Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Ғасырлар қойнауынан жалғасып келе жатқан рухани дүниемізді  түгендеуге бастау болып, серпіліс берген «Мәдени мұра» бағдарламасының  бірінші кезеңі қорытындыланып, екінші кезең іс-шаралары айқындалды. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы жаһандану мен Батысқа еліктеу процесінің қарқындауы жағдайында жүзеге асуда, дейтұрғанмен, ол егемен еліміздің қазіргі қазақстандық қоғамның мәдени бірегейлігін нығайтуға негізделген.  Қай қоғам, қай заманда болмасын, Отаншылдықтың бастауы деп-тарих пен мәдениет деп білген. Ал аталмыш  мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі жасалған қорытынды, халқымыздың тарихына байланысты мәдени мұрамызды сақтау, нысандарды қайта жаңғырту, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлерімізбен мұрағаттарды жинақтау, жалпылай алғанда, жақсы жемісін берген сығайлы. Тарихи-мәдени мұраларымызды жаңғырту-қазіргі егемен елімізде, жаңа буын қалыптастырып жатқан заманда ерекше маңызды болып отырған шаруа.

Соның нәтижесінде, Еуразия  кеңістігіне аттылы көшпелілердің шығуы секілді тарихтың іргелі оқиғасы және бұл оқиғаның «өзекті дәуірінің» - әлемдік діндердің пайда болуы, «дала» өркениетінің, қазақ хандығының жарқын да қасіретті тағдыры, Ұлы Жібек жолының бойындағы халықтардың пайда болуы, өркендеуі, семуі және жаңа өмірі, отарлау, империя құрамында болу, егемен мемлекет ретінде болашаққа жол іздеу кезеңінің рухани ахуалына ықпалы назарға ілікті. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық сана-сезім мен біртектіліктің қалыптасуымен, нығаюымен байланысты сұраныстарға жауап болды. Жаһандану дәуірінде тарихи–мәдени мұра өзін-өзі біртектілендірудің негізі. Оны сақтамасақ, біз жаһандану үстіндегі әлемде тағы да жоғалып кетуге жол саламыз. Біздің ортамызда мемлекеттілік дәстүрлерін бір жарым ғасырлық кол үзіп қалу тұр, сол себепті біздің халқымыз өзін тарихта әрекетшіл тұлға деп қабылдауды үйренуі керек. Бірақ уақыт ағымы толастамақ емес, сондықтан, ұлттық құндылықтарымызды, тарихи-мәдени ескерткіштерді, ұрпақтар сабақтастығымен, бүгінгімен жалғастырмасақ, рухани өрлеуге жету мүмкін емес. Ал бүгінгі Қазақстан үшін мәдени мұраларды шығармашылықпен тереңдете сараптай отырып, түбінде оның бұрынғыдан да гөрі дамыта түсу көзделеді, яғни, профессор, Т.Х. Ғабитов, айтқандай, мәдени құндылықтар  халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, ол қауым мен жеке адамның рухани ізденісі де, халықтың даналығы мен адамгершілік нышаны да, яғни, адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік бостандығы мен діни санасы,  философиялық жүйелерімен рәміз-таңбалы өсиеттері, өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты-осының бәрі де мәдениетпен біте қайнасқан [5].

Мәдени мұраны игеру-халықтың тарихи жадының негізі, онсыз шынайы патриотизм болмайды. Тарихи мәңгүрттіктің  осынау екпінін ескеру жеткіншек  ұрпақты тәрбиелеу үшін айрықша маңызды және біз оны сақтауға, қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарына жеткізуге тиіспіз.  Мәдени жәдігерлерімізді, мәдени құндылықтарымызды қайта жаңғырту арқылы жаңа буынды түзеу, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, бүгінгі күндегі дау тудырмайтын басты мәселелердің бірі. Қай заманда, қай мемелекет болмасын өзінің тағдырын, дамуын келешек ұрпақпен байланыстыратыны кәміл баршамызға да белгілі. Дегенмен, қоғам болмысы өзгеріп, жаңа нарыққа көшеміз деп әлек болып жатқан заманада балалар тәрбиесі жайына әлсіреді, азамат соғысы кезіндегідей көше балалары көбейді. Күнделікті өмірде зорлық–зомбылық, кісі өлтіру, кеңінен насихатталып, етек жаюда. Балалар психикасы көз алдымызда бүлінуде, наркомандар көбеюде. Әлбетте, әрбір отбасы, мектеп,  қоғам балаларды тұлға, азамат етіп тәрбиелесе ғана еліміздің болашағы болады. Әрбір перзентіміз құлқынның құлы болмай, Отанның ұлы болса қандай бақыт! Сондықтан ертеңгі жас ұрпақ алдындағы басты міндетіміз, ол атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде ғасырлар қойнауынан, ғасырлар бойы беріліп келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтап, ертеңгі ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп, әлемдік кеңістікте қазақ мәдениетінің өзіндік қолтаңбасы болуын зерделеу басты міндеттеріміздің бірі деп санаймыз.

Ендеше, тіл, тарих, әдебиет-ұлттың жаны мен қаны, рухани болмысы. Тіл дамып, әдеби тілге айналған тұста, шығыстанушы академик Н.И. Конрад айтқандай, жаңа этнос қалыптасып биік тұғырға қанады. Тек тіл, тарих, әдебиет бірігіп-кірігіп, тұтас бір рухани материк болып ұлттық болмысты тудырады.  Бұны қай қоғам, қай заман болмасын Қазақстан Республикасында тұратын әр азаматқа, әр ұлт өкіліне жеткізу отаншылдықтың бастауы деп білемін.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық Кеңестің  Кеңейтілген отырысында: «Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алуы үшін, өзінің қазба байлығымен қатар, жазба байлығын да, яғни, мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін-тоқ етерін айтқанда, рухани әлеуетін күллі адамзатқа жарқыра көрсетіп, елімізді айдай әлемге паш ете білуі керек, әсіресе, тарих пен мәдениет ескерткіштерін туризм инфрақұрылымына айналдырудың қажеттігін баса айтып, "Баяғыдай, биыл қаржы бөліп, сылап сипағанымен, келесі жылы түсіп қалып, жәдігерлеріміз қотыр тайдың кейпін кешпесін, жолдардан,  коммуникациялар мен елді-мекендерден шалғайда жатқан әрқилы қорымдарға қаржы шығындауды тоқтатқан жөн" деген сөзі жасалған іске дәл бағасын беріп, бір қайнауы жетпей жатқан тұсты дәл мегзеп берді. Сірә, бұл тіптен "біткен іске сыншы көптігінің" емес, тарихи ескерткіштерге шет елдіктердің назарын аударып, кемел тарихымыздың бар екеніне көз жеткізетін кесек жәдігерлерімізді таныту әлі жанданбай тұрғаны рас. Тіпті, оны шет елдіктер байқамай тұрмақ, өз халқымыздың  жете білмейтіндігі жасырын емес. Қазақты отаршылдық, тоталитарлық тәртіп пен қазіргі өтпелі қоғам қиындықтары қатты шайқалтқаны белгілі. Сол себептен сұрыпталған дәстүрлі құндылықтарды, тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңғырту қазақ мәдениетінің үшінші мыңжылдықта аяқ басқанындағы киелі міндеттерінің бірі болып отыр.

 Жалпы, Қазақстан  Республикасының Президентінің  жарлығымен 1996ж. - «Отан тарихының  жылы», 1997ж. – «Жалпы ұлттық  келісім мен саяси репрессия  құрбандарын еске алу жылы», 1998ж.  – «Бірлік пен Ұрпақ жалғастырушы жылы», сол сияқты,  2004-2006ж. – «Мәдени мұра жылы» болса, соған байланысты Мәдениет және Ақпарат министрлігімен 2007-2009 жылдарға арналған салалық бағдарламалардың жасалынуы «Мәдени мұраның» жалғасы деп білеміз. Келесі зерттеуердің келесі үш жылдық кезеңінде қазақстандық қоғамды саналы жаңартудың мәдени-өркениеттік негіздерін жан-жақты терең және жүйелі зерттеуге ерекше назар аударылады.

Бүгiнде Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы археологияның, монументалдық  өнер мен архитектураның 35 мыңнан астам жылжымайтын ескерткiштердi қамтиды. Үлкендi-кiшiлi болса да, тарихи тамырымыздың тереңдiгiн бiлдiрiп,  бабаларымыздың  байырғы өркениетiнiң белгiсiндей болған жәдiгерлердi сақтау үшiн де туризмдi дамытудың маңызы зор. Қазірдің   өзінде  Берел  қорғаны мен  Шығыс Қазақстан  облысындағы   Шілікті  қорғанынан тағы да екі Алтын адам, соңынан үшінші «Алтын адам» табылып отыр. Сол сияқты тарихи–мәдени мұраларымызды жаңғырту қазіргі егемен еліміздегі жаңа буын қалыптастырып жатқан көпірдің  бірі  екендігіне  көзіміз жетуде.

Мәдениет ешқашан да, тіпті, оған нақтылы қауіп төнбесе де, табиғатына жат Әлемді қабылдамайды.  Өйткені, мәдениетті жоғалту-ұлтты жоғалтумен бірдей. Жер, су, территория тірі адамдар  сақталғанымен, олар осы ұлтты басқалардан  ажырататын белгілі мәдениеттің, дәстүрлердің, өмірлік салттың бай рухани қазынаның мұрагерлері бола алмаса, ұлт ыдырайды. Жалпы бүгінгі күні мәдени мұраның мәдениеттанулық мәселе ретінде дамуында бір-біріне қарама-қарсылық екі процесс өрбуде. Бір жағынан ұлттық сана-сезім оянып, рухани өмірді қайта түлетуге, мәдени қазыналарды жаңартуға ынта-ықылас өсуде. Екінші жағынан, пайдакүнемдік, мансапқорлық, дүниеқоңыздық, бір сөзбен айтқанда, жалпыадамзаттық құндылықтардың арзандауы, зорлық-зомбылықты   насихаттау мәдени құлдырауға әкеледі. Бұл жағымсыз үрдістің күш алып келе жатқаны жұртшылықты алаңдатып отыр. Мысалы, африкалық ойшылдар өз   халықтарын     индустриялық-техникалық қызметке қатыстыру,      ғылым    мен  техникаға көзқарасының  өзгеруін  баса айтса да, қоғамның қайта жаңаруының негізін, оның бірлігі мен ынтымағын арттыратын      күшті    көне мәдени мұрадан іздейді. Қоғамның табиғи ұлттық мәні, өмірге қажетті       игіліктер-дәстүрлілік, дербестіктің көзі-еуропа мәдени үстемдігінен арылу болып есептелінеді.

Мәдени мұраның қайта өркендеуі, оның тарихи аясының кеңеюі мәдениет үшін зор маңызды, ол ұлт қабілеттері  мен рухани күштің жеткіліктілігін  көрсетеді. Ұлттың рухани мұралары мен  дәстүрлерін, қаһармандық ерлік  салтын қастерлеу-ұлттық идеяның басты  көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігін нығайтады. Қазақты отаршылдық, тоталитарлық тәртіп пен қазіргі өтпелі қоғам қиындықтары болғаны рас, сол себепті, дәстүрлі құндылықтарды, тарихи ескерткіштерді жаңғырту қазақ мәдениетінің басты міндеттерінің бірі екендігін, өкінішке орай, білмейтіндер де кездесіп жататындығын жасырмаймыз. Соның нәтижесінде «Мен – Сен» әлемі – құндылықтар әлемі, өйткені, құндылық қос сананың кездесуінен туындайды» деп Құлсариева Ақтолқынның да көрсетіп кетуі де  сол  кемшіліктің орнын  аз да болса толтырғандай болады.

 «Мәдени мұра» бағдарламасының  халықты серпілтіп, жер–жерде  үлкен қозғау салғаны, осы бағытта  облыстарда игілікті шаралардың  атқарылып жатқандығы қуантады. Бұл бастама еліміздің рухани  түлеуінің басы деп ойлаймын және «Мәдени мұра» бағдарламасы ел тарихында, ұлттық тағдырымызда айрықша орын алатын, ел, халық рухының көтеріліп, ұлт жадының жаңғыруына септігін тигізетін  құбылыстардың біріне айналғаны ақиқат. Әлбетте, Ақиқатқа барар жол әр уақытта соқпақты да, «тар жол тайғақ кешу» болып келетіні де ескеріледі. Дегенмен, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, еліміздің ұлттық құндылықтарын жетілдіру мен халқымыздың дәстүрін жалғастыруға қолдау көрсетуде жаңа бағыттар мен үлкен міндеттер тұр.

Қазақстанның қарқынды экономикалық және әлеуметтік прогресс негізінде қоғам өмірінің барлық салаларының байланысын жүйелі түрде  қарастыру көзделген. Қазақстан  Республикасының Президенті өзінің Қазақстан халқына жолдауында «ерікті  экономика мен ерікті ұлтқа алға ұмтылуының «стратегиялық үлгісін көрсетті, ал оның құрылымдық құрамы «рухани даму және конфессия аралық ынтымақтастық» болып табылады, бұл туралы жолдаудың осындай атаумен аталынатын тармақшасында көрсетілген.

Осылай мемлекет пен  қоғаммен қолдау табатын мәдени саясаттың негізгі белгілері мен мәдениеттің беделді салалары белгіленді. Ұсынылатын «мәдениетті мемлекет тарапынан қолдаудың біртұтас бағдарламасын» жасау біздің қоғамымыздың экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларының өзгеруінің жүйелі көрінісінің және мемлекеттің саясатының құрамдас бөлігі ретінде мәдени саясатты қалыптастыруының дәлелі.

Бұл белгіленген мәдени саясаттың басты міндеті –  гуманизм, азаматтық қоғам, демократия құндылықтарын орнату мақсатында Қазақстан  халықтарының плюралистік қауымдастығын біріктіретін стратегиялық нышандарын қалыптастыруға жәрдем ету. Басқаша айтқанда, мейірімділік, жоғары руханилық, шығармашылық үстемдік ететін бебітшілікте өмір сүргісі келетіндерге қоғамның өзі талап етіп отырған идеяларды жүзеге асыру және алға тартуға бағытталған мәдени саясаттың ролін түсіну осыдан көрінеді. Мәдени саясат – бұл қосалқы емес, керісінше, мемлекет пен қоғам саясатының басты құрамдас бөлігінің бірі екенін түсіну Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген көптеген инновациялық процестерге оң септігін тигізеді.

Қазіргі реформалардың  барысы көбінесе тек экономикамен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-мәдени жағдаймен, «менталдықпен», халықтардың  этномәдени дәстүрлерімен анықталады. Әйгілі әлеуметтанушы Ф.Фукуяма  экономикалық прогресс ішкі үйлесімділік үшін қоғамға деген «сыйлық» болып табылады, ал оның болмауы шаруашылықтың гүлденуіне кедергі келтіреді деп жазды. Футурологтың ойынша, «қазіргі таңда әртүрлі мәдениеттерді әрқилы ететін не нәрсе және олардың қызмет атқаруының негізін не құрайды, осыны терең түсінуді қалыптастыру өмірлік маңызды болды, - өйткені жаһандық бәсекенің проблемалары саяси, сондай-ақ, экономикалық болсын, мәдениет терминдерінде жиі қолданылатын болды» [6, 18]. Нағыз ұлт пен қоғамның мәдениеті бұл жаһандық бәсекеде табысты анықтайды.

Бұл мәселелерді шешудегі маңызды бастама Президент пен  үкіметпен ұсынылған «Мәдени  мұра» мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Өзінің мақсаттары мен міндеттерін дұрыс жүзеге асырса, өзінің жемісін беруі керек. Бұл бағдарламаның бір бөлімі әлемдік философиялық және әлеуметтік-гуманитарлық ойдың қазақ тіліне аударылуы болып табылады. Бағдарламаның бұл бөлімінің жүзеге асуы білім, ғылым және мәдениет саласында мемлекеттік тілдің жағдайын күшейтеді, екіншіден, мәдениет аралық сұхбат кеңістігінің шегін кеңейтуге және нығайтуға көмектеседі.

Сонымен қатар басқа  да теоретикалық және практикалық мәселелер шешілуде: ең алдымен, ғылыми және философиялық әдебиетті аудару процесіне ғалымдар мен кәсіби аудармашылар ортасынан адамдардың үлкен тобын тарту қазақ тілінің лексикалық қорын, оның ұғымдарын халықаралық әмбебап қолданыстағы жаңа терминдермен, сондай-ақ, қазақ тілінің өзіндегі көптеген аз қолданылатын ұғымдар қорын жаңартады. Осының бәрі тағы да қазақ тілі рационалдық білім мен ғылым тілі ретінде мәртебесін анықтайды, өйткені қазіргі уақытқа дейін қазақ тілі тек күнделікті және әдеби-көркем жағынан бай деген пікірлер айтылып жүр.

Сондай-ақ ғылыми және университеттік ортадан жастарды бұл салаға тарта  отырып, аудармашылық іске қызығушылықты кеңейтетін өзіндік аудармашылық институцияны қалыптастыру үрдісі пайда болады. Осындай іс-әрекет қазақ тілінің жоғары білім мен ғылым саласында ролін күшейтуге мүмкіндік туғызады, оған деген үлкен сұраныс пен оның беделін қолдауда қызығушылықты тудырады. Бұл «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы тілге қатысты мәселелер.

Мәдени аралық сұхбат орнатудағы бұл бағдарламаның ролі қазақ тіліне аударылатын әлемдік  философиялық, мәдениеттанушылық және әлеуметтік-гуманитарлық классиканың материалы – бұл тек қана ғылымның бұл салаларындағы білімді меңгеру мен үйрену үшін қолдағы материал ғана емес, сондай-ақ, оқырманның нақты ойлау және сыни рефлексиясын талап етеді. Осылай қазақстандық әлеуметтік-гуманитарлық ғылым өзінің методологиялық негізін жасауда қосымша көмек алады, проблемалық сұрақтар мен зерттеу тақырыптарының шеңберін кеңейтеді, өзінің аналитикалық қорын байытады. Қазіргі кездің қажеттіліктеріне көзқарас, сондай-ақ, біздің білім, ғылым және мәдениет болашағын көре білу – бұл жобаның негізгі принципі.

«Мәдени мұра» мемлекеттік  бағдарламасының осы бөлімін  жүзеге асыру шеңберінде қалыптасқан  мәдениеттанушылық бөлімінің жұмысын  мысал ретінде көрсетуге болады. Республиканың алдыңғы қатарлы  мәдениеттанушылар қатарынан тұратын  жұмысшы тобы он томдық «Әлемдік мәдениеттанушылық ой» антологиясының концепциясын жасады және оны сараптау мен жүзеге асыруда қажетті шаралар жасады.

Бұл серияның аударылатын  материалды іріктеуде құрастырушылар әртүрлі стратегиялық және тактикалық принциптер мен әдістерге сүйенді. Ең алдымен, отандық ғылым үшін маңызы зор әйгілі ғылыми мектептердің өкілдері мен ірі ғалымдармен зерттелген мәдениетті зерттеудің теория мен методологияның негізгі проблемаларын қамту міндеті қойылды. Мысалы, қазақ мәдениетіндегі дәстүр мәселесі бізге белгілі қазіргі таңда тек ғылымда ғана емес, сонымен қатар қоғамдық санада да кең талқыланады. Сондықтан «Дәстүр: ұғым және әдіс» томының құрастырушылары дәстүр ұғымын, дәстүрлі мәдениет пен өркениет, қазіргі қоғамның дәстүрі мен мәдениетінің қарым-қатынасын қарастырған, сонымен қатар әлемдік діни жүйелердің мәдени дәстүрлерін зерттеу үрдісіндегі руханилықты ұғынуға арналған еңбектер жазған әйгілі ғалымдардың еңбектерін енгізуді қажет деп тапты.

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас