Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Бұдан басқа, ҚР Экологиялық кодексінің 10-12-баптары  және ҚР Экологиялық кодексінің 8-тарауында  «Шаруашылық және өзге қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар» экологиялық құқыққа арналған.

Экология пайдалану  табиғат пайдалануға қарағанда, алдымен табиғат пайдалануда  экономикалық, шаруашылық мұдделер басым  болса, ал экология пайдалану қоршаған ортаны барынша сақтаудың, экожүйедегі экологиялық байланыстың сақталуы мен оның бұтіндігін қамтамасыз ету мұддесінің басымдығымен ерекшеленеді.

Сонымен қатар, экология пайдалануда табиғат пайдаланудағыдан кем емес маңызды экономикалық және шаруашылық мақсаттар қарастырылған, бірақ, адам қоғамы мен табиғи ортаның өзара байланысының өндірістік қатынастары объективті экологиялық заңдармен толық үйлесімді болса, қатынастардың екінші түрінде бұл объективті заңдар сирек назарға алынады десек те болады.

Егер, табиғат  пайдалану құқығы азаматтар мен халық шаруашылығының мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды пайдаланудың заңмен белгіленген тәртібі ретінде айқындалған болса, ал экология пайдалану құқығын экология пайдаланушылардың меншіктік құқық қатынастары арқылы экологиялық өзара байланысты ескере отырып, табиғи объектілердің жағдай мен түріне байланысты заңды құқықтарын реттейтін экология-лық құқықтың институты ретінде айқындаған жөн.

Экология пайдалану  құқығы экологиялық құқық институты  ретінде әртұрлі деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген нормалардың жиынтығын құрайды. Экология пайдалану құқығы - экология пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығынан тұрады, және соңғысынан тәуелді. Сонымен, егер, экология пайдалану объективті мәнде экология пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсету нысанын құраса, онда субъективті мәнде - міндеттер мен кұқықтарының деректерінің мазмұнын көрсетеді.

Субъективті құқық  мазмұнына, пайдалануға ұсынылған  табиғи объектіге иелік ету, пайдалану  және билік ету заңды құқығы енеді. Табиғи объектімен пайдаланудың субъективті құқығын мұндай объектіні белгілі бір байлық алу мақсатында тікелей пайдаланудың мүмкіндігін заңмен қамтамасыз етілуі деп түсіну керек.

1)  табиғи  ресурстарға мемлекеттің және  өзге де меншік иелерінің заңды құқықтарын экология пайдалану арқылы жұзеге асыруы.

2) табиғи байлықтарды  дұрыс шарушылық пайдалану міндеттеріне  қол жеткізу.

3) экологиялық  құқық қатынастарының барлық  субъектілерінің басқа субъектілерге  қатысты заңды құқықтарын жұзеге асыру.

 

Экологиялық  пайдалану құқықтарының түрлері

Экологиялық пайдалану  құқықтарының түрлерін ұш негізгі топқа  бөлуге болады: объектіге; субъект және пайдаланатын табиғи объектіге байланысты.

Табиғат пайдалану (экология пайдалану) жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы табиғат  пайдалану тұрақты болып табылады және халықтың өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру ұшін және табиғи ресурстар  пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады. Егер Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделсе, табиғатты жалпы пайдалануды шектеуге жол беріледі. Арнайы табиғат пайдалану - осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды ақылы негізде пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссиялар-ды жұзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғаның қызметі.

Табиғат пайдалану  түрлеріне:

Жерді пайдалану; суды пайдалану; орманды пайдалану; жер қойнауын пайдалану; жануарлар  дұниесін пайдалану; өсімдіктер дүниесін пайдалану; қоршаған ортаға эмиссиялар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де табиғат пайдалану тұрлері жатады. Табиғат пайдалану тұрлері бойынша арнайы табиғат пайдалану құқығының туындау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.

Арнайы табиғат  пайдалану табиғат пайдаланудың бір түрін не олардың бірнеше түрінің жиынтығын қамтуы мүмкін. (осы Кодекстің 10-бабы).

Экология пайдалану  субъектілеріне байланысты мекеменің  экология пайдалану құқығы мен азаматтардың экология пайдалану құқығына бөлінуі  мүмкін.

Көрсетілген табиғат  пайдалану түрлері өз кезегінде пайдалану құқығы объектісіне және олардың мақсатты арнауы мен пайдалану түрлеріне бөлінеді.

ҚР Экологиялық  кодекстегі табиғат пайдаланудың негізгі  қағидалары:

• экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

• экологиялық  қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

• Қазақстан  Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершіліктер бұлтартпау;

• қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;

• қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болуы және оған рұқсат алу тәртібі; табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және жоюға, қалдықтарын кемітуге ынталандыру;

• табиғи ресурстарды  пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету.

М.М.Бринчук  мұндай қағидаларға мыналарды жатқызады:

• табиғи ресурстарды  пайдаланудың меншіктік құқығыннан пайдалану құқығының туындауы;

• табиғат пайдалануды  ұтымды пайдалану;

• экологиялық  қатынастарды реттеуге экожүйелі көзқарас;

• табиғи ресурстарды  пайдаланудың мақсатты сипаты;

• табиғи ресурстарды пайдаланудың орнықты құқығы;

• арнайы табиғат  пайдаланудың ақылы екендігі.

 

Экологияны пайдалану құқығының  мазмұны

Қоршаған орта объектілеріне табиғи объектілердің  жиынтығы жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсімдіктер мен жануарлар дұниесі, табиғи экологиялық жұйелер, сондай-ақ олардың өзара әрекеттерінің климаты жатады.

Табиғи объект оның шығу тегі табиғи болған жағдайда ғана экология пайдаланудың құқықтық объектісі бола алады. Эколо-гия  пайдаланудың мәні, ол тек қоршаған табиғи ортамен экологиялық байланыстағы объектілерге ғана таратылады.

Экология пайдаланудың мазмұнына қазіргі кезде бар  бірнеше заңды құқықтар енеді, олар: пайдалануға, иелік етуге, жеке мен-шікке  немесе жалға беруге ұсынылған меншік құқығы, иелік ету құқығы; пайдалану құқығы мен табиғи объектіні ішкі шаруашылық басқару құқығы.

Пайдалану шектері  заңнамада айқындалған, сондай-ақ табиғи объектілерді пайдалануға ұсынған  әр нақты жағдайда айқында-лады.

Нақты экология пайдалану ерекшеліктері тиісті өкілеттіктер мен міндеттемелер ұсынылған субъектіден де біршама тәуелді.

Сондықтан экология пайдалануды топтастыру оның объектілері  мен субъектілері бойынша бір  уақытта жұзеге асырылады. Табиғат  пайдаланушы - мемлекеттік және мемлекеттік  емес, ұлттық және шетелдіктер болуы мүмкін.

Бастапқы табиғат  пайдаланушы субъектісі табиғи объектіні  пайдалану бойынша заңды құқығы, тікелей осы объектіге меншік құқығынан шығатын тұлға болып  табылады.

Кейінгі табиғат  пайдаланушыға, бастапқы пайдалануда  бол-ған табиғи объектінің бөлігі әдетте арнаулы бағыттағы, бірақ бастапқы пайдалану мақсаттағы белгіленгендей ұсынылады.

Кейінгі табиғат  пайдаланушы оқшауланған немесе бірлескен болуы мүмкін.

• Экология пайдаланушылардың  құқықтық мәртебесі негіздері ҚР Конституциясында былайша бекітілген: барлық тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделері, соның ішінде экология пайдаланушылардың құқықтары, әр адамның өмір сұруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғау құқықтары деп жазылған мәтіндегідей қарастырылуы тиіс.

(31-бап). Сонымен қатар олардың құқықтық мәртебесі ҚР Экологиялық кодексі, ҚР Жер кодексі, ҚР Су кодексі, ҚР Орман кодексі, «Жер қойнауы және жер қойнауын пай-далану туралы», «Жануарлар дүниесін пайдалану және молықтыруды қорғау туралы» заңдармен және басқа актілермен белгіленген. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары заңмен қорғалады.

Табиғат пайдалану  құқығынан, заңда көрсетілген негіздерден  басқа реттерде ешкімді де айыру  мүмкін емес.

 

Экология пайдаланудың құқықтарының туындау және тоқтатылуы негіздері

Экология пайдалану құқығының туындау негіздері күрделі заңды құрамнан тұрады. ҚР Экологиялық кодексінің 12-бабында Арнайы табиғат пайдалану құқығы келесі негіздерде туындайды:

Табиғи ресурстарды  пайдалану мен алуға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жекелеген  қызмет түрлерін жұзеге асыруға лицензиялар және (немесе) рұқсаттар;

Табиғи ресурстарды  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғат  пайдалануға беру туралы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімдері;

Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде белгіленген  тәртіппен жасалатын табиғат  пайдалануға арналған шарттар (келісімшарттар) негізінде туындайды.

Арнайы табиғат  пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген  тәртіппен, осы баптың 1-тармағында көрсетілген бір, екі не барлық актілер негізінде туындауы мүмкін. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылардың арнайы табиғат пайдалану құқығыы жүзеге асыруына экологиялық рұқсаттар болған кезде жол беріледі.

Арнайы табиғат  пайдалану құқығы мемлекет қауіпсіздігін  және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақстында Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.

Экология пайдалану  құқықтарының туындау ерекшеліктері салалық заңнамалармен реттеледі.

Жер учаскесіне құқық белгілейтін, заңды фактілердің (заңды құрамдардың) келуін растайтын  құжаттардың негізінде жер теліміне құқық өзгереді немесе тоқтатылады.

Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат  болып табылатындар:

Сәйкестендірме  құжат (жеке меншікке жерді пайдалануға  құқық беретін акт), шарт, соттың шешімі, атқарушы органның құқықтық акті, мұрагерлік құқығы туралы куәлік, беру акті, бөлу балансы.

Су қорын  пайдалану және қорғау саласындағы  уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруді, оларды күшін тоқтата тұруды жүзеге асырады (ҚР Су кодекісінің 37-бабы).

Жергілікті  атқарушы органдар:

Су қорын  пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша су объектілерін оқшаулау және бірлесіп пайдалануға береді (39-бап).

Бассейндік  су шаруашылығы басқармалары - Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіппен арнайы су пайдалану жөніндегі  қызметтің түрлеріне лицензия немесе рұқсат беруды, оларды кұшін тоқтата тұруды жүзеге асырады (40-бап).

Су қорын  пайдалану және қорғау саласындағы  мемлекеттік орган табиғатты  қорғау органдарымен келісіп су ресурстарын  басқару бойынша рұқсаттар береді.

ҚР Орман кодексінің 36-бабына сәйкес Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары: ағаш кесу билеті мен орман билеті негізінде ғана жол беріледі.

«ҚР Жануарлар  дүниесін молықтыруды, қорғау және пайдалану  туралы» Заңына сәйкес, арнайы жануарлар дүниесін мемлекеттік басқаратын уәкілетті орган (ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің аңшылық шаруашылығы мен орман комитеті) жануарлар дұниесін пайдалануға бекітілген лимиттер мен квоталарға сәйкес, жануарлар дүниесін пайдаланудың белгіленген шарттарын сақтай отырып рұқсаттар береді (16-бап).

Жануарлар дүниесін жалпы табиғат пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын пайдалану қандай да бір рұқсатты талап етпейді.

Жануарлар дүниесін арнайы табиғат пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын пайдалану, тиісті рұқсат пен шарттың негізінде жүргізіледі. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, тек бюджетке жануарлар дүниесін пайдалану үшін толығымен төлемдер енгізгенін растайтын құжаты бар кезде беріледі. (33-бап)

Қазақстан Республикасының  барлық азаматтары, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеген және аңшылық минимумды тапсырған, оның аумағынан да тұратын және келген басқа да тұлға-лар аңшылық құқығына ие. Жануарлар дұниесін молықтыру және пайдалануды, қорғау саласының мемлекеттік бақылау органдарының берген рұқсаты - аңшылық құқығын куәландыратын құжат болып табылады. (40-бап).

Заңды фактілердің  барлығы ұшін жалпы іс-қимылдардың  жи-ынтығы негізінде туындайтын экология пайдалану құқығы мемлекеттік-құқықтық шешуші жүйелер болып табылады.

Экология пайдалану құқығын тоқтату негіздері тізімінде (және тәртібінде) табиғи нысандар мен құқық пайдаланушы субъектінің заңды тұлға немесе азамат болып табылатындығына байланысты белгілі бір ерекшеліктер бар.

Пайдалану құқығын  тоқтатудың арнайы негіздері бар.

Сонымен жерді пайдалану құқығы тоқтатылатын жағдайлар:

а) бір жыл  өткеннен кейін жер телімін иесіз  мүлік ретінде соттың мойынуы; б) ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын ұй құрылысына немесе өзге де құрылысқа  арналған жер телімі бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайда, егер одан көп мерзім көзделмеген болса; в) жер пайдаланушыға қыз-меттік жер телімін берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы. г) жерді рационалды пайдаланудың ере-желерін өрескел бұзған жағдайға байланысты; д) егер, жер телімін пайдалану ауылшаруашылық жерлердің құнарлылығын төмендетуге немесе экологиялық жағдайды едәуір нашарлатса; е) жер телімін тәркілегенде (Жер кодекісінің 81-96-баптары).

Информация о работе Экологиялық құқық