Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

қауіпті геологиялық  процестерді, пайдалы қазбаларды табу және кенорындарының мемлекеттік кадастрын, пайдалы қазбалардың қорларының мемлекеттік балансын құру және жүргізуді  ұйымдастырады;

жер қойнауьшың геологиялық ақпараттар қорларының республикалық және аумақтық қызметтерін  ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының  жер қойнауы және жалпы таратылған пайдалы қазбаларға қатысты, жер  қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртіпте туралы бөлімінде атқарушы органдардың және жер қойнауын пайдаланушылардың заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

жер қойнауын пайдалану  және зерттеу мониторингін жүзеге асырады;

жер қойнауын ұтымдьі  және кешенді пайдалануын қадағалауды жүзеге асырады;

жылдық жұмыс  бағдарламаларын келіседі;

жер қойнауын пайдалану  және зерттеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуді жұзеге асырады.

Біздің  тұжырымдауымыз бойынша, арнайы басқару  органдарына Қазақстан Республикасьшың Денсаулық сақ-тау министрлігін жатқызуға болады, ол ҚР-ның Экологиялық кодексінің 18-бабында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы мемлекеттік органның арнайы орындау, бақылау және қадағалау қызметтерін, азаматтарды қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді атқаратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Министрліктің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті бар.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметтері 2002 жылғы 4 желтоқсандағы «Халықтың санитарлық-эпидемилогиялық салауаттығы туралы» ҚР Заңымен айқындалған.

Мемлекеттік басқару  органдарының ішінде ҚР Төтенше жағдайлар  жөніндегі министрлік ерекше орынды алады. ҚР Экологиялық кодексінің 18-бабына сәйкес бұл орган арнаулы құзыреттегі органдарға жатады. Өйткені табиғи және антропогендік факторлар қоршаған ортаның жағдайы мен адам денсаулығына едәуір әсер етеді. 1996 жылы 5 шілдеде Республикада «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заң қабылдануы тегін емес.

Осы органдарға Экологиялық кодекстің 18-бабына сәйкес ветеринария, өсімдіктерді қорғау мен  олардың карантині, атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті  мемлекеттік органдар жатады.

Салааралық  құзыреттің Орталық органдарының жүйесінде салааралық құзыретке оларға жұктелген өздерінің негізгі міндет-терін шешумен қатар, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласына жататындар: ҚР Статистика жөніндегі агенттігі; ҚР Қаржы министрлігі; ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі.

Басқарудың функционалды органдарына, табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау бойынша жекелеген қызметтерді атқаратын органдарға жататындар:

Көлік және коммуникация министрлігі; Индустрия және сауда  министрлігі (Инвестициялар бойынша, құрылыс ісі жөнінде, қорғаныс өнеркәсібі, Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеттерімен) ҚР Қорғаныс министрлігі; ҚР Ішкі істер министрлігі және т.б.

ҚР  Ішкі істер министрлігі органдарының экологиялық қыз-меттері, 1995 жылғы 21 желтоқсан «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Заңға сәйкес ішкі істер органдарына: карантиндық, санитарлық және экологиялық іс-шараларды жүргізуге қатысу міндеттілігі, атмосфераға автокөлік құралдарынан зиянды заттардың шығарылымын бақылау қызметін жүзеге асыру, браконьерлікпен, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуді, аң және балық аулау тәртібін бұзумен күрес, экологиялық қылмыстарды тексеру жұктелген.

Жергілікті  өзін-өзі басқару органдары мемлекеттік  билік орган-дары жүйесіне кірмейтініне қарамастан, олар да ҚР Экологиялық  кодексінің 15-бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы келесі өкілеттіктерге ие:

елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі  жұмыстарды ұйымдастыру;

елді мекендерді санитарлық тазартуды қамтамасыз ету  жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

өндіріс және тұтыну қалдықтарын сақтау мен көму орында-рын  күтіп ұстау;

жергілікті  атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөніндегі  уәкілетті мемлекеттік органға  экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және сауықтыру құндылығы бар табиғи және басқа да объектілерді тарих немесе мәдениет ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныстар енгізу жатады.

6-тақырып.  Табиғатты пайдалану  мен қоршаған ортаны қорғаудың  экономикалық тетігінің құқықтық  негіздері 

Дәріс жоспары:

1. Табиғатты  пайдалану мен қоршаған ортаны  қорғаудың экономикалық тетігінің  түсінігі мен құрамдас элементтері

2. Экологиялық  төлемдер мен алымдарды алу  және есептесу тәртібі

3. Экологиялық  сақтандыруды құқықтық реттеу

4. Экологиялық  аудиттің құқықтық жағдайы

Экономикалық  реттеудің  мәні

Экономика, оның объективті заңдары, құқық сияқты әлеуметтік реттегіштердің бірі болып табылады, соның ішінде қоғам мен қоршаған ортаның өзара іс-әрекеттер саласындағы  қатынастар. С.А.Боголюбовтың айтуынша абсолютті дербес экономикалық немесе құқықтық реттеудің болмайтындығы рас, өйткені құқықтық нысандар жоқ болса, экономикалық реттеу апатты сипат алуы мүмкін. Мысалы, тауарлы-ақшалы қатынастарға қатысты нарық заңдары апатты сипатта, бұл нарықтық экономика жағдайында белгілі бір дәрежеде қалыпты болып мойындалған. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттеуде экологиялық қауіптілік нарық заңдарына басым сұйене алмайды. Осылайша, құқықтық және экономикалық реттеудің біртұтастығы туралы айтып өткен жөн: субъектінің мінез-құлқына оның тарты-латын жауаптылығына экономикалық мазмұны мен құқықтық нысан бірдей дәрежеде әсер етеді.

Қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты экономикалық реттеу бұл экологиялық мәселелерді  шешуде объективті эконо-микалық заңдарды есепке алу мақсаты бар, құқықтық нысандар арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік реттеу.

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктерінің мәні сонда, экономикалық құралдар мен  әдістер субъектілердің табиғатты  қорғау мәселелеріне тиісті түрде қарауын  ояту, заң шығарушының ойы бойынша шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде оларға белгілі бір экономикалық пайда келтіруі тиіс. Пайда табу мүмкіндігі сияқты мұндай экономикалық факторлар, оңтайлы салықтық және инвестициялық режимнің болуы, өнімдердің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату экологиялық мәселелерді шешуге шешуші ықпал етуге қабілетті.

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетіктері  ұғымын экологиялық құқық аясындағы  қандай да бір дербес институтпен  салыстыруға болмайды.

Қоршаған ортаны және табиғат пайдалануды экономикалық  реттеу тетіктерінің түрлері

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау  мен қаржыландыру;

қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы төлеу;

табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;

нарықты тетіктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін квоталарды сату;

экологиялық сақтаңдыру;

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Технологиялық, техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешені ретінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және олардың сапасы ҚР ЭК-нің 96-бабында айқындалған.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру:

бюджет қаражаты;

табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;

Қазақстан Республикасының  заңнамасында тыйым салынба-ған  өзге де көздер есебінен жұзеге асырылады.

Әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар  мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламаларда белгіленетін бағыттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті өкілді органдардың шешімдеріне сәйкес айқындалады.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын экологиялық  бағдарламаларды, жоспарларды әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленеді.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар Қазақстан  Республикасының, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларына, жоспарларына, белгілі бір аумақтың экологиялық бағдарламаларына, жоспарларына енгізіледі.

Өңірлік экологиялық  бағдарламалар, жоспарлар және тиісті аумақтың әлеуметтік-экологиялық даму бағдарламалары, жоспарлары олар бекітілгенге дейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісуге жатады.

Облыстардың (республикалық  маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары инвестициялық  экологиялық жобаларды (бағдарламаларды) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес әзірлеп, қоршаған ортаны қорғау саласынындағы уәкілетті органға табыс етеді.

Экологиялық бағдарламаларды  әзірлеу ұшін қоршаған орта-ны қорғау саласындағы жобалардың ашық конкурстары  жүргізілуі мүмкін, оларды өткізу тәртібін Қазақтсан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Табиғат пайдаланушының өз қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды табиғат пайдаланушы дербес жоспарлайды.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар табиғат  пай-даланушы экологиялық рұқсаттар  алу үшін әзірлейтін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізіледі.

Қоршаған ортаны өзге де көздерден қаржыландырылатын  қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады (ҚР ЭК 95-100-баптары).

Қоршаған ортага эмиссиялар үшін төлемақы

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы Қазақстан  Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.

Табиғат пайдаланушылар экологиялық рұқсатта айқындалған  нормативтер шегінде жүзеге асыратын қоршаған ортаға эмиссиялар ұшін төлемақы ластаушы заттардың және қалдықтар түрлерін, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес алынады. 2007 жылы 28 желтоқсанда ҚР Үкіметі Қоршаған ортаға эмиссиялар төлемақысының базалық және шекті ставкаларын бекітті.

Қоршаған  ортаға эмиссиялар үшін төлемдер есептеу әдістемесі қоршаған ортаны қорғау саласының уәкілетті органымен бекітіледі.

Қоршаған ортаға төлемақы ставкаларын облыстардың  жергілікті өкілдік органдары белгілейді (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар), бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық ставкалардан төмен болмайтындай және шекті ставкалардан төмен болмауы тиіс.

Қоршаған ортаға эмиссиялар ұшін төлемақы бойынша салықтық міндеттемелерін орындау табиғат  пайдаланушыны оның қоршаған ортаға келтірген залалының орнын толтырудан босатпайды.

Табиғат пайдаланушылардың  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды  тиімді жүзеге асыруын экономикалық ынталандыру мақсатында Қазақстан  Республикасының Үкіметі қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының шекті ставкаларын бекітуі мүмкін (ҚР ЭК 101-103-баптары).

Табиғи ресурстардың жекелеген  турлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндетті төлемдер

Табиғи ресурстардың жекелеген түрлерін пайдаланғаны үшін бюджетке төленетін міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленеді.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде белгіленген  тәртіппең қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  іс-шараларды іске асыруға мемлекеттік  емес қарыздар бойынша мемлекеттік  кепілдіктер бере алады.

Қоршаған ортага эмиссияларды басқарудың нарықтық  тетіктері

Қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту мақсатында Қазақ-стан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер квоталар белгілеу және қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартуға арналған квоталар мен міндеттемелер саудасының тәртібін бекіту жолымен нарықтық тетіктер енгізілуі мүмкін.

Табиғат пайдаланушы  қоршаған ортаға эмиссиялардың жылдық квоталары белгіленген жағдайда осындай квотаға құқық алады.

Егер, Қазақстан  Республикасы ратификациялаған (бекіткен) Халықаралық шарттарда Қазақстанның қоршаған ортаға эмиссияларды қысқарту жөніндегі квоталар саудасына қатысу мүмкіндігі көзделген жағдайда, табиғат пайдаланушылар Қазақстан Респуб-ликасы Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жеке және заңды тұлғалармен тиісті шарттық қатынастарға түсе алады.

Қазақстан Республикасы резидентінің шетелдік жеке және заңды  тұлғалары жасасқан квоталар саудасы  туралы шарты Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындайтын уәкілетті  органда тіркелуі тиіс (ҚР ЭК 104-106-баптары).

Қортаған ортаға келтірілген залалды . экономикалық  бағалау

Қоршаған ортаға келтірілген залалды экономикалық бағалау -қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтыну қасиеттерін қалпына  келтіру ұшін қажетті шығындардың  құндық көрінісі.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғаларды қоршаған ортаға залал келтіру фактісі анықталған күннен бастап бір ай мерзімі ішінде қажетті материалдарды жинау  мен талдауды жүргізеді және келтірілген  залалға экономикалық бағалауды белгілейді.

Атмосфералық  ауаны және су ресурстарын белгіленген  нормативтерден тыс ластаудан, сондай-ақ өндіріс пен тұтыну қалдықтарын, оның ішінде радиоактивті қалдықтарды  белгіленген нормативтерден тыс  орналастырудан келтірілген залалды  экономикалық бағалау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін ережелерге сәйкес тура немесе жанама әдістермен айқындалады.

Информация о работе Экологиялық құқық