Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)
  • қазіргі заманда қалыптасқан цивилиографиялық ойлардың жетістіктерімен танысып, тәжірибе алмастыру.
  • қалыптасқан өркениеттік бағыттар мен мектептерді жүйеге келтіру.
  • өркениет теориясының көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдағы  ролін айқындау.

Өркениетті  өзіндік тұрғыда зерттейтін дербес ғылыми пән, бүгінде цивилиография  деген атауға ие. Қазіргі заманда  қалыптасқан аталмыш ғылым саласындағы  зерттеушілердің бірі Е.Б. Черняк өз еңбегінде цивилиография дегеніміз теоретикалық тарих деңгейінде даму процесін оқытатын ғылым дей келе, оның нақты және теоретикалық түрлерін атап өтеді. Ғалым пікіріне сүйенсек, теоретикалық цивилиография екі негізгі бөлімнен тұрады: 1) методологиялық цивилиография, оның міндеті кез-келген өркениет тарихының ғылыми теориясын қанағаттандыра алатын ережелерді оқыту, 2) концептуальді цивилиография, оның мазмұнынан тарихи процестің логикалық тепе-тең ғылыми теориялары құралады [23, 71 б.].

Еуразиялық  көшпелілік өзінің ілгері басқан даму жолында үш сатыдан өтті. Осыған орай номадология көшпенділерді "ежелгі", "классикалық" және "соңғы" деп үшке бөледі. "Ежелгі көшпенділерге" скифтер, сақтар, массагеттер, ғұндар мен еуразиялық дала тайпалары жатса, ал әдетте орта ғасыр монғолдары мен түркілерін "классикалық" көшпенділер деп таныған жөн. Ал, қазақтар "соңғы" көшпенділер тобына жатады. Көшпелі әлемнің бүткіл өркениеті мен мәдениетін тарих архивіне өз қолдарымен тапсырғанда солар [24, 51-52 бб.]. Бұл жөнінде Шоқан Уәлиханов былай дейді: "Далалық орданың тұрғыны – қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы таптар немесе түркі шаруаларына қарағанда әлде қайда жоғары тұр. Осынау дала көшпенділерінің ақынжанды болып келетіні, ой-қиялының жүйрік болып бітетіні, мұңсыз-қамсыз көшпелі тіршіліктің арқасы болуы керек немесе ұдайы ашық аспан астында, шет-шегі жоқ шүйгін дала құшағында табиғат шіркінді Тәңірі тұтқандықтан болар" [25, 97 б.]. Расында да мал шаруашылығын әрі қарай шыңдауға көнбейтін биікке көтерген қоғамда, аз күш жұмсау арқылы мол өнім алатын қоғамда, бақташылықпен санаулы-ақ адам айналысып, оның өзі бақташылықты өмірінің мағынасына балайтын қоғамда, ал адамдардың басым көпшілігі "мұңсыз-қамсыз" ғұмыр кешкен қоғамда, қалайша жүгенсіздік бел алып кетпеген? Қалайша мыңдаған шақырымдық байтақ далаға қанат жайған көшпенділер өздерінің этно-мәдени тұтастығын сақтай білді? Неге әрбір көшпенді өзінің дәулет мұрасын "өкше басар ұрпағы" – іштен шыққан балалары мен "бөлінбеген еншісі бар" – үйіне келетін қонағына тең бөліп қалдырады? Неге көшпенділер қоғамындағы адамдар тек қана өздерінің қабілетіне орай еңбек етіп, тірлік жасайды? Ең соңында неге әрбір көшпенді өзінің жете атасына дейін біліп, жеті атаға дейін қыз алыспайды?

Міне көшпенділер  мәдениеті, көшпенділер болмысы, көшпенділер феномені деген мәселе осы сияқты қасиеттерді танып түсінгенде ғана өзінің сыр себебін ашуға тиіс. Көшпенділер қоғамы үшін ғасырлар сынынан өткен салт-дәстүр мен әдет ғұрпының сол қоғам өмірін реттеуде, үйлестіруде ұлы міндет атқаратындығы, түптеп келгенде, кез-келген ұлттың мәдени-рухани өресі салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың орнықтылығымен өлшенуге тиіс [25, 97-100 бб]. Көшпенділікті әлеуметтік сипаты бар шаруашылықтың бір түрі деп қарастырған жөн. Өйткені, кезең-кезеңмен көшіп-қонып, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан номадалардың өзіндік болмысы адамзат тарихында үлкен мәнге ие. Көшпенділер аумақты дала кеңістігін игере отырып, өздерінің ойкуменаларының /кеңістігінің/ шекарасын кеңейте білді. Олардың қоныс аударуы және жаулап алуы бірқатар ежелгі және ортағасырлық отырықшы өркениеттердің және әлемдегі халықтардың этникалық дамуына қомақты әсер етті. Номадалардың қозғалыстық байланыс жүйесі адамзат мәдениетінің оқшауланған ошақтарының арасында қалыптасқан байланыстардың, мәдени ақпараттармен саяси технологиялардың негізгі кілті болып саналады. Осы орайда көшпелілер әлемдік мәдениетке қомақты үлес қосты деп нақты айта аламыз. Тіпті отырықшы өркениетке далалық өркениеттің әсер еткенінде байқаймыз. Оған бір ғана мысал археологиялық зерттеулердің нәтижесі ежелгі скифтер. Сонымен қатар номадизм тіршілік атаулының табиғи-экологиялық  құбылыстарынан хабардар болды. Себебі мезгілдік қоныс аудару олардан табиғаттың кез-келген дүлей күштеріне төтеп беруді талап етті. Шаруашылықпен айналысу барысында жануарлардан жылқы басым роль атқарса, кейбір жерлерде түйе және мүйізді ұсақ малдар қолданыста болды. Сондықтан көшпелілердің тұрмыс-тіршілігіне сән-салтанат беріп, одан әрі ажарландырып тұрған қасиетті жылқы малы екендігі дау тудырмаса керек. Осы орайда белгілі ғалым Н.Н. Крадин Евразиялық дала көшпелілерін – "атты көшпелілер" деп атаса, белгілі қазақ мәдениетін зерттеуші ғалым Сәбетқазы Ақатай евразия кеңістігінде "Атты көшпелілердің" пайда болуы бұрынғы бірқалыпты қозғалыстағы дала өміріне жаңа серпін берді деген ойға келеді. Осылайша өзіндік дара "Атты көшпелілер" өркениетінің негізі қаланды [24, 51 б.]. Дала жылқы малының табиғи ареалы, тіршілік ету ортасы. Ал, жылқыны үй жануарына айналдыра отырып, қолға үйрету түрік өркениетінің туындауына себепші болған бірден-бір негізгі фактор. Сондықтан болар бірқатар ғалымдарымыз даланы жылқы малын қолға үйретіп, үй жануарына айналдырған /доместикациялаудың/ бастапқы ошақ деп санайды. Демек, көшпелі халық мәдениетіне ғалымдар тарапынан "атты көшпелілер" мәдениеті деген айдардың тағылуы да жылқы малының қадір-қасиетін арттыра түсетіндей. Өйткені, жылқы малы ежелгі мәдениеттің ғана емес, сонымен қатар бертін замандардағы көшпенділер өркениетінің жарқын үлгісі болған. Яғни, аталған өркениеттің жасампазы көшпенді халықтар болса, ал, оның негізгі өндіріс құралы – жылқы малы болғандығы даусыз. Адамзат баласымен мәңгілік бірге жасасып келе жатқан осы бір қасиетті малға байланысты ой тұжырымдайтын болсақ, оның әлемдік өркениеттің өзін өрге сүйреп, тіршіліктің негізгі көзі болғандығына куә боламыз. Олай болса әлемдік тарихтың, әлемдік мәдениетіміздің қайнар бастауына негіз болған басты себептердің қатарына жылқы малының қолдалына бастауын жатқызсақ қателеспеген болар едік. Бұл жайында белгілі мәдениеттанушы      К. Ясперс былай деп ой тұжырымдайды: "Ұлы мәдениеттердің ошағы болған мемлекеттер Қытай, Үндістан, Батыс елдері көшпелілерден жылқыны пайдалануды мұра еткен. Көшпелілер жылқының көмегімен ұлы мәдениет ошақтарын жаулап алып қана қоймай, ұшы-қиыры жоқ кеңістіктегі мәдениеттердің дәмін татты, оларды өз көздерімен көрді. Сонымен қатар жылқы малының арқасында бұрынғы әскери техника мүлде жаңа сипатқа ие болды" [26, 72 б.]. Жоғарыда К. Ясперс орынды атап өткендей ежелгі заман мәдениеттерінің ошағы болған Қытай елінде де "жылқышылар мәдениетінің" көшпенді халықтардан келгендігі әлем ғалымдары мойындаған шындық екендігін тағыда атап өткіміз келеді. Қалай болғанда да, әлемдік өркениет өрісінің кеңейіп, оның айтарлықтай табыстарға жетуі "жылқышылар мәдениетімен" тығыз байланысты болғандығы ақиқат. Осы орайда жылқы малын қолдануға байланысты туындаған небір таңғажайып өнер табыстарын ғалым Сәбетқазы Ақатай былайша сипаттайды: "жылқыны қолға үйрету, оны шаруашылыққа бейімдеу, ауыздығын, шаужайын, жүгенін, тағасын тұсауын, шідерін, ауыздығын, ер-тоқымын, әбзелін ойлап шығару, "су", "бу", "іштен жанатын", "атом" машиналарын жасаудан кем болмады. Амал не, мыңдаған жылдық шалқар мәдени мұра атаусыз қалып барады" [27, 82 б.].

Дегенмен, бұл  бір ғана ғалымның пікірі, мемлекет тәуелсіздігінің өзі шашауы шашылған ұлттық мәдени болмысымыздың түп-тамырымен жойылып кетпей әлі де болса халық мұрасының сақталғандығының айғағы. Егеменді мемлекетіміздің негізі қазақ этносының қаншама сұрапыл заманаларды басынан өткерседе  мәдени құндылықтарының сақталуы халқымыздың бойына сіңген елдік қасиетінің бірден-бір дәлелі. Осындай құрметке ие қазақ халқының белгілі жағдайларға байланысты шашылып кеткен әдеби, мәдени, тарихи мұраларын тереңірек зерттеуді бүгінгі күн талап етеді. Осы мақсатта зерттелініп жатқан кез-келген ғылыми жұмыс қазақ халқына тиесілі бұрмаланылған тарихты бір арнаға келтіріп, әлемдік сахна төрінен заңды орын алуына себепші болуы шарт.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Өткен ғасырда қазақ  халқының дәстүрлі мәдениеті тағдыр мен уақыттың қатал сынын иығымен  көтере біліп, тәуелсіздікке қол  жеткізді. Тоқсаныншы жылдардың алғашқы  жартысында отаршылдық пен тоталитаризм дәуірінде кеткен орасан зор шығынның орнын толтыруда мемлекеттік деңгейде үлкен жұмыстар атқарылды. Егемендікті нығайту барысында саяси және экономикалық реформалар жолына түсумен қатар ана тілімізді мемлекеттік дәрежеге көтеру мен ұлттық дәстүрді жандандыру жан-жақты жүргізілді. 1993 жылы қабылданған тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Атазаңның бірінші бабы қазақ тілінің мемлекеттік статусын бекітті. Саяси белсенділік артып, ұлттық патриоттық қозғалыстар жан-жақты өркендеді. 1995 жылдың март айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Осыған байланысты тіл мен білім, Мәдени мұраларды сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарымен үйлесімдік, миграция мәселелері мен сыртқы байланыстар, ұлттық саясат концепцияларын дайындау, сонымен қатар, ұлттық мәдени орталықтар мен кіші ассамблеялар істері мен мәселелері жөнінде комиссиялар құрылды. Елімізде біртұтас әлеуметтік-мәдени кеңістік қалыптастыру,  азаматтық бірегейлендіру  мәселесін күн тәртібіне қойды.

Біз бүгінгі таңда  өткен тарихымыздағы  мәдени мұраларымызды парасатты түрде дәріптеп, саралап, оның баға жетпес рухани құндылықтарын өзгелерге көрсете алмасақ, онда біз өркениетті елдер құрамына еніп, өзіміздің бәсекеге барынша қабілетті халық екенімізді таныта алмаймыз. Қай елдің болмасын бүкіләлемдік бәсекелесте рейтинг кестесінің жоғары биігіне шығаратын құралы – ол мемлекеттегі халықтың мәдениеті мен білімі.

Біздің әлемдік рейтинг  кестесінің жоғары бөлігіне іліккен  елдер тобының ішінен орын алуымызға  мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп бастаған 2006 жылғы 7 басымдықтан тұратын Қазақстан халқына Жолдауында, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Төртіншіден – біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз... алтыншыдан – біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»[1], – деп, тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекетіміздің ілгері дамып, өсіп-өркендеуі үшін халқымыздың санғасырлық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін жаңғырту керектігіне баса көңіл аударған  болатын.

Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан мәдени мұралары, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері, рәсімдері мен рәміздері және жөн-жоралғылары құқықтық заң, бұлжымайтын ереже ретінде өмірлік қолданысқа айналған. Халықтың ізгі әдеттері құқықтық әдеп болып қалыптасып, ол құқықтық заңдылыққа, дәстүрге, санаға сіңіп, салтқа айналған. Ұлттық салт-сана мен дәстүрлер құқықтық нормалар арқылы әлеуметтік әдеп, яғни, ұлттық мәдениет болып қалыптасқан. Сондықтан тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі өскелең жастар десек, сол ертеңгі күннен үміт күттіретін, халықтың сенімін ақтап, ел мәртебеін өсіретін жастарды мәдениеттілікке (әдептілік, сыпайылық, әділеттілікке) баулу – қазақ халқының «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» [2]–дегендей, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін өзекті мәселеге айналып отыр.

Қазақтануды зерттеу  нысанына айналдырған кезде бір  ойға тұтатын нәрсеміз – халық бойындағы құндылықтық бағдарлар. Әлбетте, оның ең негізгісі моральдық-этикалық ұлттық қасиеттерді біріктіріп тұрған – имандылық. Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс.

Бұл тұрғыдан келгенде, «мәдени  мұраның» өзіндік тұжырымдамасы  керек-ақ. Ол үшін жоғарыда айтылған Қазақтану  идеясы ұсынылып отыр. Қазақтану идеясы – мәдени мұраларымызды қорғауға, сақтауға, әрі қарай ұрпақ игілігіне асыруға үлкен мүмкіндік беретін шара болып саналады. Оның қажеттілігі өте зор. Бұл тарапта еңбектеніп жүрген ғалым Ж.Молдабеков оның бүгінгі мен болашақ үшін құндылығын сипаттап көрсеткен. Ол әсіресе еліміздің мәдениеті мен руханиятын сақтауда аса маңызды. Атап айтқанда, қазақтану қағидаясы «Мәдени мұра» арқылы Елбасымыздың осы саладағы саясатын тиімді жүзеге асыруды көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. 2004-2006 жылдарға арналған  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкім актілер жинағы – 2004, № 2.

2. Ауэзов М. Энкидиада: К проблеме единства миров кочевья и оседлости // Кочевники. Эстетика: Познание мира традиционным казахским искусством. – Алматы, 1993.

3. Сыздықов С. Түркілердің  тарихи-мәдени мұрасы жаһандану  дәуірінде: кейбір теориялық-метологиялық  аспектілері. // Түркологияның зерттелу  мәселелері. – Түркістан, 2009.

4. Тасмағамбетов И.Н.  Жаһандану процесінде ұлттық  мәдениеттерді сақтау. //Қазақстанның мәдени мұрасы. Халықаралық конференция материалдары. – Алматы, 2005.

5. Ғабитов Т.Х., Өмірбекова  М. Мәдениеттану негіздері. –  Алматы, 2003.

6. Фукуямо Ф. Конец истории . –М.: ООО АСТ, -1999.

7. Назарбаев Н.Ә.. Ғасырлар тоғысында. -Алматы: Өнер, 1996.

8. Алматы ақшамы. 2004. 17 қаңтар.

9. Егемен қазақстан. 2003ж. 14 ақпан //Бейбітшілік және татулық халықаралық конференция.

10. Әзібаева  Б.У. «Бабалар сөзі» атты Жүз  томдықтың негізгі қағидалары  мен алғашқы жиырма томды дайындаудың қорытындылары. //Қазақстанның мәдени мұрасы. Халықаралық конференция материалдары. – Алматы, 2005.

11. “Мәдениеттану”, Т.Х. Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева,  Алматы, 2001ж.

12. Қадыржанов Р. “Қазақ ұлтын қалыптастыру хақында”, // “Ақиқат”        1996ж.,     № 9.

13. Нарымбаева А.К. Аркаим. – Алматы, 2007. – 476 с.

14. Молдабеков Ж. “Қазақтану”, Алматы, 2003ж.

15. Назарбаев Н. Дүниежүзі қазақтарының ІІ құрылтайында жасаған баяндамасынан.

16. Есім Ғ. “Қазақстандық өркениет”, Қазақ Университеті, 2003.

17. “Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеттері”, Ғылыми мақалалар жинағы,    Алматы, “Зият пресс”, 2004ж.

18. Наурызбаева А.Б. “Мәдени мұра” бағдарламасының     мәдениеттанушылық негізі, Қазақстанның мәдени мұрасы, 2005ж., 19 қазан.

19. Молдабеков Ж. Мәдени мұра және қазақтану. Алтын Орда. 2007. №17.

20 А. Айталы, “Ұлттану”, “Арыс”, Алматы, 2000ж.

21. Тұяқбаев Қ. Мәдени  мұра - өркениеттің өзегі. – Алматы, 2006.

22. Абенбаев С.Ш. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері. Пед.ғыл.док.ғыл.дәр алу үшін дайын.дисс.авторефераты. –Түркістан, 2010.

23. Тоқсамбаева А.Ө. “Ұлттық идея және Қазақстанның тұрақты дамуы”, Халықаралық ғылыми конференция, Алматы, 30-31 қазан, 2003ж.

24. Омаров. Е.С. // Әлемдік тарихи үрдіс контекстіндегі қазақ өркениеті: Халықаралық ғылыми конференция. –Алматы: Қайнар Университеті, –554 б. 7-8 июль. 2003.

25 Тарақты Ақселеу.  Көшпелілер тарихы. -Алматы: Атамұра, 1995. –112 б.

26 Ясперс К.  Смысл и назначение истории. –М.: Республика, -1994. –527 с.

27 Ақатай С.  Күн мен көлеңке. -Алматы: Жалын, 1990. –240 б. 

28 Тарақты Ақселеу.  Көшпелілер тарихы. –Алматы: Атамұра, -112 б.

29 Қазақтың тәлімдік ой-пікір  антологиясы. -Алматы: Рауан, 1994. –320 б.

 

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас