Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Мәдениетті мұрагерлеуді өткеннің мәдени құндылықтарын әлеуметтік және тұлғалық практикада, әлеуметтік жүйе мен өзара қарым-қатынаста  қабылдау, меңгеру және шығармашылықпен  ендіру процесс ретінде анықтауға  болады [17, 85].

Мұрагерлік жаңа қоғамның мақсаттарымен байланысты жүзеге асады. Бұл мақсаттарға жету процесі мұрагерлікті меңгеру және осының негізінде жаңа феномендерді, процестерді жасауды көздейді. Сондықтан «мәдени мұра» ұғым ретінде, «дәстүр» және «жаңашылдық» ұғымдарынсыз анықталмайды.

Дәстүрлер мен жаңашылдықтың өзара байланысына, оларда көрініс тапқан рухани іс-әрекеттің түрлі саласындағы тарихи мирасқорлықтың мәніне, дәстүрлердің категориялық ерекшеліктеріне Еуропалық философ-теоретиктер де (XVII – XVIII ғ.ғ. бастап И.К. Гардеродан, Т.Адорно, Х.Ортеги-Гассетаға дейін), ТМД және Қазақстан философ-теоретиктері де (А.Г.Спирин, И.В.Суханов, О.Г. Дробинцкий, Сарсенбаев және т.б.) мақсатты түрде назар аударып отыр.

Қазіргі әдебиеттерде дәстүрлердің мәніне қатысты көлемді үш теориялық  көзқарас көрініс алады.

Бірінші көзқарасты шартты түрде жалпыфилософиялық деп  атауға болады. мұнда ғалымдардың  дәстүрлер жайындағы философиялық-дүниетанымдық  көзқарастары жинақталып, көлемді ілім ретінде ұсынылады.

Екінші көзқараста, дәстүр ұғымы және оның жаңашылдыққа қатысы жалпы әлеуметтік тұрғыда түсіндіріледі. Бұл жағдайда ол тарихи мирасқорлықтың обьективтік және қажетті жағдайы ретінде қоғамдық дамудың өткен кезеңінің прогрессивтік мазмұнын келесі кезеңге ендіру процесі тұрғысында қарастырылады. Дегенмен мұнда мәдениеттің мәні қоғамдық адамның шығармашылық әрекеті болатыны және дәстүр мен жаңашылдық мәселесін талдауда мирасқорлықтың қоғам дамуында ерекше көрініс беретіні туралы деректеме сараланып көрсетіледі.

Үшінші көзқарасты нақты-әлеуметтік деп атауға болады. Бұл жағдайда дәстүр мәдени мирасқорлықты жүзеге асыру механизмі ретінде әлеуметтік жүйенің белгілі бір элементтері, көбінесе қоғамдық сананың әлеуметтік психологиялық деңгейіне сәйкес қарастырылады. Мұнда дәстүрді, ең алдымен, тарихи-мәдени процестің жалпы заңдылықтарымен емес, сақтаудың қажетті жағдайы және мирасқорлықты қамтамасыз ету факторы ретінде әлеуметтік жүйенің қызметін жасау мәселесімен байланыстырады. Осыған орай, дәстүр, бұл жағдайда басқа да өмір сүретін салттар, нормалар, мінез-құлық ережелері, әлеуметтік дағдылар, принциптер секілді әлеуметтік-реттеушіліктің бір түрі ретінде түсіндіріледі.

Осы жоғарыда айтылғандарды  негізге ала отырып, біз «дәстүр» мен «жаңашылдық» ұғымдарына өзіміздің  ұлттық тұжырымдамалық көзқарасымызды береміз. Біздің пайымдауымызша, дәстүр – қазақ халқының мәдени құндылықтарды жасау тәсілі және оның нәтижесі. Онда олардың құрылымы мен элементтері толықтай сақталады. Дәстүрдің негізгі әлеуметтік мәдени қызметі: қоғамдық қатынастардың маңызды нормаларын тұрақтандыру, қазақ халқының мәдени құндылықтарын сақтау және бір ұрпақтың жинақтаған рухани-адамгершілік тәжірибесін келесі ұрпаққа жеткізу.

Жаңашылдық – қазақ  халқының мәдени құндылықтарын қайта  жандандырудың және жасаудың механизмі. Онда әлеуметтік қажеттіліктерді нәтижелі қанағаттандыру үшін рухани өндірістің өткен кезеңдерімен салыстырғанда, ең жетілген, мазмұны бай мәдениет нысаналарының формаларын құру саналы түрде мақсат етіп қойылады. Бұл механизм мәдениет динамикасына тән және қоғамның рухани өмірінің өзгерісін әлеуметтік қайта жаңарумен бірдей қамтамасыздандырады.

