Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Қазақ халқының қонақжайлылығы да құнды дәстүрлердің бірі. Дәстүрдің  бұл түрінен қазақтардың эстетикалық  мәдениетке байланысты көптеген әдет-ғұрыптарын байқауға болады. Атап айтсақ, «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария сәлем беруге асығады» деген мақалға байланысты қандай да бір қонақты «Құдайы қонақ» деп танып, оған бар жол-жорасын тартуға асығады, оған төрден орын беріп, алдына ақ дастарханын жайып, сый-құрмет жасайды. Осындай қонақжайлылық кәдесін-ғұрпын атқару барысында қонақты әңгімеге тартып, ел жаңалықтарын тыңдау, тіпті олар домбырашы, сазгерлер болса, онда олардың өнерін тамашалау да әдетке айналып отырған. Оны «жөн сұрасу», «қонақ кәде» деп атап кеткен. Олардың қатарына елге танымал ақын-жыраулар, сазгерлер мен айтыс ақындары да жатқан. «Ауылдың алты ауызы» деген ырымды ұстана отырып, қонақ күтуші оның көңілін табу үшін ауыл жастарына өлең айтқызып, домбыра айтқызу да қонақжайлылықтың бір белгісі ретінде танылған. Осыдан барып халқымыздың «Адам болар бала қонаққа үйір» деген мақалы да тегін айтылмаған. Қазақ халқы осындай іс-шараларға жастарды қатыстыруды шартқа айналдырған. Онда үлкендердің әңгімесін, өлең-жырларын тыңдау арқылы жастарға тәлім-тәрбиелік өнеге, ғибрат беру көзделген. Бұндай қонақжайлық әрекет те жастардың эстетикалық мәдениетінің қалыптасуына өз ықпалын тигізіп отырған.

Қазақта келген қонаққа  немесе ауыз ақсақалдары мен өзінен үлкендерге бірінші болып амандасу дәстүрінің де эстетикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда да тәрбиелік маңызы ерекше болған. Атап айтсақ, «Ассалаумаликүм» деп қол ұсыну «Сізге Алланың нұры жаусын» деген ізеттілік, кішіпейілділік, өнегелілік қасиетті білдіреді. Оған жауап ретінде «Уағалейкум ассалам!», яғни «Сізге де соны тілеймін» деп жауап қайтарады. Бұл үлкендер тарапынан жастардың тәрбиелі-өнегелілігіне білдірген ризашылығы.

Тіпті, сәлемдесудің де ерекшелігі әртүрлі болған. Мәселен, жастардың  үлкендерге қос қолдап амандасуы  немесе әйел затының ыммен, мимикамен, сондай-ақ, қолын тізесіне апарып, иіліп сәлем беруінің өзі сырттай қарағанда жарасымды болып көрінеді. Мұндайда үлкендер «Өркенің өссін!», «Ұл тап!» деген секілді өздерінің көңіл-күй әсерін білдіріп отырады. Яғни, үлкендер мен жастардың, әйелдер мен қыздардың арасындағы қарым-қатынаста осындай әсерлі мінез-құлық белгілері, әрине, адамшылықтың өлшемі болып, болашақ мұғалімдердің эстетикалық мәдениетінің көрсеткіштерінің бірі ретінде маңызды қызмет атқарады.

Қазақ халқының ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бірі той-томалақтар мен жиындар. Өйткені адам баласы шыр етіп дүниеге келіп, қартайған шағына дейін сан алуан ойын-сауықтар мен сән-салтанат аясында өмір сүреді. Тойларда түнімен өлең айту, домбыра тарту, ұлт ойындарын ойнап, ат жарыс, палуан күрес, ақындар айтысы, жыр шашуы, алтыбақан, қыз қуу ойындары т.б. Тойдан қуаныш, ләззат алған жастардың көңілінде ізгілік, жақсылық сезімдері ұялайды.

Қазақтардың ақ жарқын мінезін, сауықшылдығын, өмірді сәнді де мәнді өткізуге талпынысын өмірге құштарлығын кезінде Г.Н.Потанин: «Қазақтар – пысық, пісіп-қатқан, өмірге құштар халық; олар ойын-сауыққа құмар: киімде ашық бояулыны, тұрмыста той-мерекені сүйеді. Өлгенді еске алу бұл халықта ойын-сауығымен, ат жарысымен, ән-күймен, ақындар айтысымен ұзаққа созылатын үлкен сауық-салтанатқа айналады. Серілік өнерін сән-салтанат қуу, бәлкім, қазақтарды кейбір жағдайда даңққұмарлыққа баулитын сияқты. Бұл жағынан олар француздарға ұқсайды. Афиндіктер секілді қазақтар жаңалыққа, хабарға әуес. Осы әуестік жас буында білімқұмарлыққа аууда», - деп өте әсерлі жазады. Бұл шындық, өйткені бұл мінез қазақтарда күні бүгінге дейін сақталды десе де артық болмайды.

Қазақ халқының ауызекі  поэтикалық шығармашылығының да эстетикалық  мәдениетті қалыптастыруда мәні ерекше болады. Өйткені оның мазмұны балалар мен жастарды кішіпейілділікке, ғибраттылыққа, мейірімділікке, имандылыққа бағыттады, борыш, парыз, ар-намыс, абырой ұғымдарынан түсінік берді, мінез-құлық әдебіне, моральдық қарым-қатынас мәдениетіне баулыды, қиялына қанат бітіріп, арман асуларына жетеледі. Халық оларды (мақал-мәтелдер, аңыз-ертегілер, жұмбақтар, эпостық жырлар, дастандар т.б.) тәрбиеде өте ұтымды пайдаланды, мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Мысалы, «Өнер алды – қызыл тіл» деп, тіл өнерін ерекше жоғары бағалаған. «Өнер – бұлақ, білім - шырақ» деп, өнер мен білімді әрқашан қатар қойған қазақ халқы «өнер» сөзінің аясына көп ұғымды сыйғыза білген, яғни бұл сөз түрлі контекстерге орай бірде «өнер», бірде «көркем өнер», бірде «шеберлік», бірде «ісмерлік» мағынасында қолданылып отырған. Сондықтан өнер жөніндегі көптеген мақал-мәтелдер халықтың өнерге, өнердің белгілі бір түріндегі шеберлікке деген көзқарасын бейнелейді. Мәселен, «Өнерліге өлім жоқ», «Өнерлі өрге жүзеді», «Өнерлінің өрісі ұзақ», «Өнерлі бала сүйкімді», «Өнер білсең өлмейсің», «Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда, өнерлінің ырысы жарқырап жатар жолында», «Шебердің қолы ортақ», «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын», «Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді» деген мақал-мәтелдер бұған айғақ. Сол сияқты халық «Жігітке өлең де - өнер, кәсіп те - өнер», «Жігіт адамға жетпіс өнер де аз», «Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар», «Өнер – ердің қанаты» деп есептеген.

Ал еңбектен бойын  аулақ салатын, өнерден құралақан, жатып ішер жалқау, қолынан іс келмейтін олақ жандарға халық мүсіркей қарап, «Жалқауға жылқы бермей, ұйқы берген, Жаманға ақыл бермей, күлкі берген», «Сылбырдың сылтауы таусылмайды», «Еріншек етегіне сүрінеді», «Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер», «Алтын жерде жатпайды, жаман ұста суын таппайды», «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде сызу сызады», «Біздің елдегі жаман қарғалар бөгде елге келіп жыл құсы бола қалыпты», «Қойшының қызы қой келгенде іс қылар», «Арыстан айға шабамын деп, мерт болыпты» деп мысқылдайды.

Қазақтың қазақтанулық қағидасының негізінде тағылымдық мақал-мәтелдердің алатын орны өте  маңызды. Олардың ерекшелігі айтылатын  ой-пікірдің тура мағынасы астармен жанама түрде жеткізіледі, бұл да әрине, үлкен кішінің жеке басына деген сыйластықтың, жоғары мәдениеттіліктің белгісі болса керек. Мысалы, «Жалғаймын деп үзіп алма, үземін деп бұзып алма», «Киім пішсең кең піш, тарылтуың оңай», «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме», «Түйенің үлкені көпірден таяқ жер», «Керек тастың ауырлығы жоқ», «Қызым, саған айтамын, келінім сен тыңда» т.б.

Балалар мен жастардың  эстетикалық талғамын, мәдени эстетикалық  көзқарасын, эмоционалдық сезімін дамытуда қазақ халқы ертегілерді ұтымды пайдаланған. Ертегіде суреттелген  кейіпкерлердің көркемдік поэтикалық бейнелері, сондай-ақ, адамдардың сұлулық пен нәзіктікке берген жоғары бағалары баланың әдемілікке деген қызығушылығын арттыруға талпынған. Ертегілер адамдардың, әсіресе қыздардың сыртқы сұлулығы, көріктілігі, түр-сипаты, жүріс-тұрысы ерекше әсерлі суреттеледі. Халық сыртқы сұлулықты адамның ішкі рухани байлығымен, оның ақыл-ойын моральдық қасиеттерімен: ерлігі, батырлық, батылдық, ержүректілігі отансүйгіштік, гуманистік терең сезіммен үйлесімді болуын талап етті. Оны «Күн астындағы Күнекей қыз», «Патша мен бүркіт», «Жігіт пен өнерлі қыз», «Ермек» ертегілерінен айқын аңғарамыз. Мәселен, «Ермек» ертегісінде қыздың сұлулығы: «ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, белі құмырсқаның беліндей нәп-нәзік, қасы қиылған, аузы оймақтай, ерні жұп-жұқа, беті қып-қызыл, саусағы тезге салғандай сүп-сүйрік, орта бойлы» деп суреттеумен шектелмейді, оның ақылдылығы, тапқырлығы, өнерлілігі баяндалады. Халықтың сұлулықты дұрыс түсінуінің педагогикалық маңызы да міне осында. Адамдарды осы салада суреттеу арқылы ертекшілер өзінің тыңдаушыларын сұлулықты дұрыс қабылдауға, айналадағы ортаны эстетикалық және моральдық тұрғыдан бағалай білуге тәрбиелейді. Сұлулық жайлы әңгімелегенде «Адамның сұулығы - ісінде» деп ескертіп отыруды ұмытпаған.

Балалардың сұлулықты сезініп, түсініп, оған қызыға білуі олардың өмірді ерте тануына көмектесті. Әрине, ертегілердегі суреттелген туған жер байлығы, табиғат сұлулығы, жер бетінің көріністері, ертедегі батырлардың оларға деген көзқарасы, олардың халық бақыты үшін күресі, киген киімі, пайдаланған қару-жарағы, сауыт-сайманы, мінген аты, музыкалық аспаптардың әуендері, балаларға өмірді танып білудің маңызды құралы болды.

Қазақ халқы қыздар мен  балалардың эстетикалық көзқарасының дамуына үлкен мән берген, оларды сұлулықты түсінуге және оны өздерінің қолдарымен жасай білуге үйреткен. Сұлу, әсем бұйымдар адамға эстетикалық ләззат береді, жағымды сезімді тудырады, өзіне қызықтырып, көңіл-күйді көтереді деген түсінікпен қазақ халқы қыздар мен ер балаларды қолданбалы өнерге (кілем тоқу, ағаш өңдеу, сырмақ сыру, кесте тігу, алаша, ши тоқу, алқа, сырға, шолпы, тас қашау және т.б.) үйрете отырып, әсемдік сезімін, сұлулықты түсініп, жасау шеберлігін, өмірді әдемі, өнегелі етуді, қоршаған табиғаттың түрі мен бояуын қабылдай білуді қалыптастырған. Балаларға кішкене күінен бастап әдемілікті ұсқынсыздықтан айыра білуге ықпал ететін сезімді тәрбиеледі. Қазақтың отбасында бала туғаннан бастап әдеміліктің қоршауында болды, өрнектермен әшекейленген киіз үй жабдықтарын, оюланған кілем, сырмақ, тұскиіз, алашаларды, сүйек, мүйіз, күміспен өрнектелген ағаш ыдыс-аяқтар мен жиһаздарды, кестеленген киімдерді, алтын, күмістен жасалған зергерлік бұйымдарды күнделікті көріп өсті. Сөйтіп, бала айналасындағылармен қарым-қатынаста болып, бұйымдар мен заттардың ықпалымен, қоршаған табиғаттың әсерімен эстетикалық сезім, түсінік, талғамы қалыптасты.

Халықтың осы ежелден  қалыптасқан қолөнерінің сан  алуан түрлері, әдіс-тәсілдері, амал-жолдары  ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз беріліп  келеді. Көркемдік өнер мен ғасыр  шеберлерінің туындысы бүгінгі жастарымызға үлгі және халықтың ғасырлар бойғы көркемдік тәжірибесінің сарқылмас қайнар көзі болып отыр.

Халықтың мәдени мұрасының  эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы мүмкіндіктеріне жасаған талдау қазақтардың нақты принциптері (табиғилық, халықтың, баланың жас және дара ерекшелігін ескеру, жүйелік, бірізділік, түсініктілік, ілімді тәжірибемен ұштастыру, сабақтастық, ұжымдылық, еңбек арқылы тәрбиелеу, тұлғаның өзіндік көзқарасын қолдау, талаптардың бірлігі, іс-әрекетті бағдарлау және т.б.) негізге алып, түрлі әдіс-тәсілдер, амал жолдарды (үйрету, көрсету, жаттығу, қайырымды көзқарас, ақыл-кеңес беру, моральдық қолдау, үлгі-өнеге ету, өнер түрлеріне баулу, сенім арту, наразылық білдіру, айыптау, еркелету, ескерту, қолдау, сендіру, талап ету, мақтау, тапсырма беру, қайрау, жігерлендіру, өжеттендіру, алғыс айту, жазғыру, жазалау, жанама ықпал ету, тұспалдап айту, жауапты іс-әрекетке баулу, бата беру және т.б.) пайдаланған деп ой түйіндеуге мүмкіндік береді.

Осы әдістердің ішінде халық өнер түрлеріне баулу, сенім арту, үлгі-өнеге ету, қолдау, жігерлендіру әдістеріне ерекше мән берген. Солардың көмегімен баланың эстетикалық танымын, талғамын жетілдірген, сұлулықты қолмен жасап, білуге, күнделікті тіршілікте үйлесімді пайдалана білуге үйреткен, мінез-құлық мәдениетін, моральдық-этикалық әдебін адамдармен мәдени-эстетикалық қарым-қатынасын қалыптастырған.

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыруда мынадай тәрбие құралдарын пайдаланған: халықтың ауызекі шығармашылығы (поэтикалық, музыкалық); салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, қолданбалы өнер, халық білімі.

Аталған принциптерді әдіс-тәсілдер мен амал-жолдарды, құралдарды эстетикалық  тәрбиеде мынадай жұмыс формаларын ұтымды пайдаланған (дәстүрлі еңбек  түрлеріне араластыру; атақты адамдармен кездестіру; ұлттық мерекелерге қатыстыру; салт-дәстүрлер бойынша іс-шараларға қатыстыру; ұлттық спорт ойындарына қатыстыру; аңшылық рәсімдерге қатыстыру).

Ұлы ғұлама ағартушылар  – Шоқан, Ыбырай, Абай да қазақ халқының мәдени мұрасын эстетикалық құндылық тұрғысында қабылдай білген және өздерінің шығармалары, іс-әрекеттері, тәжірибелері арқылы ұрпақтарына жеткізе білген. Олардың білімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт: біріншіден, өз ұлтының мәдени мұрасының эстетикалық құндылықтарын қабылдап, түсіне білуі; екіншіден, сол құндылықтарды өздерінің шығармашылығында тиімді пайдалану арқылы келешек ұрпаққа жеткізе білуі көрініс тапқан. Олар қазақ өнеріне, мәдениеті мен әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне аса мән берді. Халықтың мәдени мұрасын жинап, зерттеу арқылы қазақтардың эстетикалық мәдениетін талғам, сезімін, көзқарасын, мұратын, моральдық-адамгершілікті; моральдық-этикалық мәдени қарым-қатынасын, аялы көзқарасын, сүйіспеншілігін, мәдени дүниетанымын көрсете білді, әдемілікке, сұлулыққа, мәдениетке байланысты бірқатар тағылымдық бағдары бар тұжырымдамалық пікірлер айтқан.

Қазақ ағартушыларының  мәдени-эстетикалық құндылықтар  саласындағы тұжырымдамалық пікір-көзқарастары халықтың эстетикалық-танымдық көзқарастарымен  тығыз байланысты болуы заңды  құбылыс. Өйткені бұл өздері өмір сүрген дәуірдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардан, рухани өмір салтынан, мәдени-эстетикалық ұстанымдарынан туындайды. Ағартушылар эстетикалық тәрбие, эстетикалық мәдениет туралы арнайы зерттеу жұмыстарын жазбаса да, өздерінің айтайын деген ойларын, көзқарастарын халық тәлімін негізге ала отырып, тасқа таңба салғандай жүйелейді. Халық шығармашылығы үлгілерін жинау арқылы оның болашағы үшін маңызын, мазмұнын баяндау арқылы тәрбиелік мүмкіндіктерін негіздеді.

Мысалы, Шоқан адамның  мәдениетін «халықтың рухта» тәрбиелеумен байланыстырған. Соның ішінде әдебиетімізді, тарихымызды, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды мирасқорлықпен сақтауға аса көңіл бөлген. Сондай-ақ, мәдениеттің жаршысы ретінде қазақ халқының шешендік, ақындық өнерін, нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің өміршеңдігіне, сұлу табиғаттың адам сезіміне жоғары эстетикалық ықпалына аса мән беріп, бізге өнеге-өсиет ретінде олардың тәлім-тәрбиелік сипатын толғаныспен тебірене жазған.

Ол қазақ мәдениеті  мен әдебиетін орыс жұртшылығына таныстыра білген. Оның «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері» соның айғағы.

Шоқан «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы»  атты еңбегінде тау мен дала бейнесін, таулықтар мен Сахаралықтардың  тыныс-тіршілігін, мінез-құлық ерекшелігін, олардың сұлулықты қабылдауы мен эстетикалық ләззат жөніндегі ұғымын өте әсерлі салыстырады. Әлемдік әдебиет пен мәдениеттен хабардар болып, қырғыз елінің «Манас жырына» айрықша көңіл бөліп, оны өркениеттегі елдерге тұңғыш таныстырушы ретінде танылады. Ол аса қабілетті жыршы-жыраулардан халықтың тамаша ауызекі үлгілерін жазып ала отырып, «Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал келеді... Қазақтардың барлық эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді» деп жоғары баға берді.

Ыбырай болса, тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынады. Бұл идеяның  басты құндылығы, оның мирасқорлығы. Ол жастарды оқу-білім, өнерге шақырғанда білімділік пен надандықтың ара-жігін ашып көрсетуде жарық пен қараңғылықты қатар алып сипаттайды. Оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын насихаттайды. Өзінің педагогикалық қызметінде қазақ жастарын оқу-білім, өнерге шақырумен қатар, халықтың мәдени мұрасына: ауызекі шығармашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, ерекше зер сала отырып, олардың эстетикалық сезіміне әсер ету жағын да қарастырған. Мәселен, оның іргелі «Қазақ хрестоматиясы» атты рухани танымдық, мәдени-эстетикалық идеяларға толы еңбегі жастарды білімділікке, өнегелілікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиеледі, жоғары талғамдылыққа, нәзік сезімталдыққа баулыды. Мәдениеттіліктің, эстетикалық талғамның, көзқарастың негізін еңбек, қолөнер қалайды деген көзқараспен қолөнер оқу орнын ашып, тәрбиеленушілерге жалпы пәндерден білім берумен қатар, қолөнер мамандықтарын үйреткен. Яғни ұлдарға ағаш өңдеу, ұсталық өнерін, ал қыздарға кесте, тоқыма, киім тігу өнерін меңгерткен. Ол балалардың эстетикалық талғамын дамыту мақсатында өзінің мектептерінде концерттер ұйымдастырған, балалар ән орындап, күй тартқан, өлең-тақпақ оқып, әңгіме-ертегілерден қысқаша қойылымдар ұсынған.

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас