Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

«Осы проблемалармен кешенді, тұтас, жан-жақты шұғылданатын білімдер жиынтығының керек екенін мамандар іштей сезінеді. Біз оны «қазақтану» деп атап және ойымызды насихаттап жүрміз. Қазақтану әлеуметтік-гуманитарлық білімдердің тұтас методологиясы және идеологиясы ретінде «Мәдени мұраны» насихаттауға, оның идеялық желісі мен танымдық құндылығын ашуға ерекше рөл атқаратынын, қосымша бағдарлама ашатыны хақ.

Қазақтану - тарихпен тілдес көзқарас пен білімдер тоғысы; осы  бағыттағы идеялық бағыт пен  негіздермен түбірлес; тұтастық пен  тәуелсіздікке тірек болатын  әдістеме. Егемендігін алған ел үшін, тәуелсіздік тұғырын әлемге паш еткен Қазақстан үшін қазақтану – жаңару философиясы, қазақтың өз тарихымен, тілімен, ділімен табысу идеясы, қазақ халқының өзін таныту тәсілі. Қазақтануға жүгіну дегеніміз тар көзден, біржақты түсініктен арылу; өркениет өрісімен үйлесу, жаңа кеңістікке таралу; қазақтың тұлғалық, мәдени және әлеуметтік мәртебесін көтеру; қоғамды жаңа экономикалық, саяси, әлеуметтік, информациялық жағдайға бейімдеу. Қазақтану - тарихпен тілдес, түбірлес; тәуелсіздікке тірек боларлық;

Қазақтанудың мазмұны  сапалық кезеңдерден құралды, тарихи-мәдени кезеңдердің өзара ықпалында қалыптасты.

1. Қазақтану идеясын  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін  алғанда, қазақ ұлты тәуелсіз  республикасын, өз мемлекетін  құрғанда көпшілікке ашық жариялау  тегін емес. Жаңа Қазақстандағы  ұлт пен мемлекет арақатынасы қазақты танудың бірден-бір алғы шарты болды. Әлеуметтік-саяси мәселелер осы екі өлшем арқылы сарапталынды.

2. Қазақтанудың мазмұны,  яғни оның екінші кезеңі қазақтың  тұлғалық тұтастығы мен елдік  егемендігінің дәрежесімен салыстыра  анықталды. Қазақтың адамдық қасиеттері мен елдік болмысының арақатынасы қазақ халқының егемендігін қалыптастырды, оның туған жердегі беделін арттырды.

3. Қазақтану қазақи  тұлғалар мен қазақ елінің  тарихи естелігін, рухани мұрасын  жаңа ұрпақ пен халықтың жадына, жігеріне айналдыру. Қазақтану – атамекенінде өсіп-өнген азаматтың, өз елін сүйетін патриоттың кәмелетті жады және ар-намысы.

4. Қазақтану - осы үштіктің  тарихи қалыптасуы кезеңдері,  өзара үйлескен ұлттық ділі, қазақи  құндылығы, осы бағыттағы әлеуметтік  белсенділік пен мәдени жетістердің өзара ықпалдастығы туралы білімдер жинағы. Қазақ тарихы мемлекет пен ұлт арасындағы саяси-әлеуметтік қозғалыс пен күреске айрықша мән береді де, елдің егемендік ерекшелігінің не екеніне мән бермейді, егемендіктің табиғатын түсіндіріп жатпайды.

Қазақ тілі екінші кезеңге  – адам мен елдің тілдік түсінігін  пәндік тұрғыдан талдап жатады. Адам мен  елдің тарихи тағдыры мен мәдени өлшемдері арнайы, толыққанды саралана бермейді. Қазақ халқының педагикасы қазақи құндылықты ұлттық діл мен әдептілік шеңберінде бағалайды. Этнопедагогика өз қызметін кеңістіктегі өмірді сипаттауға, тұжырымдауға бағыттайды. Қазақ философиясы ұлттық болмыс пен мәдениеттің даму бағдарын айшықтаған сайын қазақтанудың идеялық желісін саралайды, дүниетанымдық бағытын бағалайды. Осы рухани мұраға үлес қосарлық, осы рухани жаңғырудан жарастық пен жақсылық тосалық.

Онсыз өркениеттік дамудың  қазақстандық үлгісін түсіну, қазақстандық мазмұнын түсіндіріп беру екіталай болмақ, аяқсыз қалмақ. Сол аяқсыздық еңсені басуда, етектен тартуда. Жалтақтық пен немкетерлік өз тарихымызбен табысуға, өзгелермен терезені тең ұстауға кедергіні үстемелеп жатқаны хақ» [14].

Қазақтанудың осы іргелі қағидаларын, әсіресе этнопедагогикалық  тұжырымдар мен «Мәдени мұраның» арақатынасын, байланысын толықтай талдап, түйіндеудің қажеттілігі туындап отыр.

Халықтың мәдени мұрасы әлеуетін қоғамдық қажеттілік тұрғысында қарастыру, ұрпақ үшін пайдалану мәселесіне ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігі аса мән беріп отыр. Оны 2004 – 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы және оны жүйелі бірізділікте жүзеге асыру мақсатында қабылданған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы дәлелдейді. Тұжырымдама жеті бөлімнен тұрады: 1. Кіріспе; 2. Тарихи-мәдени мұраны зерделеу мен сақтаудың қазіргі жай-күйін талдау; 3. Тарихи-мәдени мұра саласындағы мемлекеттік саясат – егеменді Қазақстанның тұрақты дамуының факторы; 4. Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері; 5. Тұжырымдаманың басым бағыттары: Ұлттық рәміздері қалыптастыру; Мәдени туризмді дамыту; Ұлттық тарихи-мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау; Өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерттеу; Жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу; Саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретінде кадр саясатын іске асыру; 6. Тұжырымдаманың қағидаттары мен тетіктері; 7. Тұжырымдаманы іске асырудан күтілетін нәтижелер.

Тұжырымдаманың өзектілігі Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұра құндылықтарына деген мемлекет көзқарасын жүйелі жетілдіріп отырумен айқындалады. Мақсаты – рухани және білім беру салаларын дамытудың ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базасын одан әрі жетілдіру, тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану тиімділігін арттыру тетіктерін әзірлеу.

Тұжырымдаманың аса басым бағыттары болып: ұлттық рәміздерді қалыптастыру; мәдени туизмді дамыту; ұлттық-тарихи мәдени мұраны халықаралық деңгейде насихаттау; өткен бес жылда табылған тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу; жүйеленген білімді оқу процесіне енгізу; саланы дамытудың стратегиялық ресурсы ретіндегі кадр саясатын іске асыру саналады.

Бүгінгі күннің басты  міндеттерінің бірі – төл мәдени дәстүрлерін жақсы білетін, өз халқының тарихын сүйетін ұрпақ, елдің  болашағына тірек бола алатын ұрпақ  тәрбиелеу болғандықтан, тұжырымдама ұлттық мәдени мұраны білім жүйесіне ендіру қажеттігін ескереді. Бұның қазақтану қағидаларын игеру үшін де маңызы өте зор болмағы сөзсіз. Өйткені кез келген ұлттық қағида, тұжырымдаманы қолданысқа ендіру, ең алдымен, білім және ғылым ошақтарынан басталады. Бұл жерде үлкен тиімділігі, егер «Мәдени мұраға» тел Қазақтану қағидасы мен оның тұжырымы енгізілсе, онда «бір оқпен екі қоянды атып алу» тиімділігі туындайды, бір жағынан, оқушылар мен білімгерлерді қазақ халқының мәдени, рухани мұрасымен жақынырақ таныстыру жүзеге асырылса, оның үстіне олардың мәдени мұраға деген қызығушылығын, оны қорғауға, сақтауға деген талпынысын, әрекетін тиімді педагогикалық-инновациялық технологиялар барысында кәдеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл тұжырымдама тарихи мұра мен ұлттық фольклорлы басқа тілдерге, әлемдік ғылым мен қоғамдық ойдың озық үлгілерін қазақ тіліне сапалы аудара алатын мамандар даярлау мәселесіне да аса мән береді [22].

Бүгінгі таңда тұжырымдама  мен бағдарлама негізінде еліміздің  мәдени мұрасын зерделеу, қорғау, пайдалану және насихаттаумен қатар, тарихи-мәдени дәстүрлерді мирасқорлықпен дамыту, мәдени мұраны сақтау мен қайта түлету, қазіргі ұлт мәдениетін, халық ауыз әдебиетін, әдет-ғұрыптарын өркендету, елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет өнері ескерткіштерін қалпына келтіруге байланысты көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл еңбектердің жеткіншектер мен жастардың халықтың мәдени мұрасы саласынан білім қорын дамытатыны сөзсіз, өйткені еңбектердің басым көпшілігі тарихи, тарихи-танымдық, көркем-әдеби, көркем-публицистикалық бағытта жазылған. Педагогикалық бағытта бұл мәселенің шешімі әлі де болса кенжелеп келеді.

«Мәдени мұраның» маңызы неде? Оның маңызы кем дегенде мынандай кешендікпен, оның әлеуетінен білінеді. «Мәдени мұраны» маңызы халық тарихының жады мен есіндегісінен, белгілібір кеңістіктегі өркениет өрнегінің көрінісінен, сол халықтың сана-сезімінің айғағынан, этникалық ұқсас қауымдастықтардың белгілі бір тарихи-мәдени кеңістіктегі тіршілік тәсілінің айғағынан білінеді. Осы төрт деңгейдің танымдық-тағлымдық жақтарына назар аударғанымыз жөн болар. Бұл бағыттағы ізденістер білім саласында ортақ арнасы мен шешімін әзірге таба қойған жоқ дерлік. Ізденістердің түп-тамыры мен түрлерін салыстырсақ, одан халықтың тарихына, тіліне, діліне, дініне, яғни еуразиялық кеңістіктегі көшіп-қонған ру-тайпалардың өмір-салты мен әдет-ғұрпының қалыптасуын, олардың өзара қарым-қатынасының ерекшелігіне деген түрлі нұсқаулар мен өзіндік негіздердін аңғарамыз. Ендігі сол мұраларға өзіндік ізденісті жалғастыруға, әрі толықтыруға мүмкіншілік кеңінен ашылуда. Бұрын батыс, орыс тілдес ғалымдардың еңбектерін шешуші құжат, айқын дәйек ретінде біржақтама қабылдадық, сол деңгейлерде қалып қойдық. ХХ ғасырдағы көзқарастар осы дәстүрмен жиектелінді. «Мәдени мұра» арқылы енді қомақты да, кешенді тың мәселелерді жаңаша алға тартуға мүмкіндікті артырудамыз. Сол мүмкіндіктің бірі - этностық үйлестік пен өзіндік сананың қалыптасу жолдарында.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақтану  қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру

 

Қазақ халқының мәдени мұрасы көпшіліктің мақұлдауы бойынша материалдық (өндірістік, үй, ауыл-шаруашылығы, еңбек құралдары, қолданбалы өнер, баспана, тұрмысқа қажетті заттар), рухани (тіл, дін, ауызекі поэтикалық шығармашылық, сәндік-қолданбалы өнер, халық білімі, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар, мерекелер) деп бөліп қарастырылады.

Біз осы дипломдық  жұмыста қазақтану тұрғысынан алғандағы, қазақ халқының мәдени мұрасының жіктемесін ұсынамыз және әрбір түрінің өзіндік ерекшелігіне мазмұндық сипаттама береміз.

Тәуелсіздікке ие болғаннан  бергі жылдардың ішінде Қазақстан  ішкі және сыртқы саясаттағы байсалды қадамдарымен, ел экономикасын өрге бастырудағы  батыл қимылдарымен, ғаламдық проблемаларды шешудегі игі бастамаларымен бүкіл әлемге танылды. Тәуелсіздік жылдары рухани өмірге бұрын соңды болмаған өзгерістер әкелді. Материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз етудегі ауыртпашылықтарға қарамастан Қазақстан мәдениеті бірінші кезектегі келелі мәселеге айналды. Заман талабынан туындап отырған аталмыш мәселелерді  шешуде Қазақстан үшін екі үлкен міндет туындады. Бірі – санадағы, әлеуметтік тәжірибедегі жат өркениеттің елдіктен, теңдіктен алыстататын қиянатын тезірек құрту, екіншісі – тәуелсіз азат Қазақстанның аяғынан тік тұруына, әлемдік өркениетке өзіндік келбет-кейпімен кірігуіне лайықты үлес қосу. Демек, әлемдік үрдіске қалтықсыз араласуды мақсат еткен Қазақстанға рухани-мәдени болмысымызды, менталитетімізді, қазақы пішін-бітімімізді бүлдірмей, қолдан келсе таза ұстаудан басқа жол жоқ. Өйткені, алыс-жақын мемлекеттер қоян-қолтық жақындасып жатқан кеткен мына заманда ұлттан ұлттың, нәсілден нәсілдің, халықтан халықтың өзгешелігі, ерекшелігі, төлтума даралығы мен айырмашылығы тек мәдениет, руханият, тіл, менталитет салаларына келіп тіреледі. Ендеше, халық пен халықты, мемлекет пен мемлекетті теңестіретін білім, ғылым, мәдениет техника екеніне бүгінде ешкімнің дауы жоқ. Бұл турасында ұлы тұлғаларымыздың бірі Ахмет Байтұрсынов өз заманында мынадай ой түйген еді. "Бұл заманда қолы жетпегендері теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, бізде өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білдірер едік". Бұл өте орынды айтылған ой. Белгілі бір ғылыми жаңалықты ашу үшін мыңдаған жылдар талап етілді. Талай ойлар електерден өтіліп, сүзіліп тәжірибе ретінде бізге келіп жетті. Олай болса, осы дайын, іргетасы қаланған дүниені ары қарай жалғастыру келер ұрпақ еншісіне жүктелген міндет.  

