Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Ыбырай Алтынсариннің  өнерге аса мән бергенін, кезінде  «Қазақ хрестоматиясы» әліппесінен  дәріс алған, орыс-қырғыз (қазақ) мектебіндегі хорға қатысқан академик А.Жұбановтың «Ыбырай Алтынсарин далаға күйсандық әкелгізіп, өзі ұстаздық еткен мектептерде шәкірт балалардың басын қосып, бір дауысты хор ұйымдастырған... Мектептеріндегі әнді хормен айту дәстүрі төңкеріске дейін созылды» - деген естелік жазбасы растайды.

Абай да Шоқан мен  Ыбырай сияқты халықтың эстетикалық  талғамын тірек ете отырып, жастарды, мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған адал еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа, өнерді үйренуге, табиғатты танып-қастерлеуге, тиянақты білім алуға шақырады, тәрбиедегі әлеуметтік ортаның ықпалына аса мән берді, халық жыраулары мен өнерпаздары шығармашылығының тәлім-тәрбиелік мазмұнын жоғары бағалады.

Сұлулықты – үйлесімділік, табиғат үйлесімділігі, адам мен  оның өмірінің үйлесімділігінен іздейді. Сұлулықты табиғат пен адамның, жан мен тәннің бірлігі мен жарасымдылығы, синтезі ретінде, ұлттық танымның негізінде қарастырады. Табиғаттағы, адам бойындағы, қарым-қатынастағы, іс-әрекеттегі сұлулықты қазақтың дүниетанымдық көзқарас – сезімімен қабылдайды. Өзінің көзқарасы көрініс алған шығармалары арқылы жастарды халық тәлімін үлгі тұтуға, өзінің ісінде ұлттық салт-дәстүрді негізге алуға уағыздайды [23, 116].

Сонымен қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық құндылықтарына жасаған талдау салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың ауызекі поэтикалық, музыкалық, қолданбалы өнерінің балалар мен жастардың эстетикалық-танымдық мәдениетін қалыптастыруда мүмкіндіктерінің жоғары екенін дәлелдесе, сонымен бірге ғұлама ағартушылардың еңбектері, олардың өздері нәр алып өскен халықтың осы мәдени мұрасының эстетикалық талғам мен танымды дамытудағы әлеуетін жоғары бағалағандығын, болашақ ұрпақты осы ұлттық тағылым негізінде тәрбиелеу қажеттігін жақсы түсінгендігін айғақтайды [24, 55].

Қазақтану қағидаларына сәйкес, қазақ халқының мәдени мұраларын сақтап-дамытудың, келер күнге жеткізіп, ұрпақ санасына құюдың қажеттілігі оның нақты жүйесін жүзеге асырған кезде ғана мүмкін болады. Ол үшін ұрпақты соның қадірін ұғынуға дайындаудың алғышарттарын тәрбие процесі арқылы қалыптастыру қажет. Өйткені ғалым С.Қасқабасовтың пікірімен айтар болсақ, «Мәдени мұра, ең алдымен, ұрпақ үшін қажетті. Өйткені мұра феноменінің басты ерекшелігі – оның мәнінің бүгінгі күнмен бітіп қалмайтындығында, ол кеше кәдеге жарады, бүгін жемісін беріп келе жатыр, келешекте те қажеті зор». Сондықтан Мәдени мұраларды жойып алмай сақтау үшін арнайы қазақтану жүйесін жасаудың керектігі анықталады.

Әрбір ұлт –  ғасырлық мәдениеттердің, яғни тіл, менталитет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, психология, тарих, т.б синтезі. Егер әлемдегі ең аз деп саналатын қандай да бір ұлт жойылып кететін болса, онда адамзат орны толмас құндылықтарын жоғалтып, кедейленіп, кішігірім құлдырауды басынан өткізеді. Себебі, әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдениеті мен өркениетін өзге нәрсемен  алмастыру мүмкін емес. Ұлт болсын, халық болсын, үнемі өзінің қайталанбайтын бірегейленген құндылықтарымен адамзатты сусындандырып, нәрлендіріп отыруы керек. Өйткені адамзат баласы тек материалдық қажеттіліктерді пайдаланып қана қоймай, рухани-мәдени қажеттіліктерге мұқтаж болатындығы сөзсіз.

Өзге халықтың мәдениетін түсінуді ең алдымен өзіңнің  ұлттық мәдениетіңнің терең тамырына үңілуден бастау керек. Егер кімде-кім  өз мәдениетіне немқұрайлы болса, ол ешқашанда өзге мәдениетті силай да, түсіне де алмайды. Осы орайда белгілі философ Ж.М. Абдильдиннің мына бір ойын келтіре кеткен орынды деп санаймыз:  "менің мәдениетім, мен үшін басқа мәдени әлемге жол көрсететін биік саты болып табылады" [19, 381-382 бб.]. Әрбір халық әлемдік мәдениетке барлық адамзат мәдениетін қуаттандыратын өзінің қайталанбайтын дара, жеке төл мәдениетін енгізеді. Демек, мәдениеттің қай-қайсысы болмасын ешуақытта да оқшау, томаға-тұйық өмір сүре алмайды. Олар басқа мәдениеттермен тығыз араласқанда ғана ауқымды жетістіктерге жетеді, өйткені мәдени сұхбаттастық өмір талабы, өмір заңдылығы. Сондықтан мәдени дамудың шыңына жетіп, өркениетті елге айналу халқымыздың табиғи қасиеттеріне, күш-қуатына, менталитетіне, даналығына, көрегендігіне, қабілетіне және т.б. ұлттық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болмақ.

Техника үстемдік етіп отырған жаңа ғасыр бастауында адамзат баласы түрлі өркениеттік  жаңартулар мен өзгерістерді басынан  кешуде. Қазіргі таңдағы адамзат  өркениеті ғылым мен техниканың көмегінсіз дамуы мүмкін емес, осыдан болар бүгінгі заман адамы өркениеттің жоғарғы жетістіктерін қажет етеді. Сондықтан адамзат өркениетінің болашағы қарама-қайшылықтарға толы, осы себептенде күрделі кезеңдерді басынан өткізеді. Бүгінде орын алып отырған өркениеттің құрылымы қоршаған ортаның құлдырауына алып келе жатқан экологиялық қауіпті іс-әрекеттердіңде куәсі болып отыр. Тарихи уақыттың әрбір мезетіндегі адамдардың тағдыры үлкен үміт, мақсат-мүддемен немесе үлкен қауіп-қатер, қорқыныш, үрейлермен байланысты. Себебі адам баласы өзінің тіршілік ету барысында әлеуметтік және рухани даму кезеңін басынан өткерген. Осымен қатар рухани және әлеуметтік құлдырау кезеңдерінің болғандығында жоққа шығара алмаймыз. Сондай-ақ объективті жағдайлар мен субъективті шаралар жеке адамдармен қатар жалпы өркениетке тән сипат. Осы өзгерістер барысында қатар қолданылатын мәдениет пен өркениет ұғымдары бір-бірінен алшақтатылып, өркениетке негіз болған мәдениет шеткері қалғандай. Біздің өркениетке аса ден қойғанымыз сондай, тіпті кей кездері өркениетті мәдениетсіз елестету мүмкін еместігін жадымыздан шығарып аламыз. Осы орайда ең алдымен мәдениет пен өркениет ұғымдарының ара-жігін ашып, мәнісін түсініп алғанымыз дұрыс. Мәдениет пен өркениет арасындағы айырмашылықты белгілі Қазақстандық философ А.А. Хамидов адам мәні мен тарих мәнінің белгілі бір кезеңдеріне әкеліп тірейді. Ғалымның пікіріне сүйенсек, мәдениет пен өркениет мәселесі ежелгі адам туралы идеялардың микрокосмостық сипатынан бастау алады. Адам бастапқыда макрокосмосқа эквивалент ретінде көпдеңгейлі микрокосм тұрғысындағы көрініске ие болса, эквиваленттілік деп отырғанымыз, бастама немесе соңы бар нәрсе емес, тек қана мүмкіндік, ықтимал нәрсе. Сондықтан адамзат тарихы перманентті /үздіксіз/ антропогенезис болып табылады. Ал, оның негізгі онтологиялық мәні жоғарыда айтылған эквиваленттіліктің толық өзектілігіне келіп саяды.

Тарихи процесс  дегеніміз қоғамдық тарихи процесс. Себебі, "адамның адам екенін немесе адамдық қасиеттерін екінші бір  адамға деген қарым-қатынасынан  байқаймыз. Адам – адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынастық көрсеткіші негізінде қалыптасады, ал, қоғам дегеніміз – қоғамдық қатынастарды жүйелендіретін адамдар бірлестігі, тұтастығы". Демек, "адамзаттың қоғамдық тарихы әрқашанда адамдардың жеке дамуының тарихы". Адамзат атаулы осыны саналы түрде мойындасын, мейлі мойындамасын осылай болып қала бермек. Тарихта және кез-келген қоғамдық тұтастықта екі өлшем: әлеуметтілік және социум басты орын алып келді. Әрбір қоғам осы әлеуметтілік пен социумның бірлігі, тұтастығы, өзара байланысы болып табылады. Осы екі өлшемнің өзгешелігі мен ерекшелік сипаттарының болуы, мәдениет пен өркениет арасындағы айырмашылықты көрсететін негіз. Яғни, мәдениет әлеуметтік өлшемнің қалыптасуымен абсолюттік қозғалыс тенденцияларын байланыстырса, өркениет – социумдық өлшеммен қалыптасудың салыстырмалы дамуымен байланысты. Жалпы алғанда, бұл өлшемдерді мәдени-әлеуметтік және өркениетті-социумды деп айта аламыз, осылай айтуымыз қажет те [20, 65-73 бб.].

Мәдениет ұғымын онтологиялық тұрғыда алып қарасақ, өркениеттен жоғары екенін көреміз. Өркениет дегеніміз мәдениетті толықтырушы және осы мәдениеттің қайталанбас, дара, қажетті сәті. Олай болса, өркениет шекарасының мәдениет негізінде айқындалары сөзсіз. "…Әрбір мәдениеттің өзіндік жеке өркениеті болады. Өркениет – мәдениеттің құтылмас, шарасыз тағдыры. Өркениет жоғары адамдар типінің қол жеткізе алатын ең соңғы және өте жасанды мәні. Олар – соңы, бірақта олар ішкі қажеттілік барысында әрқашанда шынайылылықпен сипатталады" [21, 163-164 бб.]. Негізінен                 О. Шпенглердің осы ойымен қосылуға тура келеді, бірақ мәселе басқада. Бұғанға дейін қалыптасқан адамзат тарихы екі ерекшелікпен сипатталады. Біріншіден, өркениетті-социумдық өлшем біртіндеп мәдени-әлеуметтік өлшемнен бөлектелініп, алшақтатылып өзінше жеке бір салаға айналады. Екіншіден, социумдық-орталықтық тенденция ежелгі адамзат тарихының барлық кезеңінде өлшеусіз болып келді. Нәтижесінде тарихтың белгілі бір кезеңі (нақтырақ айтсақ, қоғамның архайкалық типінен антагонистік типіне өту) жоғарыда аталып отырған өлшемдер негізінде онтологиялық инверсиядан өтеді. Осы уақыттан бастап, өркениеттік-әлеуметтік өлшем тарихи процесте үстемдік етіп, қалыптасудың абсолюттік қозғалыстық тенденциясын жойып, тарихтың әлеуметтік-мәдени өлшемінің архитектоникалық ұжымы ендігі жерде өркениеттік-социумдық өлшемнің көп қабаттылығымен жүзеге асырылып отырды. Яғни, мыңдаған жылға созылған тарих ағысында өркениет мәдениетке өз үстемдігін жүргізіп келді. Күштінің әлсізге билік жүргізуі адамзат тарихының және адамзат болмысының бұрмалануы дегенге келіп саяды. Мәдениеттер мен өркениеттер өздігінен бір-бірімен алмаспайды. Өркениетке ерекше түсінік берген батыс ғалымы О. Шпенглер: "Екі мәдениет бір-бірімен екі адамның қарым-қатынастық байланысы негізінде немесе бір мәдениет адамы көз алдында өзге мәдениет формасының өлі әлемін көрген кезде ғана жанаса алады. Қандай жағдай болмасын бұл жерден байқайтынымыз тек бір ғана адамның әрекеттілілігі", – деген ойға келеді [21, 57 б.]. Демек, ғалым ойы қай қырынан алып қарасақта барлығына негіз болып отырған адам екендігіне көзімізді жеткізе түседі.

Мәдениеттің қалыптасуы абсолюттік дамудағы ашық тұтастық. Ендеше, мәдениет өркениеттің қуаттылығы негізінде  жетіліп, дамып, жүзеге асуы қажет. Ал, адамзаттық мәдениет заңдылығы мен  тұтастық бірлігі айрықша. Мәдениет тұтас және әр алуан, айрықша мәдениеттердің көпжақтылығы біртұтас адамзаттық мәдениеттердің болмыстық тәсілі болып табылады. Демек, мәдениеттің өркениет негізінде дамып, жетілетіндігі даусыз. Ерекше мәдениеттер ғана өзекті, әрі оқшауланған. М.М. Бахтиннің пікірінше "бөгде мәдениет – тек өзге мәдениеттің алдында ғана өз мәніне тереңірек үңілуге тырысады." Яғни, бір мәдениеттің ерекшелігі екінші бір мәдениет арқылы танылмақ. Бір мән екінші бір өзге, бөгде мәдениетпен кездесіп, жанасу арқылы өз мәнін ашады. Нәтижесінде олардың арасында мәдениеттердің біржақтылығын, оқшаулығын, томаға тұйықтығын игеретін диалог, яғни сұхбаттастық пайда болады. Мәдени диалогтың немесе мәдениеттер арасындағы сұхбаттастықтың туындауы осыдан бастау алады. Біз бөтен мәдениетке жаңа сауалдар қоямыз, олар қалай қабылдасада, біз осы қойған сауалдарымызға өзімізше жауап іздейміз. Бөтен мәдениет біздің осы ырқымызға көніп, өз құшағын айқара ашып, жаңа мәндік тұрғысынан бізге жауап береді. Осындай диалогтық кездесуде екі мәдениет  бір-бірімен өзара араласып, қабаттасып кетпей, әр қайсысы өз бірлігі мен ашық тұтастығын сақтай отырып, бір-бірін өзара байыта түседі [22, 333-334 бб.]. Сонымен бірге адамзаттық мәдениетте жетіліп, кемелдене бермек.

Қазіргі заман  адамы – мәдениет адамы емес өркениет адамы, ал, қазіргі әлемдегі адамдық сипат бірқатар ірі және ұсақ өркениеттерден тұратын өркениет көрсеткіші болып табылады. Егер мәдениетке көпдеңгейлік, көпжақтылық сипат тән болса, өркениет өз кезегінде біржақты немесе өзіндік өлшемі, өзіндік нышаны бар ұғым болып табылады. Американ ғалымы         С. Хантингтон өркениеттер арасындағы қақтығыстарды болашақта орын алатын жаһандық мәселе ретінде көтерсе, қазақстандық философ               А.А. Хамидов өркениеттік бөліністі конфронтационность деп атап, оған былай деп анықтама береді: конфронтационность – өркениеттер арасындағы өзара байланыс логикасы. Формасы бойынша ол үздіксіз, агрессивті, тікелей, бірақ ол пассивті – алшақтатылған болуы мүмкін. Дегенмен, конфронтацияның бір орында тұрып, қатып қалуы мүмкін емес. Себебі, өркениеттер арасындағы байланыс үздіксіз даму үстінде болады. Егер мәдениет үшін өзгешелік, ерекшелік, диалог пен көпдеңгейлілікке негіз болатын  болса, өркениет үшін ол қарама-қайшылық пен зұлымдықтың негізі болмақ. Яғни, С. Хантингтон көрсеткендей өркениеттер арасындағы айырмашылық нақты шындық. Өркениеттер тарих, тіл, мәдениет, дәстүр бойынша, ең негізгісі – дін арқылы бір-бірінен өзгешеленді. Әрбір өркениет адамдарының құдай мен адам, индивид пен топ, азамат пен қоғам, ата-ана мен бала, әйелі мен ері арасындағы қатынастарға деген көзқарастары әртүрлі болып келеді. Бұл айырмашылықтар сан ғасыр бойы өмір сүрді және жойылып кетпей болашақта да өз орнын табады. Олар саяси идеологиялық және саяси жүйелер арасындағы айырмашылықтарға қарағанда тұрақты. Демек, американдық саясаткер С. Хантингтонның пікірінше XXІ ғасырдағы ең басты және қанды қақтығыстар экономикада және идеологияда емес, өркениеттер арасында болмақ [20, 71 б.]. 

Қазіргі таңдағы  өркениет күнделікті тіршілік қаракеттерін, социумның әлеуметтік келбетін, тіпті ең соңында қоршаған ортаны қайталанбас, бірегейленген өзгеріске ұшыратуда. Сондықтан болар мәдениет көбінесе творчестволық өмір сүрудің факторы, қоғамдық жаңартулардың, иновациялардың қайнар көзі ретінде бағалануда. Мәдениетті адамзат атаулыны ретке келтіруші құрал ретінде қарастыра отырып, одан адамның өзіне, тарихқа шынайы өз әсерін тигізетін импульстерін, түрткілерін айқындауға болады. Нақ осы мәдениеттің өзі идеология, экономика немесе саясатты емес дүниені танудың эвристикалық құралы болып табылады. Дүниеде өзіндік ұлттық мәдениеті, өркениеті жоқ елдің болуы мүмкін емес.

Қазақ өркениетінің жалпы адамзаттық өркениетте, соның  ішінде Шығыс әлемінің өркениеттік  ордасында өзіне тән лайықты  орны бар екендігі тарихтан белгілі. Олай болса, ұлттық мәдениетіміздің мәртебесін одан әрі көтере беру, тәуелсіздік тұғырына ие болған қазақ елінің алдында тұрған өзекті мәселе. Қазақ халқы қаншама тарихи дамудың қилы кезеңдерін басынан кешірседе, өзіндік ұлттық болмыс-бітімін, қадір-қасиетін сақтай отырып, кең байтақ Евразия кеңістігінде өз мемлекеттілігін құра білді. Осы орайда белгілі жазушы Ақселеу Сейдімбек: "Сөз жоқ, қазақ халқының ғасырлар қойнауынан бастау алатын тек тамыры, мәдени-рухани болмысы жалпы адамзаттық тарих пен адамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады" деген ой тұжырымдайды [28, 7 б.]. Демек, әлемдік өркениеттің ұлы көшінің қатарынан қазақ өркениеті де өзіне лайықты орнын таба білуі керек. Ал, поляк ғалымы Адольф Янушкевич "Қазақ даласынан жазылған хаттар" атты еңбегінде қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне тәнті бола отырып, оның жарқын болашағы жайында былайша тебіренеді: "Тәңірім осыншама қабілет дарытқан халық өркениетке жат болып қалуы мүмкін емес, оның рухы қазақ даласында аспандай көтеріліп, жарқырап сәуле шашатын болады. Сормаңдай құл-құтандарды менсінбейтін Үндістан касталары секілді өзіне жоғарыдан қарайтын халықтар арасынан бұл көшпенділердің де құрметті орын алатын кезі келеді…" [29, 232 б.]. Иә, поляк ғалымының бұл тұжырымы шындыққа айналғандай. Бұған дәлел еліміздің өз тізгінін өзіне алған күннен бастап, осы уақытқа дейін ортайғанның орнын толтыру мақсатындағы жасалынып жатқан түрлі саладағы жұмыстары десек, біз қателеспеген болар едік. Жалпы, әлемдік өркениет тізбегіне енген дамыған елдер қатарынан белгісіз себептермен шет қалған өркениеттердің өздерін әлемдік деңгейге көтеру талпыныстары заман үрдісінен айқын байқалып отыр.

Бүгінде өркениет теориясына байланысты бір-бірімен бәсекелесе отырып қалыптасқан әр-түрлі бағыттар орын алуда. Сондықтан өркениет мәселесін зерттеушілер алдында тұрған негізгі міндеттер мыналар:

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас