Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының 2007 жылығы 15 мамырда қабылдаған Еңбек  кодексіне сәйкес, еңбек міндеттемелерін  тиісті түрде орындамаған үшін және сонымен қатар тәртіп бұзғаны  үшін, жұмыс беруші келесі тәртіптік өндірулер қолдануға құқылы: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға.

Әкімшілік құқық .бұзушылық - бұл азаматтардың, лауазымды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылығының түрі.

Әкімшілік экологиялық құқық  бұзушылық - мемлекетте белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, халықтың денсаулығы мен экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға залал келтіру немесе осындай залал келтіруге нақты қауіп төндіретін және бұл үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген заңға қайшы қол сұғушылық, кінәлі іс-әрекет немесе әрекетсіздік.

Экологиялық құқық  бұзушылық  үшін әкімшілік  жауапкершілікке тартылу - мемлекеттің құзыретті органдарының жасалған экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік өндіру шараларымен айқындалады. Мұндай органдарға сот және қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы уәкілеттенген органдар (олардың лауазымды тұлғалары) жатады.

Экологиялық құқық  бұзушылықтың түрлері, құқық бұзғаны  үшін әкімшілік жауапкершілікке  тартылу тәртібі мен негіздеу «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексімен реттеледі. Әкімшілік жауапкершілікке, әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған сәтте 16 жасқа жеткен тұлғалар тартылады. Жеке тұлғаға әкімшілік өндіру шараларын қолдану заңды тұлғаны жасалған құық бұзу-шылық үшін әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін заңды тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылуы осы құқық бұзушылыққа кінәлі жеке тұлғаны әкімшілік жауапкершіліктен босатпайды (ӘҚБтК 28-бабы).

Кодекс әкімшілік  жауапкершілік жүктеудің алдын ала шарт-тары ретінде жасалған бұзушылықта қылмыстың құрамы бар-жоқ-тығын көздейді. Экологиялық қылмыс пен әкімшілік қияңқылық-тан айыратын негізгі белгілер ҚР ҚК келтірілген. Бұл экологиялық құқық бұзушылықты қайталау, қасақан құқық бузушылық жасау және т.б.

«Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды пайдалану  саласын-дағы әкімшілік құқық бұзушылық» кодексінің 19-тарауында құқық бұзушылықтың 67 құрамы жазылған. Олардың 4-і қоршаған ортаға қойылатын экологиялық талаптарға жатады, 9-ы жерді қорғауға, 15-1 жер қойнауын қорғауға, 6-ы атмосфералық ауаны қорғауға, 6-ы суларды қорғауға, 14-і ормандарды қорғауға, 2-і өзге де өсімдіктерді қорғауға, 3-і жануарлар дүниесін қорғауға, 1-і Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға, 6-ы континенталды қыртысты қорғауға жатады.

Бұл құқық бұзушылықтың құрамын бірнеше топтарға топ-тастыруға  болады:

1.  Экологиялық  талаптарды орындамағаны үшін (240,244, 245,248,249, 252,263,264,284,305-баптар).

2.  Экологиялық  нормалар мен ережелерді бұзғаны  үшін (262,263, 266,267.271, 272,   275, 276,285, 294,300,302,303-бап-тар).

3.  Қоршаған  ортаны ластағаны үшін (241,242,243,246, 247-баптар).

4.   Қорғау  және пайдалану ережелерін бұзғаны  үшін (244,251,253,254,255,281,282,287-баптар 2,3,288,290,293,295, 298,299,301-бөлімдері).

5.  Табиғат  объектісін заңсыз жойғаны, зақымдағаны  үшін (250,283,287-баптары 289-баптың 1-бөлімі).

6.  Есеп ережелерін  бұзғаны үшін (258,267,268,270,279, 280-баптар).

7.  Экологиялық  ақпаратты бұрмалауды жасырғаны  үшін (257,269,273-баптар).

8.  Ерекше  қорғалатын табиғи аумақтарды, жануарлар  мен өсімдіктер дүниесі тіршілік  ететін табиғи ортаны қорғау  ереже-лерін бұзғанда (297-бап).

9. Табиғат объектілерін  пайдалану және беру төртібін  бұзған-да (256,259, 260,274,285,286,292,299,301,306-баптар).

10. Қалдықтарды  және басқа материалдарды көму, өртеу, орна-ластыру, сақтау. Пайдалану,  тасымалдау кезінде экологиялық ере-желердің қойылатын талаптары бұзылғанда (261,294,304-баптар).

11.  Құрылыс,  пайдалану тәртібін бұзғанда  және қондырғылар мен құрылыстардың  бұзылуы қоршаған ортаға зиянды  әсерін тигізгенде немесе зиян келтіруі мүмкін жағдайда (277,278,291-баптар).

Әкімшілік жауапкершілікке  әкеп соғатын экологиялық құқық  бұзушылықтың құрамы, біздің пайымдауымызша басқа да тарауларда кездеседі, мысалы: 13-тарауда «меншікке қол сұғушылық  әкімшілік құқық бұзушылықтар», жерге құқық меншігін бұзу (118-бап); суға мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы (124-бап); ормандарға мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы (125-бап); жануарлар және өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығының бұзылуы (126-бап).

Бұдан басқа, ӘҚБтК-інде экологиялық қызметтерді атқаратын  бірқатар біріккен баптар бар, мысалы:

Жарылғыш заттармен, радиоактивті және экологиялық қауіпті  заттарды қолдану тәртібін бұзғанда (220-бап); қауіпсіз жұмыс жасау тәртібін бұзғанда (221-бап); белгіленген ядролық  және техникалық қауіпсіздік нормалары  мен тәртібін бұзғанда (222-бап).

«Ветеринарлық қадағалау мен карантин ережелерін әкімшілік құқық бұзушылықтар» 20-тарауда карантиндік зиянкестермен, өсімдік ауруларымен және арам шөптермен күрес жөніндегі ережелерді бұзғанда (307-бап); карантиндік тексеруден және тиісті өңдеуден өтпеген материалдарды шығаруға және кіргізгені үшін (308-бап); егін зиянкестерімен, өсімдік аурулары мен арам шөптермен күрес жөніндегі ережелерді бұзғанда (309-бап); ветеринария туралы заңнаманы бұзғаны үшін (310-бап).

Қоғамдық қауіпсіздік  пен халықтың денсаулығына қол сұғушылық әкімшілік құқық бұзушылықтар» 21-тарауында радиациялық қауіпсіздік пен атом энергиясын пайдалану кезіндегі талаптарды бұзу (315-баптар); ядролық қаруды таратпау режимінің талаптарын бұзу (316-бап); стандарттау туралы және сертификаттау мен өлшеу бірліктері туралы заңнаманы бұзғанда (317-бап); санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу.

Әкімшілік құқық  бұзушылық жасағаны үшін келесі әкімшілік  жазалар қолданылуы мүмкін:

•   ескерту  жасау;

•   әкімшілік  айыппұл салу;

•   әкімшілік  құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық  бұзушылық жасау салдарынан алынған  мүлікті тәркілеу;

•   арнаулы  құқықтан айыру (мысал үшін, аң аулау  құқынан);

•   әкімшілік  камауға алу (18 жасқа толмағандарға таратылмайды);

•   Шетелдік азаматты немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақ-стан Республикасының шегінен  әкімшілік жолмен кетіру (ӘҚБтК 45-бап).

«ҚР Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы» кодексі  сондай-ақ лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестациясынан (куәлігінен) айыруға немесе оның қызметтің белгілі бір түріне яки белгілі бір іс-әрекеттер жасауға әрекетін тоқтата тұруға; жеке кәсіпкердің қызметіне тыйым салуға немесе тоқтата тұруға; өз бетінше салған немесе салынып жатқан құрылыстарды мәжбүрлеп бұзуға, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметіне тыйым салуға немесе тоқтата тұруды көздейді.

Қазақстан Республикасы аумағында жасалған құқық бұзушылыққа, егер олар Қазақстан Республикасының  әкімшілік юрисдикциясының берген иммунитетін пайдаланбайтын болса, онда жалпы непзде шетелдік азаматттар мен азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік жауапкершілікті көтереді.

Бірқатар әкімшілік  құқық бұзушылықтарға, оның ішінде қор-шаған ортаны қорғау саласында, орындалуын қамтамасыз ету олардың  қызметтік міндеттемелеріне кіретін болғандықтан әкімшілік жауаптылыққа тек лауазымды тұлғалар тартылады.

Экологиялық құқық  бұзушылық үшін барынша көп тараған  әкімшілік жазаның түрі айыппұл  салу болып табылады.

ӘҚБтК-ге сәйкес, экологиялық құқық бұзушылық  үшін салына-тын айыппұлдың көлемі жеке тұлғаларға 50 айлық есеп көрсеткішінен аспайды, ал лауазымды тұлғаға - 100 айлық есеп көрсеткіші, ал 317-бапта 150 АЕК дейін, заңды тұлғаға -250 айлық есеп көрсеткіші, ал 317-бап бойынша заңды тұлғаға 500АЕҚ дейін көзделген.

Айыппұлдың нақты мөлшерін, құқық бұзушылықтың түріне және сипатына, құқық бұзушының кінәсіна және келтірілген зи-янға байланысты салық салушы орган айқындайды.

Әкімшілік айыппұлдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы  соған уәкілетті органдармен  тағайындалады (суқорғау, орман-қорғау, балыққорғау, ветеринариялық, санитарлық қадағалау). Бұл жерде айыппұл салу туралы қаулы сотқа шағымдану мүмкін. Айыппұл салу кінәлілерді қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу міндетінен босатпайды.

Әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік қамауға алу, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе оның тікелей объектісі болған заттарды өтемін төлеп қою, не осы заттарды тәркілеу, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (девиденттерді), ақшаны және бағалы қағаз-дарды тәркілеу, нақты тұлғаға берілген арнайы құқықтан айыру (соның ішінде көлік құралдарын басқару құқығынан айыру), қыз-меттің белгілі бір түріне не белгілі бір әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру, өз бетінше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құры-лысты еріксіз бұзу, жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру не-месе оған тыйым салу көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді судья қарайды (ӘҚБтК 539-бабы).

Қогамның  қазіргі заманғы кезеңіндегі  жауапкершіліктің маңыздыларының бірі азаматтық-құқықтық жауапкершілік  болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік үшін мемлекеттік мәжбүрлеудің кез келгені тән емес, оған тек шарттағы міндеттерін орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны, шарттан тыс зиян келтіргеніне байланысты теріс мүліктік салдарға мәжбүрлеу ғана жатады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мақсаты құқық бұзу-шының есебінен немесе басқаның құқық бұзушылығына жауап-ты тұлғаның есебінен бұзылған мүліктік жағдайын қалпына кел-тіру болып табылады.1

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - бұл азаматтық құқық  пен міндеттемелерді бұзушыларға  құқық бұзушылық болғанға дейінгі жай-күйді қайта қалпына келтіруді мақсат ететін, қолданылатын мүліктік сипаттағы іс-шаралардың жүйесі. Азаматтық-құқық бұзушылық іс-шаралар жүйесіне шығындардың орнын толтырудың екі түрі кіреді (моральдық зиянның орнын толтыру) және санкциялар.

Қолданылатын  осы екі түрдің негіздеу белгілері  бойынша аза-маттық-құқықтық жауапкершілікті  шарт (зиян келтіргені үшін) және деликті (негізделмеген байыту).2

Такса ұғымы  тауардың бұрын белгіленген бағасы немесе бір нәрсенің төлемінің нормасы. Экология саласында таксалық әдіс жиі - шығындарды есептейтін жалғыз ықтимал нұсқа. Бұл жерде такса заңсыз алынған өнімінің сол немесе басқа да бір түрінің әрбір данасы үшін өтем мөлшерін нақты айқындап береді. Бұл сомаға заңсыз алынған немесе табиғи объектіні жоюға байланысты: алынбаған өнімнің (ағашты, жүнді, етті және т.т.), табиғи объектіні жақсарту үшін салынған салымдардың жұмсалмаған шығындар, объектінің бұрынғы жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалатын шығындардан туындаған кері салдардың бәрінің құны кіреді.

ҚР Үкіметінің 04.09.2001 жылғы Қаулысымен жануарлар  дүниесін қорғау, пайдалану және молықтыру  туралы заңнаманы бұзғаны, келтірілген залалдың орнын толтырудың, әр түрі үшін такса бойынша есептелетін (бір килограмм үшін) Мөлшері айлық есеп көрсеткішімен белгіленді.

Таксалар жер  үстіндегі сүтқоректілерге, құстарға, бауырымен жорғалаушы қосмекенділерге, жәндіктерге, өрмекші тәрізділерге, балықтарға, теңіз сүт қоректілері  мен су омыртқасыздарына анықталған. Мысалы, ілбісті жойғаны үшін, залалды  өтеу 2000 айлық есеп көрсеткіш, сұңқарға 700 айлық есеп көрсеткіші, бе-кіре, шоқыр, бекіре гибридтері, уылдырықтыларға «бір килограмы үшін) 5 есеп көрсеткіші және т.т. Таксалық жауапкершілік орман заңнамасын бұзғаны үшін де белгіленген. ҚР Үкіметі 31 мамырда 2007 жылы Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залал мрлшерін есептеу Базалық ставкаларды белгіледі.

Сонымен, мысалы: Заңсыз түрде ағаштар мен бұталарды  өсу деңгейі тоқтағанша кесу мен  зақымдауға,ағашты жеке және заңды  тұлғалардың тонауы, зиянды өтеу мөлшері 1 м/3 үшін айлық есеп көрсеткіші, діңнің жоғарғы шетінің кесіндісіне байланысты, қабықсыз, ірі (25 см. және одан көп) Арша -16,0; Шырша Шрен-ка - 21,0; самырсын - 28; емен, шаған - 19,0; сексеуіл - 6,0; майда (3 см. 12 см. дейін) осы ағаштар сәйкесінше — 6,0;7,0; 4,0; 10,0; 7,0; 2,0.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы заңсыз кесуге база-лық  ставкалар екі есе ұлғайтылады.

Орман қорынан  тыс жерлердегі ағаштар мен бұталарды  заң-сыз кесу, ағашты ұрлауға осы  базалық ставкалар қолданылады.

Экологиялық  қылмыстарға қылмыстық жауапкершілік

Қылмыстық жауапкершілікке  жасалған қылмыстар негіз болып  табылады, яғни ҚР ҚК 3-бабында көзделген  қылмыс құрамының барлық белгілері  бар іс-әрекеттер.

Бұл жерде тұлға  қылмыстық жауапкершілікке тек  қоғамға қауіпті әрекеті (әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамға қауіпті зардаптарға қатысты оның кінәсі белгіленген жағдайда (ҚР ҚК 19-бабы. Әкімшілік-құқықтық құқық бұзушылықтан, экологиялық құқық бұзушылық қоғамға жоғары дәрежедегі қауіп төндіретіндігімен қауіпті, бұл заңды бұзушылықтың қайталануында, тікелей қасақана әрекеттің бар екендігі, табиғи ортаға және адам денсаулығына келтірілген зиян ауыртпалығының дәрежесі мен көлеміне байланысты.

Экологиялық қылмысқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген экологиялық құқық тәртібін, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне және қоршаған табиғи орта мен адам денсаулығына елеулі залал келтіретін қол сұғушылықпен көрінетін зиянкестікті тұсінеміз.1

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 11 -тара-уында  экологиялық қылмыстар дербес тарауды құрайды. Онда тек бар нормалардың бірігуі ғана емес, сондай-ақ қылмыстың жаңа құрамын сипаттаған нормалар қосылып баяндалған.

Информация о работе Экологиялық құқық