Дәстүр мен жаңашылдықтың  өзара қарым-қатынасындағы басты  мәселе - өзара қарым-қатынаста үйлесімділікке қалай қол жеткізуге болады және мәдениеттің дамуында осы үйлесімділікті қалай қамтамасыздандыруға болады деген сұрақтардың шешімін іздестіру.

Бір-біріне қарама-қарсы  осы екі ұғымдарды біріктіретін мәдени мұра қазақ халқының мәдени құндылықтарының кешені, оларды сақтау, қоғамдық прогрестің нақты-тарихи мақсатына  сәйкес өткен ұрпақтың тәжірибесін  қазіргі ұрпаққа жеткізу және қайта жандандыру тәсілдері.

Қазақ халқының мәдени мұрасын  қайта жандандыру мен тәрбиелік мүмкіндіктерін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде, қазақтану тұжырымын қалыптастыруда пайдалану мәселесіне Қазақстан егеменді ел болып, тәуелсіздікті қолына алғаннан бастап (1991) аса назар аударылып келеді               [18, 46]. Оған сол жылдардан бастап басылым көрген көптеген тұжырымдамалар дәлел бола алады. Әсіресе, осының ішінде мәдени мұра мен қазақтану ұғымын тел ыңғайда зерттеу дәл осылай атала қоймаса да, мағыналас-мазмұндас сарында дамып келеді. Қазақтанудың «мәдени мұра» құндылықтарын ұрпақтың санасына сіңіруде өте пайдасы зор деп білеміз. Өйткені өзінің қазағының, ұлтының мәдени және рухани мұраларын жүрегіне тоқып өскен адам ғана нағыз ұлтының отансүйгіш азаматына айнала алады. Сондықтан Мәдени мұра – қазақтану – ұлттық тәрбие ұғымдарын бір-бірінен айырып, ажыратып алуға болмайтын тел мәндес сөздер деп бағалауымыз қажет. Осы тарапта жоғарыда айтылғандай, дәл сөзбе-сөз жазылмаса да, төмендегідей тұжырымдамалар мен ережелерде жас ұрпақтың бойына ізгілік сезімдерін дарыту, отаншылдық рухын егу, оларға эстетикалық тәрбие беру, қазақтың рухын, мәдениетін, тілін-дінін, рухани дүниесін, ділін тану және «мәдени мұрадағы» қасиетті һәм киелі құндылықтарды ендірудің жолдары анықталып белгіленген. Оның ішінде ғалым Ж.Молдабековтің ғұмырлық ғылыми ізденісіне арқау болған «Қазақтану» саласындағы сансыз құнды еңбектерін атап өткеніміз жөн болар. Содан кейін басқа да жарық көрген тұжырымдамалар («Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру» (1993), «Этномәдени білім беру тұжырымдамасы» (1992), «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы» (1998) және т.б.) бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары (Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, Қ.Шалғынбаева, Р.Дүйсенбинова және т.б.) басылым көрді. Бірқатар іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстары қорғалды.

Жоғары және арнайы орта педагогикалық оқу орындарының  оқу жоспарына этнопедагогика пәні ендіріліп, кафедралар ашылды. Өкінішке орай, бұл жаңалықтың жолы ұзаққа бармады. Білім жүйесінің кредиттік жүйеге өтуіне қарай этнопедагогика арнайы пән ретінде стандартқа ендірілмей қалды, кафедралар да себепсізден-себепсіз жабылып қалды.

Кейінгі жылдары бұл  мәселенің шешімін қайсыбір жоғары оқу орындарында стандарттағы таңдау компоненттері бөлінген сағат көлемінен (егер бөлінген жағдайда) студенттерге меңгертіліп жүр. Стандартқа енген арнайы педагогикалық пәндердің мазмұны Этнопедагогика, Халық педагогикасы материалдарына бір-екі тақырып көлемінде, онда да үстірт, көңіл бөленетінін дәлелдейді.

