Курс лекций по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 16:42, курс лекций

Описание работы

1 – дәріс. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні мен міндеттері.
2 – дәріс. Психикалық дамудың заңдылықтары.
3 – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
4 – дәріс. Психологиядағы жас периодизация мәселесі.
5 – дәріс. Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы.
6 – дәріс. Нәресте шақтағылардың психикалық дамуы.
7 – дәріс. Бөбек жасындағылардың психикалық дамуы.
8 – дәріс. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.

Работа содержит 1 файл

Лекции 15 Жас ерекш.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

М.Коул, Д.Шерп,Ч.Лейвтің пікіріне келейік. Бұл ғалымдар Дкатан деген Мексиканың бір ауданында сауаты жоқ және сауатты адамдардың ой-өрісі қаншалықты дамығанын тексеру үшін зерттеу жұмысын жүргізіп мынадай қорытындыға келеді: егер ақыл-ой дегенді адам бір үйренген тәсілін өзгерген жағдайда қолдана білу десек, сауатты және сауатсыздар арасында ақыл-ой жағынан ешқандай айырмашылық жоқ.

Бұл жерде В.В.Давыдов  ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді  шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М.Коул т.б. мұны бала бір үйренген тәсілін өзге, бұған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады. Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде де (В.В.Давыдов пен М.Коулдың т.б. зерттеуінде) оқытудың адам психикасының (ақыл-ойының т.б.) дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж.Пиажэнің осы жөніндегі көзқарасына жақын.

Психикалық даму мен  оқытудың өзара көлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі әр түрлі пікірлердің бар екенін білу өте қажет. Себебі осылардың ішінен қажет дегенін басшылыққа алуға мүмкіндік туады.

            Балалар психикасының дамуында  аса нәтижелі және нәтижесі  аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі  мезгілді сензитивтік кез деп атайды.

Осы мәселені тұңғыш рет  көтерген Италияның педагогы Мария Ментоссори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л.С.Выготский, Н.С.Лейтес осы жөнінде құнды пікірлер таратты.

Сензитивтік көзге мән  беретін себебі, осы кезде бала - әсерленгіш келетіннен, осыны пайдаланып қалу қажет. Өйтпесе кеш болып кетеді. Мұның солай болуы мынадан: баланың қабілеті тек үнемі прогрессивтік жолмен дамымай, үлкейген сайын кері кетуі де ықтимал.

Сезитивтік кездің өзіне  келсек, бұл тек бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше  болып кездеседі: жас кезінде адам түрлі нәрселерге әсерленгіш, мән бергіш келеді. Бірақ осының өзі көпке созылмайды. Егер 60-тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған, қай жасында мағлуматтар айқын қалмаған деп сұраса, 20-25-ке дейінгі басынан көшірген оқиғаларын айтып, кейінгі кездері, әсіресе қартайған уақытын онша еске түсіре алмас еді.

Бастауыш мектеп жасындағылар (7-10) алсақ, бұларда мұғалімнің айтқанына  сын көзімен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенеді. Осыны пайдаланып, бұл жастағыларға көп мағлуматтарды ұқтыруға болады. Ал егер осы мезгілді толық пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға соғады. Осы жастағы балалар ендігі жас кезеңіне (11-16) көшкенде, бұрынғыдай емес, енді ұстаздық сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан бұлар үшін бастауыш сыныптағылар сияқты оқу мазмұнын қызықтыру оңай соқпайды.

Сензитивтік кез көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. Әдетте 3 жастағы бала ана  тілін меңгеріп қалғаны сол, ол осыны  институтта 4-5 жыл ағылшын тілін  оқығандардан артық білмесе, кем білмейді. АҚТ-тың тілшісі Э.Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп, сол тілді кейін жақсы білген болар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сөніп қалғаннан кейін оқытса, осыған көп уақыт және қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады. А ақыл-ойға келсек, бұл тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасқа келмей ана тілін жақсы білетін болса, ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толады. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кездері түрлі уақытта кездеседі.

Осы айтылғандардың музыка, живопись өнерлеріне де тікелей қатысы бар. Ірі суретшілер мен композиторлардың өз саласына қабілеті 10-12 жасында дами бастаған.

Ескерте келетін мәселе, кейбір жағдайда баланың бастапқыда бір нәрсеге ешқандай ықыласы  болмаса, кейін сол нәрсеге ықыласы түсуі мүмкін. Мұның себебі әуелгі кезде осыған ол қызықпады және осыған оны қызықтыратын түрткіде кездескен жоқ. Демек, сензитивтік кездің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді келеді. Осыдан шығатын қорытынды, баланың сензитивтік кезі оның тек бәлендей жасында кездеспей, оның жеке басының ерекшелігіне қарай алдыңғы өмірінде де кездесуі мүмкін. Демек, сензитивтік кездің айқын білінетін кезеңі болғанымен осы әр балада түрлі жаста кездесуі ықтимал.

Сонымен біз сензитивтік  кездерді үстірт қарастырып өттік. Мұның әлі күнге дейін жете зерттелінбеген жақтары бар. Егер сол зерттелінбегендер білінсе, онда балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары үлкен табыстарға жетер еді. Сензитивтік кездің болуынан шығатын қорытынды: әрбір нәрсенің өзіндік мезгілі бар болатыны сияқты, қабілеттіктің де балада туатын және сөнетін мезгілі бар. Осы мүмкіншілікті (қабілеттіліктің туатын мүмкіншілігін) өз мезгілінде пайдаланып қалу керек. Міне, сензитивтік кезді білудің ұтымды жағы осында.   

 

    1. – дәріс. Бала психологиясының дамуындағы негізгі бағыттар.
      1. Бала психологиясының дамуындағы биогенетикалық және социогенетикалық бағыттар.
      1. Генетикалық және конвергенция теориясы Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы.

 

           Адам психикасындағы биолгиялық пен әлеуметтік факторлар. Баланың психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:1) биогенетикалық; 2) социогенетикалық.

          Шет  елдік психологияда қазіргі күнге  дейін бірқатар бағыттар үшін  жетекші принцип ретінде адам  психикасының биологизация болып  келді, яғни әлеуметтік пенде  ретінде адам психикасының  сапалық өзгешелігін елемеу.

          Психикалық  дамудың биологизаторлық теориялары  Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы  мен 20 ғ. басында пайда болды.  Оның мәні: адам психикасы биологиялық  шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері – бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

         Социлогизаторлық  теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде «таза тақтадай» болады және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.

 

             Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік  те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі: 1) дамудың қажетті шарттары; 2) психикалық дамудың көзі; 3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.

             Бала психикасының дамуының қажетті  шарттары деп келесі адамзаттық  тектік ерекшеліктер қарастырылады:  адамзат миы, адамзат дене мүшелері, адамға тән морфофизиологиялық  факторлар және олардың жетілу  ерекшеліктері.

             Дүниеге келгенде бала өзгеше  адамзаттық заттар дүниесіне  тап болады. Осы оны қоршаған  әлеуметтік орта бала дамуының  потенциалды көзі болып табылады.

             Баланың психикалық дамуы   оның қоршаған ортаға биологиялық  бейімделуі немесе теңесуі процеіс ретінде жүзеге аспайды, керісінше әлеуметтік тәжірибені иегру, процесі ретінде жүзеге асады. Белсенділік пен іс-әрекет – бұл баланың психикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады.

             Баланың психикалық дамуындағы  іс-әрекеттің рөлі. Индивидтің  қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады:

           Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.

 Баланың айналасындағы балаларға  деген қатынасының ерекшелігінен:  бала өзінің айналасындағы адамдармен  қарым-қатынас арқасында адам  ретінде дамиды, бұл жерде тілді  меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді  балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның  іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.

 Сонымен:

1)      баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;

2)      бұл процестердің  қалыптасуының өзі баланың заттық  іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.

Жетекші іс-әрекет ұғымы (А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин).  Баланың психикалық дамуы үшін, оның дамуының әр сатысы үшін  жетекші болатын іс-әрекетке ерекше мән беріледі.

Жетекші іс-әрекеттің белгілері:

1. Жетекші іс-әрекеттің астарында  жоғарғы психикалық функциялар  – танымдық процестер қалыптасады;

2. Жетекші іс-әрекеттің астарында  тұлғалық құрылымдар қалыптасады;

3. Жетекші іс-әрекетке барлық  басқа іс-әрекеттер бағынады (А.Н.Леонтьев);

4. Жетекші іс-әрекет баланы дәл  қазіргі кезеңде даму бастауы  болып келетін орта элементтерімен  байланыстырады;

5. Жетекші іс-әрекетте дамудың  берілген кезеңі үшін тән бала мен ересек адам қатынасы, ал ол арқылы- оның шындыққа деген қатынасы толықтай көрсетілген.

Оқыту мен даму проблемасы. Оқыту  мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар  қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге  болады:

1. Бірінші тобы баланың даму  процестерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың  баланың белсенді дамуына қатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.

2. Екінші топ осы екі процесті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.

3. Оқымыстылардың үшінші тобы  екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға  тәуелсіз процес ретінде ұғынылады,  екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең.  Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:

 а)  екі қарама-қарсы көзқарастарды  біріктіру;

 б)  екі негізгі процестердің  өзара тәуелділігі, өзара әсер  етуі идеясы;

 в)  баланың дамуы барысында  оқытудың рөлін ұлғайту.

             Л.С.Выготский осы теорияларды  салыстырып, талдап және сынға  ала отырып, ең маңыздысы ретінде  мынаны анықтады: баланы оқыту  мектептегі оқытудың алдында  басталады.  Мектептегі оқыту  ешқашан да өз-өзіне басталып  кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Мектептегі оқыту бала дамуының барысына қандай да бір жаңа нәрсені қосады. Оқыту мен даму ең алғаш рет мектеп джасында кездеспейді, бірақ іс-жүзінде  баланың алғашқы күндерінен -ақ бір-бірімен байланысты.

             Осылайша, екі сұрақ туындайды:

        1. Оқыту мен даму арасындағы жалпы қатынас;

              2.  Осы қатынастың мектеп жасындағы  спецификалық ерекшелігі қандай.

 Берілген проблеманы шешу  үшін Л.С.Выготский жаңа ұғымды  енгізеді – «жақын даму аймағы». Дамудың екі деңгейін қарастыру қажет:

 Баланың өзекті даму деңгейі  –міндеттерді өз бетінше орындай  алу қабілеті.  Жақын даму деңгейі  – баланың өзбетінше іс-әрекетінің  өзекті деңгейі мен оның үлкендердің  немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының  жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.

 Ескі көз қараспен салыстырғанда  жақын даму аймағы жайлы ілім  келесі тезисті ұсынады: «Дамудан  озып кететін оқыту ғана жақсы  болып табылады».

 Сонымен:

1. Даму процестері оқыту процестерімен сәйкес келмейді. Даму процестері оқыту процесінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.

2. Оқыту процесі тікелей түрде  бала дамуы барысымен байланысты  болғанымен де, олар біркелкі  және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.

Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық  жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас  өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.

Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.

 Психикалық дамуды кезеңдерге  бөлу проблемасы

Берілген проблеманы талдау жас  кезеңдерін бөлу үшін негіздерді анықтаудағы  түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған  схемаларын Л.С. Выготский үш топқа бөледі:

1. Бірінші топ биогенетикалық  заңға негізделген, осыған сәйкес  онтогенез қысқаша түрде филогенезді  қайталайды (С.Холл).

2.  Ғалымдардың екінші тобы  жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері  ретінде қандай- да бір белгіні  алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады, және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.

3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен  бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).

Информация о работе Курс лекций по "Психологии"