Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Орман қорын  пайдалану құқығы келесі жағдайларда  тоқтатылады:

а) орман пайдаланушы орман пайдаланудың белгіленген ережелерін немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында, ағаш кесу билетінде, орман билетінде көзделген талаптарды үнемі (екі және одан көп рет) бұзған; б) мемлекеттік орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзгерістерге әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар басталғанда; в) орман пайдалану төлемақысын енгізудің белгіленген мерзімін үнемі (екі және одан көп рет) бұзған немесе орман пайдаланудың төлемақысын белгіленген мерзімнен кейінгі үш айда енгізбеген; г) мемлекеттік орман қоры жері мемлекет қажеттіктері үшін алып қойылған, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды шектеудің неғұрлым қатал режимі белгіленген жағдайларда тоқтатылады. (Орман кодексінің 40-бабы).

 

 

 

 

5-тақырып.  Табиғатты пайдалану мен қоршаған  ортаны қорғау саласындағы басқарудың  ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары 

Дәріс жоспары:

1.Экология саласындағы  мемлекеттік басқарудың түсінігі  және түрлері

2. Экология саласын  басқарудың қағидаттары.

 

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару ұғымының негізгі ережелері, қағидалары, қызметтері

ҚР Экологиялық  кодексінде Қоршаған ортаны қорғау саласындағы  мемлекеттік реттеудің және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі ережелері - деп аталатын 6-бабы бар.

Қоршаған ортаны қорғау саласьіндағы мемлекеттік реттеулерге  жататындар:

қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялау;

экологиялық нормалау;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу;

мемлекеттік экологиялық  сараптама;

экологиялық рұқсаттар  беру;

мемлекеттік экологиялық  бақылау;

қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесін, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгізуді ынталандыру, табиғат іс-шараларын қаржыландыру жүйесі;

мемлекеттік экологиялық  мониторинг;

табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздері мен  учаскелерін мемлекеттік есепке алуды;

экологиялық білім  беру мен ағарту істерін қамтиды.

табиғи ресурстарды  пайдалану саласындағы мемлекеттік  бас-қару:

табиғи ресурстарды  пайдалану саласындағы мемлекеттік  жос-парлау;

табиғи ресурстарды  қорғауға, пайдалануға және молықтыруға  мемлекеттік бақылау жасау;

табиғи ресурстарды  пайдалану құқығына лицензиялар, рұқсаттар беруді және шарттар (келісімшарттар) жасасу;

табиғи ресурстарды  қалпына келтіру мен молықтыруды, ресурс үнемдейтін технологияларды  енгізуді ұйымдастыру;

табиғи ресурстардың мониторингі  мен кадастрларын жүргізу;

табиғи ресурстарды пайдалануға лимиттер белгілеу мен квоталар бөлу;

табиғи ресурстарды пайдалануды, қалпына келтіру мен молықтыруды  жұзеге асыратын мемлекеттік заңды  тұлғаларды басқару;

табиғи ресурстарды қорғауды ұйымдастыруды қамтиды.

Мақсатты арнауы жағынан  мемлекеттік басқару мен мемлекеттік реттеудің расында принциптік айырмашылықтар жоқ. Іс жұзінде мемлекеттік экономикалық немесе өзге де процестердегі әртүрлі қатысуының өлшем бірлігінің (көп немесе аз) туралы әңгіме болуы мұмкін.

Экологиялық жүйені реттеу экология пайдалануды басқару арқылы жүргізіледі, ол қоршаған ортаны қорғаумен тығыз байланыста.

Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік  басқару тұсінігі мәселесі бойынша  ғалымдардың әртұрлі көзқарастары жазылған. Алайда, Д.Л.Байделдинов өз анықтамасында: - «экология саласындағы  мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттік органдардың - қоғамның қоршаған ортамен өзара іс-әрекеті кезінде экологиялық тәртіпті қамтамасыз ететін, мемлекет субъектілерінің экологиялык міндеттерін және құқықтарын жұзеге асыратын орындаушылық-билік етушілік іс-әрекеттері» - деп есептейді. Мемлекеттік басқару-дың қағидаларының арасынан бір ғалымдар келесілерді айқындайды:

- адам денсаулығы мен  өмірін қорғаудың басьтмдығы, халық-тың  қолайлы өмір сұруі ұшін қоршаған  ортаны және қайта қал-пына  келтіру мен сақтау;

- табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік, мемлекетпен жер-ге жеке меншікті бақылау;

- мемлекеттщ әлеуметтік-экономикалық  міндеттерін шешу ке-зінде қоғамның  экологиялық міндеттерін ұйлесімді  шешу;

- экономикалық әдістерді  қолдану экологиялық тәртіпті  қамтамасыз ету үшін экономикалық ынталандыруды енгізу арқылы басқарылады;

- азаматтардың белсенді  қатысуын, халықтың, қоғамдық бірлестіктердің  және жергілікті басқару органдарын  экологиялық мәселелерді шешуде  кеңінен тарту. (Д.Л.Байдельдинов).

Басқару қызметін жұзеге асыру әдістері заң әдебиеттерінде жалпы қабылданған басқарудың нысандары мен әдістерін ай-қындайды.

Мемлекеттік басқару  нысаны негізгі ұш тұрде айқындалады:

1)  құқық шығарушы - басқару қатынастарын реттеуге бағытталған және мемлекеттік органдармен қабылданған норма-тивтік актілерді қабылдайды және әзірлейді;

2) құқық қолданушы - мемлекеттің бұл қызметі нормативтік актілерді қабылдау арқылы және нақты әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталған;

3) құқық қорғау - мемлекеттің бұл қызметі мемлекеттік нормативтік актілермен көзделген талаптарды бұзған немесе орын-дамаған тұлғаларға жаза қолдану бойынша.

Мемлекеттік басқару  органдары императивті әдісті қолданады (міндетті ескерту талаптарды жазу әдісі) одан қандай да бір ауытқулар  жасамай басқару шешімдерін бұлжытпай орындау және кеңестер беру әдісі (бұл әдісте мемлекеттік шешімдерді бірнеше нұсқауда орындау мүмкіндігі, сонымен қатар қандай да бір шарттарын ескере отырып, мысалы жергілікті жағдай мен ерекшеліктерді). Экологиялық тәжірибеде мемлекеттік санкциялау әдісі кеңінен тараған, бұл әдісте мемлекеттік органның шешімі оны мемлекеттік орган бекіткеннен кейін заңды күшіне кіреді. Шешу әдісі (құқықтарды толығымен тапсыру) мемлекеттік орган өзінің «ішкі» субъектілері үшін міндетті шешімдерді өз бетінше қабылдауы.

Экология пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу әдістері мен нысандары басқару қызметі ар-қы.іы жұзеге асырылады, ол осы органдарға берілген. Ғалымдардың көпшілігі мемлекеттік басқару қызметтерінің келесі тұрлерін айқындайды: табиғи ресурстар мен басқа да табиғи объектілерді есепке алу; табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік жоспарлауды; экологиялық нормалауды; мемлекеттік экологиялық сараптаманы; қоршаған ортаның жай-күйін бақылау (экологиялық мониторингті жүзеге асыру); экологиялық сертификаттау; экологиялық бақылауды ұйымдастыру; табиғат пайдалану саласындағы құқық туралы дауларды шешу; табиғи объектілерді тарату немесе қайта тарату; табиғи объектілердің кеңістіктік-аймақтық жабдықтары.

 

Табигатты пайдалану мен қоршаган ортаны қорғау саласындагы

реттеудегі мемлекеттік органдардың құзыретімен жуйесі

Республикада  экология мәселелерінің мемлекеттік  органдардың кең шеңбері аясында  белгілі болғаны, олар әралуан құзырет-термен өкілеттенген және әр түрлі деңгейде қызмет етеді. Оларды төрт топқа бөлуге болады: жалпы құзыретті органдар, арнайы құзыретті органдар, саларалық құзыреттегі, қызмет етуші органдар. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың жалпы құзыреттегі органдарының ерекшелігі сонда, олар осы қызметті олардың құзыреттеріне жататын басқа да міндеттерді шешумен қатар жүзеге асырады, - экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы дамытуды басқару (денсаулық сақтау, білім беру және т.б.), мәдениет, қорғаныс, және т.б.

Жалпы құзыреттегі  табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану  саласындағы мемлекеттік басқаруды және реттеуді жұзеге асыратындарға жататындар: ҚР Парламенті; Жергілікті уәкілетті органдар; ҚР Президенті; ҚР Үкіметі; Жергілікті атқарушы органдар.

Органдар жүйесіндегі  орталық орында Қазақстан Республикасының  Үкіметі тұр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Рес-публикасының Конституциясында, Ұкімет туралы Конституция-лық  Заңда, ҚР Экологиялық кодексінің 16-бабында  анықталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қошаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында:

қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану, қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы  мемлекеттік саясаттың негізгі  бағыттарын, оларды жүзеге асыру жөніндегі  стратегиялық шараларды әзірлейді;

мемлекеттік экологиялық  бағдарламаларды және табиғат пайдаланудың тұрлі бағыттары бойынша, сондай-ақ климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласындағы бағдарламаларды әзірлейді;

табиғат пайдаланудың әр алуан түрлері бойынша тұжырымдамаларды мақұлдайды;

табиғи ресурстарды  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат  пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;

республикалық деңгейде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қоршаған ортаны қорғау ждніндегі  бағдарламаларды бекітеді.

Табиғи ресурстардың әрбір тұрінің мемлекеттік есебін, мемлекеттік кадастрлары мен мемлекеттік мониторингін жүргізу тәртібін айқындайды;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді;

ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін;

эмиссиялар  нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын  қызмет тұрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын;

қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелерді сату тәртібін;

ластану учаскелерінің  мемлекеттік тізілімін жүргізу  тәртібін;

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының базалық  және шекті ставкаларын;

қоршаған ортаны ластаудан келтірілген залалды  экономикалық бағалау ережелерін бекітеді.

шаруашылық  және өзге де қызметтің экологиялық  қауіпті түрлерінің тізбесін;

айрықша экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстарын өткізу тәртібін;

сот шешімімен  республикалық меншікке тұсті деп  танылған иесіз қауіпті қалдықтарды  басқару тәртібін;

қалдықтарды орналастыру  полигондарын жою қорларын қалыптастыру тәртібін айқындайды.

қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау тәртібін;

кешенді экологиялық  рұқсаттар беру тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттардың орнына кешенді экологиялық рұқсаттар  алу мұмкін болатын өнеркәсіп  үлгілерінің тізбесі;

парниктік газдарды атмосфераға шығаруды шектеудің, тоқтата тұрудың немесе азайтудың тәртібін;

озон қабатын  бұзатьш және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын  зат-тарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын  бұзатын заттар бар жабдықтарды  жөндеуге, жинақтауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін;

парниктік газдарды атмосфераға шығаруды және озон қабатын  бұзатын заттарды тұтыну көздерін мемлекеттік  есепке алу тәртібін;

аумақтардың экологиялық  жағдайын бағалау критерийлерін;

жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін;

Каспий теңізінің  солтүстік белігіндегі мемлекеттік  қорық аймағының шекарасын;

қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу тәртібін белгілейді;

халықаралық ынтымақтастықты  жүзеге асырады;

аумақты төтенше  экологиялық жағдай аймағы деп жариялай-ды және төтенше экологиялық жағдай аймағы құқықтық режимінің қолданысын тоқтату туралы шешім қабылдайды (ҚР Экологиялық кодекстің 16-бабы).

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзіреті (республикалық маңызы бар  қалалар, астаналар):

тиісті аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы  бағдарламалардың орындалуын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға  шығатын шығындарды бекітеді

өз құзыреті шегінде қоқыстарды басқару жөніндегі  бағдарламаларды бекітеді;

қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері бағдарламаларын әзірлейді;

жергілікті  атқарушы органдар басшылары мен  заңды тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдаланудың жай  күйі туралы есептерін тыңдайды;

өз құзыреті шегінде табиғат пайдалану ережелерін қабылдайды, оны бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді;

қоршаған ортаға эмиссиялар ұшін төлемақы ставкаларын  бел-гілейді. (ҚР Экологиялық кодекстің 19-бабы).

Информация о работе Экологиялық құқық