Қазақ халқы өзінің сан  ғасырлық тіршілігінде балалар мен  жастарға эстетикалық тәрбие беру арқылы эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың  өзіндік тәжірибесін, салт-дәстүрі  мен әдет-ғұрпын жинақтады. Оларда халықтың озық тәжірибесі, орнықты қағидалары мен принциптері, мінез-құлық нормалары көрініс алған, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайларының, тұрмыс-салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балалар мен жастардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға деген талаптары қалыптасты.

Тарихи-этнографиялық  деректерді, салт-дәстүрлер мен халықтық ауызекі шығармашылығын зерттеу, осы  бағытта басылым көрген зерттеулермен  танысу қазақ халқы балалар мен  жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, моральдық-этикалық, мінез-құлық әдебіне, жүріс-тұрыс, киім кию мәдениетіне, сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетіне, эстетикалық талғам, көзқарасына, түр-келбеті мен ішкі жан-дүниесінің үйлесімділігіне аса қатты назар аударған, осындай адами қасиеттерді бала жастан бойына сіңісті ете білген деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерінің (баланы тәрбиелеу (қыз, ұл), үйлену тойы, отбасылық той-жиындар, маусымдық  мерекелер, діни мерекелер, ырым-жоралғылар) рөлі ерекше болды. Қазақ халқында ертеден келе жатқан «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» немесе «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады» деген өсиет-нақыл сөзі ел арасына кең тараған. Бұнда баланың өскен ортасының тәрбиелік маңызына ерекше мән бергендігін байқаймыз. Соған орай, ер баланы тәрбиелеуде әкенің, қыз баланы тәрбиелеуде шешенің рөлі жоғары болған. Оған «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген мақал дәлел бола алады. Олар, сол үшін де өз балаларына үлгі-өнеге ретінде өздерінің бар білгендерін үйретіп отырған. Бұндай өміршең дәстүр бүгінде өз жалғасын табуда. Әрбір ата-ана өз балаларының нендей іске қабілеттілігін, қандай өнерге бейімділігін аңғарып, шамалары келгенше, олардың бойындағы табиғи дарындылығын ашуға мүмкіндік жасауға тырысып отырған [22, 15].

Бала тәрбиесіне бүкіл  ауылдың үлкен-жасы болып бәрі бірдей араласқан. Егерде олар жастардың мінез-құлықтарында белгілі бір өрескел кемшіліктерін  байқап қалса, тыйып тастап, ақыл айтып  отыруды дәстүрге айналдырған. Үлкенді  сыйлау – қазақ халқының жазылмаған заңы. Бұл дәстүр бойынша жастар рухани-эстетикалық моральдық-этикалық мәдениет элементтерін: үлкеннің алдын кесіп өтпеу, сыпайы болу, үлкенмен сөз жарыстырмау, үлкендерге бірінші болып орын беру, олардың отырған бөлмесіне рұқсатсыз кірмеу, сөздерін жөн-жосықсыз бөлмеу, сөз қайтармау, дөрекі сөйлемеу, тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеу және т.б. меңгерген. Үлкендерге деген мінез-құлықтағы мұндай мәдени қарым-қатынас адамгершілік-эстетикалық тұрғысында жалпыадамзаттық өлшем де болып табылады.

Кейбір жағдайда адамдар арасындағы мінез-құлық пен қарым-қатынаста қарама-қарсы құбылыстар да кездесіп отырады. Атап айтсақ, халқымызда әйел затының ер азаматтардың алдын кесіп өтпеуі, оларға бірінші болып жол беруі т.б. салттарымен қатар, тіпті алпыс жастағы қарт ананың алты жасар баланың алдын кесіп өтпеуі, оған бірінші болып жол беруі секілді үлгі аларлық мәдени-эстетикалық тағылымы да әдетке айналған. Мұндай мәдени тағылымның негізгі принциптері халықтың ер баланы – ел қорғаны, халықтың сүйеніші ретінде қабылдағаны. Бұл дәстүрді эстетикалық мәдениеттің негізі, мәдениеттіліктің көрсеткіші деп қабылдаса артық болмайды.

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас