Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Толығымен немесе жартылай мемлекеттік инвестициялар  есебінен қаржыландырылатын судың  жай-күйіне әсер ететін кәсіпо-рындар мен құрылыстарды салудың жобалау-есептеу құжаттама-ларын бекіту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен  басқа да құрылыстарды орналастыру  қоршаған ортаны қорғау-дың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздікті, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерін сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектілер қызметінің экологиялық салдарлар ескеріле отырып жүргізіледі.

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының оң қорытындылары болған кезде жүзеге асы-рылады (ҚР ЭК 224-бабы).

Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды пайдалануға беру тек мемлекеттік  қабылдау актісінің немесе қабылдау комиссиясының аталған объектіні (объектілерді) пайдалануға беруді қабылдап алған актісі болған жағдайда ғана жургізіледі.

Судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік  және қабылдау комис-сияларының жұмысына міндетті түрде жергілікті атқарушы уәкілетті органның, бассейнді су шаруашылығы басқармасының, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласын-дағы уәкілетті органның және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілдері қатысады.

Мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларын құру мен жұмыс істеу, сондай-ақ осыған қажетті құжаттар тізімі мен рәсімдеудің тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттеледі.

Су объектілері, су қорғау аумақтары мен белдеулерде  құрылыс және өзге де жұмыстар жүргізу ережелері жергілікті атқарушы уәкілетті органның, бассейнді су шаруашылығы басқармасының, қоршаған ортаны қорғау саласындағы аймақтық уәкілетті органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тиісті аймақтардағы атқарушы органмен, сондай-ақ су объектілеріндегі кеме жолдарында жоспарланған жұмыстар саласындағы су көлігі органдарымен келісілуі қажет.

Су объектілеріндегі жұмыстар кезінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін техника мен техноло-гиялар пайдаланылуы тиіс.

Су қорғау аймақтары  мен белдеулеріндегі құрылыс, ұңғыма қазу, жарылыс және басқа да жұмыстар барысында жергілікті ат-қарушы органдар белгілеген сол аймақ пен белдеулерді  пайдалану режимі сақталуы жүргізіледі.

Су қорғау аймақтары  мен белдеулеріндегі құрылыс және өзге де жұмыстар жүргізу тәртібін мәмілелеу процесі тиісті мемлекеттік органдар тарапынан өтініш берушінің қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін он бес күндік мерзімде іске асады.

Су объектілері  мен Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі құрылыс жұмыстарын орындау кезінде құрылыс салуға бөлінген жерді қайта өңдеу, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар қолданылуға тиіс.

Су объектілері  арқылы коммуникациялар салу жобалары тас-қын сулар өткізуді, су объектілерін пайдалану режимін, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жүргізілуін көздеуге тиіс.

Теңіздегі мұнай  операцияларымен байланысты жұмыстар белгілі тәртіппен бекітілген, теңіз ластануының алдын алуға арналған арнайы бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жұмыстар осы аумақтарды қорғау мен пайдалану режимін  ұстану арқылы және бекітілген арнайы экологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Су қорғауды қамтамасыз ету мақсатында су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін құрылыстарды пайдалануға тыйым салынады. Мыналарды:

судың зиянды әсерін, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке алу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан объектілерді;

балық қорғау құрылғыларынсыз  су тарту және ағызу құрылыстарын;

тазарту құрылыстары  мен санитарлық-қорғау аймақтары  жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндірістік кешендерді;

жерді су басуды, топан су басуды, олардың батпақтануы  мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын  болғызбайтын, жобалар-да көзделген  іс-шараларды жүргізуге дейін  суару, суландыру және құрғату жүйелерін, суқоймаларын, бөгеттерді, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;

жер асты суларын  оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу  құралдарымен жабдықтамай пайдалануға  байланысты су тарту құрылыстарын;

санитарлық  қорғау аймақтарын және су объектілері  мен су шаруашылығы құрылыстары жай-күйінің көрсеткіштерін қадағалау пункттерін белгілемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;

мұнай, химиялық және басқа да өнімдерді оларды судың  лас-тануын болғызбайтын құралдармен  жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға бе-руге тыйым салынады.

Су объектілері  жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін құрмай ағынды сулармен суару  объектілерін пайдалануға беруге рұқсат етілмейді.

Су шаруашылығы  объектілерін - жерді қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды аяқтамай, ал суқоймаларында - олардың табанын су басуға әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырмай пайда-лануға беруге рұқсат етілмейді.

Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешімдер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен қабылданады (ҚР СК 88-бабы).

Сарқынды суды жер үсті су объектілеріне және жер  қойнауына ағызуға қоршаған ортаға эмиссияға тиісті экологиялық рұқсат бар болған кезде ғана жол беріледі.

Бұл ретте, сарқынды суды жер үсті су объектілеріне ағызып жіберуге - су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік  органның рұқсаты бойынша, сарқынды суды жер қойнауына ағызып жіберуге Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жол беріледі.

Сарқынды суды жинақтаушысы бар табиғат пайдаланушылар оның қоршаған ортаға әсерін болғызбайтын қажетті шаралар қабылдауға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейін осы жинақтаушылар орналасқан жердің қайта өңделуін жүзеге асыруға міндетті.

Табиғат пайдаланушы  ластаушы заттардың сарқынды суда белгіленген  шоғырлану нормативтерін асыра  немесе сарқынды судың құрамына экологиялық рұқсатта көзделмеген жаңа заттарды қоса алмайды. Аталған талаптар бұзылған кезде сарқынды суды ағызып жіберу тоқтатылуға тиіс. Ашық су айдынына ағызылатын су мөлдір, бояусыз, иіссіз болуға, құрамында ауру тудыратын бактериялар мен гигиеналық нормативтерден асатын шоғырлануларда адамның денсаулығы мен жануарлар үшін зиянды зат-тар болмауға тиіс. Ағызылатын судың температурасы Цельсий бойынша 30 градустан аспауға тиіс.

Ағызылатын  суда бетон мен металды бүлдіріп-бұзатын  заттар болмауға тиіс. Сарқынды суды, олардың тазалану деңгейіне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитарлық қорғалу аймақтарындағы, курорттардағы, суға түсуге арналған жерлердегі су айдындарына ағызып жіберуге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының  Су кодексінде және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз суға жарамды сапасы бар жер асты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға байланыссыз қажеттіліктер үшін пайдалануға жол берілмейді.

Шаруашылық  ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының табиғи емдік  қасиеттері бар жерасты су объектілерін қорғау мақсатында санитарлық қорғау аймақтары белгіленеді.

Жерасты суларының  су тартқыштарын оларды суды реттейтін  құрылғылармен, су өлшегіш аспаптармен жабдықтамай, сондай-ақ санитарлық қорғау аймақтарын белгілемей және жерасты су-лары объектілерінің жай-күйі көрсеткіштерін қадағалайтын бекеттер құрмай пайдалануға беруге тыйым салынады.

Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауың зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдармен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органымен және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген жерасты сулары объектілеріне зиянды әсер етудің жол берілетін шекті нор-мативтерін сақтауға міндетті.

Жерасты суларын  қорғау туралы талаптар жер қойнауы  және жер қойнауын пайдалану туралы Заңнамада, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі қаулысымен қабылданған Қазақстан Республикасындағы қатты пайдалы қазбаларды, мұнай мен газды, жерасты сулары кездерін игеру кезіндегі жер қойнауын қорғау туралы Ортақ ережелерде бекітілген.

Су объектілері:

Зиянды қауіпті химиялық және екппз заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендік ластанудан, жылу, бактериялық, радияциялық және басқа ластанудан;

қатты, ерімейтін  заттармен, өндірістік, тұрмыстық және өзге де тектегі қалдықтар мен  қоқыстанудан;

сарқылудан  қорғалуға тиіс.

Су объектілері:

табиғи жүйелердің экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;

халықтың өмірі  мен денсаулығына зиян келтірілуін;

балық қорлары  мен басқа да су жануарларының  азаюын;

сумен жабдықтау  жағдайларының нашарлануын;

су объектілерінің табиғи молаю және тазару қабілетінің темендеуін;

су объектілері  гидрологиялық және гидрогеологиялық режимінің нашарлауын;

су объектілерінің физикалық, химиялық және биологиялық  қасиеттеріне теріс әсер ететін басқа  да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиіс.

Су объектілерін қорғау:

Су объектілерін пайдаланудың кез келген түрін жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектілерді қорғау жөнінде  ортақ талаптар қою;

шаруашылық  қызметінің жекелеген түрлеріне  арнайы талаптар қою;

жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз технологиялар енгізе отырып, су қорғау іс-шараларын жетілдіру және қолдану;

су қорғау аймақтарын, су объектілерінің қорғау белдеулерін, ауыз сумен жабдықтау көздерін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу;

су объектілерін пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемле-кеттік және басқа да нысандарын жүргізу;

су объектілерін қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны  үшін жауапкершілік шараларын қолдану  арқылы жүзеге асырылады.

Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектілерін сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнінде тұрақ-ты даму қағидасымен үйлесімді шаралар қолданады.

Қызметі су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін жеке және заңды  тұлғалар ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды және су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететін басқа да іс-шараларды жүргізуге міндетті (ҚР СК 112-бабы).

Есептеу әдісімен табиғи су объектілеріне төгілетін  ластаушы заттардың нормативтері анықталады. Қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін айқындау әдістемесі Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылдың 21 мамырындағы бұйрығымен ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес белгіленген.

 

    

11-тақырып.  Ормандардың құқықтық  режимі 

Дәріс жоспары:

1. Орман және орман қорының ұғымы, маңызы

2. Орманды құқықтық  қорғау

3. Орманды пайдаланудың  құқықтық негіздері

Орман күрделі экологиялық жүйені, маңызды экологиялық, экономика-лық және әлеуметтік мәні бар, орман өсімдігінің, жердің және қоршаған табиғи ортаның басқа құрауыштарының жиынтығын білдіреді, яғни орман – бір-біріне жақын өсетін, бір немесе көптеген түрлі ағаш өсімдіктері мен биологиялық өзара байланысқан және бір-біріне, сыртқы ортаға әсер ететін, көптеген басқа организмдерден тұратын табиғи кешен.

Барлық ормандар, сондай-ақ орманмен жабылмаған, орман шаруашылы-ғының мұқтаждығы үшін берілген жерлер, ҚР орман қорын құрайды. Орман қоры жерлерінің құрамына орман заңдарына сәйкес  ормандық жерлер де (орманмен жабылған жерлер, сондай-ақ ағаштары жаппай кесілген жерлер, өртеңдер, алаңдар, орманмен жабылмаған, бос қалған жерлер), сонымен бірге ормандық емес жерлер де (ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлер, жолдар, ормандағы жолдар, өртке қарсы бұзылған жерлер және т.б.) кіреді. Орман қоры жерлерінің шекаралары орман шаруашылығын орналастыру материалдары негізінде жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде белгіленеді және нақтыланады.

Информация о работе Экологиялық құқық