Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Идеялардың, теориялардың және ғылыми мектептердің кең ауқымы, мүлдем әртүрлі методологиялар: дәстүрліден  постмодернистікке дейін «Әлемдік мәдениеттанушылық ой» он томдық жинағында ұсынылған. Мұнда қазақстандық ғалым-мәдениетанушылардың зерттеулері ұсынылған том енген. «Қазақстанның қазіргі мәдениеттанушылық парадигмалары» томы қазақстандық авторлардың қазіргі мәдениеттанудың теоретикалық мәселелері мен ұлттық мәдениеттің дамуының өзекті мәселелері жөніндегі еңбектері инновациялық болып табылады. Томның басты идеясы тарихи-мәдени ұрпақтастық ұғымын жете ұғыну болып табылады. Жобаны жүзеге асыру мақсатында оның секция болып құрылуында республикалық басылымдарда аталған тақырып бойынша мәдениеттанушылық зерттеулерге ресми түрде ашық конкурс жарияланған болатын. Эксперттік комиссиямен үздік материалдар таңдап алынды, сол материалдардан аталмыш том жинақталды.

Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті өзінің құнары мен көлемі жөнінен әлемдік фольклор мұраларының  арасында алдыңғы қатарда тұр. Осынау мол рухани құндылықтарымыздың тарихи-мәдени мәні мен көркемдік деңгейі жөнінде осыдан еакі ғасырдай уақыт бұрын бірқатар шетелдік ғалымдар оң пікір білдірсе, кейін орыс фольклортанушылары мен отандық зерттеушілердің еңбектерінде де жан-жақты, салиқалы да терең ой-тұжырымдар жасалып, жоғарыдағы көзқарас ғылыми тұрғыда дәлелденді.

Қазақ фольклоры ғасырлар бойы ауыздан ауызға тарап, халық  жадында сақталып келіп, тек ХІХ  ғасырдың отызыншы жылдарынан ғана бастап қағазға түсіріліп, кітап болып  жарияланып, ғылыми қауымның назарына іліне бастады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында фольклорымыздың сан алуан жанрды қамтитын нұсқалары, сондай-ақ, шығыс  сюжеттері желісінде жырланған  көптеген дастандар жеке-жеке кітап  болып басылып, мыңдаған данамен  елге таралды.

Дегенмен, фольклорлық туындыларымыздың көбірек жарияланып, жүйелі зерттеле бастаған кезеңі – кеңестік дәуір. Осы уақытта (1920-1991) қазақ фольклоры жанрлық жағынан сараланып, олардың ең маңызды үлгілері әртүрлі хрестоматиялық оқулықтар мен жинақтарға, сондай-ақ, халық ауыз әдебиетінің алғашқы сериялық басылымдарына енді.

Алайда күні бүгінге  дейін жарияланған фольклорлық  жинақтар халқымыздың көнеден келе жатқан қымбат та асыл мұраларын түгелдей қамтыды деп ешкім де айта алмаса керек-ті. Әрине, мұның түрліше де себептері болды.

Біріншіден, қоғамдық-идеологиялық мүдделерге сай келмегендіктен, бірқатар фольклорлық шығармалар зерттелмеді  және жарық көрмеді. Бұлардың арасында діни дастандар, мифтік аңыздар, магиялық жанрдың көптеген үлгілері, тарихи жырлар, тағы да басқа фольклорлық мәтіндер бар.

Екіншіден, фольклорлық  туындылардың табиғаты ескерілмей, оларға жазба әдебиет шығармаларына  қолданылатын талаптар қойылып, сол  өлшеммен баға берілді. Осының нәтижесінде, кейбір фольклорлық шығармалардың  эстетикалық құндылығы шамалы, көркемдігі төмен деген қорытынды жасалып, олар ғылыми айналымнан мүлде шығарылып тасталды.

Үшіншіден, жарияланған  мәтіндердің көбісі саяси-идеяологиялық, қатаң цензуралық бақылаудың салдарынан әдейі жасалған қасақана мәтіндік қысқарту мен редакциялық түзетуге ұшырады. Бірсыпыра фольклорлық шығармалардың мәтіндері ішінара бұрмаланса, кейбіреулерінің сөздері, тіпті тұтас сөйлемдері мен шумақтары ауыстырылып, өрескел өзгертулермен жарыққа шықты. Баспа редакторлары, әдетте, мәтінге көркем өңдеулер де жасап отырған.

Төртіншіден, М.О. Әуезов атындағы ӘӨИ мен БҒМ ОҒК қорларында Қазан төңкерісіне дейін араб әрпінде басылып шыққан кітаптар мен араб әрпінде жазылған қолжазбалардың мол қоры сақталған. Олар жоғарыда айтылған себептермен жарияланбады да зерттелмеді.

Демек, қазіргі таңда  біз де фольклорымыздың көлемі туралы, жанрлық, көркемдік-эстетикалық, тақырыптық-сюжеттік байлығы жөнінде, ақпараттық-дерекнамалық сипаты жөнінде әлі толық, жан-жақты  түсінік жоқ.

Сондықтан басылымның басты  мақсаты – халықтың рухани мұрасын сол күйінде өзіне қайтару, яғни қолда бар фольклорлық материалдарды түгел жарыққа шығару деп табылды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін:

1) Қолжазба қорларында  сақталған фольклорлық мәтіндер  жарияланады. Оның құрамында:  а) Қазан төңкерісіне дейін  кітап болып басылған шығармалар; ә) қолжазба күйінде жеткен материалдар; б) кеңес дәуірінде саяси-идеологиялық бақылауға алынып, «цензура сүзгісімен» жарияланған мәтіндер; в) әртүрлі себептермен жариялануына тыйым салынып, осы күнге дейін ғылыми айналымға түспеген шығармалар бар;

2) Фольклорлық шығармалардың  мәтіні бүгінге қандай күйде  жетсе, олар сол қалпында жарияланады.  Жинақ 25 томды құрайтын дастандық  эпос үлгілерінен басталады. «Дастандық  эпос» термині жаңа қалыптасқан  түсінік екенін айта кеткен  жөн. Өткен ғасырдың 90-жылдарының соңында ұлттық фольклорымыздың ішінде көлемі жағынан ауқымды, көпқабатты, мазмұны жағынан әр алуан, ең бастысы оқырмандарға мүлдем таныс емес әрі зерттелмеген шығармалар бар екендігі дәлелденді. Бұл шығармалар тұтастай алғанда, ауыз әдебиеті шеңберінде туындап, қазақ фольклоры жанрларының қатарынан орын алғанымен, өзінің тақырыптық, сюжеттік, идеялық, образдық жүйесі, көркемдік-композициялық ерекшеліктерімен бізге белгілі дәстүрлі батырлық, романдық және тарихи эпостардан өзгешеленеді. Осы шығармалардың табиғатын, ерекшелігін зерттегенде олардың дастан жанрына жататындығы анықталды [10, 275].

Дастандық эпостың құрамында  діни, хикаялық, романдық, қаһармандық  дастандардың бар екені анықталды. Алғашында бұл дастандар 10-12 томды  құрайды деп жоспарланғанымен, іздестіру жұмыстарының нәтижесі күткендегіден де асып түсті. Жинақтың алғашқы 16 томына хикаялық және діни мазмұндағы 74 шығарма енді. Олардың бәрінің дерлік сюжеттері шығыстың фольклорымен, әдебиетімен сабақтас.

Дайындалған томдарға енген шығармаларға жасалған ғылыми сараптамалар кейбір дастандық шығармалардың сюжеттері, тақырыптары, идеялық-дүниетанымдық принциптері турасында көне және орта ғасырлық түркі әдебиетінің белгілі жәдігерлерімен үндестігін анықтады. Бұл орайда «Қубас» дастанының (В.В. Радловтың «Оңтүстік Сібір мен Жоңғар даласын мекендейтін түркі тайпаларының ауыз әдебиет үлгілері» атты белгілі еңбегінің 3-томында жарияланған. ІІІ бөлім. – С-Петербург, 1870) 1370 жылы Хұсам Кәтиб жазған «Жұмжұма сұлтан» поэмасымен ұқсастығын айтсақ та жеткілікті.

Жоғарыда аталғандар, әсіресе дастандық эпостың кітаби үлгілеріне байланысты. Себебі, онда кездесетін көнетүркілік лексемалар (мысалы, тіріклік, инану) Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» [ІХ ғ.], Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғатит түрік» [ХІ ғ.] сынды поэмаларында да көрініс табады.

Мұның барлығы түптеп келгенде, типологиялық ұқсастық пен  өзара байланысты, өткен дәуірлердегі қазақтың көркемдік шығармашылығындағы орын алған құбылыстар мен фактілердің  өзара қатынасын айғақтайды.

Аталмыш серияның томдары жанр бойынша топтастырылады. Белгілі бір жанрға жататын шығармалар бір томнан асып жатқан жағдайда олар бірін-бірі жалғастырып отыратын бірнеше томға жинақталады. Бірнеше том құрайтын тізбектің алғашқы томы жарияланып отырған шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін сипаттайтын кіріспе мақаламен, ал әрбір том ғылыми қосымшалармен толығып отырады. Ғылыми қосымшалар томға енген мәтіндерге жазылған түсініктемелерді және олардың табылған варианттары жөнінде мәліметтерді қамтиды. Сондай-ақ, бұған сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер, дастанның жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы деректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған түйін кіреді.

Осы уақытқа дейін халық шығармашылығының барлық жанрларын қамтитын тұтас серия ешбір халықтың мәдени тарихында болған емес. Әдетте, түрлі халықтардың ауыз әдебиетіндегі сериялар жеке жанрларға тиесілі шығармаларды жариялаумен шектеледі: бұл көбінесе, ертегілер немесе эпикалық шығармалар және т.с.с. Сондықтан «Бабалар сөзі» сериясы түркі халықтары арасында ғана емес, әлемдік фольклортану тарихындағы осы мақсатқа арналған алғашқы талпыныстың бірі болмақшы.

Бабаларымыз ұрпағына қалдырар асыл мұрасын көзге көрінер материалдық дүниеге емес, рухани қазынасын көкірегі мен көмейіне сақтап келді. Қазақтың әлі сыры ашылмаған, бәлкім, 200, тіпті, керек десеңіз 1000 томға татитын аса бай ауызша тарих айту дәстүрі, қайталанбас фольклорлық мұрасы әлемнің ешбір халқында жоқ шығар. Қазақтың еуропалықтардан өзгешелігі материалдық ескерткіштерден гөрі, теңдессіз рухани қазынаны ұрпағына аманат етіп қалдырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. «МӘДЕНИ  МҰРА» ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

 

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы

 

«Мәдени мұра» мәселесі бүгінгі мәдениет теориясының өзекті мәселесінің бірі болып саналады. Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау «мәдени мұра» ұғымының түп-тамырының тереңде жатқанын, оның «мирасқорлық», «мұрагерлік» ұғымдарымен тереңде жатқанын, оның «мирасқорлық», «мұрагерлік» ұғымдарымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Біз осыны ескере отырып, философтар (Аристотель, әл-Фараби, Гегель және т.б.) мен мәдениеттанушылардың (Н.Я.Данилевский, О.Шпенглер, Арнольд Дж.Тойнби, А.Сперкен, И.В.Суханов және т.б.) ой-тұжырымдамаларын негізге аламыз.

Әлбетте, тарихи «мирасқорлық» ұғымы «мәдени мұра» ұғымымен өзара тығыз байланысты. Ол, өз кезегінде «мұрагерлік» ұғымына алып келеді. Мұрагерлік әрбір келесі ұрпаққа өткеннің дамуының нәтижесі ретінде мирасқорлықтың тұрақты түйіні болады. Әйтсе де олардың әрбірінің өзіне тән ерекшеліктері бар екендігін ескеру қажет. Олардың ерекшеліктері, біріншіден, мирасқорлық жалпы философиялық категория және «...қоғамдық, сондай-ақ, жаратылыстану ғылымдары үшін әдіснамалық маңызы бар. Мәдени мұра категориясы мәдениет саласында болатын процесте өзінің көлеміне қарай тек үйлестіруші ғана болады. Екіншіден, мирасқорлық ұғымы құбылыстардың обьективтік байланысын білдірсе, онда «мұра» мирасқорлықтың заңдылықтарын теориялық тұрғыдан ұғыну және өткен ұрпақтан қалған мәдени құндылықтарды, оларды шығармашылықпен пайдалануда сыни бағалау тұрғысынан ұғыну әрекеті». Сондықтан «мәдени мұра» ұғымы мәдениет саласында «мирасқорлық» ұғымын нақтылайды, сол салада мирасқорлықтың бірінші нәтижесі, былайша айтқанда, қабылдауға, ұғынуға, пайдалануға, мұрагерлікке «материалы» болады [11].

Ғылыми әдебиеттерде «мәдени мұра» мәселесіне қатысты  көптеген зерттеу жұмыстары бар. соған қарамастан, бұл ұғымға берілген бірегей анықтама жоқ. Олардың басым көпшілігі «мәдени мұраны» қоғамның дамуындағы адамдардың жасаған құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырады. Әрине, бұл көзқараспен келісуге болады. Мұндай жалпылама берілген анықтама зерттеліп отырған обьектілердің бірігуіне мүмкіндік береді. Олардың негізін адамдардың іс-әрекеті құрайды. Әйтсе де, бұл анықтаманы жетілген анықтама деп қабылдауға болмайды. Өйткені, біріншіден, құндылықтар жиынтығы ретінде мәдени мұраны анықтауда, мәдени құндылықтарды дұрыс ажыратуда дұрыс түсінік болмай қалады. Яғни адамдар әрекетінің қандай нәтижесін мәдениеттің жетістігі ретінде сипаттауға болады деген мағынада. Екіншіден, бұл мәдениет феномендерінің мұраға қатысын анықтап алу қажет. Ол үшін мәдени мұраны қазіргі мәдениеттен ажырата білген жөн [12, 36].

Тарихи тұрғыдан алсақ, біріншіден, түркі тілдес халықтардың  шығу және қалыптасуы туралы мәліметтер әрқалай, уақыт пен кеңістік бойынша  бір-біріне үйлесе бермейтінін алдымен  тарихшылардың өздері қадап айтып  жүр. Екіншіден, қазақтың шығу тегіне, әлеуметтік болмысына және этностық құрамына келсек, мұнда да алып-қашты пікірлер толастамайды. Қазақтың тарихы дегенде ру-тайпалар бірлестігі мен қатынастарға жиі жүгінушілік, сілтеме жасаушылық қалыптасқан. Ал тарихымызда тайпа мен тайпалар арасында қандай қарым-қатынастар болды және олар қазақ халқының қалыптасуына қандай ықпал етті деген ашық сұрақ тілге оралады. Ру-тайпа мен тайпалық қатынастар тектес ұғымдар, бірақ тарихтағы, оның үстіне, қазақ тағдырындағы олардың әлеуметтік-мәдени орны бірдей болмағанын кім жоққа шығарады немесе жасыра алады. Әлеуметтік тарих пен ұғымдық бұлыңғырлықтан қазақтың ру-тайпалық шежіресі жасалмай жүр-ау деген күдікте ойдан кетпейді. Үшіншіден, қазақ тарихы мен мәдениетін сөз етсек, көшпенділер болмысымен шектейміз, сонымен өлшейміз. Мұнда екі маңызды жағдайдың астары ашыла бермейді. Еуразиялық кеністіктегі көшпенділік ерекшелігі тарихи кезеңдермен толығырақ салыстыра ескерілмей, номадалық феноменалдық ұғымдардың деңгейінде сипатталынады. Оның үстіне, қалалық және жартылай отырықшылық өркениетінің тарихи мағынасы сөз жүзінде тиіп-қашып айтылса да, оның мәдени-әлеуметтік маңызы мардымды түрде, тарихи шындыққа лайықты көрсетілмейді. Ұмытылған мұра сұраусыз қалып қоюда, тарихымыз жасанды түрде «жүдетілуде». Төртіншіден, тарихымыздың тереңдігін археологиялық жаңалықтар да, тіліміздің эволюциялық түп-тамыры да ашып беруде. Көші-қонды тайпалар, арқайым дәуіріндегі (б.д.д. 3 мыңдық кез) [13] және «Жібек жолы» бойында біздің ата тегіміз көптеген бөгде тайпалармен сауда-саттық, тілдік, түрлі тұрмыстық қатынастарда болғаны даусыз. Тілдік қатынаста, тіл мәдениетінің алмасуында қай жақ – сырттан келгендер ме, әлде «жергілікті» ру-тайпалар басым ықпал етті ме екен? «Тісіміз өтпей, дәлеліміз жетпей» жатқан жай. Тілдің көне сабақтастығы туралы Олжас Сүлейменов сияқты сындарлы ізденушілер ой тастады, жол ашты. Бірақ тың бастама жалғасын таба алмауда. Сонымен мамандар үшін тоқырау немесе бей-жай кезең келгендей, үнсіздік орнады.

Тіл халықтың менталитетіне  жатады. Тілі  арқылы кез келген халықтың даму дәрежесін, оның тарихын, мәдениетін түсінуге болады. Сондықтан да әрбір халық алдымен өз тілінің тазалығын сақтауға тырысады. Тілсіз бірде-бір халық та, жеке адам да жоқ. Тіл арқылы ел бірімен-бірі араласады, түсініседі. Барлық түсініспеу тіл жетпегендіктен  болады. Тілі байдың  ойы бай. Өйткені тіл ойдың көрінісі, заттандырылған түрі. Белгілі бір зат, не    құбылыс    түрі, әрекеті,    бейнесі    берілмейтін, олардан аулақ, тек таза, былайша айтқанда тілмен сомдалмаған ой болмайды. Әрине, тілдің даму дәрежесі барлық халықтарда  бірдей  емес. Тіл әр халықта әр түрлі дәрежеде дамыған. Ол оның тарихына, өндіріс тәсіліне, шаруашылығына, рухани өміріне, басқа елдермен қарым-қатынасына, алыс-берісіне байланысты. Олай болса, еш бір басқа елдің тілі, тұрмысы, әдет-ғұрпы араласпаған, таза бір ғана тіл болуы мүмкін емес. Олай болса тіл араласуы заңды құбылыс. Ал енді сол тілдерді орынсыз қолданатын болса, ол тіл шұбарлығын тудырады, халықтың менталитетін бұзады. Сондықтан, әрбір халық, өз тілінің тазалығын сақтауға тырысады. Халық шет елдің тілін тек қажеттігіне, өзінде жоқ болуына байланысты пайдаланғаны жөн. Өкінішке орай, кейде бір құбылыстың өз тілінде баламасы бола тұра, шет елдік сөздерді қолданады. Бұл қазіргі заманның көрінісі болса керек. Қоммуникация күшейген  сайын әрбір елдің тілінде интернационалдық тілдердің ара салмағы көбейе бастайды. Бұл бір халықпен бір халықтың түсінуін жеңілдетеді. Басқа елдің тілін үйренуді оңайлатады, тездетеді. Дегенмен әлемде ұлттар мен ұлыстар бар болған соң, оның өзіндік сипаты, әдет-ғұрып, тілі болады. Мәселе соны сақтап, дамыта білуде. Өз ұлтының тілін, музыкасын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиетін, мақал-мәтелдерін білмеу, ол өз хал-қынан, өскен ортасынан, ұлттың менталитетінен жұрдай болып, қол үзу болып табылады. Өзінің халқымен рухани байланысы жоқ адам, ол тамырсыз өскен өсімдік сияқты, қуыс кеуде болып қалады. Ондай адамды космополит деп те атайды. Өзінің тілін, мәдениетін білмейтін адам өз халқының тарихын, әдет-ғұрпын мақтан ете алмайды. Сондықтан, әрбір адам өз халқының тек түр сипаты жағынан ғана уәкілі  болмай, ол өз халкының рухымен сомдалған болуы керек. Әз халқының уәкілі болу, оның сүтімен сусындалған болу қажет. Ұлттық менталитет оның жүріс-тұрысынан, ойлау жүйесінен, дүниені рухани бейімдеп, көз алдына елестетуден т.б. айкындалады. Сондай-ақ,  сөйлеу  мәнерінде де ұлттық ерекшелік көрініп тұрады. Мәселен, әлемге аты әйгілі Шыңғыс Айтматов пен атағы жайылған ақын Олжас Сулейменовты алайық. Ол екеуі де шығармаларын орыс тілінде жазады. Бірақ оларды, ешкім орыс жазушысы, не акыны демейді. Өйткені олардың ойлау жүйесі, өмірді керкемдеп сүреттеуі, окиғаны сомдап беруі бәрі өз ұлттарының негізінде жасалады. Бірін қырғыз жазушысы десе, екіншісін қазақ ақыны дейді.  Олар  басқаша  бола алмайды. Шығармаларының  нәрі де  сонда. Егер басқа боламын десе, барлық шығармашылық күшінен айрылады. Мәселен, «Қызыл алма», немесе «Қызыл орманды бәйтерегім менің» (Ш. Айтматов), «Саз кітап»   («Киіз  кітаптың» бір түрі) (О. Сүлейменов) деп шығармаларына ат қою, ол тек біздерге тән ойлау жүйесі.

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас