Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Қоршаған ортаны қорғау саласында ҚР Экологиялық  кодекстің 20-бабына сәйкес, атқарушы билік органдарының жүйесінде ерекше орында облыстардың атқарушы органдары тұр (республикалық маңызы бар қаланың, астананың):

Облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары қоршаған ортаны қорғау саласында:

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келі-сілген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі іс-шаралар және олардың тиісті аумақтарда іске асырылуы көзделетін бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзірлеуді ұйымдастырады;

мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негізінде өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат береді;

өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сарагітамасын ұйымдастырады және жүргізеді;

мемлекеттік экологиялық  сараптама жұргізу кезінде қоғамдық талдау ұйымдастырады;

қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу  жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашылық жоба-ларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына береді;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға  және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартады;

өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының  нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді;

қалдықтарды басқару  жөнінде бағдарламалар әзірлеуді  ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

өндіріс пен  тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салуға жер учаскелерін бөледі;

қалдықтарды жою  және орналастыру объектілерді салуды қамтамасыз етеді;

коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық  талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

қалдықтардың  пайда болу көлемдерін бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерін азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдалану деңгейін арттыруға және көмілуге тиіс қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзірлейді;

Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіппен  табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға  беру туралы шешім қабылдайды;

тиісті аумақта  тұрған табиғат объектілерінің жай-кұйі туралы халықты хабардар етуді жұзеге асырады;

қоғамдық экологиялық сараптама жұргізудің тіркелуін жүзеге асырады;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық  жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы  уәкілетті органға табыс етеді.

Қоршаған ортаны қоргау саласындагы  мемлекеттік басқарудың арнаулы органдары

ҚР Экологиялық  кодексі қоршаған ортаны қорғау саласындағы  уәкілетті органды анықтады, ол - ҚР Қоршаган ортаны крргау министрлігі. Экологиялық жарлықтарды және қолдануын заңнамалық іс-шараларды жүзеге асыру ұшін Министрлікке жеткілікті кең ауқымдағы өкілеттіктер берілген, олар ҚР Экологиялық кодекстің 17-бабында айқындалған, олардың кейбірін атап өтейік:

біртұтас мемлекеттік  экологиялық саясатты жүргізеді  және қоршаған ортаны қорғау саласындағы  бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады; өз құзыреті шегінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғауды жұзеге асыру бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;

климатты және Жердің озон қабатын қорғау саласында  мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды бекітеді немесе келіседі;

қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері  бағдарламаларын әзірлейді;

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламалар  мен іс-шаралар жоспарларын келіседі;

экологиялық рұқсаттар  береді, оларда қоршаған ортаға арналған эмиссияларға лимиттер белгілейді;

мемлекеттік экологиялық  бақылауды жүзеге асырады;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға  және қызметтер көрсетуге лицензиялар  беруді жүзеге асырады;

табиғи ресурстарды  пайдалану саласындағы лицензияларды, рұқсаттарды, шарттарды (келісімшарттарды) өз құзіреті шегінде келіседі; өз құзыреті шегінде мемлекеттік экологйялық  сараптаманы жұргізеді, сондай-ақ Қазақстан  Республикасында экологиялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді және оған әдістемелік басшылықты жүргізеді;

Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнамасы бұзылған жағдайда мемлекеттік экологиялық  сараптама қорытындысын кері қайтарып алу және оны жою құқығымен, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалардың мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қызметіне бақылауды жүзеге асырады;

міндетті экологиялық  аудит жүргізу туралы шешім қабылдайды және міндетті экологиялық аудит  жүргізу туралы қорытындысының объектісін бекітеді;

қоршаған орта жай-күйінің мемлекеттік мониторингін және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіреді;

табиғи ресурстар, кадастрларының біріңғай жүйесін жүргізеді;

өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын  жүргізуді ұйымдастырады;

зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің  және сарқынды суларды жер қойнауына  жіберудің мемлекеттік кадастрын жұргізуді ұйымдастырады және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді;

қоршаған ортаның  ластану учаскелерін мемлекеттік  есепке алуды ұйымдастырады;

парниктік газдардың  мемлекеттік кадастрын және Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;

озон қабатын  бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын  заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын  бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат береді;

табиғат пайдаланушылардың  және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді  және оларды есепке алу тәртібін белгілейді;

экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жұргізуді ұйымдастырады, қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу мерзімдері мен тәртібін белгілейді;

ең озық қолжетімді технологиялар тізбесін әзірлейді және олардың тізілімін жүргізуді ұйымдастырады;

әр түрлі  дәрежедегі полигондарда орналастыру  үшін қалдықтар тізбесін айқындайды;

қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесін;

қалдықтар сынаптамасын;

қауіпті қалдықтар  бойынша есеп беру нысанын;

жергілікті  атқарушы органдардың лауазымды  тұлғаларының экологиялық сараптама  саласындағы қызметіне бақылауды  жүзеге асыру ережесін;

мемлекеттік экологиялық  сараптама қорытындысының нысанын;

топырақтағы химиялық заттардың жол берілетін шекті шоғырлануын белгілейді.

қоғамдық тыңдау тәртібін;

парниктік газдар шығарудың және озон қабатын бұзатын  зат-тарды тұтынудың шекті нормативтерін  әзірлеу мен бекіту тәртібін;

парниктік газдар шығындыларын және озон қабатын бұзатын заттарды түгендеу тәртібін;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық  ынтымақтастықты жүзеге асырады;

Ұлттық экологиялық  атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады;

Мемлекеттік экологиялық  сараптамадан өткен нормативтік  құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізеді.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүйесінде табиғат  қорғау саласын бақылау комитеті құрылған, осыған орай қоршаған ортаны қорғау саласының бірқатар бақылау  қызметтері осы Комитеттің құзыретіне берілген.

Үкіметтің құрамына кіретін қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік биліктің арнайы уәкілетті органдарының қатарына ҚР-ның Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі жатады. Агенттіктің құзыреті ҚР-ның Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі туралы, 1999 жыл-ғы 23 қарашада Үкімет Қаулысымен бекітілген ЕрежесІнде және ҚР-ның Жер кодексінде (14-бап) айқындалады.

Осындай органдарға Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі жатады.

Министрліктің өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі туралы Ережесімен айқындалған.

Тек суды қорғау және пайдалану саласының міндеттерін  шешу үшін құрылған Баскдрудың арнаулы  органдарына ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті жатады. Комитеттің құқықтық жағдайы мен құзыреті ҚР Су кодексінің (37-бап) және Қазақстан Республикасы Ұкіметінің 2005 жылғы 6 сөуірдегі қаулысымен бекітілген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет туралы ережелерінде айқындалған.

ҚР  Ауыл шаруашылығы министрлігінін орман  және аңшылық шаруашылығы комитегі де сондай-ақ орман қоры мен жануарлар дұниесін қорғау, пайдалану және молықтыру саласындағы арнайы уәкілетті орган болып табылады.

Комитеттің  құзыреті ҚР Орман кодексінің (13-бабында), ҚР жануарлар дүниесін қорғау және молықтыру туралы Заңында (9-бап) және ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 6 сәуірде бекіткен қаулысымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық комитеті туралы Ережесінде айқындалған.

Арнайы уәкілетті  органдарға сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы  министрлігінің Балық шаруашылығы  комитеті жатады. Оның өкілеттігі ҚР Жануарлар  дұниесін қорғау, молықтыру және пайдалану  туралы Заңымен, ҚР Ұкіметінің 2003 жылғы 18 шілдеде бекіткен қаулысымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы жөніндегі комитет туралы ережесінде айқындалған.

Комитеттің  негізгі міндеттері болып табылатындар: балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі  мемлекеттік саясатты жүзеге асыру  және әзірлеуге қатысу; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану, қорғау және молықтыру, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізу.

Арнайы уәкілетті  органдарға ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі 2004 жылы 24 қазанда ҚР Энергетика және минералдық ресурстары министрлігі туралы бекіткен ережелерімен жер қойнауын зерттеу және жер қойнауын пайдалану, атом энергетикасы комитеттерін жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңында жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның және құзыретті органның құзыреттері айқындалған. Мысалы құзыретті органның қызметтеріне кіретіндер:

жер қойнауына  барлау, іздеу және бірлескен барлау жүргізуді және өндіруге құқық ұсыну үшін конкурстарды ұйымдастыру мен әзірлеу;

жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттың талаптары туралы келіссөздер  жүргізу, жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттың жобасын әзірлеу;

жер қойнауын мемлекеттік  зерттеу бойынша жұмыстар жұр-гізуге жобалық-сметалық құжатнамалардың сараптамасын қоспағанда, келісімшарт құжаттары жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастыру:

жалпы таратылған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге жасалған келісімшарттар-ды қоспағанда, келісім шартты жасасу және тіркеу;

жер қойнауын пайдаланушылардың  келісім шарт талаптарын орындауына бақылау мен мониторинг;

көмірсутек  шикізатын өндіру бойынша жобаларды  бекіту және әзірлеудің тәртібін айқындау.

Жер қойнауын пайдаланушы және зерттеу жөніндегі уәкілеттіорган:

жер қойнауын кешенді  пайдалану және геологиялық зерттеу  саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарларын (жобаларын) бекітеді;

көмірсутек  шикізаттарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру кен орындарын әзірлеу жобаларын бекітеді;

жер қойнауын мемлекеттік  геологиялық зерттеуге, сондай-ақ барлаумен  және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты құрылыстарын пайдалануға  және (немесе) құрылысқа жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынады;

пайдалы қазбалар қорларына мемлекеттік сараптаманы, жер қойнауы учаскелерін пайдалануда  ұсынылатын геологиялық және экономикалық ақпараттар туралы, жер қойнауы мен  мониторингін мемлекеттік геологиялық  зерттеу бойынша жұмыстарды жұргізуге  жобалық-сметалық құжатнаманы жүргізу және ұйымдастыру, пайдалы қазбалардың қорын бекітеді;

Информация о работе Экологиялық құқық