Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Залалды экономикалық бағалаудың тура әдісі неғұрлым тиімді инженерлік, ұйымдық-техникалық және технологиялық  іс-шаралар арқылы қоршаған ортаны қалпына келтіруге жұтаңдаған табиғи ресурстардың орнын толтыруға, тірі организмдерді сауықтыруға қажетті нақты шығындарды анықтаудан тұрады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғалары бірінші  кезекте қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаның қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады.

Қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды  жұргізу жөніндегі тиісті міндеттемелер  қоршаған ортаға залал келтірген  тұлғаны нақты іс-шаралар және оларды жүргізу мерзімі көрсетілген кепілдік хатында жазылады.

Залалдың салдарынан жою жөніндегі шаралардың құны олардың  нарықтық құны бойынша айқындалады.

Залалды тура әдіспен  экономикалық бағалау кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тәуелсіз сарапшыларды тарта алады. Сарапшылар ретінде экологиялық аудиторлар, жобалау, инженерлік және ғылыми ұйымдардың мамандары қатыса алады.

Тәулсіз сарапшылар жұмысына ақы төлеу жөніндегі  міндет қоршаған ортаға залал келтірген тұлғаға жүктеледі.

Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі залалды  экономикалық бағалаудың тура әдісін қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.

Залалды экономикалық бағалаудың жанама әдісі қоршаған ортаға әсер ету түрлеріне қарай залалды әрбір ингредиент бойынша жиынтықтау жолымен айқындалады (ҚР ЭК 108-110-баптары).

Қазақстан Республикасының  Үкіметімен белгіленген экологиялық  қауіпті шаруашылық және өзге де қызметтердің субъектілері, үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне және (немесе) апаттық ластануы нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Міндетті экологиялық сақтандыру туралы 2005 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Заңына сәйкес жүргізіледі.

Ерікті экологиялық  сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өздерінің еркін блдіруіне қарай  жүзеге асырады. Ерікті экологиялық  сақтандырудың түрлері, талаптары  және тәртібі сақтандырушылар мен  сақтанушылар арасындағы шарттарды  айқындалады (ҚРЭК107-бабы).

 

 

 

7-тақырып.  Экологиялық заңдарды  бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.

Дәріс жоспары:

1. Экологиялық  құқықбұзушылықтың түсінігі, белгілері  мен құрамы

2. Экологиялық  құқықбұзушылықтың түрлері

3. Экологиялық  құқықтық жауапкершілік

Экологиялық құқық бұзушылық үшін і заң алдында жауаптылықтың түрлері мен ұғымы

Заң алдындағы  жауаптылық - құқық бұзушының заңға  қарсы кінәлі іс-әрекеттеріне - құқық  бұзушылығына жауап ретінде пайда  болатын тұлғалық, мүліктік немесе ұйымдастрыру тәртібімен жайсыз салдарларды көтеру міндеті.1 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экологиялық құқықтары оқу құралының автор-лары Д.Л.Байделдинов пен С.Д.Бекишева атап керсеткендей, эко-логиялық маңызды құқыққа қарсы әрекеттер міндетті түрде кінәлі түрде жасалмайды. Сонымен бірге олар мысал ретінде жоғарғы қауіптілік көздерінің иелеріне сілтеу жасайды.1 ҚР Экологиялық кодексінің 321-бабында: Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіп-тілікпен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауіп көзі келтірілген зи-янды өтеуге міндетті, - деп көрсетілген. Атап көрсетілген бап-тан, мұндай жағдайларда шығындар кінәсіна байланысты емес өтелуі тиіс екендігі шығады.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік деп -қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы уәкілетті органдардың, құқық қорғау органдарының және өзге де уәкілетті субъектілердің тұлғасындағы мемлекет пен экологиялық құқық бұзушылықты жасаған тұлға арасындағы (жеке, лауазымды немесе заңды) құқық бұзушыға тиісті өндірулер қолдануды түсінеді.

В.В.Петров қалыптасқан  және дәстүрлі емес экологиялық-құқықтық жауапкершілікті есептейді.

Экологиялық-құқықтық жауапкершілік жалпы заң алдындағы  жауаптылықтың құрамдас бөлігі болып  табылады және оған тән барлық сипаттарға ие. Дегенмен, оның экологиялық-құқықтық қатынастар ерекшеліктерімен айқындалатын өзінің өзгешелігі бар.

Біріншіден, экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген залал, басқа да құқық бұзушылықтан келтірілген залалға қарағанда, (келі-судің белгілі шамасымен) екі аспектте қарастырылады: экономика-лық (материалдық) және экологиялық (материалдық емес).

Бірақ, бірқатар жағдайларда, табиғатты қорғау саласында  кел-тірілген зиянды заттай өндіруге және бұзылған жағдайды қайта қалпына келтіру өте күрделі, ал кейбір жағдайларда тіпті мүмкін емес болғандықтан ол ақшалай түрде өтеледі.

Сондықтан, мүліктік жауаптылық осы салада материалдық  жауапкершілікте айқындалады.

Екіншіден, келтірілген зиянның мөлшерін анықтауда да өзіндік өзгешіліктер бар.

Үшіншіден, экологиялық заңнаманы бұзушыларға қолданы-латын мәжбүрлеу шараларының ішіндемыналар бар (айыру, шектеу немесе пайдалану құқығын тоқтата тұру), олар жауап-кершіліктің дәстүрлі түрлерінің шеңберіне кірмейді.

Төртіншіден, табиғи объектілерге заңсыз иелік ету жағдайын-да басқа объектілерге заңсыз қожалық ету жағдайындағыдай мы-сал үшін заңсыз аң аулауға, заңсыз ағаш кесуге, өз бетінше жерді иелену, жымқырғаны үшін емес, арнаулы баптар бойынша жа-уаптылық туындайды.'

Құқықтың әр саласының өзіне тән жауапкершілік іс-шарала-ры бар. Салалық жауапкершілік заң алдындағы жауаптылықпен, жекелей алғанда жалпы ретінде салыстырылады.

Экологиялық-құқықтық жауапкершілік өзара байланысқан  үш аспектіде қарастырылады:

Заңмен жазылған талаптарды орындауға мемлекеттік мәж-бүрлеу ретінде;

Мемлекет пен (оның органдарының тұлғасында) құқық бұзу-шы (санкцияға  тартылғандар) арасындағы құқықтық қатынастар ретінде;

Құқықтық институт ретінде, яғни құқықтың әртүрлі салала-рының  заң нормаларының жиынтығы (жер, тау, су, орман, таби-ғат қорғау және басқалар).2

Экологиялық құқық бұзушылық  үшін жауапкершілік қорша-ған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану  заңнама-сының талаптарын орындауды  қамтамасыз ететін негізгі құрал  ретінде қызмет етеді.

Осы құралдың тиімділігі көп жағдайларда экологиялық заңна-маны бұзушыларға заң алдындағы жауаптылық шараларын қол-дануға уәкілетті мемлекеттік органдарға байланысты.

Экологиялық құқық бұзушылық  үшін заң алдындағы жауап-тылық  экологиялық құқық бұзушылық  жасағаны үшін жағымсыз зардаптарды көтеру міндетін бұзушыға жүктеуді көздейді.

Ол өзі экологиялық  құқықтың кешенді институтын ұсынады, (өйткені құқықтың әртүрлі саласының  нормалары кіреді - жер, тау, су, орман, табиғат қорғау және құқықтың басқа  да салала-ры), олар негізгі төрт қызметті атқарады:

1)  экологиялық-құқықтық  бұйрықтарының орындалуын, құқық  номаларының сақталуын ынталандыратын;

2)  адам денсаулығын  қалпына келтіру мен қоршаған  ортаға келтірілген залалды өтеуге  бағытталған өтемдік;

3) жаңа құқық бұзушылықтың  алдын алуды қамтамасыз ететін ескерту;

4)  экологиялық құқық  бұзушылық жасаған тұлғаға қолдананылатын  жаза қолдану;

Д.Л.Байделдинов пен С.Д. Бекишева біздің пайымдауымызша, экологиялық  құқық бұзушылыққа келесі анықтауды  дұрыс берген сияқты - бұл, әдетте мемлекетке, заңды және жеке тұлғалардың заңды мүдделері мен экологиялық құқықтарына қол сұғушылық немесе қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруге нақты қауіп төндіретін1 кінәлі, құқыққа қарсы әрекет (іс-әрекет немесе әре-кетсіздік).

Құқық бұзушылық туралы тек, олардың қалыптасуының бар-лық элементтері бар жағдайда айтуға болады, олар: құқық бұзу-шылық объектісі, объективті жағы, кінә, субъективті жағы және субъект, яғни құқық бұзушылық құрамы анық болған жағ-дайда.

Экологиялық құқық  бұзушылық объектісі ретінде табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар қарастырылады.

Заң әдебиеттерінде осы тұрғыда  әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Б. В. Ерофеев экологиялық құқық  бұзушылық объектісін адам мен қоғамның тіршілік ету ортасымен өзара  байланысты тиімді өмір сүруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету тұрғысынан алғандағы қоғамдық қатынастар. Қысқаша айтатын болсақ, қолайлы қоршаған ортаға қатысты қатынастар.1

С.Д.Бекишеваның тұжырымы бойынша - қоршаған ортаның сапасы мен  жай-күйін қамтамасыз етуге және сақтауға байланысты қоғамдық қатынастар экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі болып табылады.2 Дегенмен, біздің пайымдауымызша, экологиялық құқық бұзушылық объектісіне мейілінше дұрыс анықтаманы М.М.Бринчук берген сияқты, ол экологиялық құқық бұзушылық объектісі деп, құқық нормаларымен қорғалатын және реттелетін жалпы алғандағы қоршаған орта мен оның жекелеген компоненттеріне қатысты қоғамдық қатынастарды құқық бұзу-шылық объектісі деп есептейді. Ол, осы экологиялық құқық бұзу-шылықтың мазмұнына кіргізгендер: табиғи ресурстарға меншіктік қатынастар; табиғат пайдалану бойынша қатынастар; қоршаған ортаны зиянды әсерлерден қорғау; адам мен азаматтың заңды мүдделері мен экологиялық құқықтарын қорғау.3 Дегенмең, С.Д.Бекишева М.М.Бринчукты табиғи ресурстарға меншіктік қатынастарды енгізгенін негізді түрде сынға алады, өйткені құқықтық қорғауға тек меншік объектілері ғана емес, сонымен қатар жеке меншікке кірмейтін объектілер де жатады, мысалы ат-мосфералық ауа.

Объективті жагынан экологиялық құқық бұзушылық та кез келген құқық бұзушылық секілді құқыққа қарсы істі әрекет ар-қылы жасау (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау) немесе әрекетсіздік (жер қойнауын қорғау ережелерін орындамау).

Формалды құрамы, яғни жауапкершілік  қоғамға қауіпті зардаптарға  қатысты емес, құқық бұзушылық жасалудың нақты дәйегіне туындайды. Құқық бұзушылық құрамының үшінші белгісі кінә болып табылады, ол екі нысанда: қасақана (тікелей және жанама) және абайсызыдық (өркөкіректік пен ұқыпсыздық).

Экологиялық құқық  бұзушы субъектісі (ақыл есі дұрыс, белгілі бір жасқа жеткен) азаматтар мен заңды, мемлекеттік және мемле-кеттік емес, ұлттық және шетелдік тұлғалар (мысалы ластау субъектісі) бола алады. Бір қатар жағдайларда арнаулы субъект туралы айтқан жөн, яғни заңның тиісті баптарында арнаулы деп аталғандар туралы.

Қоршаған ортаны қорғау саласында  әкімшілік құқық бұзушы-лық субъектісі лауазымды тұлға және заңды тұлға  болуы жиі кез-деседі (мысалы: 266-бап.

Пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін алынып тасталған) немесе тек лауа-зымды тұлға (242-бап ластаушы заттардың өндірістік нормадан тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды апаттық әсері туралы хабарламау немесе бұрмаланған ақпарат беру). Бір қатар жағдайларда экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік жал-пы және арнаулы субъектіге жүктеледі (252-бап. Жерді пайдаланудың табиғаи қорғау режимі талаптарын орындамау лауазым-ды тұлғаларға ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады).

Арнаулы субъектіні жауаптылыққа тарту ерекшеліктері, жекелей алғанда лауазымды тұлғаларды тартуда, оларға жасалған құқық бұзушылыққа байланысты жауаптылық, сондай-ақ экологиялық құқық бұзушылықпен бірге жауапты.

Құқық бұзушылықтың құрамының  элементтерінің бірі субьективті жақ болып табылады, яғни құқық бұзушылық жасаумен байланысты психикалық іс-әрекет.Оның міндетті белгісі субъектінің іс-әрекетінде қасақана немесе абайсыз түрде көрініс табатын (бұл туралы жоғарыда айтылып өтті) жасаған құқық бұзушылығы. Құқық бұзушылық құрамының міндетті емес белгілері-не құқық бұзушылыққа итермеген мақсат пен сарын есептеледі.

Міне, кез келген құқық  бұзушылық құрамының элементтері  және экологиялық құқық бұзушылықтың құрамының ерекшеліктері осындай. Құқық бұзушылық құрамының мәніне қарай тиісті жауаптылықтың тиісті түрін қолдануына қарай құқық бұзушылықтың түрін айқындайды.

Экологиялық құқық бұзушылық  құрамына байланысты әкімшілік немесе тәртіптік тәртіп бұзу немесе қылмыс болуы мұмкін, оларды жасағаны үшін әрине әкімшілік, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік туындайды. Зиян тигізу немесе залал келтіру азаматтық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соғады, оған құқық бұзушының жауаптылықтың басқа түрлеріне тартылған-дығына қарамастан әкеп соғуы мүмкін.

Жауаптылықтың кейбір түрлері бірден қолданылуы мүмкін, мысалы, тәртіптік жауапкершілік оған қоса залалдың орнын толтыру, ал басқалары - тек балама негізде қолданылуы мүмкін. Бұл қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке қатысты. Осы берілген құқық бұзушылықтардың объективті жағы сәйкес келуі мүмкін, айырмасы тек жасалған іс-әрекеті үшін жауапкершіліктің дәрежесінде ғана, сондықтан бір құқық бұзушылық үшін бір мез-гілде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды.

Экологиялық құқық  бұзушылық үшін заң алдындағы жауаптылықтың  түрлері

Тәртіптік жауапкершілік - бұл, тәртіп бұзғаны үшін қызметкерге тәртіптік өндіру арқылы қолданылатын санкция.

Информация о работе Экологиялық құқық