Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Жерді пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

Жерді неғұрлым бағалыдан төмендеу бағалы жерге  ауыстыру, жерді консервациялау, сондай-ақ оларды экологиялық зілзала аймағына немесе төтенше экологиялық жағдай аймағына жатқызу қажеттігін айқындау мақсатында жерді бағалаудың экологиялық критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. (ҚР ЭК 209-бабы). Осы бапқа сәйкес жерді бағалаудың экологиялық критерийлері 2007 жылғы 7 маусымдағы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. Яғни, селитебті аумақтағы жердің экологиялық ахуалы төмендегі көрсеткіштермен анықталады, мысалы: радиоактивті ластанумен, химиялық ластанумен, 1 г. топырақтағы патогенді микрооргнизмдердің санымен және т.б. Параметрлері: Экологиялық апат; Төтенше экологиялық жағдай; Салыстырмалы қанағаттандырарлық жағдай. Топырақ пен жердің құнарсыздануын анықтауға арналған диагностикалық және қосымша критерийлері белгіленеді, мысалы: тозған жердің диагностикалық критерийлері; физикалық тозу; агроқұнарсыздану; су, жел эрозиясы. Топырақтың сортаңдануы, батпақтануы, т.б. Жер мен топырақ-тың тозу деңгейін анықтаудың мынадай критерийлері белгіленеді: қарашірінді қорының азаюы; топырақ салмағының жоғалуы; эро-зияға ұшыраған жер аумағының артуы; көшпелі құмды аумақтың артуы; сортаңды топырақ аумағының өсуі және т.б. Тозу деңгейіне сәйкес өте төмен, орташа, жоғары, өте жоғары болып бөлінеді.

Халықтың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік  және өзге де объектілерді пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін, аталған жерді пайдаланудың ерекше жағдайлары ескеріле отырып, аймақтар белгіленеді.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы  емес мақсаттағы жерді басқа санаттағы жерге ауыстыру кезінде өз шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шек қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескеріледі.

Сауықтыру мақсатындағы. жерде қолайлы экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды  сақтау мақсатында оларды аймақтарға бөлу кезінде санитарлық қорғаныш аймақтары  белгіленеді (ҚР ЭК 212-бабы).

Орман қорының  жерін пайдалану режимі Қазақстан  Республикасының Жер және Орман кодексімен реттеледі.

Орман қорының  жерін басқа санаттарға ауыстыруға Қазақ-стан Республикасының орман  заңнамасының тараптарына сәйкес орман  орналастыру және жерге орналастыру  материалдарының негізінде-мемлекеттік  экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде рұқсат етіледі.

Оңтайлы жер  пайдаланудың негізгі экологиялық  талаптары:

ұсынылып отырған  жердің қайта түлетілуі және жерді  қайта бөлу салдарларын ғылыми негіздеу және болжау;

барлық санаттағы  жердің ұтымды пайдаланылуы мен қорғалуын жоспарлау мен ұйымдастыруда бірыңғай мемлекеттік саясатты негіздеу және іске асыру;

жердің нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі  құнарлы жерді сақтау;

экологиялық негізделген  жинақы және алаңы жағынан оңтайлы жер учаскелерін қалыптастыру және орналастыру;

ауыл шарушылығы алқаптарын жақсарту, топырақтың құнарлылығын арттыру, тұрақты ландшафтарды күтіп  ұстау және жерді қорғау жөніндегі  шаралар кешенін әзірлеу;

жерді ұтымды пайдалану  және қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

жерге түгендеу жүргізу және пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын, нысаналы мақсаты  бойынша пайдаланылмайтын жерді  анықтау;

жердің өнімділігін  арттыру мақсатында және адам денсаулығын  сақтау мүддесіне орай ормандардың  орта кұрау, су қорғау, қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, сауықтыру және өзге де пайдалы табиғи қасиеттерін сақтау және күшейту;

биологиялық әралуандықты сақтау болып табылады.

Кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілерді орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелерін беру аталған объектілер қызметінің экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сал-дарларын ескеріп, қоршаған ортаны қорғаудың, табиғи ресурстарды молайтудың және ұтымды пайдаланудың шарттары мен ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

Жерді қорғау мақсатында жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар:

жерді су және жел  эрозиясынан, селдерден, су басудан, батпақтанудан, қайта тұзданудан, құрғап кетуден, тығыздалудан, радиоактивті және химиялық заттармен  ластанудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен қоқыстанудан, ластанудан, оның ішінде биогендік ластанудан, сондай-ақ басқа да теріс әсерлерден;

ауыл шаруашылығы  алқаптарын және басқа да жерді бактериялық-паразиттік және карантиндік зиянкестермен  және өсімдіктер ауруларымен зақымданудан, арамшөптер, бұталар және шіліктер басып кетуден, жердің өзге де нашарлану түрлерінен қорғау;

ластанудың, оның ішінде биогендік ластанудың және жердің қоқыстануының салдарларын жою;

мелиорацияның қол жеткізілген деңгейін сақтау;

бүлінген жердің құнарлылығын қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, жерді айналымға уақытылы енгізу;

топырақтың  құнарлы қабатын кейіннен жердің құнарлылығын қалпына келтіруді жүргізу кезінде пайдалану үшін алу мен сақтау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Елді мекендер жерінде көктайғаққа қарсы күресу үшін ас тұзын пайдалануға тыйым салынады. (ҚР ЭК 217-бабы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-тақырып.  Жер қойнауының құқықтық  жағдайы

Дәріс жоспары:

1. Жер қойнауының  түсінігі және жалпы сипаттамасы

2. Жер қойнауына  меншік құқығы

3. Жер қойнауына пайдалану құқығы және түрлері.

Жер қойнауы дегеніміз – топырақ қабатынан төмен, ал топырақ қабаты болмағанда – ғылыми-техникалық прогресті есепке алумен жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін қолайлы тереңдіктерге дейін созылып жататын су қоймаларының түбінен және жердің үстіңгі бетінен төмен орналасқан жер қыртысының бір бөлігі.

Қазақстан Республикасының  жер қойнауы мемлекеттік меншік болып та-былады және пайдалануға  ғана беріледі. Олардың көп жақты  экономикалық мәнін есепке ала отырып, заңдар жер қойнауының мемлекеттік қорын ҚР жер қойнауы құрайтынын белгілейді («Жер қойнауы туралы» ҚР Заңының 55-бабы).

Жер қойнауын пайдалану  мақсаттарына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығы бірнеше түрлерге бөлінеді:

  • мемлекеттік геологиялық зерделеу үшін;
  • өндіру үшін;
  • барлау үшін;
  • өндірумен байланысты емес жерасты ғимараттарын салу және пайда-лану үшін.

Жер қойнауын пайдалану  құқықтарының субъектілері жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік, сондай-ақ шетел мемлекеттері, халықаралық  ұйымдар; тұрақты және уақытша пайдаланушылар болуы мүмкін.

Жер қойнауын тұрақты  пайдаланушылар дегеніміз – олардың  жер қойнауын пайдалану құқығы мерзімсіз  сипатта болатын тұлғалар.

Уақытша жер  қойнауын пайдаланушылар дегеніміз  – олардың жер қойнауын пайдалану құқығы белгілі мерзіммен шектелген тұлғалар.

Жер қойнауын пайдалану  құқығы:

1. Пайдалы қазбаларды  өндірумен байланысты емес жер  асты ғимарат-тарын салу және  пайдалану;

  1. Барлау;
  2. Өндіру;
  3. Мемлекеттік геологиялық зерделеу;
  4. Көпшілікке таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өндіру үшін беріледі.

 Жер қойнауын пайдалану құқығы пайда болуының негіздемесі олардың арасында басты орынды  жер қойнауын пайдалану мен қорғауды басқару бойынша құзыретті мемлекеттік органның арнайы рұқсаты – лицензия алатын, заңды жайттардың жиынтығы ретінде күрделі заңды құрам болып табылады.

Лицензияларды беру тәртібі жер қойнауын пайдалану  түріне байланысты болады және заңдармен  нақты реттелген. Жалпы ереже  бойынша, жер қойнауын пайдалануға  беру жарыстар, инвестициялық бағдарламалар өткізу жолымен жүзеге асырылады, сондай-ақ келіссөздер негізінде лицензиялар ұсынуға да жол беріледі.

 

 

 

10-тақырып.  Судың құқықтық режимі

Дәріс жоспары:

1.Су қоры  және оның ұғымы маңызы және  жалпы сипаттамасы

2.Суды пайдаланудың  ұғымы және түрлері.

3.Суларды құқықтық  қорғау

Суды  пайдалану мен қорғаудың экологиялық-құқықтық режимі

Су ресурстары біздің бүкіл планетамыздағы өмірдің  қайнар көзі болып табылады. Бұл  туралы Шығыс халықтарының бірінде - «Су бар жерде өмір бар, ал жер  су таусылған жерде бітеді» деген мәтел де бар. Су теңдесі жоқ маңызды шикізат көздерінің бірегейі. Тіпті су пайдаланылмайтын бірде-бір өндіріс саласы жоқ. Су ресурстары аса жоғары динамикасы мен табиғаттың басқа құрамдастарымен тығыз байланысының салдарынан және жаппай көп пайдаланылуының арқасында басқа табиғат объектілері арасында ерекше орын алады. Су шаруашылығына қатысты кез-келген шара экономиканың көптеген салалары мен адамдардың мүдделеріне тікелей әсер етеді.

ҚР Су кодексінің 1-бабына сәйкес сулар дегеніміз - су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы. Алайда, заң-дық әдебиеттерде көптен бері «сулар» мен «су» дегеніміз не? деген сауал қойылып және «сулардың» заңды түсіндірмесі су туралы қарапайым ғылыми, техникалық және тұрмыстық түсініктерден ерекшеленетіні жайында жазылып келеді. Сулар дегеніміз: мемлекеттік шекара аймағындағы теңіздер, көлдер, өзендер, суқоймалары/каналдар, мұздықтар, жерасты көздері мен өзге де су объектілеріндегі сулар. Су объектілерінен алынған су суларға жатпайды.

Суларға меншік құқығы мен су пайдалану құқығының объектісі туралы толық түсінік алу үшін «су қоры» мен «су объектісі» түсініктерінің ара жігін нақтылап айқындап алған жөн. Су кодексінде былай белгіленген: Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілуге тиіс барлық су обьектілерінің жиынтығын қамтиды (ҚР СК 4-бабы). Шекарасы, көлемі мен су режимі бар құрлық беті бедерлеріндегі және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектілеріне жатады. Олар: теңіздер, өзендер, соларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үсті су объектілері, жер асты сулары бар жер қойнауының бөліктері (ҚР СК 5-бабы). Қазақстан Республикасының су қорының жері мемлекет меншігі-нде болады. Су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.

Суды  пайдалану кезіндегі экологиялық  талаптар

Жаңа экологиялық  заңнама су объектілері мен су шаруашылығының құрылыстарын пайдалану  кезіндегі экологиялық талаптарды белгілеп берді. Яғни, судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды жобалау жоспарланған қызмет баста-машысының жер учаскесін таңдау туралы акт алғанынан кейін ғана жүзеге асады.

ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы қаулысында судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру және пайдалануға беру тәртіптері және су объектілерінде, су қорғау аумақтары мен белдеулерінде құрылыс пен басқа да жұмыстар жүргізудің талаптары бекітілген. Осы ережелерге сәйкес, судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды салу туралы жобалық құжаттар келесі мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс:

су қорын  пайдалану және қорғау саласындағы  уәкілетті орган;

жер қойнауы, оның ішінде жер асты суларының жай-күйіне әсер ету саласындағы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган;

жер ресурстарын  басқару жөніндегі уәкілетті  орган;

халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті  орган;

жануарларды бауыздаумен (союмен), жануарлардан өндірілетін азық-түліктер мен шикізаттарды дайындаумен айналысатын кәсіпорындар мен құрылыстарды бақылайтын - ветеринария саласындағы уәкілетті орган;

Ықтималды (потенциалды) сел қаупін тудыратын су объекті-лері бойынша - төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган;

кеме қатынасына жатқызылған су объектілері бойынша  — су көлігі саласындағы уәкілетті  орган;

балық шаруашылығын жүргізуге және балық ресурстарын  аулауға қатысты кәсіпорындар мен  құрылыстар бойынша - балық қорларын және басқа да су жануарларын өндіру, пайдалану, қорғау саласындағы уәкілетті орган;

су объектілері  арқылы өтетін байланыстар құрылысын  жобалауды қадағалайтын - энергиямен қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті  орган.

Кәсіпорындар  мен құрылыстарды орналастыру және салу жобаларын мәмілелеу процесін, мемлекеттік органдар жобалау құжаттамалары тапсырылғаннан кейін бір ай ішінде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа мерзім көрсетілмеген болса, жүзеге асырады.

Тиісті мемлекеттік  органдармен мәмілелеу процесі  аяқталғаннан кейін, жобалау құжаттамасының мәмілеге келген нұсқасы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша мемлекеттік жобалау сараптамасы мен мемлекеттік эко-логиялық сараптамаға ұсынылуы тиіс.

Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстар-ды салудың жобалау құжаттамаларын мәмілелеу және экологиялық сараптама жасау уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан өз құзыреттері шегінде жүзеге асады.

Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды салудың жобалау-есептеу құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ереже тәртібімен бекітуге ұсынылады.

Информация о работе Экологиялық құқық