оқытудың басты ролі.
    2. Сензитивтік кезеңнің және жетекші іс-әрекеттің әлеуметтік жағдайының даму түсінігі.

 

Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін алдымен “даму” деген сөз не, соған тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.Бұл негізінде бөтен болғанымен, даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл түрде (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Кейде осының солай болып кездесетінін Ф.Энгельс арнайы ескертіп былай деген болатын: “Бұл заманда прогресс аталынуының бәрі, сонымен бірге біршама регресс болатынын да көрсетеді” (Ф.Энгельс, (1,73 б.)).

Бұлай деу әбден дұрыс. Дегенмен, психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің  бір түрі болғандықтан, оның кейде  кері кетуге байланысты дамуын (психикалық аурулардың кейбір түрлерін) еске алғанда, әсіресе тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алатыны рас. Бірақ психиканың алға қарай дамуын дұрыс түсінген жөн.

Психика дамуы үшін жаңа мен қатар көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты біз инвариант (лат. іnvarіant - “өзгерілмейтін”) деп атадық та, осыған тіректелетін жаңаны “өзгерілгіш” деп атадық. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз. Егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуыда осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістердің тіреніші болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.

Сонымен психика түгелдей өзгерістерге ұшырайды деу қате пікір. Бірақ сынға алынып отырған пікірдің кең таралғаны сондай, кейбір зерттеушілер психиканың құрамының бәрі түгі қалмай өзгеріледі дейді. Егер осылай деу дұрыс болса, осының салдарынан адам баласында бұрынғыдан ештеңе қалмай бәрі жаңа болып, бірнеше мың жылдан кейін адамда кездеспеген сезгіштіктің түрі пайда болуы, не мүйізі шығуы ықтимал. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі ұзақ филогенетикалық дамуда адамға (және жануарлардың жеке түрлеріне) тән инварианттық қасиеттер “пішілген”. Осының нәтижесінде өзгеруге арналған қасиеттер үнемі дамып отыратын болса, ұзақ ғасырлар бойы (соның ішінде жануарлар дүниесінде) пішілген инварианттық қасиеттер өзгеріліп жарымайды: осының салдарынан адам ұрпағынан тек бала пайда болады, хаюандардың тұқымынан тек хаюандардың балапандары дамып шығады.

Бұл жәйіттердің өзі  ересек адам психологиясы (ойы,ақылы) қоғам  дамуының әр дәуірлерінде қалайша дамиды, соны зерттеу мәліметтерінен алынған.

Біз сол жәйіттерді баланың  әр жаста психикасы қалайша дамиды соған орай қарастырып көрейік. Бұл  жөнінде мынадай бір-біріне қарама-қарсы  екі пікір бар: солардың біріншісі  бойынша, баланың бір кезеңінде  ие болған психикалық қасиеттерді, екінші жас кезеңіне көшкенде, бір жолата жоқ болып кетпейді, бірі бірінің үстіне үйіліп қосылып жатады. Екінші пікір бұған қарама-қарсы: бала бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне көшкенде бұрын үйренген оның қасиеттері жоғалады да, осында орнына жаңа психикалық қасиет пайда болады. Бұл пікірлерді біз ілгеріде үстүрт атап кеткенбіз. Ал осы пікірдің біріншісінің сүйенетін деректері мыналар: ересек адамды, мысалы, кемпірді гипноз жасап “сен қазір 1-ші сыныпта оқисын” деп сендіргенде, ол 7-ті жастағы каллиграфиясынан айнытпай, сол бала кездегідей жаза алады.Бұл рас болғанымен, осы факті тек дағдыны, не білімді түсінуге қатысы бар. Ал психикалық даму білімнен (дағдыдан) өзгеше келеді. Психикалық дамуды тек баланың есеюімен (есінің кіруімен ,ақыл-ойының өріс алуымен) ұштастырады. Демек, психикалық даму мен білім психиканың әр саласына жатады, сондықтан осы пікірді түгелдей қоспау қиын. Ал екінші пікірге келсек осының дұрыс жағы мұны қостаушылардың айтуынша, бұрын болып келген қасиеттердің үстіне жаңа қасиет қонбайды, психикалық дамудың жаңа сапалары бұрынғыдан қалған “кесінділерді” өзіне тірек ретінде пайдаланбайды. Себебі жаңа сапа тұтас күйінде кездеседі, - дейді. Сонғы пікірді “қирау” теориясы деп атауға болады.

Біздіңше, бұл келтірілген  пікірлердің екеуіде қате. Себебі осылардың екеуіде психикалық дамуды инварианттық және өзгергіштік факторларды еске алмайды.

Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар аз өзгерілетін қасиеттері (“инвариант”) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.

 Соңғы кездерде баланың психикалық дамуында биологиялық немесе әлеуметтік факторларының ықпалы басым келеме, - осы жөнінде айтыстар болып, бірақ зерттеушілер бір келісімге келе алмай жүр. Келісімге келе алмаушылықтың бірнеше себебтері бар: соның негізгі себебінің бірі - сұраұты қате қоюынан. Қате еккні мынадан: бұл жерде биологиялық, не әлеуметтік факторлардың қайсысы психиканың дамуын шешеді деу пайда бермейді. Себебі  факторлардың әрқайсысы өзінше психиканың дамуында бөлек қызмет атқара алмайды: бірінің қызметі екіншісіне тәуелді.

Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға тікелей әсер ете алмайды, тек психофизиологиялық  (психобиологиялық) процестің негізінде ықпалын тигізе алады. Бірақ кейде зерттеушілер “биологиялық” деген сөзді “тұқым қуалаушылық” (“наследственность”) мағнасында қолднады. Осылай болғаның өзінде де тұқым арқылы берілетін қасиеттер баланың психикалық тұрғыдан қалай дамитынын толық түсіндіре алмайды. Өйкені тұқым қуалау қасиеттері өзінен-өзі қызмет атқармайды. Оларды қызмет еттіріп”оятып” жұмыс істеу үшін әлеумет ортасы түрткі болуы шарт.

Бала психикасының дамуын, біріншіден, тұқым қуалаумен байланыстырып, бірақ осының не екенін дәлелдей алмауынан. Екіншіден, әлеуметке байланысты факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып түсінуінен. Осы кемшіліктер қазір де еске алынып, биологиялық және әлеумет факторларын бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны мойындалды. Осының болмайтынын дәлелдеуге үлес қосқан психолог А.В.Брушлинский болатын. Брушлинский еңбектерінде биологиялық фактор мен әлеумет факторлары логикадағы дизьюнктиптік (“не мынау”, “не анау”) процестері емес екенін дәлелдеп берді. Осыған сүйене отырып, шынында, биологиялық не әлеуметтік факторлардың бірі не шешеді деу қате. Бұлардың әрқайсысы өзінің орнында қажет. Егер біз биологиялық факторды баланың туылғаннан (тұқымынан) берілген дене бөлшектері десек, осылар ешқандай роль атқармайды деуге болады. Керісінше, адамнан тек адам тууы биологиялық кодтар (“пішу” т.б.) арқылы берілген. Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың өзі, оның іштен туа берілген несібесі (шартсыз рефлекстері т.б.). Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі, сол білінбей “ұйықтап” жатқан несібілерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады.

Әлеумет ортаның күшті  екенін мойындай отырып, балада туа  берілетін қасиеттерді мүлде  жоққа шығаруға болмайды.

Әлеумет ортасының атқаратын  роліне келсек, мұнын да бала психикасының дамуына тигізетін әсері тым үлкен.

Сонымен біз биологиялық  және әлеумет факторларының , балада психиканың дамуына тигізетін әсеріне  тоқтадық. Егер биологиялық фактордың  ықпалы баланың жас кезінде (нәресте  кезінде) үлкен роль атқаратын болса, бала есейген сайын оның ролі кемиді де, енді әлеумет факторының ролі күннен-күнге өріс ала бастайды.

Ж.Пиажэ 1921-1922 жж. Француз  тілінде аударылған еңбектерінде баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психиканың дамуына, ақыл-ойдың өріс алуына ықпалын  тигізбейді деді. Пікір сол кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан Ж.Пиажэні сынға алушылар әр елде көбейе  бастады, соның бірі - біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиажэнің пікіріне қарсы шығып, бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек,- деді. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді. Егер баланы ақылды етеміз десеңіздер,- Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолына жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай бадырып жүргізу керек. Сонда ғана оқу баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады,- деді. Бұл пікірді сол кездегі психологтардың бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінді.

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"