Бұл жайт бізге нені көрсетеді? Иә, бұл біздің ұлттық мұрамызға, өкінішке орай, өте салғырт, самарқау екендігіміздің айқын дәлелі. «Бабаңнан саған  не қалған?» деген сауалға берер  жауабымыз ауыз толтырып айтарлықтай, алайда қолдағы бар игілікті жаратудың орнына оған қаскүнемдей шабуылдап, құртқанша асық болып жатырмыз. Соның кесірінен, көптеген құнды мұраларымыз қолды болып, барған сайын қазақтың жанын тануға емес, құртуға, өшіруге тырысып бара жатқан сияқтымыз. Әлбетте, «Мәдени мұра» бағдарламасының осы бағытта ұлттық мұраларымызды қалпына келтіру үшін жасалған асқан бір көреген қадам екендігінде дау жоқ, алайда ғалымдар айтқандай, «Қазақтану» тұжырымдамасының теориялық һәм тәжірибелік ұстындары жасалмаса, соншама жасалған еңбектің желге ұшқаны, қаншама жыл көптеген зерттеушілер мен ғалымдардың көздерінің майларын төгіп тапқан табыстарының салмағы болмағаны. Тағы да жатқа тізгін беріп алуымыз, ал бұл қатерді тудырып отырған жаһандану заманында етек-жеңімізді қымтап, Қазақтану мұратына ұмтылмасақ, қазақтың жанын, рухын, ділін, мәдениетін өз деңгейінде танып-білуге тырыспасақ, онда таз қалпымызға қайта түсеріміз кәдік. Сондықтан осы қауіпті дер кезінде біліп, түйсініп, жүрегімен ұғып, дабыл қаққан Ж.Молдабеков сынды ғалымның жанайқайын дер кезінде құлаққа іліп, әрекетке көшетін кез жетті деген ойдамын. Ғалым бұл хақында да былай деп ой тастайды:

«Мұра да, дәстүр де қазақтың тұтастығына және тұлғалануына қызмет етсе ғой деген ой жадымыздан кетпейді. Үлкен тұжырымдамаға не жетіспейді?

Біріншіден, «Мәдени мұра»  тұғырнамасын жер-жерде жалғастыратын  және оның жүзеге асуын ұйымдастыратын әрі қадағалайтын мемлекеттік мекемелер  мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен  нақты іс-әрекеттері бостау болуда. Әрбір әкімшілік өз өңіріндегі тарихи-мәдени құндылықтарды арнайы бақылауға алса, оларды жаңартуға атсалысатын кез келгендей. Биылғы жылы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығы туралы тиімді насихат жұмыстары атқарылды. Бірақ Тараз қаласындағы сол ұлы сазгердің үйінің қараусыз қалғаны, көрген жанның жүрегін жетімсіретеді. Сондай-ақ әйгілі Орынбай ақынның туғанына биыл 140 жыл болды. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі бұл оқиғаны елеусіз қалдырғаны, тіпті Шаян селосындағы бұрынғы көшенің атауы өзгертілгені тіптен қисынға келе бермейді [19, 5].

Бүгіндері, қазіргі заман құрылымына сәйкес – адам баласының қоршаған ортасын бірсарындылыққа әкелетін ғаламдандырудан қорғау шарасы ретінде, мәдени мұра ескерткіштерін елге әйгілеу, сақтап қалу - бұрыңғыдан да бетер, маңызды  шаруа болып отыр. Қазіргі құрылыс ғимараттарының өркендеуі, ақпарат жүйелерінің, байланыстың және көлік ағымының пәрмені қарқынды дамуына қарай біз ескерткіш рухын сезінуден қалып бара жатқандаймыз [20, 45].

 Бүкіл адамзат тарихының  дамуымен, біздің тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын, материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз. Қазақстанда бүкіл әлемге, Қазақстан территориясында дамыған өркениет бар болғанын дәлелдейтін, тізімге алынған 25000 ескерткіштің бірнешеуін ғана атап өтуге болады, олар: байырғы заман адамдарының қоныстары, бірнеше мыңжылдық тарихы бар қалалар, әлемдегі кірпіштен салынған бірінші күмбездердің бірі б.з.д. ІV – IІ ғғ. Баланды - ІІ кесенесі. Толстовтың “Окс пен Яксарттың ежелгі атырауларының ізімен” кітабында, Рим күмбездерінің салынуынан жүз елу жыл бұрын, сырдария далаларында бірінші күмбездер салынған деп жазған екен. Бұл сөздердің мағынасы әрбір адамға түсінікті болса керек.  

Ал,  Маңқыстау ескерткіштерін, бүкіл әлемде теңдесі жоқ деп айтуға болады, ол - біздің мақтанышымыз болып табылатын, сәулет өнерінің дербес және өзіндік дәстүрмен дамудың Аралы сияқты, Жамбыл облысындағы Айша Бибі кесенесі – сәулет өнерінің маржаны, Қазақстандағы XI-XII  ғасырдағы сәулет өнері мен оның технологиясының даму деңгейін көрсетеді. Типологиялық аспект тұғырынан алып қарастырғанда, оны қандай да бір өнер мектебіне жатқызуға болар еді, бірақ бұл бүкіл әлемде өзіне ұқсас құбылыс таппай отыр. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін, ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды, бұл сәулет туындысы шығыстың сәулет өнерінің энциклопедиясы деп атауға толық болады. Біріккен күш салысудың нәтижесінде, бірталай ғасырға қытайлардың батысқа қарай жылжуына жол бермей, екі мәдениеттің алғашқы өзара ұйымдасуының айғағы ретінде Жамбыл облысындағы, Түрік қағанатының  мұсылман әлемімен саяси қарым – қатынасы кезіне жататын Ақыртас Сарай құрылысы - VІІІ ғасырдың бірінші жартысына жататын ескерткіш екендігін ғалымдар дәлелдеп отыр [21, 37].

Қызылорда облысындағы, Қорасан баба ескерткішін алсақ, оны жергілікті кәсіпкерлер бөлшектеп бұзып, қайтадан салып жатыр. Оның жоба құжаттары  ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық инспекциямен келісілген. Егер Қазақстан Үкіметінің бекіткен тізіміне кірген ескерткіштер  осылайша, жайдан – жай бұзыла беретін болса, бұл іс жақсылыққа апармайды. 

Шымкент облысы, Баба Түкті  Шашты Әзіз кесенесі, жергілікті кәсіпкерлердің бастамасы бойынша және аудандық әкімшіліктің қолдауымен  бұзылып, қайтадан салынды. Осының нәтижесінде, дәл қабірдің үстінен өсіп шығып, көп жыл сақталған сақал сияқты ақ шөп - жоғалып кетті.  Екі мың жыл бұрын Сақтардың, парсылар патшасы Дарийдің хатына жазған жауабында, егер олар сақ жеріне келетін болса, онда сансыз көп қабірді көреді, ол қабірлердің тастарының бірін алып қарайтын болса, сақтардың қалай шайқасатынын байқайтын болады деп жазған еді.  Ал бүгінгі күннің  көрінісіне келер болсақ, сол тайпалардың ұрпақтары адамдардың мәңгі панасына беріп, аманат етіп қалдырған   қабірлерін бұзып жатырмыз. Егер бұл әрекеттерді, Републикалық деңгейде қатаң шаралар қолданып, тоқтатпайтын болсақ  ертең–ақ,  бұл істер тұрақты ережеге айналары сөзсіз. Осы себептен облыстық инспекцияларға заң түрінде, өте жоғары деңгейде құқықтар мен уәкілдіктер беретін құжаттар дайындап, Үкімет тарапынан бекітіп, Мәдениет министрлігінің құрамынан басқарма немесе департамент ашу керек.

Ескерткіштерді қорғау және сақтау саласына, біз жалпы  экономикаға арнап құруға тырысқан рыноктық механизмдер мен бәсекелестік онша үйлеспейді. Ескерткіштердің жай–күйіне кері ықпалын тигізеді. Ескерткіштер табыс көзіне айналған күнде,  оның тарихының, мәдениетінің және тәрбиелік мағынасының маңызы жоғалады. Рухани және тарихи ескерткіштердің басында кейбір жердерде білімді маманның орнын сауатсыз молдалар басып отыр, ал олардың арнайы білімі болмағандықтан ескерткіштің тарихы мен маңызын келген халыққа түсіндіру кезінде өздігінше бұрмалауға бейім тұратындығы баршаға мәлім болар.

Тарих бұрмаланған сайын, мәдениетке деген көзқарас тарылған сайын, тілдің саясаттағы, ғылымдағы, басшылықтағы, халықаралық қатынастағы аясы тарылған немесе өрісі кеңейген сайын оның қызметі не құрдымға, не қарқынды өзгеріске ұшырамақ. Түріктік түбірді іздейтін құлшыныстар көбеюде, еуразиялық кеңістіктегі талпыныстар тізбектелуде», - дейді. Шындығында да бұл ащы шындық. Ең басты мәселе, «Мәдени мұра» арқылы біздің өзіміздің көгеріп-көктеп кетуі тиіс тамырымызға нәр бере алмай жатқандығымызда. Айналаға даңғаза таратып, қандай ұлы істерді де атқарып тастадық дегенімізбен де, нағыз ұлттық деңгейде қолдауды қажет ететін құндылықтардың кенезесі кеуіп, ешкімге керексіз қаңсып қалды. Сондықтан «Қазақтану» атты үлкен еңбек жазып, қазақтың барлық қасиетті, киелі деп есептелетін мұраларын, рухани құндылықтарын, дүниетанымдық ерекшеліктерін, ұлттық болмыс-бітімін, ел ретіндегі ерекшеліктерін осы іргелі ұғымның төңірегінде топтастыруды сөз етіп, мынадай пікірлерін алға тартады:

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас