Іскерлік қарым-қатынас

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 14:16, лекция

Описание работы

Зерттеудің жалпы сипаттамасы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Мәдени мұра» бағдарламасының басты міндеттері ретінде «...қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды» зерделеу бүгінгі күннің негізгі мақсаттарының бірі болып келеді [1, 5-6]. Қазіргі әлемдегі жаһандану үрдістерінің тегеурінді белең алған жағдайында қаймағы бұзылмаған Қазақстан мәдениетін сақтап қалу үшін ұлттық мәдениеттің дәстүрлі құндылықтарына назар аудару қажет. М.М. Әуезовтің әділ атап өткеніндей, « ...кез келген халықтың рухани әлемі қаншалықты бай болғанымен, ол ұлттық әлемі болып қала береді. Ол белгілі бір кеңістік-уақыт ортасында өсіп өнеді, оның мәнін, оның мүддесін білдіреді»

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ СИПАТЫ МЕН МӘНІ

1.1. «Мәдени мұраның» маңызы мен Қазақстан өркениетінде алатын орны...6
1.2. «Мәдени мұраның» қазақтың рухани келбетін танытудағы ролі..............16

ІІ МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ

2.1. Қазақтану ілімін қалыптастырудағы «мәдени мұраның» маңызы...........24
2.2. Қазақтану қағидасының өзегі – мәдени мұра мен тәрбие процесін ұштастыру..............................................................................................................40

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................59

Работа содержит 1 файл

Мадени мура.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

Дәл осы оқиғаны орыс халқының жазушысы жазса басқаша  ат қойған болар еді. Мұның бәрі этномдық нәрмен берілетін қасиеттер. 1925 жылы Парижде дүние жүзі халықтарының  фольклорына   арналған  халықаралық  олимпиада өткізілді. Оған қатысқан көптеген өнер қайраткерлері ішінен Қазақстаннан барған Әміре Қашаубаев домбыраға қосылып қазақ әндерін орындап жүлдегер атанды. 80-ші жылдары дәл осындай жүлдеге Парижде екінші қазақстандық орындаушы Алмас Алматов иегер болды. Бұл ең алдымен  олардың орындаушылық қабілеттеріне, дауысты  неше түрлі  кұбылтып, біресе шырқауына жеткізіп көтеріп, біресе оны басқа, тамақты дірілдетіп орындауына,  басқаларда кездеспейтін өнеріне байланысты болса,  екіншіден қазақ халқының ұлттық өнеріне, әуенді әндерін елдің жүрегіне жеткізе білуінде еді. Дәл осындай ерекшеліктерді Құрманбек Жандарбековтың ән орындаушылық өнерінен де байқауға болады. Оның даусы күшті де емес, кейде жоғары ноталарды ала да алмайды. Бірақ, оның жүректен шыққан әндері мен жанға жәйлы орындаушылық шеберлігі «құлақтан кіріп, бойды алар» дегендей кімді де болса, қазақпын деген адамды, орыс халқын әндерімен жанын қобалжытқан Ф. И. Шаляпин сияқты, баурап алатын. Ф. И. Шаляпиннің («Вдоль по питерской», «Эй, ухнем!») әндерін орындау шеберлігі сияқты, Құрманбек Жандарбековтың «Қыз Жібек» операсындағы Бекежан, «Ер Тарғын» операсындағы Ер Тарғын арияларын орындаулары естен кетпейтін, өз халқының жүрегін қозғайтын ғажап қасиеттер.

Қазақ халқының мәдениеті  түркілік мұрадан құнар алады  десек, түркі халқының тарихы ғылыми тілде бізге таралған жоқ. Бүгінгі тарихшылар түркілік өмірдің түп-тамырын б.д.д. 10-2 мың жылдар аралығындағы өркениет үлгілерінен іздестіруде, сол үлкен кезеңге сілтеме жасауда. Оған негізде аз емес. Қытайда түркі адамының мумиясы табылған-ды. Қытай мамандары оны б.д.д. 4 мыңдық кезеңге жатқызады. Аз уақыт емес. Бірақ одан да бұрын болуы әбден мүмкін ғой?! Болжамға ой тастайтын ашық мәселе. Түркі тілдес халықтардың тастағы таңбасынан 10 000-дай суреттер мәлім болған. Таңбаның мәтіндері әлі де толық айқындалмағандықтан, олар кейбір құпиясын әлі де сақтауда. Не демелік, бұл аз сан емес, керісінше, көптеген батыс халықтарының мұрасынан асып түседі. Таңба жазудың алғашқы өрнектері десек, «көшпелі» деп мәртебесін кері тартпақ батыстық көзқарастар түркі халықтарының өзіндік жазба дәстүрінің баяғы көне дәуірде түрлі қолданыста болғанын біле бермейді, тіпті білсе де оны ескергісі келмейді. Ал түрік тілдес ғалымдар не тындырып жатыр? Түйінін таппай жатқан тағы да бір ашық мәселе.

Қазақтану мәселесіне қатысты басы ашық айтылмай жүрген мәселелер көп-ақ. Бұл тұрғыдан көшпенділер өркениетінің жаһанды шарлағанын, әлемдік өркениетті қалыптастыруға қосқан үлесін бүркемелеп келудің өзіміздің кім болғанымызды білмеуге, тарихымызды қадірлемеуге әкеліп соқтырғаны анық. Тәуелсіздік алған кезеңдерден бері ғана шет-шет жерлердегі қазақ даналарының мұраларын жинақтауға қолымыз жеткендей. Яғни «Біздің қолымызда Мұхтархан Оразбайдың қытай тілінен аударған «Елімен қауышқан Елдібай ақын» (Алматы, «Әдебиет», 2008, 139 б.) кітабы. Шамасы 701-762 жылдары өмір сүрген Елдібай ақын тоғыз мыңдай өлең жазғандай. Өзін дулу тайпасынан, ескі прото түрік тілінде дағлы, доғұлу, доғлат тайпасынан шыққанын, оларды қаратаулықтар деп атағанын еске салады. Бұл қытай дерегінен алынған жаңалық. Елібай ақын шығармалары Ө. Байгелдінің жинақтауымен толығырақ басылып та шықты. Өткенімізге деген түсінік біртіндеп тереңдей, нақтылана және аумақтана түсуда. Бұл – жетістік» [14, 76]. Осы турасында Дүниежүзі Қазақтарының ІІ Құрылтайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасаған баяндамасында: «Тағдырдың жазуымен туған топырақтан шеттеп кетуге мәжбүр болған ата-бабаларымыз бен олардан тараған ұрпақ жасаған мол рухани қазынаны шашпай-төкпей жинап алуымыз, оны атажұртқа және барша әлемге таныстыру аса маңызды шаруа.

Қытайдағы бір жарым  миллионнан астам бауырларымыздың  бүгінгі таңдағы ұлттық өркендеу үрдісі жақсы. Ана тіліміздің бай, шұрайлы  ортасы сонда қалыптасқан. Қазақтың ежелгі мәдениеті, салт-дәстүрі мен  әдет-ғұрпы қаймағы бұзылмай сақталып отыр. Қазақ халқының баға жетпес, асыл мұрасы – ауыз әдебиетінің де басты бір бөлігі Қытайдағы бауырларымызда» [15], - деп, осы құндылықтың дәл қазіргі Қазақстан үшін қажеттілігін атап көрсетті.

Сонымен көне тарихымыз, мәдениетіміз туралы қытай, моңғол, араб, батыс, орыс деректерінен алынған жинақтар, шүкір, азды-көпті қазақшаланды. Енді оларды өзара салыстырып, кәсіби тұрғыдан талдайтын, бағалайтын кез келді. Бәрі де тарихымызды туралауға, мәдениетімізді толықтыруға қызмет етуі абзал.

Қазақстан халықтарының тарихы мен  мәдениеті ұзақ ғасырлар бойына шығыс өркениеттерімен тығыз байланыста және қарым-қатынаста дамып келді. Көне және ортағасырлық қытай, түрік, моңғол, иран, араб жазба ескерткіштері біздің Республикамыздың жеріндегі этносаяси тарихты зерттеу үшін құнды дереккөздер болып табылады. Нақты материалдарға негізделген Шығыстың рухани мұрасының тарихи зерттеулері Республиканың мәдени мұрасын қайта құру ісіне, Қазақстанның ұлттық идеясын қалыптастыру мен жастарды патриоттық тәрбиелеуге жаңа ғылыми үлес қосуға мүмкіндік береді. Ауқымды өңірде болған және әлі де өтіп жатқан күрделі тарихи процестерді дұрыс ұғыну үшін халықтардың ежелден қазіргі күнге дейінгі тарихи-мәдени байланыстары мәселелерін қарастыру зор маңызға ие болып жатыр.

Тарихымыздың бір тармағы –  жер-су атауларында. Топонимді атаулар тарихқа, тілге, дәстүр-салтқа, кездейсоқ оқиғаларға қатысты екені мәлім. Жер көлемі жағынан әлемде 9 орын алатын Қазақстанда 85 мың өзен сулары, 48 мың көл мен көлшіктер, 20 мың мекенді жерлер бар екен. Олардың атаулары ғасырлар бірге өзгерді, түрленді, бұрмаланды, кейде тіпті ұмыт қалды. Жер-су атаулары - тірі тарихымыздың куәсіндей. «Национальный картографо-геодезический фондты» жасаған мамандарымыз 120 мыңдай жер-су атаулардын тарихи бастауларын анықтағандай. Үлкен жетістіктер қашанда пікірталас тудыратын күрделі мәселе. Ендігі біткен іске де, алдағы ізденістерге де сыни пікірлер айтылары даусыз.

Ресейдің отаршылық саясатының салдарынан Кеңестік кезенде аймақтағы  елді мекен, атаулары терең өзгерістерге ұшырап, орыс тілді атаулар көбейді. Мысалы: Түркістан ауданында Пушкин, Чапаев, Максим Горький, Сарыағаш ауданында Дмитрев, Стаханов, Горький, Карл Маркс, ауылдары, Мақтаарал ауданында Гагарин, Жданов Киров, Чкалов, Чехов ауылдары, Отырар ауданында Ильич ауылы, Түлкібас ауданында Мичурин ауылы т.б. Осындай жағдай тек Оңтүстік Қазақстан топонимдеріне ғана тән емес,   басқа да орталық, солтүстік, батыс облыстарында да кездеседі. Еліміз тәуелсіздігінің арқасында ежелгі атаулар қайтарыла басталады. Бұл қоғамдық әлеуметтік факторлардыңатаулардағы көрініс сонымен бірге оңтүстік Қазақстан аймағының топонимдік жүйесінде халықтың ежелден берігі діни нанымы, әдет-ғұрпы мен дәстүрі, әулие әмбиелердің есімдері географиялық атауларда кеңінен орын алып отырған.

Бұл мәселенің мәдени мұраға тікелей қатысы бар. Тарихи-географиялық ізденістің қазіргі кезеңінде қазақ халқының тікелей арғы ата-бабаларының мәдени мұрасын анықтау мен зерттеу мақсатында әртүрлі уақыттағы, әртүрлі сипаттағы және жиі бір-біріне қайшы келетін, түрленіп отыратын мәліметтері бар барлық араб тіліндегі қайнар көздерді жеткілікті түрде жұмылдыру аса өзекті.

Мәдени мұра экологиялық ортаға ұзақ уақыт бейімделу процесінің нәтижесінде қалыптасады. Араб тіліндегі  тарихи және географиялық шығармаларда территориясы таулы жүйелермен, өзен алқаптарымен, шөлді және жартылай шөлді аймақтармен алмасып отыратын, айтарлықтай дәрежеде далалы белдеулерден тұратын Қазақстанның қатаң қысы мен ыстық жазы бар кенет құбылмалы құрлықтық климаты аталып кеткен. Бұл дала саяси маңызды этнотстардың орналасуына қарай «оғыздардың даласы», «кимектердің даласы» және «қыпшақтардың даласы» ретінде белгілі.

 Тарих бұрмаланған сайын, мәдениетке деген көзқарас тарылған сайын, тілдің саясаттағы, ғылымдағы, басшылықтағы, халықаралық қатынастағы аясы тарылған немесе өрісі біржақты кеңейген сайын оның қызметі не құрдымға, не бір сарынды өзгеріске ұшырамақ. Түріктік түбірді іздейтін құлшыныстар көбеюде, еуразиялық кеңістіктегі талпыныстар тізбектелуде.

Енді қазақ халқының дүниетанымын, ойшылдарымыздың, ақын-жыраулардың, би-шешендердің, тарихи қайраткерлердің көзқарастарын қарастырғанда дүниетанымдық сабақтастық жетіспейді. Әр заман да, тіпті әр дәуірде өмір сүрген ойшылдарымыздың сол әлеуметтік-мәдени ортасын ескеру, талдау ұмытылып бара жатқандай. Сол сыңаржақ тарихи және көркем әдеби талдаудың ықпалынан әлі де шыға алмаудамыз. Басқа-басқа, тарихшыларымыз «заман» және «дәуір» ұғымдарын қалай болса, солай қолдануда. Бұдан ұғымдық түсінікке деген тарихи талғамның ақаулығын аңғарамыз.

Айтарымыз біреу: түбіріміз де, түйініміз  де, жетілу бағдарымыз да үндес, үйлес, ортақ. «Мәдени мұраның» құндылығы - қазақты ел-жұрт және индивид, халық және ұлт, мемлекет және қоғам ретінде, яғни тұтас тарихи тұлға ретінде тану және таныту. Ислам өркениетіндегі мұрат-мақсаты бірегей елдердің саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, дипломатиялық бағыттағы байланыстары қарқынды дамып келе жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі миллиардқа жуық адамдардың ең қасиетті рухани ортасы және ордасы. Ислам өркениеті біртұтас, мүбәрәк дінімізбен жүректер арқылы жақындастыратын қасиетті дін. Ол иманды жұртты ибалы ойға жетелейді, мәдениеттің заманауи үндерін заңғар көкке көтереді.

Қазақтануды зерттеу нысанына айналдырған  кезде бір ойға тұтатын нәрсеміз – халық бойындағы құндылықтық  бағдарлар. Әлбетте, оның ең негізгісі  моральдық-этикалық ұлттық қасиеттерді біріктіріп тұрған – имандылық. Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, Қазақстанның келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі еститін болдық. Әлбетте, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс – ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде тұр деп айтсақ , қателескеніміз.

Адам баласының тура жолдан адаспай, толық, кемел, ақыл – есі түзу азамат қатарына жетуі оның жас шағында  алатын тәрбиесіне, ата – анасының мейірім көрсете алуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бүгінде космополиттік идея кеуделерін улап, туған ұлтына жандары ашымайтын «мәңгүрт» типіндегі жастардың көбейіп келе жатуы алаңдатарлық жайт. Жетпіс жылдай уақыт бойы кеңестік сүзгіден әбден сүзіліп, қорғаншақтық күйге ұшыраған аға ұрпақ өкілдерін кінәлау қиянат болар бұған. Әйтсе де, кез келген нәрсеге көзді жұмып қарау, сүйекке сіңген салғырттық, көзді байлап, көрер алдымызды тұмшалап тастаған. «Құлдық психологиядан», қараңғы қорқыныштан, ит түртпектен арыла алмай отырғанымыз шындық. Мына мәселеге де байыпты көзқарас танытқанымыз жөн. Тәуелсіздік алған кезден былай қарай он бес жыл уақыт ішінде өмірге келген ұрпақ бойында ерекше ұмтылыс, ерекше қуат сезіледі. Қоғам мен адамды қатар шырмаған қат – қабат қиындықтардың, дауасыз даулардың көп уақыт өтпей, күні бітеріне күмәнсіз сенгіміз келеді. Бұл арманды біздің жас өскіндеріміз жүзеге асырмақ. Тек өскелең өркенді жаһанданудың жойқын соққысына, тілсіздік дертіне ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениет мәйегінен алшақтамай өсуіне жол ашуымыз керек. Ол үшін жүріп өткен ізімізге тағы бір бұрылып, жеткен жетістіктерімізді салмақтап, рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына ендірген абзал.

Бабаларымыздың қастер тұтып, атадан – балаға аманаттап, жүрекке дарытып  келген асыл қасиеттері көп – ақ. Халқымыз сырт көзбен емес, жүрекпен ұғатын адамгершілік құндылықтарды жоғары дәріптеген. Имандылық, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік мұраттарын терең игеруге күш салған. Мал – мүлкінен, дәулетінен иманын жоғары бағалаған қазақ «Ер жігіттің үш байлығы бар: бірінші –иманы, екінші – ырысының тұрағы, үшінші – дәулетінің тұрағы» деп аталы сөз қалдырған. Қазіргідей «мал ұшін біреуді алдап, біреуді арбаған» мұндай сөздің маңызы да жоғары. Жиған – терген дәулетіне жүрегін байламай, одан да биік нәрсе бар деп білген аталарымыздың имандылық төңірегіндегі түсінігіне біраз толғаныс жасауды жөн деп санадық.

Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен  сабақтасып жататын өте кең өлшемді  ұғым. Ата – бабаларымыздың ақиқатқа жетелер сенімінің де басты тірегі – осы. Барлық бет – болмысының, мінез – құлқының айнасы. Яғни, Шәкәрім атамыз айтқандай,

 Кімде болса шын мінез,

 Болмас онде екі сөз.

 Өлтірсе де көзбе – көз

 Иманын сатып алмас бөз, - дегендегі иман. Имандылық деген  бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Тіпті адам ғұмырының мәні болып саналатын махаббат сезімінің де негізі имандылықтан басталады. Оны Абай атамыз «үш сүюмен» байланыстырып, «иманигүл» деп атбереді:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы  жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым  деп 

Және хақ жол осы деп әділетті.

Дәстүрлі қазақ руханиятынан тамыр  тартып, нәр алған данышпан тұлғалардың  елді жақсылыққа үндеудегі көптеген ой – пікірлерінің имандылық маңына келіп тоғысатыны шындық. Кешегі «біз барлық қайратымызды ел үшін еселеп жұмсайық. Халық түзеуді жол қылайық» деген кемеңгер Мұхтар Әуезов те жас жеткіншектерге кемел тәрбие беру үлгісін имандылықтан іздеген. Бесікте жатқан жас сәбидің жүрегіне имандылық нұрын құйған жөн деп есептеген. Ендеше, арысы Абайдай бабалар, берісі Мұхтардай даналар ұлт болмысының дәнекеріне жатқызған имандылық негіздерінен бас тартуымызға мүлдем жол жоқ.

Имандылық қасиеттің  сырына тереңірек үңілетін болсақ, қазақ халқы имандылықтың үш негізін өздеріне тірек еткен . Ол, біріншіден, дін. Яғни, ерте ғасырлардың өзінде – ақ ұлан – ғайыр қазақ сахарасына кең тарап ,жергілікті ұлттардың (оның ішінде түркі тектес тайпалардың) арасына сіңіп, олардың өмір – тіршілігімен қабысып кеткен ақиқат дін – Ислам діні. Пайғамбарымыз Мұхаммед жайған діннің ең тазасын қаймағын бұзбай, сол қалпында елдің санасына жеткізген әулие аталарымыз. Халқымыз имандылық нұрының бастауларын сондай жүрек көзі ашылған перзенттерінен алды деп толық сеніммен айта аламыз. Екінші тірегі – салт – дәстүр. Қазақ тұрмысында «тал бесіктен жер бесікке» дейін қайталанып жататын далалық өркениеттің жарқын көрінісі. Салтынан, әдет – ғұрпынан қол үзбеген жұрттың кезінде талай өзге елдің өкілдерін, ғалым – зерттеушілерді тамсандырғанын білеміз. Имандылықтың үшінші тірегі – ана тілі. Ананың бал әлдиімен бойға дарып, жүрекке сіңген ана тілдің құдіреті байтақ даламызға береке дарытты, ұлттың ұлан – ғайыр жерде бытырап жоғалмай, бір шаңырақ астына бірігуіне күшті құрал болды.

Міне, осындай басты  – басты үш қасиетті берік ұстаған  ата – бабалар біздерге, кейінгі  ұрпақтарына «адастырмас айқын  жолды» көрсетіп кетті. Жоғалтып алсақ, кешірілмес күнә, келер ұрпақ алдында  қарабет те біз болмақпыз. Данышпан Абай бір қара сөзінде: «ата – бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі, ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен... Екіншісі намысқор келеді екен,»- деп қапаланып жазады. Біз де Абай дана өкінішінің артын құшып жүрмейік. Иманымызды ту етіп, соған жету үшін бар күш – жігерімізді салып, аянбай еңбек етейік дегім келеді.

Біздің пайымдауымызша, «мәдени мұра» ұғымын анықтауда  түрлі сипаттамаларды қолдану қажеттігі  туындайды: уақыттың, мәнді-мазмұнның  және функционалдың. Уақыт бойынша сипаттама мәдени мұраның әртүрлі феномендерін бөлуге мүмкіндік бермейді. Өйткені ол қосымша сипатқа ие. Функционалдық сипаттама да белгілі бір қиындықты туындатады. Ол мәдениеттің кейбір феномендерінің арасында функционалдық айырмашылықтарды табуға мүмкіндік бермейді. Мысалы, өнер өзінің әралуандылығына қарамастан, сол қызметті атқарады. Мәнді-мазмұнды сипаттама бұл феноменнің қызметін қазіргі дәуірмен байланыстырады және сол феноменнің сол ортада пайда болуын, оның қазіргі уақыттағы көкейтестілігіне қандай жағдай себеп болатыны туралы сұраққа жауап беруде септігін тигізеді. Сондықтан олардың қажеттілігіне қарамастан, уақыт пен функционалдыққа қатысты жағдайда ғана олар мәдени мұраны қазіргі мәдениеттен ажыратуға мүмкіндік береді [16, 66].

Информация о работе Іскерлік қарым-қатынас