Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Мектепке  дейін баланың негізгі әрекеті - ойын. Ойын олардың өз еркінде. Ықыласы  түссе ойнайды, ойнағысы келмесе ойнамайды. Мектепке кіргеннен кейін оқу міндетті түрде жүзеге асады, тіпті оқығысы келмесе де оқуға міндетті. Ал баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне көшуі үшін біраз мезгіл дайындық жүргізіледі. Даярлық әр саладан жасалынады. Оқуға орай бақшада балаларды тиісті тәсіл (таяқшалар т.б.) арқылы санауға, не тиісті әрекет (оқу, өлең айту т.б.) үстінде түрлі ептіліктерге үйретеді. Ал тәрбие жағынан бақшада не үй ішінде баланы сыпайлыққа, силауға және үлкендердің тілін алдыруға үйретеді. Осы сияқты дайындықтар кейін мектепте ойдағыдай оқуға недәуір көмегін тигізеді. Мұнымен қатар баланың спихикалық дамуына да, мектепке бару үшін бірнеше мынау сияқты талаптар қояды: біріншіден, мектепке кірген баланың оқуға деген ықыласы болуы шарт. Кейде бала оқуға барам дегенмен, оған онша қызықпайды. Олар үшін мектепке тек пертаға отырып, не арқасына сумкасын салып жүруге мәз болады. Ықыласты осылайша түсіну дұрыс емес. Ықылас дегеніміз оқу процесінің өзіне қызығу. Екіншіден, оқу ойынға қарағанда өзінше жаңа әрекет болғандықтан, бала осыған төзе білуі қажет, мектепке келгеннен кейін белсенді түрде тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сөзіне 45 минут шыдап, құлағын салып отыруы керек. Бұл бастапқыда балаға қиын болсада, осыған орай баланың ерік-жігерін дамытып, өзінің сондай ұзақ уақыт шыдамды болуына мектепке дейін даярлау қажет. Үшіншіден, сабақ үстінде мұғалімнің не өзге балалардың сөзіне зейінді болып соны қабылдай алуы шарт. Сабақ үстінде сын алуан сөздер не мазмұндар қамтылады. Солардың қайсысы ең негізгісі, қайсысы екінші дәрежедегі мазмұн, соны ажырата білу қажет. Төртіншіден, оқу материалын ұғынып, оны саналы түрде есінде қалдырып, қиын нәрселерді шешуге бала ойлана бастауы тиіс. Мектепке кірерде балалардың ойнауға қабілеті әртүрлі: біреуінікі күшті дамыған, екіншісінікі нашар дәрежеде кездеседі. Сонымен қатар бала өзінің айтайын деген ойын ана тілінде түсінікті етіп жеткізе алуға дағдылануы қажет.

Осы келтірілген психикалық дамуға байланысты факторлар баланың оқуға түсіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік  туғызады. Ал бақшадағы балалардың “мектепте оқығың келеме?”- деп сұрағанда олар:- оқудың ойынға қарағанда ұтымды жағын тізіп айтып беріпті, бірақ оқу балалар үшін жаңа әрекеттің түрі болғандықтан, онда көптеген қиыншылықтар кездесетінін білмейді екен. Балалардың мектепке дайындығы үй-ішіне қарағанда бақшада жақсы өтіледі. Бұл, бәлкім, дұрыста шығар. Бірақ баланың иекпеике оқуға дайындығы онымен жүргізіліп келген тәрбие жұмысының түріне (әсіресе, дидактикалық ойындардың түрлеріне т.б.) байланысты.

Бірақ балалар бақшасында тәрбиеленудің ұтымды жағы баланың еркеленуіне мүмкіндік берілмейді. Осыған орай ескеретін мәселе, баланың мінез-құлық жағынан тәрбиеленуі оны өз ата-анасы емес, танымайтын басқа біреу тәрбиелесе жақсы болады деген пікір қазірде кеңінен тараған. Осылай деу, дұрыс-та болар.

Ал  ата-аналар не бақша мекемелері баланы оқуға дайындау үшін не істеуі қажет  деген мәселеге көшейік. Мектепке дейінгі  баланы тексеруі оқуға не сандарды санауға үйрету қажет, себебі бұлар  өз бетімен оқуға үйренсе, онда олар ой-өрісін молайта алады. Бірақ оларды жазуға үйретудің қажеті жоқ. Себебі ата-аналар мектептегі мұғалімдей баланы дұрыс каллиографиямен жазуға үйрете алмайды. Баланы оқытуға асғамын деп оның каллиографиясын бұзып алса, онда соны жөндеу кейін қиынға соғады.

Жалпы айтқанда, баланы кімдер тапқырлыққа бақылампаздыққа, тапсырмаларды бұлжытпай орындауға жұмсай алса, онда олардың баланы оқуға даярлауда үлкен жетістікке жете алғаны. Бұл мәселе тым, аса жауапты болғандықтан, осыған дер мерзімінде аса көңіл бөлуі керек.

 

    1. – дәріс. Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы.
                  1. Бастауыш мектеп жасындағылардың дамуының жалпы шарты
                  1. Оқу іс-әрекеті кіші мектептегілердің  жетекші іс-әрекеті ретінде.
                  2. Кіші мектептегілердің сөзінің дамуы.   

“Бастауыш мектеп жасындағы  оқушы” деген термин ұзақ болғандықтан біз оның орнына “Кіші оқушы” деген сөзді қолданамыз. Бұл жастың (7-11 жас) бөлек жас кезеңіне бөлінуі оқудың көп елдерде жаппай үстем алып дамып келуінен. Осы жас кезеңді бөліп алып алып қараудың себебі - бұларда өтілетін оқу материалдары ұқсас келуінен.

Егер осы жастағылардың  негізгі әрекеті бұрын ойын болып  келсе, мектепке келгеннен кейін  оқу шешуші рөл атқарады. Оқу негізгі  қызметке ауысып, баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай баланың  психикалық даму ірі өзгерістерге ұшырайды. Өзгерістерістерге ұшырауының себебі ойынға қарағанда оқу талабының бала үшін қиындығында.

Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі бейімделе  алмағандықтан, оқу үстінде мына сияқты қиыншылықтар кездеседі: Біріншіден, бала мектептің жағдайына бейімделе алмай (мысалы, белгілі уақытта тұрып, мезгілінде жатуға, сабақтан қалмауға, сабақ кезінде үнсіз тыныш отыруға үйрене алмағандықтан) қиналады. Осының нәтижесінде тез болдырып шаршауы да ықтимал. Екіншіден, мұғалімнің өзіне тән мінезіне және құрбыларымен қалай қарым-қатынас жасауға үйрене алмағандықтан бала қиналады, сыныптың мұғалімі қанша жақсы болғанымен, бала оған бата алмай, бірдеңені сұрау үшін сескенеді. Сол сияқты қасындағы партада отырған кім, оған сыр айтуға бола ма, кіммен ойнауға болады, кіммен болмайды, осыны білмейді. Бірақ көп ұзамай бала үйреніп жатырқауын тоқтатады. Сонымен қатар бала оқуға кіргеніне мәз болып, әке-шешелеріне еркелеп, кейде бір үлкен міндет атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше көңіл болуді талап етеді. Осы кезде әке-шешелері оны көп еркелетпесе, осының өзі қиыншылықтардан бас тартпауға, қиыншылықтарды жеңуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден, 1 сыныпта оқушыларға қойылатын талаптар тым жеңіл келеді. Тапсырмалардың жеңіл болуы баланы қиыншылықпен күресуге жетелейді, дегенмен бала оқиды. Оқығысы келуі мектептегі жағдайдың оған қызық көрінуінен. Мектепке келу қызық болып көрінгенімен, оқуға арналған баланың қажеттілігін жөнді дамыта алмайды. Осының нәтижесінде мектептің жағдайына қызығу балада бірте-бірте сенеді де, оқуға немқұрайлы қарамайтын болады. Немқұрайлықпен күресу үшін баланың оқуға ықыласын тудырып, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату қажет. Әдетте, осы материалы жеңіл келсе, баланың іші пысып, жалқаулыққа салынады. Ал тым қиын келсе, әлі жете алмағандықтан үлгерем деуден күдер үзіп, одан бас тартатын болады. Осы екі жағдайдың екеуі де қолайсыз, сондықтан тапсырманың қиындығы оқушы үшін қолайлы дәрежеде құрылуы тиіс.

Осы үш түрлі қиыншылықтардың  кездесетінін 1 сыныптың бас кезінен  бастап еске алу қажет. Ал алдағы (2-3) сыныптарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші сыныпта қалай оқығанына байланысты. Жалпы алғанда 2-3 сыныптағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Мұның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден, бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады.

Мектепке кіргенді бала дене жағынан алға қарай недәуір  өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып  қалады. Қол бармағының нығаюы (сүйектенуі) 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп жасындағыларды жазба жұмысымен көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс алу органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады (ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады). Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болмаса да, қан айналыс системасының жұмысын онан әрі жақсатады. Мұның себебі қан айналыс түтіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да, көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы (7 жастан 11 жасқа дейін) 1000 гр-нан 1400 гр дейін өседі, әсіресе оның мұндай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.

Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы  қозу мен тежелудің өзара мөлшерлері (оң және теріс индукцияларының өзара  көлемі, иррадиация мен шоғырлану  заңдылықтары) күрделі болып қызмет атқарады. Әсіресе балада теріс индукцияның негізінде болатын тежелу үстем алып, осының нәтижесінде кіші оқушы өзін-өзі меңгере алмауына, керек деген жерінде өзін-өзі тежелте алуына мүмкіндігі бар.

Баладағы анатомо-физиологиялық  өзгерістер. Келелі кезде оқуға, еңбек етуге жағдай туғызуға, тиісті тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік береді.

  Оқу әрекеті. Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.

Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үйрену үшін алдымен баланың  осыған ықыласы болуы шарт. Оқу  ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға  ықыласы болмайды. Оларды оқуға үгіттеу  арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан шыққан нәтижені мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бір нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сол нәрсе қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың жанама түрі қіші оқушылардың өмірінде негізгі рөл атқаруы тиіс.

Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі: 1) берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. 2) Тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін оның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін оның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс еңгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.

Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни проблемалық  мәселені шешу дегенде, осының мынадай  үш сатыдан тұратынын айтады: 1) берілгентапсырманың  шартымен танысудан, 2) оны орындаудан, 3) оның қалай (дұрыс не бұрыс) орындағанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады: 1) тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан; 2) тапсырманы орындаудан; 3) орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен; 4) баға қоюдан.

Ал оқу әрекетінің ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі  тиісті мағлұматтарды пайдалана  отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Мұны оқу әрекеті дейді. Тапсырманы қалай орындауда және пәндер сабағына тәуелділігі түрліше келеді. Айталық, кіші оқушылар сөздің құрамы және осындағы морфемалардың рөлін білу үшін мынадай бірнеше әрекет жасау қажет:

  1. берілген сөздің төркінін (этимологиясын) біліп, оны тап сондай, не ұқсас варианттармен салыстыру қажет;
  2. әуелгі сөздің мағынасын одан шыққан сөздің мағынасымен салыстыру керек;
  3. әуелгі сөздің формасын (жазылуын, не дыбысын) одан пайда болған сөзбен теңдестіру қажет;
  4. тапсырма ретінде берілген сөздегі морфемалардың қандай қызмет атқаратынын тексере білу керек.

Солардың бәрі жеке оқу  әрекеті болып саналады.

Ойын әрекеті. Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Ойын баланың өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай кіші оқушының ойыны бұрынғысана өзгеріліп, көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. Ойынның бұрынғысынан өзгешелігі мынадай, сол рөлдердің азаматтық қасиетінің сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен бәленше боламын« демей, сол бейнелердің мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады. 1 және 2,3 сыныптардың ойыны бірдей емес. 1 сыныпта бала: «мен ұшқыш боламын«, «маған сол рөл ұнайды« деп айтып, бірақ оны орындауға әрекет жасамайтын болса, 3 сыныптағылар рөл ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі  соларға еліктеп, іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болу үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы кезеңі - бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін-өзі тәрбиелеудің құралына айналып отыр.

Рөлдік ойындардан басқа  неше түрлі тиісті ережелерге сүйенетін  ойындармен де кіші оқушы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткерлігін, дене мүшелерінің (қолының, аяғының) ептілігін дамытады. Сондықтан ойынның соңғы түрлері кіші оқушылардан психикалық дамуына ерекше орын алады.

Кіші оқушылардың негізгі  таным процестері (қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осыған орай біз талдауды әуелі қабылдаудан бастаймыз.

6-7 жастағы баланың  қабылдауы мектепке дейінгілерге  қарағанда едәуір қалыптасып  қалған (көзінің көргіштігі, құлағының естігіштігі т.б. жақсы дамыған). Бірақ әлі де болса қабылдауының кейбір жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Мысалы, орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды ф,п немесе б,в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтыны болады.

Жалпы алғанда, кіші оқушыға  не қызықты немесе не қажетті соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Мысалы, балаға берілген текст әр түрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына, бояуға жазығып алаңдайды.

Кіші оқушыға, әсіресе  кеңестік пен уақытты қабылдау қиындыққа соғады. Мысалы, алыстағы бағаның ұзындығы баланың қасындағы бағанадан қысқа не ұзын ба деп сұрағанда, ол қысқа деп жауап береді. Себебі алыстағы зат өзінің көлелімен (ұзындығынан) көзге кішкентай болып көрінетінін баланың ажырата алмауынан. Сол сияқты кіші оқушы 80 жастағы атасынан «Сен мамонттарды көрдің бе?«- деп сұрайды. Себебі мамонттар 10000 жыл бұрын өмір сүрді дегенді естігенімен, 80 және 10000 жылдың арасын жақсы ажырата алмай, екі оқиға да «алдақашан болып өткен«- деп шатастыруынан.

Баланың қабылдауында, мысалы, сөзді қабылдау (тыңдау) мен нақты затты қабылдаудың арасында недәуір айырмашылық бар: нақты затты қабылдау бірінші сигнал системасына әсер етеді де, сөзді қабылдау екінші сигнал системасының функциясы болып есептелінеді. Дамудың бұл түрі баланың әр түрлі объектілерді қабылдай алуына жағдай туғызады. Солай болса да, ілгеріде айтылған кіші оқушының қабылдауындағы жеткіліксіздіктер біразға дейін сақталынады.

Кіші оқушының зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған. Зейін, әдетте, ерікті және еріксіз түрлерге бөлінеді. Бала не қызық соған мән беретін екендігінен оның еріксіз зейіні алғашқы кезде ерікті зейінінен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар не заттар немесе ұйқастырып айтқан сөздер өзіне тартқыш келетінінен мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға барлық күшті салады. 

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"