Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Әлемдік мәдениеттанудың  маңызды проблемаларының қатарына аңыздарды зерттеудің теоретикалық және методологиялық жағы болып табылады. Қазақстандық ғылым үшін қазақ, түркі мифологиясымен қатар, жалпы миф теориясын зерттеу мәселелері өзекті. Осыған байланысты «Мифология: құрылым және белгілер» томы құрастырылды, оның материалдары миф пен рәміздердің морфологиясы, қызмет атқару тәсілі, құрылымын зерттеуге, қазіргі заманғы адамның ойындағы мифологиялық (символикалық) санасының ролі мен орнын зерттеуге бағытталған.

Әлемдік мәдениеттанушылық  ой ертеден-ақ Шығыс халықтарының көркем мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіретін. Және, сөзсіз, бұл әлемдік мәдениеттің ірі бөлімі туысқандығы және жақындығы бар қазақ мәдениеті де жататын танымның маңызды обьектісі болып табылады. Бұл жерде шығыс халықтарының мәдениетін түсінуде еуропацентристік көзқарастың орын алатынын есте сақтау қажет. Батыс ориентализмінің бұл сарқыншақтарын жеңу – біздің ғылымның міндеттерінің бірі. Осыны ескере отырып, мәдениеттанушылық топ «Мәдениет және ориентализм» томын бұл міндеттерге сәйкес қалыптастыру қажет деп тапты, оған көп қырлы Шығыстың әртүрлі халықтарының мәдениетін зерттеуге арналған еңбектер енді.

«ХХ ғасырдың мәдени антропологиясы: Антология» томы әлем халықтары мен  көптеген ұлттардың мәдениетін зерттеуде  әртүрлі методологиялық принциптерді қолданған ғылыми мектептердің (американдық, ағылшын, француз, неміс) материалдарын қамтиды. Этнология, мәдениет социологиясы, әлеуметтік антропология – бұл адам, қоғам және оның рухани және материалдық мәдениет туралы ғылымдарының салаларының бірі ретінде мәдени антропологияға кіреді. Бұл томның материалдарының өзектілігі қазақ мәдениеті, оның өткені мен болашағы біздің қоғамымыздың әлеуметтік-мәдени дамуының өзегі болып табылатынын ескеріп, ұлттық мәдениетті, дәстүрлі қоғамдар мәдениетін зерттеуде біздің ғылымымыздың қажеттіліктерімен байланысты. Біздің отандық ғылым үшін оның бұл проблемаға үлкен қызығушылығы мен оған деген сұранысына ұсынылып отырған материал дау туғызуы мүмкін. Бұл томның материалы мәдени антропологияның өзінің даму динамикасын, оның даулы жақтарын, еуропацентризм, ұлтшылдық және басқа да гуманитарлық ғылым үшін теріс көзқарастар мен принциптерді жеңуін көрсетеді.

Жеке том болып «ХХ  ғасырдың ресейлік мәдениеттанушылық  ойы» ұсынылды. Бұл томды қалыптастырудың  қажеттілігінің көптеген себептері бар. Біріншіден, қазіргі уақытқа дейін біздің ғылым ресей ғылымына бағытталған болатын. Оның себептері барлығына мәлім. Біз бұл әскердің қазір де бар екенін теріске шығара алмаймыз. Бірақ ресейлік гуманитарлық ойдың негізінде қандай идеялық және методологиялық басымдылық жатыр, оның қандай құндылықтары біздің менталитетімізге сәйкес келеді, ал қайсысы біз үшін жат және жарамсыз болып табылады соны анықтау қажет. Жалпы орыс тарихына тән, әсіресе дәстүр мен модернизация арасындағы тартыс, қарама-қайшылықтардың өршуімен сипатталатын қазіргі Ресейдегі жағдай бізге белгілі. Бұл тартыстар Петр реформасынан бастау алады және сол кезде славянофилдік және батыстану идеялық ағымдарға ұласқан еді. Олардың еуразиялық қозғалыспен ұсынылған идеялары да белгілі. Мұнда бұл тартыстардың табиғатын және олардың идеялық қозғалысының мақсатын айқын түсіну қажет.

Екіншіден, ресейлік мәдениеттанушылық  ой өзінің православтық христиандық  рухани мәдениетті меңгеруде қомақты  және жемісті тәжірибесі бар. Бұл  тәжірибе біздің ғылыми және гуманитарлық ойдың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Мысалы, Е.Н. Трубецкойдың «Этюды по русской иконописи» еңбегі – бұл иконада бейнеленген орыс рухының философиялық көрінісі. Бұл мәдени мұраны зерттеу ғалымды өзінің мәдениетін игерудегі философиялық тәсілдің шыңына жеткізетінінің дәлелі. Біз үшін бұл жұмыс өз мәдениетін зерттеудегі көзқарастың, халық рухының түбіне енудің бір мысалы ретінде маңызды. Сонымен бірге біз үшін орыс мәдениетін, орыс руханилығын тану артық болмайды, өйткені біз көрші халықпыз, оның үстіне, біздің елімізде православие және орыс мәдениеті соңғы орынды алмайды. Бұл мәселенің теоретикалық жағы мәдени аралық сұхбат саласында мемлекеттің мәдени саясатының міндеттерімен тікелей байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. «Мәдени  мұраның» қазақтың рухани келбетін  танытудағы ролі

 

Қазақ халқы тарихының  осы күнге дейін жұмбағы ашылмай  келе жатқан сарғайған беттері өте  көп. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай "Қазақ топырағында қазақ ұялатындай ештеңе жоқ. Біздің ұлттық мәдениетімізде жалпы азиялықтарға тән биязылық, өткенге салауаттылық, үлкенді сыйлау, жасқа қамқорлық, қысылғанға қол ұшын беру, ағайынның ауызбірлігін сақтау – бәрі-бәрі де бар. Ендеше сол ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп келер ұрпаққа аманаттану – "Мәдени мұра" бағдарламасының басты мақсаты" [7, 145].

"Мәдени мұра" –  сан ғасырлардың сүзгісінен өтіп, осы күнге жеткен ұлттық мәдениет  руханиятын жаңғыртуға арналған  бағдарлама. Ел экономикасы аяғынан  тік тұрып, мемлекет байлығы еселенген тұста ұлттық мәдениеттің қордаланған проблемаларына мұндай биік дәрежеде мән берілуі ғылым, мәдениет пен әдебиет саласынада өз үлесін қосары сөзсіз.

Жалпы ел мен елдің, ұлт  пен ұлыстың арасын идеология  емес, мәдениет жалғастырады. Өркениеті қанат жайған елдерде экономикалық даму соңынан мәдени жаңғыру жүреді. Экономика – бұл саясаттың, мәдениеттің негізі, мемлекет, қоғам, әрбір нақты адам, оның отбасы өмірінің негізі… біз кейде еркіндік пен демократия туралы, халық игілігі, өркендеу мен мәдениет туралы сөз қозғап жатамыз, алайда, егер елге қуатты, осы мәселелерді шешуге қабілетті экономика құрылмаса, оның бәрі бос сөз болып қалады!. /Н.Ә.Назарбаев/. Елбасы «Мәдени мұраның» алты бағытын айқындап берді. Бірінші бағыт бойынша, ұлттық символдарымызды қалыптастыру міндеті тұр. Мемлекеттілігіміздің алтын бесігі болған Есік қорғандары мен Берел, Түркістан мен Отырар, Ұлытау мен Сарайшық сияқты қасиетті орындарды жөнге келтіру қажет. Елбасы айтқандай, Түркістанда келешекте қазақ хандары мен батыр-билерінің пантеондарын ашудың рухани-идеологиялық мәні зор. Екінші бағыт негізінде мәдени туризмді өркендету мәселесіне назар аудару қажеттігі айтылды. Ежелгі Жібек жолы ізімен Батыс Қытай – Батыс Еуропа автокөлік жолының бойында Сарайшық, Отырар, Түркістан, Жаркент, Тараз ескерткіштері, Есік қорғаны мәдени туризм аймақтары ретінде қайта жаңғырмақ. Үшінші бағыт бойынша тарихи құндылықтарымызды халықаралық деңгейде насихаттау мәселесін қолға алынуы керек. «Әл-Фараби, Бейбарыс тәрізді жалпақ әлемге аты әйгілі тұлғалар, Берел мен Есік қорғандары, Түркістан мен Отырар және өзге де тарихи мекендеріміз жайында халықаралық талаптарға сай, терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасап, олардың «Би-би-си», «Дискавери» сияқты әлемдік телеарналардан көрсетілуін де қолға алатын кез келді. Осы тарихи орындарымызды дүниежүзілік телеарналардан насихаттау арқылы елімізге келетін туристер ағынын арттыруға септесер еді», – деп Елбасы тың бастама көтерді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жиналған барлық деректер мен мұралардың ғылыми айналымға түсуін қадағалау, көне деректерді зерттейтін ғалымдарға арнайы гранттар тағайындау, қазақ тарихының «ақтаңдақ беттерін» ашуға мән беру төртінші бағыттың еншісінде. Бесінші бағыт «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сараптап, жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары мектептің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізуді көздейді. Алтыншы бағыт аясында кәсіби аудармашылар, тарихшылар, этнограф, реставратор мамандарын даярлау міндеті іске асырылмақ. Үстіміздегі жылы барлығы 22 маңызды тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштері, атап айтқанда, Қарағұл, Ботағай кесенелері, Ақкесене мұнарасы, Қарақожа мешіті, Орал қаласындағы бірінші әскери училище ғимараты, Қалжан Ахун мешіт-медресесі, Жүсіп Ата мешіті мен кесенесі қайта жаңғыртылады. Қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын шетел тілдеріне аудару және шығару жұмысы қолға алынады. Сонымен қатар, 100 томдық «Бабалар сөзі», 100 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы», 20 томдық «Әлемдік философиялық мұра», 10 томдық «Әлемдік педагогикалық ой-сана» кітап серияларын шығару ісі аяқталатын болады. Жалпы алғанда, биыл 83 атаумен кітаптар шығару жоспарланып отыр. 
Аталмыш бағдарлама бірнеше бағытта жүргізіледі.

Археологиялық қазба жұмыстары. Бұл бағыт Қазақстан территориясындағы ескі тұрақтарға қазба жұмыстарын жүргізу және әлі де толық ашылмаған тарихтың кем-кетігін толтырар айғақтар іздеу негізіне арналған.

Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау. Бұл бағыт ескерткіштердің тұрған жерін, ғылыми мазмұнын анықтауға және ел тарихы мен мәдени өмірінде елеулі орны бар архитектуралық ескерткіштерді жөндеу, жаңғырту бағыттарына арналған.

Мұрағаттар  қорын толықтыру. Бұл бағыт ежелден көрші тұрып, қоныс жайған көршілес Қытай, Ресей, Орталық Азия елдерімен қатар, алыс-жақын өзге де мемлекеттердегі қазақ тарихының мұрағат деректерін жинауға арналған.

Ұлы тарих жәдгерлерін  жинау. Бұл бағыт көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын мол тарихы бар қытай, араб, парсы, түрік тілдерімен қатар латын, орыс, неміс, француз, итальян, испан тілдерінде жазылған тарихшылардың, саяхатшылардың, ғұламалардың еңбектерін бөліп-жармай  бір жүйеге келтіруге арналған.

Ежелгі қазақ  кітаптары мен қолжазбаларын  жинау. Бұл бағыт ортағасырлық ойшылдардың қолжазбаларын іздестіріп, көшірмелерін ғылыми кітапханаларға табыс етуге арналған.

Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін басып шығару. Бұл бағыт ежелден ел аузында, халық жадында жатталған ауыз әдебиетінің қайталанбас үлгісі болып саналатын көне замандардан күні бүгінге дейін аман жеткен халқымыздың бай ауыз әдеби мұраларын жас ұрпаққа толық жеткізуге арналған.

Музыкалық мұраны жинау. Бұл бағыт халқымыздың ұшан-теңіз музыкалық мұрасын нотаға түсіріп, осы заманға лайықты цифрлық технология тіліне көшіріп, бұған қоса әлем әдебиетінің, әлемдік философия, социология, саясаттану, мәдениеттану, экономика, заң, психология, педагогика т.б. ғылым салалары бойынша әлемдік ақыл-ойдың ең озық туындыларын қазақ тіліне аударып насихаттауға арналған [8].

Олай болса, республикамыздың ғылым, білім, мәдениет пен әдебиет  қайраткерлерінің кең көлемде қатысуымен жасалатын "Мәдени мұра" бағдарламасын ұлт мәдениетінің тәуелсіздік жағдайына рухани жаңғыруының басталуы деп қарастырған жөн. "Әлем жаһандану дәуірінде – даму мен жасампаздық үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер дәуіріне қоғам басты. Жаһандану процесінің бір қыры – бұл дүниені әмбебаптандыруға ұмтылушылық, бірыңғай құндылықтармен тәртіп нормаларына берілушілік. Бірақ, жаһандану процесі қалай қанат жайсадағы, ешқандай халық өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтумалылығынан бас тартпайды.

Кез келген мәдениеттің, кез келген өркениет пен дүниетанымның  өмір сүруге және өзіне қастерлі көзқарас болуына деген заңды құқығы бар. Бұл адамзат тарихының барысы айқындаған болмыс. Сонымен қатар, ХХІ  ғасырдағы қауіпсіздік түрлі  мәдениетер мен діндердің тең құқылы үн қатысуын дамытпайынша, қамтамасыз етіле алмайды. Сондықтан да бүгінде, мәдениеттер мен өркениеттердің сан алуандығын мойындаумен қатар, әлемнің жаңа сапалық жағдайға – шыдамдылық пен еркіндіктің, басқа пікірлер мен нанымдарға төзімділіктің жалпыға ортақ құндылықтарына негізделе алатын жаһандық өркениетке, планетадағы бар мәдениеттер мен діндердің сан алуандығын жоғары көтеретін өркениетке эволюциялану процесіне қолдау білдіру маңызды" [9, 4]. 

Қазіргі таңда мәдениеттің  ұлттық даму шеңберінен шығып әлемдік өркениеттік үрдістерді қозғап отырғанына өзіміз куәгерміз. Алайда аталмыш жаһандық мәселелер ұлттық мәдениеттің өзіндік болмыстық ерекшелігіне нұсқан келтірмеуі керек. Жаһандану қалыптасқан айырмашылықтарды ысырғанымен адамзатты біріктіреді ендеше осы тұста адамзат үшін ең қажеттісі біртұтастылық.

Қазіргі өркениет өзінің даму жолында сыни кезеңді өткеріп  отыр. Осы күрделі кезең Қазақстандыда  айналып өтпейтіні сөзсіз. Ендеше, өзінің дара жолымен дамып келген ұлттық мәдениетіміз осы жолдан адаспай, өзіндік қасиетін сақтай отырып әлемдік өркениет кешенінен құр қалмауы тиіс. Бұл орайда ендігі алдымызда тұрған міндеттердің бірі халқымыздың ежелгі тарихи, мәдени және рухани әлемінің терең тамырларын анықтап, оларды қопара зерттеп, философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық тарихымызды жасап шығу. Қазақ халқының әлемдік өркениетке "мен дегізерлік өзіндік болмысымен" енуіне мүмкіндік беретін, ілгері дамуымызға тұғыр болатын ұлттық санамыздың ұстанымды ерекшеліктерін саралау. Және бұл "ғасырлар тұңғиығымен тамырласып жатқан" ұстанымды ерекшеліктер, яғни біздің ұлттық тұтастануымыз үшін табан тірейтін тұғырларымыз ұлттық тарихымызды жаңа өркениеттік көзқараспен, терең біліктілікпен жан-жақты талдау [9, 11 б.]. 

Тәуелсіз еліміздің  тұңғыш президентінің нұсқауымен жасалып отырған аталмыш "Мәдени мұра" ескінің жаңаруына байланысты көптеген көкейтесті мәселелерді толық қамтып отыр десек қателеспеген болар едік. Бұндай ерекше бағдарламалардың дәл осы тұста, яғни дербестігімізге он жыл толған соң жариялану себебі неде? Осы сауал төңірегінен көп жайтты аңғаруға болады. Бұл еліміздің өз аузына өз қолы жетіп, әлемдік өркениетке деген ұмтылыстарының алғышарттары. Еліміз өз еншісін қолына алған шақтарда экономикалық, саяси т.б. толып жатқан дағдарыстар себебінен ел тізгінін ұстаған азаматтарымыздың бұндай жоғары дәрежеде ойлау мүмкіндігі болмады. Мемлекеттің тізесінен тік тұрып кетуі күн тәртібіндегі бірінші мәселе болды. Егемендіктің алғашқы жылдары халыққа да, оны басқарып отырған басшыларға да оңай тимеді. Елім енді еңсесін көтергенде етек-жеңін жинауға көмектескенім азаматтық борышым деп есептеген, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген өр кеуделі азаматтарымызбен қатар, осынау қарбалаң шақты өз пайдама қайтсем жаратам деген теріс пиғылды азаматтарымызда өкінішке орай табылып жатты. "Өлмегенге өлі балық жолығады", – деп, қазақ атамыз айтқандай, талай рет іргесі сөгіліп, тоз-тоз болып тарих сахнасынан кете жаздаған еліміздің бүгінде әлем халықтарына біршама танымал республика ретінде өзін жариялауы орынды да. Бұл тағы да Қазақстан Республикасын құрушы қазақ халының өміршеңдігін, арман-тілегінің орындалғанының айғағы емес пе? Олай болса, соқпағы көп тар жолда көршілес елдермен терезесі тең болу үшін дұрыс бағдар ұстап, әлемдік өркениетке ұмтылу, өз халқыңның жетістігін әлемге паш ету әрбір Қазақстан азаматының парызы. Осыған орай, атқарылған іс, жоспарланған жұмыстың барлығы өркениет өлшемдеріне сәйкес, жемісті де нәтижелі болуы қажет. 

«Мәдени мұра» бағдарламасының  стратегиялық құрамы біздің мәдени және өркениеттілік өзінділік туралы мәселені шешуден көрінеді. Бұл мәселе біздің қоғамдық-гуманитарлық ортада қызу талқыланып жүр. Қазақстандық өркениеттің концепциялары жасалынуда. Әлем өзінің өркениеттілік көріністерінде, көптеген ұлттық-мемлекеттік құрылымдарында, сондай-ақ, адамзат қауымдастығының мәдени нұсқаларында көп қырлы болып келеді. Мәдени және өркениеттілік өзінділік мәселесі адамзатқа қазіргі тарихтың сыны болып табылатын жаһанданумен байланысты.

Бұл өз кезегінде жүйесі өңделген методологияны талап етеді. Мысалы, батыс Еуропа өзінің парадигматикалық басымдылығымен және мәдениеттің менталдық құрамымен АҚШ-қа жақын бола тұрып, қазіргі таңда американдық мәдениеттің Кәрі Құрлыққа әсері жайында алаңдаушылық білдіруде. Бұл Еуропа өзінің ерекшелігін сақтап қалу проблемасы қамын ойлайтынын көрсетеді. Қазақстанның бұл жағдайда өзінің ерекшелігі бар. Республика азаматтарының көп ұлтты, полиэтникалық және поликонфессиялық құрамы оның мультимәдениеттілігінің сипатын анықтайды. Бұрын болған және қазір де бар шыдамдылық қоғамда ішкі шыдамдылықты сақтауға септігін тигізеді, ал бұл мемлекеттік өзінділікті қалыптастыру процесіне себепкер болады. Қазіргі кезде ұлттық идеяның негізі Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы және олардың азаматтық өзінділігі болып табылады.

Бұл жағдайда ұлттық мәдениет өзгермейді деген сөз емес. Әрбір  мәдениет өзінің даму және өзгеру жолынан  өтеді: дами отырып, мәдениет жаңа жеміс  өсіп шығатын өзінің тірегін, негізін  сақтайды. Мәселенің мәні егер мәдениеттің  құндылықтары тартымсыз және өз мәдениетін руханилық бастауынан және адамгершіліктен алып кететін тартымды басқа мәдениет орын басатын болса, өзінділік сол кезде істен шығады. Біздің өркениеттілік тек шикізатты өндіру, оны өңдеу, коммуникация жаңа технологиясын меңгеруде ғана емес, сонымен қатар өзінің мәдениетіне және жалпы мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға негізделуі керек. Мәдени өзінділік – бұл мәдениетке этникалылықты механикалық немесе императивтік тасымалдауға көнбейтін күрделі процесс: ол - өз кезегінде тәрбиеленетін және бағытталатын қасиеті бар қоғам өмірімен, оның мәдени және рухани қажеттіліктерімен байланысты болуы керек.

Қазіргі жағдай өзінің қатал  ойын ережелерін жүктейді, оған дәлел  бұқаралық мәдениеттің үстемдігі, оның миллиондаған адамдар шырмауында болып қалатын брэндтер тілі. Нақ осы брэндтер идентификацияның белгілері болып табылады (джинсы, кока-кола, Голливуд және т.б. – Америка; суши, кимоно, икебана және т.б. – Жапония және т.с.с.).

Мәдени өзінділіктің осындай екі жағы бар: өзіндік  идентификация (өз мәдениетінің құндылықтарына бағытталуы) және өзінділік (барлығына ортақ). Осылай мәдениеттің рухани – адамгершілік – эстетикалық мазмұнын ысырып, жаһандану мәдени өзінділік процесін күрделендірді деп айтуға болады. Бұл жағдай батыс өркениеті мәдениетке тастаған өзіндік сын болуы керек. Бұл мәселе мәдени саясаттың, оның теоретикалық, методологиялық және практикалық құрамының назарында жүруі қажет. Осыған байланысты «Әлемдік мәдениеттанушылық ой» жинағының томдарының бірі мәдениеттің тарихи өлшемі мен типология проблемасына арналған.

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас