Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Шартты түрде  экологиялық қылмыстардың барлық құрамын  бірнеше топтарға топтастыруға болады:

1. Қоршаған ортаны қорғауға қарсы - жалпы сипаттағы қыл-мыстар. Бұл - шаруашылық және өзге қызметтерге қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы; жұмыс өндірісі кезінде қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзу; экологиялық қауіпті заттар мен қалдықтармен жұмыс істеу ережелерін бұзу; микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу; ветеринариялық ережелерді бұзу және өсімдіктердің аурулары мен зи-янкестерімен күрес кезінде белгіленген ережелерді, экологиялық ластану зардаптарын жою бойынша іс-шараларды қолданбау (ҚР ҚК 277-280,294-баптары).

2.  Жер мен  жер қойнауын ұтымды пайдалану  мен сақтау саласындағы қоғамдық  қатынастарға қол сұғушылыққа.  Бұл - жерді бүлдіру, жер қойнауын  пайдалану мен қорғау ережелерін бұзу (ҚР ҚК 285-286-баптары).

3. Су қатынастарын  қорғау. Бұл - суларды ластау, былғау  және жұтаңдандыру, теңіз ортасының  ластануы, Қазақстан Республикасының  континенталды шельфі туралы  және Қазақстан Республикасының  ерекше экономикалық аймағы туралы заңнаманы бұзу (ҚР ҚК 281, 283, 284-баптары).

4.  Өсімдіктер  дүниесін қорғау (флораны). Бұл - ағаштар  мен бұталарды заңсыз кесу, ормандарды  жою немесе зақымдау, өсімдіктер  ауруларымен және зиянкестерімен  кұрес үшін белгі-ленген тәртіпті  бұзу, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз түрде алу (ҚР ҚК 280,287,291,292-баптары).

5. Жануарлар  дүниесі мен атмосфералық ауа  саласындағы қоғамдық қатынастарға  қол сұғушылық. Бұл су жануарларын  аулау, ба-лық қорын қорғау  ережесін бұзу, заңсыз аңшылық,  ветеринариялық ережелерді бұзу, атмосфераны ластау (287-289-баптар).

Қоршаған ортаны қорғаумен байланысты қоғамға қауіпті  іс-әре-кеттер құрамы 11-тараумен қатар  Қазақстан Республикасының басқа  да тарауларында бар. 4 тарауда «Әлемге  жәңе адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» Қазақстанның қылмыстық құқығы үшін жаңа 161 -бап «Экоцид» көзделген, оған сәйес өсімдік және жа-нуарлар дүниесін жаппай жою, атмосфераны, жер және су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты шығаратын немесе шақыруға ықпал ететін әрекеттер үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Меншікке қарсы  қылмыстар 6 тарауда Жерге мәңгілік құқықтарын бұзуға жауапкершілік көзделген (186-бап).

9-тарауда Қоғамдық  қауіпсіздікке және қоғамдық  тәртіпке қарсы қылмыстарда, жарылыс қауіпті объектілерде, таулы немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде, атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін (244-246-баптар), радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу, ра-диоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзғанда (247-249-баптар) көзделген.

Экологиялық қылмысқа жауапкершілік туралы ҚР ҚК барлық баптар Диспозициялары бланкетті болып келеді және экологиялық қауіпсіздік талаптары қалыптасатын әртүрлі түрдегі заңдарға және заң асты нормативтік актілерге жіберіледі.

Экологиялық қылмыстың Түпкі объектісі - адамның, халықтың, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздік (қылмыстық құқық тұрғысынан алып қарағанда) тұлғаның, халықтың, мемлекеттік және халықаралық қауымдастықтың қоғам мен табиғаттың өзара әсері процесінде табиғи объектілер тарапынан, құқыққа қарсы және кінәлі антропогендік әрекеттердің нәтижесінде табиғи қасиеттері, ластануы, былғануы немесе жұтаңдану арқылы елеулі өзгеруі кезінде өмірлік маңызды мұдделерінің жай-күйін қорғау ұғымы.

Экологиялық қылмыстың  нысаны - қоршаған ортаның әртүрлі элементтері (табиғи кешендер, яғни экологиялық жүйелер, табиғи ресурстар).

Қылмыстық жауапкершілікке - жасалған қылмысқа сотпен бас-қа неғұрлым жеңіл жазалау іс-шараларын қолдану  жеткіліксіз, нәтижесіз, ал табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларды түзету және қайта тәрбиелеу неғұрлым қатаң қылмыстық санкцияларды болжаған жағдайда ғана сотпен тартылады.

Экологиялық дауларды сотта шешу кезінде ҚР Жоғарғы  Сотының пленумының 22 желтоқсан 2000 ж. қаулысын, «Қорша-ған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасын соттардың тәжірибеде қолдануы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының18 маусым 2004 жылғы нормативті қаулысы, ҚР Жоғарғы Сотының «Мемлекеттік қажеттіктерге жер телімдерін алып қою туралы» заңнаманы соттардың қолданудың кейбір мәселелері туралы 25 желтоқсан 2006 жылғы нормативті қаулысы, ҚР Жоғарғы Сотының «Жер заңнамасын соттардың қолданудағы кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі нормативті қаулылары қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-тақырып.  Жердің құқықтық қорғау 

Дәріс жоспары:

1.Жерді құқықтық  қорғаудың ұғымы, маңызы және  жалпы сипаттамасы

2.Ерекше қорғалатын  жерлер

3.Жерді қорғау  саласындағы азаматтармен тұлғалардың  міндеттерімен құқықтары. 

  Жерді пайдалану мен қорғаудың экологиялық-құқықтық режимі

Жердің  құқықтық қорғау мен қоршаған ортаның  объектісі ретінде ұғымы

Жер қоршаған табиғи ортаның негізгі объектісі болып  табылады. Жердің табиғи қасиеттері оның қоршаған табиғи орта объектілерінің өзара байланыс жүйесіндегі басымдығын айқындай түседі. Ормандар, сулар мен жануарлар әлемі де табиғаттың объектілері бола тұра жерден тыс жасай алмайды. Тек жермен бірлесе және тығыз қатынаста болу арқылы ғана олар өздерінің ерекше қасиеттерін, жаңғырту қабілеттерін сақтап қалады және бүкіл табиғат кешенімен бірге экологиялық функцияларды іске асыруға қатысады. Мемлекеттің экономикалық және саяси болашағы да белгілі бір деңгейде жердің жағдайына, оның қойнауындағы бай қазыналардың қаншалықты ұтымды пайдаланылатынына, сондай-ақ жерді қорғауға қандай көңіл бөлінетіндігіне де бай-ланысты. Кез келген мемлекеттің тағдыры осы жерге тікелей байланысты, өйткені ол елдің болуы мен жасауына мүмкіндік беретін негізгі фактор емес пе?

Кез келген адам мен қоғамның өмірінде жер маңызды  экологиялық, экономикалық және саяси рөл атқарады. Жер - қандай да бір байлық, қазынаның бастапқы көзі.

Жер адамдар  тарапынан ешқандай араласусыз-ақ олардың  шаруашылық еңбегінің объектісі  ретінде - адам еңбегінің жалпы көзі, орман және ауыл шаруашылықтарының  негізгі құралы ретінде жасап келеді. Жер сондай-ақ халық шаруашылығының барлық салаларын дамытуға арналған кеңістікті операциялық базис, фундамент ретінде де пайдаланылады.

Құнарлы, органоминералды  құрамға бай және тек өзіне  ғана тиесілі ерекше құрылымға ие жердің беткі қабаты топырақ қабатына жатады.

Топырақ сәйкесінше экологиялық, экономикалық және басқа  да функцияларды атқарады.

Жердің экологиялық  маңызы оның табиғи ортадан ажырамастығында.

Ал, экономикалық функциясын өндіріс құралы ретінде (орман және ауыл шаруашылықтарында) және кеңістікті операциялық базис түрінде (көліктің барлық түрі мен құрылыс индустриясы, қайта өңдеу өндірісінің көптеген салалары үшін) атқарады.

ҚР Жер кодексінің 12-бабына сәйкес, жер дегеніміз: Қазақстан  Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс қүралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі. Топырақ қабаты дегеніміз - тек өзіне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім, жердің құрғақ ұстіңгі қабаты. Бұл орайда жерді құқықтық қорғаудың мақсаты оның жалпы аумағын сақтап қалу емес (ол негізінен өзгеріссіз қалады), жердің сапалы жағдайын сақтау, жақсарту және қалпына келтіру боп табылатынын ерекше айта кеткен жөн.

«Топыраққа» қарағанда  жердің жершарының жоғарғы қабатынан бөліне алмайтындығы оның маңызды заңдық сипатына жатады. Сонау римдік құқық заманынан бері жердің жылжымайтын мүлікке жататыны да кездейсоқ емес. «Жер» ұғымын мысалы, жекеменшік құқығының объектісі деп сипаттайтын болсақ, онда негізінен жердің немесе жер учаскесінің кеңістікті шекараларына көңіл бөлінеді.

Жерді қорғау мен  пайдалануға қатысты ережелер ең алдымен 2003 жылдың 20 маусымында қабылданған  ҚР Жер кодексі мен 2007 жылдың 9 қаңтарында қабылданған ҚР Экологиялық кодексі  және басқа да арнайы жерге байланысты, экологиялық заңнама-лар шеңберінде реттеледі.

Жерді қорғау мен тиімдг пайдалану мацсатында Қазақстан Республикасының Жер  қоры ҚР Жер кодексіне сәйкес, нысаналы мақсатына сай жеті санатқа бөлінеді:

ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жер; елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері; өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері; сауықтыру  мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; орман қорының жері;

су қорының  жері; босалқы жер.

Жердің құқықтық режимі оның қай санатқа тиесілілігіне  және жерді (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негізделіп айқындалады (ҚР ЖК 1-бабы).

Жерді санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты бір санаттан басқасына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін беру және алып қою жөніндегі өз құзыреті шегінде жүргізеді (ҚР ЖК 2-бабы).

Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар - жер  учаскесінің жекелеген сипаттарын айқындайтын және жер қатынастары жөніндегі органдардың жер учаскелері меншік иелері мен жерді пайдаланушыларға құқық беру туралы құжаттар негізінде беріледі. Құқық белгілейтін құжаттарға жер учаскесіне меншік ету құқығының актісі, тұрақты жерпайдалану құқығының актісі және жерді уақытша пайдалану (жалға алушы немесе өтеусіз пайдаланушы) құқығының актісі жатады. (ҚР ЖК 12-бабы).

Жерді санаттарға бөлудің экологиялық маңызы да зор. Өйткені жердің әрбір санаты қорғау мен пайдаланудың өзіндік құқықтық режиміне ие. Экологиялық маңызды және аса бағалы жер жекелеген санаттарға бөлінген. Жер заңнамасында олардың құқықтық режимі анықталады. Бұл қоғамға біріншіден, жерді пайдалану мақсатын анықтаудың бастауында тұрып, негіздер жеткіліксіз болған жағдайда оларды бір санаттан екіншісіне ауыстыруға жол бермейді, екіншіден, пайдалану мақсатына қарай жердің нысаналы қолдануын бақылауға көмектеседі.

Жер учаскелері иелерінің, жер иелерінің, жер пайдаланушылар мен жалдаушылардың іс-әрекетінің экологиялық негізделген ережелері олардың жерді қорғау мен дұрыс пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттерінде айқындалады.

Жерді пайдаланушы  адамдардың іс-әрекетінің экологиялық  негізделген ережелерінің мазмұны  олар пайдаланып отырған жер учаскелерінің  негізгі пайдалану мақсатына байланысты. Заңнамада бұл тұлғалардың жалпы мақсатқа арналған және пайдаланылатын жердің санаттарына сәйкес дифференцияланған жерді қорғау мен пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері бекітіледі.

Жер қорғау қағидалары және жер қорғаудың мақсаттары мен міндеттерінің ұғымы

Жер қорғау деп - қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде  жерді қорғауға, оны ұтымды пайдалануға, жерді орман шаруашылығы мен  ауыл шаруашылығы айналымынан негізсіз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін түсіну керек.

Жер қорғаудың  қағидалары:

Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету;

жерді нысаналы пайдалану;

ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жердің басымдығы;

жердің жай-күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

жерді пайдалану  мен қорғау жөніндегі іс-шараларды  мемлекеттік қолдау;

жерге залал  келуін болдырмау немесе оның зардаптарын  жою;

жерді ақылы  пайдалану болып табылады.

Жерді қорғау мақсаттары:

өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталанды-ру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы жердің тозуы мен бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;

тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

жерді оңтайлы  пайдаланудың экологиялық нормативтерін  тәжірибеге енгізу болып табылады (ҚР ЖК 139-бабы).

Барлық санатты  жер қорғауды талап етеді. Мемлекеттік  табиғи қорықтар, табиғи қаумалдар, ұлттық табиғи саябақтар мен табиғат ескерткіштері және т.б. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар айрықша қорғауға алынады. ЕҚТА жерін пайдалану мен қорғау режимі ҚР Жер кодексінің 13-тарауы мен ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңымен реттелген.

Жер туралы заңнамада жер иелері мен пайдаланушыларға жерді қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері, мәселелер мен нақты талаптар белгіленген.

Жер табиғи нысандарды байланыстырушы, әрі табиғаттың маңызды  құрамдастарының бірі болу арқылы оларға әсер етіп қана қоймай, көп ретте олардың жай-күйін де анықтайды. Жерді қорғау барысында оған қатысты табиғат нысандары да белгілі бір дәрежеде қорғалады. Мысалы, өзен жағасындағы жерді мүжілу мен езілудің алдын алу арқылы жағалық эрозиядан (мүжілуден) қорғаумен қатар атмосфералық ауаны, ормандар мен басқа да бірқа-тар табиғат нысандарын қорғауға болады.

Топырақты ластайтын  зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердің  және басқа да биологиялық заттардың жол берілетін шектегі қоспаларының нормативтері топырақтың жай-күйін адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүдделеріне сай бағалау үшін белгіленеді (ҚР ЖК 141-бабы).

Заң сондай-ақ ғимараттар (құрылыстар, имараттар) мен жер күйіне әсер ететін басқа да нысандарды жобалау  мен қолда-нысқа беру кезінде  меншік иелері мен жер пайдаланушыларға са-нитарлық-гигиеналық және тағы басқа арнайы талаптарды ұста-нуды міндеттейді.

Информация о работе Экологиялық құқық