Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ­ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Философия және Саясаттану факультеті

 

 

 

Философия тарихы және Мәдениеттану тарихы кафедрасы

 

 

 

 

Дипломдық жұмысы

 

 

МӘДЕНИ МҰРАДАҒЫ ҚАЗАҚТАНУ МӘДЕНИЕТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

Мазмұны

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ  СИПАТЫ МЕН МӘНІ

 

1.1. «Мәдени мұраның»  маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6

1.2. «Мәдени мұраның»  қазақтың рухани келбетін танытудағы  ролі..............16

 

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

 

2.1. Қазақтану ілімін  қалыптастырудағы «мәдени мұраның»  маңызы...........24

2.2. Қазақтану қағидасының  өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

 

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді» [2, 32].

Қазірде түркі тектес халықтар құрған мемлекеттерде  мәдени мұраларды игеру мақсатында көптеген жемісті жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, 2004 жылдан бастау  алған Қазақстандағы  «Мәдени мұра» жобасының бүгінде жалғасын тауып, 2011жылға дейін ұзартылғаны мәлім.  Біздің бағдарлама  тек ТМД елдерінде ғана емес, сонымен қатар алыс шет елдерде де аса жоғары бағаланды. 2006 жылғы сәуірде Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде бағдарламаның тұсау кесері табысты өтті. Онда шет елдік сарапшылар оның бірегейлігін атап, оған жоғары баға берді.  «Жалпы алғанда, өткен төрт жылда 51 тарих және мәдениет ескерткіштерінде жаңғырту жұмыстары, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс, тұрақ пен қорғанда  археологиялық зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Дамаск қаласында әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесін және Қайыр қаласында Сұлтан Аз-Захир  Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту жөніндегі  жұмыстар басталып кетті. Маңызды жетістіктердің бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені сияқты  екі ғажап ескерткіш ЮНЕСКО-ның Дүние жүзілік мұралар тізіміне енді.  Сонымен қатар  218 нысан Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ұлттық мәдениет үшін айрықша маңызы бар, тарихи мәдени, сәулет және археология ескерткішінде 30 қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді».

«Мәдени мұраны» қазақтану  қағидасымен үйлестіру жобаның  екінші кезеңіне қатысты жұмыс болып  саналады. Бұл біздің ұлтымыз үшін өте қажетті. Себебі бабалардан қалған соншалықты мол мұраны жинап-теру бар да, оның сақтаудың, тиімді пайдаланудың да жолдарын іздестіру қажет. Бұл салада бір институт ретінде құрып, халық игілігіне пайдалану үшін қажетті Қазақтану идеясының арқалайтын жүгі орасан.

 

Зерттеудің  өзектілігі. Қандай да болмасын дәстүрлі адамзаттық құндылықтар қоғамның жаңару немесе жаһандану кезеңінде тиімді үйлестіру мен ұйымдастыру іс-шаралары нәтижесінде өзінің оңды нәтижелерін бере алады. Сонымен қатар, оның, яғни мәдени мұраның әлеуметтік капиталды қалыптастыру (мысалы жұмыспен қамтамасыз ету проблемасы), мәдени мұраларды сақтау және қорғау жобалары  мен іс-шаралар барысындағы  түрлі факторлардың өзара ықпалдастығы қоғамдық келісімді күшейтеді.

Жекелеген жергілікті қоғамдастықтар мәдени мұраларды пайдалану арқылы кедейлікті жоюға, жергілікті тұрғындарға  экономиканың жаңа кластерін  құруға, мәдени тұрмыстық қызмет пен өнімдер нарығын кеңейтуге, туризм мен мәдени саланың материалдық базасын нығайтуға мүмкіндік беретін  ұтымды әлеуметтік стратегияны жасай алады [3, 544]. 

Мәдени мұраның бір  жеткіліксіз зерттеліп келе жатқан мәселесі – мәдени мұраның теориялық  тұрғыда негізделген моделін  құру және оны мәдениет саласы бойынша  саясат ретінде қолдануды бөлу. Бір  сөзбен айтқанда, мәдени мұраны қазақтану қағидасының маңызды ұстыны ретінде қарастыру болып отыр.

Ендеше теориялық тұрғыда  әрі  қарай зерттеу барысында  мынадай міндеттер қойылады:

 –  қазіргі қоғамдағы  мәдени мұраны зерттеудің әдістемелік  моделін негіздеу;

 – трансформацияланған қоғамдағы мұра туралы мәдениет саласындағы саясаттың негіздемесін жасау; 

Бұл тұрғыда зерттеудің мына әдістері ұсынылады:

– құрылымдық-функционалдық  – өткендегі және қазіргі мәдени объектілердің маңызын анықтау;

– үрдістік-әлеуметтік –  мәдени уақыт барысында мәдени объектілер маңызының өзгеруін көрсету;

– салыстырмалы-мәдени (тарихи), өткендегі  объектілерді өзара салыстыру және олардың әлеуметтік-мәдени уақыт  пен кеңістіктегі маңыздылығын анықтау; Методологиялық мәселелеріне тоқталғанда  – «Мәдени мұра» бағдарламасының нәтижелерін  жоғары  оқу  орнының оқу бағдарламалары мен оқулықтарына  енгізу.

Сонымен қатар, мәдени мұраның принципиалды жаңа феномендерін зерттеуге тура келеді. Мысалы: ақпараттандыру желілеріндегі  виртуальдық процестердің мәдени мұра құндылықтарына ықпалы және оның тұрақты дамуындағы рөлі.

Тағы бір мәселе мәдени мұраға байланысты түсініктер, терминдер мен атауларды  нақтылау мәселесі де кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.

Қазақстан жағдайында қазіргі кезеңде, ұлттық сыйластықты, саяси тұрақтылықты қамтамасыз   ету мәдени мұра бағдарламасының аясында да басым мақсат-міндетке айналуы тиіс. Бұл тұрғыда қазақтардың көшпелі өркениеті және жалпы адамзаттық мәдениеті, салт-дәстүрлері мен рухани ұстанымдары жалпықазақстандық ділдің қалыптасуы мен дамуына әсер етіп отырғанын ескеру керек. Осыған байланысты қазақстандық азаматтардың тұтас әлеумет мәдениеті салт-дәстүрлері және басқа да құндылықтары саяси жаңарудағы мәдени ұстанымдарының өзгеруіне әсерін зерттеу алға қойылады.  

Зерттеудің мақсаты мен  міндеті. Дипломдық жұмыста алдымызда келесідегідей мақсаттар мен міндеттерді қойып отырмыз.

- «Мәдени мұра» ұғымының  Қазақстан қоғамы үшін маңызын,  алар орнын, артықшылықтарын,  осы салада атқарылған істердің  сипатын талдап көрсету;

- «Мәдени мұра» бойынша  ұлттық ұстынымызды қалыптастырудың  қажеттілігіне, оның жолдарына,  осы бағытты атқарылар істерге  тоқталу; 

- «Мәдени мұра» мен  «қазақтану» идеясының үйлесімін,  ата-бабалардан қалған мұраларды  сақтаудың, кеңінен насихаттаудың,  ұлттық болмысымызға ендірудің тиімді жолдары ретінде талдау;

- «Қазақтан» қағидасының  негізінде мәдени-рухани мұраларымызды  ұрпақтарға жеткізу, ұрпақ тәрбиелеу  ісінде кәдеге асырудың жолдарын  іздестіру; 

 

Зерттеудің  дерек көздері. «Мәдени мұра» туралы көптеген ғалымдар пікір білдіріп, оның феномендік сипатын талдап-талқылап еңбектерінде осы мәселені тереңірек талдап келеді. Олардың санатында Ғ.Есім, Т.Ғабитов, Ж.Молдабеков сынды ғалымдар бар. Ал «Қазақтану» идеясы туралы көлемді монографиялар шығарып, оның ұғымын, салаларын алғаш анықтаған ғалым Ж.Молдабеков. Біз еңбегіміздің теориялық базасын жасақтау барысында осы аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйендік.

 

Зерттеудің  теориялық және практикалық маңызы. Дипломдық жұмыста айтылған ойларды, қағидаларды, негізгі ойларды мәдениеттану, философия, мәдени антропология, мәдени саясат пәндеріне қолдануға болады.

 

Зерттеудің  құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

 

1.1. «Мәдени  мұраның» маңызы мен Қазақстан  өркениетінде алатын орны

 

 «Мәдени мұра» ұғымының  көп анықтамасы бар, себебі  «мәдениет» термині көп мағынаны  қамтиды. Сондықтан «Мәдени мұра»  аясына адамзат өмірінің көріністері  – саз өнері, бейнелеу, сәулет өнері, ауызекі-поэтикалық, жазба әдебиет, философия кіреді. Шын мәнінде, мәдени мұра – бұл жады. Қоғам, мәдениет үшін әлеуметтік маңызды ақпаратты кез келген түрде, кез келген құрал арқылы сақталуы қажет. Халықтың өткен тарихи жолы оның әлеуметтік жадында жатталып, мәдениетінің дәстүрлі ұстанымдарын қалыптастырады. Әрбір мәдениеттің тарихы – ұмыт қалдыратын уақыт күшіне қарсыласатын тарихи жады.

Әлемдік өркениеттің  ізгі құндылықтары мен өз халқының жетістіктеріне ұрпақтардың қолы жетпеген уақытта осы тарихи жадыны жоғалту бізді рухани қараңғылыққа әкелді. Көрнекті тарихи қайраткерлердің, ойшылдардың, тарихшылардың, құқықтанушылардың т.б. көптеген еңбектеріне тыйым салып, жарыққа шығармау талпыныстары болғаны белгілі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы, шынайы руханият пен тарихи жадыны жандандыру және жалпы адамзат өркениеті құндылықтарының арнасына қосылудың уақыты келді.

Таным шөлін басудың  қажеттілігі туындады. Бұл істі бұрмалаудан  аулақ болып, жаңа мифтердің пайда  болуына жол бермей, қазіргі ақпараттық өркениеттің әдіснамасы мен құндылықтарының талаптары деңгейінде атқару тиіс. Сондықтан өткен ұрпақтың рухани мұрасын игеру, тарихи жадыны қалпына келтіру еліміздің гүлденуіне, қоғамның рухани дамуына мол мүмкіндік береді.

Қазақ халқының мәдени мұрасын жандандыру негізінде бүгінде ұрпақ жадында қазақ даласының Абылай, Бұқар жырау, Кенесары, Махамбет, Мағжан, Шәкәрім және т.б. даналарының аттары жаңғыртып жатыр.

Әрбір мемлекеттің өркениеттілігі ең алдымен, оның мәдени мұраға деген  көзқарасымен анықталады. Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктеледі: бір жағынан, өзіндік этникалық мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін дайындау қажеттілігі; екінші жағынан, оңтайлы даму және біртұтас жалпы адамзат мәдениетіне ауыртпалықсыз кіру үшін жағдай жасау.

Мәдени мұраға ұқыпты қарау мен басқа мәдениеттің  құнды элементтерін қабылдау – адамзат  өркениеті дамуының сара жолы. Өркениеттің  негізгі жетістіктері осы жолда  қаланды. Мысалы, IX – XIII ғ. басындағы ортағасырлық мұсылман мәдениетінің, басқаша айтқанда, Ислам Қайта Өрлеу мәдениетінің жетістіктерін мақтан етеміз. Осы кезеңде Екінші Ұстаз атанған әл-Фараби өшпес трактаттарын жазды. Ибн Сина медицинаға арналған 12 томдық еңбегін бітіріп, Қожа Ахмет Ясауи адам руханиятын бұрын шықпаған биігіне көтерді. Орталық Азияның қалалық мәдениеті сол кездің материалды және рухани мәдениетінің ең озық үлгілерін берді. Бұл феноменді зерттеушілер осы мәдениеттің гүлденуіне себепкер факторлардың (араб, иран, түркі мәдениетінің синтезі; Ұлы Жібек Жолының рөлі; сол кездегі көшпелі өркениет динамикасы; исламның өркениет түзудегі рөлі; тәңіршілік, зороастризм, манихейлік басқа да автохтондық діндердің рухани мүмкіндігі және т.б.) көптігін көрсетті [4, 10].

Мемлекет біздің халқымыздың рухани мәдениетінің лайықты қызметіне үлкен көңіл аудара отырып, уақыттың сұранысын өтеуге ұмтылуда, ал бұл мұраның тасымалдаушылары мен сақтаушылары біздің еліміздің өскелең ұрпағы, біздің балаларымыз бен немерелеріміз жаһандану дәуіріндегі Қазақстанның болашақ күш-қуатын білдіреді.

Тәуелсіз дамудың он шақты жылы рухани мәдениетсіз, жастарды жоғары өмірлік құндылықтар рухында  жүйелі және саналы түрде тәрбиелемей, тек материалдық игілік жолында  тәрбиелеудің табысты болмайтындығын көрсетті, өйткені прагматизм және табыс руханилықтан алшақ құндылықтарды егетіні белгілі болды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тек Қазақстан емес, сонымен қатар көптеген елдер, әсіресе өз дамуының трансформациялық кезеңдерінде заманның алға қойған жаңа талаптары аясында өздерінің тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне қайта бет бұрды.

Мәдени мұра халықтың санасын қалыптастыратын тыңайтушы  орта болып табылады, ал әрбір халықтың өзіндік «Менін» ұғынуы оның өзінің тарихын, дамуындағы батырлық және қасіреттік кезеңдерін ескермей, оның әдейі жабылған беттері үшін өкініш пен қайғы, оның жетістіктері үшін қуаныш пен шаттық сезімдерін бастан кешірмей, көзге елестету мүмкін емес. Тарихи өзіндік сананың мәдени мұраға деген сезімталдығы соншалықты, ол бір кездегі ұлы халықтардың ұрпақтарының рухани жалаңаштығы мен азғындығы үшін жауапты деген пікірді бекітуге болмайды. Халықтың өзіндік санасы мәдени және тарихи тамырдан ажыратылған болуы мүмкін емес және оның үстіне, ол жаңашылдық даму үрдісіне «сіңірілген» берік мәдени және философиялық дәстүрге сүйенбей дамуы мүмкін емес, дәл сол сияқты дәстүрді ескермеген қандай да бір мәдени жаңалық та болуы мүмкін емес.

Халықтың өзіндік санасын  қалыптастыру мен дамытуда маңызды  рөл ойнайтын мәдени мұра, осылайша қоғамдық дамудың аса маңызды  катализаторы болып табылады. Ұлттық қауіпсіздік ұғымы гуманитарлық қауіпсіздік түсінігі сияқты тек ішкі немесе сыртқы қауіп-қатерді ғана білдірмейді, сонымен бірге өткеннің ұлы құндылықтарына деген мәдени дәстүрге деген лайықты қатынас қалыптасқан және қолдау табатын қоғамның қауіпсіз өмір қамын қамтамасыз етуде мәдени мұраның рөлі орасан зор, бірақ оның бағасын түсірумен қатар, асыра бағалауға да болмайды.

Қазіргі қоғамдағы гуманитарлық, рухани-адамгершілік қауіпсіздігі барлық жерде эрзац-мәдениеттің, ал кейде мәңгүрттік феноменінің өмір сүруінен, өзге көзқарастар мен идеологияны, дүниетаным мен жүріс-тұрыс стереотиптерін таңудан байқалатын айқын мәдениетсіздіктің орын алуынан көрінеді. Бұл қауіп-қатердің шоғырының кеңдігі соншалықты, ол бұқаралық мәдениет пен экстремизм идеяларының қысымынан бастап, ашық шовинистік үндеулерге дейін, қазіргі мемлекеттердің көпшілігінің тарихындағы саяси модернизациялау процестері барысында бірнеше рет қайталанып отыр. Және біздің республикамыздағы кезек күттірмейтін міндеттердің бірі - өзге халықтардың мәдени мұрасымен сұхбат барысында қалыптасқан өзіміздің жинақтаған мәдени-тарихи тәжірибемізді сақтау және көбейту, сондай-ақ қазақстандықтардың болашақ ұрпақтарын дәстүрлі мәдениетке де, қазіргі мәдениетке де деген құрмет рухында тәрбиелеу, тұрғылықты халықтың білімділігінің жалпы деңгейін арттыру. Бұл мазмұны Қазақстанда демократияның гуманистік құндылықтарын бекітуге жалпы адамзаттық құндылықтарға қайшы келетін идеялар мен көзқарастардың кең таралып кетуіне мүмкіндік бермейтін «идеологиялық сүзгінің» негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас