Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Сонымен бірге  ҚР орман қорының құрамына мыналар  кірмейді:

- жеке ағаштар  және ағаштар топтары, агро-, ормандандырудың  екпе ағаштары және ауыл шаруашылығына арналған жерлердегі бұталы өсімдіктер;

- темір жол,  автомобиль жолдары, каналдар, су  құбырлары мен басқа желілік  ғимараттар иелігінің жолақтарындағы  қорғаныстық екпе ағаштары;

- қалалардағы  қала ормандарынан басқа, жеке  ағаштар мен көгалданды-руға арналған екпе ағаштар;

  • үй жанындағы, саябақ және бақ учаскелеріндегі ағаштар мен бұталар;
  • арнайы тағайындалған плантациялық екпе ағаштар.

Қазақстан Республикасында  ормандар тек республиканың ғана меншігін-де болады. Қазақстан Республикасының барлық ормандары қорғалады. Орман байлықтарын сақтау және тиімді пайдалану, орман шаруашылығын саралап жүргізу мақсатында, ҚР орман қоры қорғалу топтары мен категорияларына бөлінеді. Мұндай жіктелудің негіздемесі ормандардың экономикалық, эколо-гиялық және әлеуметтік маңызы, олардың орналасуы және орындайтын қызметтері болып табылады. Ормандардың белгілі бір топқа жатуы олардың құқықтық режимінің ерекшеліктерін қамтамасыз етеді.

Бірінші топтың ормандарына  суды қорғау, санитариялық-гигиеналық, жақсарту функцияларын орындайтын ормандар, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи территориялардың – қорықтардың,  қаумалдардың, ұлттық парктердің және т.б. ормандары жатады. Бірінші топтың ормандарының құқықтық режимі-нің ерекшелігі, онда  ағаштарды өнеркәсіптік  кесудің тыйым салынуынан тұрады.

Екінші топтың ормандарына табиғатты қорғау қызметтерін  сақтау үшін шектелген пайдаланушылық мәні бар, таулы аудандардағы ормандар жатады. Берілген топтың ормандары  үшін орманды пайдаланудың шектелген  режимі талап етіледі.

Орманды пайдалану  объектілерінің қызметін орман қорының  учаскелері, сондай-ақ орман қорына кірмейтін, орман учаскелері атқарады.

Қазақстан Республикасында  орманды пайдаланушылар заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ шетел азаматтары болуы мүмкін.

Әр түрлі  субъектілерге берілетін, ормандарды пайдалану құқығы  өзінің заңды мазмұны бойынша ажыратылады. ҚР орман кодексі келесі түрлерді бөліп көрсетеді: жалға беру, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалану.

Пайдалану құқығы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болуы мүмкін. Орманды пайдаланудың қысқа мерзімді құқығы өз кезегінде қысқа мерзімді (1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (50 жылға дейінгі мерзімге) болып бөлінеді.

Орман құқығын  алу және оны іске асыру ерекшеліктері  ормандарды пайдалану мақсаттарымен  де анықталады. Орманды пайдалану ҚР Орман кодексінің 29-бабына сәйкес белгілі түрлерге бөлінеді:

  • ағашты дайындау;
  • живицаны дайындау;
  • қосалқы ағаш материалдарын (томарларды, түбірлерді және т.б.) дайын-дау;
  • орманды қосымша пайдалану (саңырауқұлақ, жидек, жаңғақ жинау және пішен шабу және т.б.);
  • мәдени-сауықтыру мақсаты үшін;
  • ғылыми-зерттеу мақсаты үшін;
  • аңшылық шаруашылығының  мұқтажы үшін;
  • ағаш шырынын дайындау.

Орманды пайдалануға, басқа табиғи ресурстарды пайдалануға  сияқты, мемлекеттік құзырлы органдармен  берілетін, рұқсат беру құжаттары бар болғанда ғана рұқсат беріледі. Орман заңдары мұндай құжаттар ретінде орман шаруашылығының органдарымен ресімделетін лицензияны, орман кесу билетін, ордер мен орман билетін көздейді.

Лицензия оның иесінің орман қорының учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға құқығын куәландыратын құжат болып табылады.

Ағаш кесу билеті оның иесіне ағашты, живицаны және орманды қосым-ша пайдалану материалдарын дайындауға және тасуға құқық беретін құжат болып табылады.

Түбірі бар  ағашты аз мөлшерде өткізуге берілетін ордер, оның иесіне ағашты және орманды қосалқы пайдалану материалдарын дайындау мен тасуға құқық беретін құжат болып табылады.

Орман билеті оның иесіне қосымша пайдалану құқығын беретін құжат болып табылады.

Осы құжаттардың  барлығы олардың иесінің орман ресурстарын немесе орман қорының учаскелерін қысқа мерзімде пайдалану құқығын куәландыра-ды.

Орманды пайдалану  ормандарды қорғаудан бөлінбейді. Орман  заңдары тиімді пайдалануды ұйымдастыруға  және ормандарды жаңғыртуға, оларды ластанудан, тозудан және жойылудан қорғауға бағытталған шаралардың кең кешенін көздейді.  Ормандарды құқықтық қорғаудың мазмұнына кіретін, ор-мандарды қорғаудың негізгі міндеттері барлық объектілерге: орман шаруашы-лығын жүргізетін ұйымдарға, орман пайдаланушыларға, сондай-ақ олардың қызметі ормандардың жағдайына теріс әсер ететін кәсіпорындар мен мекеме-лерге адрестелген. Ормандарды қорғаудың негізгі міндеттері:

  • орман өрттерін ескерту, оларды дер кезінде байқау және жою бойынша шараларды өткізу;
  • ҚР ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау;
  • ормандарды заңсыз кесуден, зақымданудан, ұрлаудан қорғау, сондай-ақ орман қорының жерлерін қорғау;
  • орман дайындаушылардың  түбірі бар ағашты өткізу ережелерін орын-дауын және орманды пайдаланудың басқа түрлері ережелерінің сақталуын бақылау;
  • орман қорының территориясындағы аңшылық ережелерінің сақталуын бақылау, қаскерлікпен күрес жүргізу;
  • ормандардың қорғалуын, жаңғыртылуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін, басқа әрекеттер болып табылады.

Ормандарды  тиімді пайдалану мен қорғаудың заңмен белгіленген талап-тарын бұзғаны үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік ескерілген.

Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік төмендегі  әрекеттер үшін белгіленген:

  • ағаштардың заңсыз кесілгені және оларға зақым келтірілгені үшін;
  • өртеу немесе отпен абайсыз болу нәтижесінде орманның жойылғаны және оған зақым келтірілгені үшін;
  • өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылғаны үшін;
  • орман пайдаланудың ағаш кесу (орман) билетінде көзделген мақсаттарға сәйкес емес түрде жүзеге асырылғаны үшін;
  • орманның солып қалуын немесе ауруын тудыратын, оған ағынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсіптік қалдықтармен зақым келтірілгені үшін;
  • кәсіпорындар мен басқа объектілердің ормандарға зиянды әсер етуді болдырмайтын құрылғыларсыз пайдалануға қосылғаны үшін;
  • ормандардың тұрмыстық қалдықтармен ластанғаны үшін;
  • орман қорының заңсыз пайдаланылғаны үшін;
  • орман үшін пайдалы жануарлар әлемінің жойылғаны үшін;
  • өз еркімен пішен шапқаны және орманда малды жайғаны үшін, жабайы өсетін жидектерді, саңырауқұлақтар, жаңғақтарды және т.б. өз еркімен жинағаны үшін;
  • ағашты дайындау және тасу тәртібінің бұзылғаны үшін;
  • ормандарды қалпына келтіру және жақсарту ережелерінің бұзылғаны үшін;
  • орман заңдарының басқа түрлерінің бұзылғаны үшін.

 

 

 

12-тақырып.  Жануарлар дүниесін пайдалану  мен қорғаудың құқықтық режимі 

Дәріс жоспары:

1. Жануарлар  дүниесінің ұғымы, маңызы және  жалпы сипаттамасы.

2. Жануарлар  дүниесін қорғау.

Заң жабайы жануарлардың табиғи еркін күйде  өмір сүру жағдайларын  қамтамасыз ету, табиғи қауымдастықтардың түрлік алуан түрлілігі мен тұтас-тығын сақтау, сонымен бірге осы облыстағы заңдылықты  нығайту мақсатын-да, оларды қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану облысындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жануарлар әлемі – қоршаған табиғи ортаның негізгі құрауыштарының бірі, Қазақстан Республикасының табиғи байлықтарының маңызды құраушы-сы.

Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғау объектісі табиғи еркін күйде, үнемі немесе уақытша құрлықта, суда, атмосферада немесе топырақта мекен-дейтін, барлық жабайы жануарлар (сүт қоректілер, құстар, бауырымен жорға-лаушылар, қос мекенділер, балықтар, сондай-ақ моллюсктер, жәндіктер және т.б.) болады.

Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалануды реттеудің негізгі  принциптері:

    • жануарлар әлеміне меншік құқығын жүзеге асыру;
    • жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы заңна-маны әзірлеу және жетілдіру;
    • жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану облысындағы мемлекеттік саясатты анықтау;
    • жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін, сонымен бірге оны қорғау және ұдайы өсіру  үшін төлем қағидаларын анықтау;
    • жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы заңна-маның сақталуын бақылау;
    • жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану мәселелері  бойынша  халықаралық келісімдерді бекіту және шарттың бұзылғандығын дәлелдеу болып табылады.

Жануарлар әлемінің объектілерін пайдалануды реттеу осы  сферадағы заңнамаға сәйкес әзірленген ережелерді, лимиттер мен нормативтерді  қолдану-ға енгізу жолымен жануарлар  әлемін пайдалануды қорғау, бақылау және реттеу бойынша арнайы уәкілетті мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

3-бапқа сәйкес, жануарлар әлеміне табиғи еркін  күйде, үнемі немесе уақытша  құрлықта, суда, атмосферада немесе  топырақта мекендейтін, барлық  жабайы жануарлар (сүт қоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар, моллюсктер, жәндіктер және т.б.) жатады.

ҚР жануарлар  әлемі бірыңғай мемлекеттік меншікте болады (6-бап). Жануарлар әлемінің мақсаттық тағайындалуы жануарлар әлемінің категориясы арқылы анықталады:

  • жоғалу қаупінде тұрған сирек кездесетін жануарлар түрлері;
  • аңшылық объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;
  • балық аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері;
  • басқа мақсаттарда пайдаланылатын жануарлар түрлері;
  • экологиялық, мәдени және басқа құндылығы бар жануарлар түрлері;
  • саны реттелуге жататын жануарлар түрлері.

Мемлекет өзінің құзырлы органдары тұлғасында жануарлар  әлемін - әр түрлі субъектілерге  – ҚР жеке және заңды тұлғаларына, сондай-ақ ҚР террито-риясында тұратын  немесе оған келетін тұлғаларға пайдалануға береді.

Олар жануарлар әлемін пайдаланудың келесі түрлерін жүзеге асыра-ды:

    • аңшылық;
    • омыртқасыздарды  және теңіз  сүт қоректілерін аулауды қосқанда, балық аулау кәсібі;
    • аңшылық пен балық аулау кәсібінің объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарында пайдалану;
    • жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие, талғам мақсаттарында пайдалану;
    • жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік әрекетінің өнімдерін пайдалану.

ҚР заңдарымен жануарлар әлемін пайдаланудың басқа  түрлері де көзделуі мүмкін.

Табиғатты жалпы пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын, жануар-лар әлемін пайдалану қандай да бір рұқсат етуді талап етпейді. Табиғатты арнайы пайдалану тәртібінде жүзеге асырылатын, жануарлар әлемін пайдала-ну келісім және сәйкес рұқсат қағазы негізінде жүргізіледі. Жануарлар әлемін пайдалану туралы келісім пайдаланушы мен жануарлар әлемін мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органы арасында, аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын немесе балықты  және басқа су жануарларын кәсіптік аулауға құқық  бергені туралы, аң аулау үшін пайдаланылатын жерді немесе балық шаруашылығының су қоймаларын бекіту туралы шешім қабылдаған соң жасалады. Келісіммен ескеріледі:

- шаруашылық  және басқа қызметті жүзеге асырудағы экологиялық талаптар;

- жануарлар  әлемін қорғау, ұдайы өсіру және  пайдалану үшін төлемдерді төлеу  және жүзеге асыру мерзімдері;

-  жануарлар  әлемін қорғау шарттары;

-  жануарлар  әлемін пайдаланушыға берілетін  жеңілдіктер;

-  келісім талаптары мен шарттарын бұзғаны үшін тараптардың жауап-кершілігі;

-  келісімнің  әрекет ету мерзімі;

-  басқа қажетті  талаптар.

Келісім негізінде  жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат қағазы беріледі.

Жануарлар әлемін пайдалану, сонымен бірге қорғау және ұдайы өсіру үшін төлем белгіленеді. Төлемдерді алу нормативтері мен тәртібі жануарлар әлемін мемлекеттік басқарудың арнайы уәкілетті органдарының және ҚР Қаржы министрлігінің ұсынуы бойынша ҚР Үкіметімен анықталады.  Талғамдық және басқа талаптарды қанағаттандыру үшін жануарларды табиғи ортасынан айырмай және оларға зиян келтірмей, жануарлар әлемін пайдалану, табиғатты жалпы пайдалану тәртібінде ақысыз жүзеге асырылады.

ҚР Заңы жануарлар  әлемін пайдаланушылардың құқықтары  мен міндеттерін анық тұжырымдады  және бекітті.

Олардың жануарлар  әлемін пайдаланудың рұқсат берілген түрлерін ғана жүзеге асыруға құқығы бар.

Пайдалану түріне байланысты жануарлар әлемін пайдаланушылар:

- жануарлар  әлемін пайдаланудың белгіленген  ережелерін, нормалары мен мерзімдерін  сақтауға;

- жануарлардың  мекендеу ортасын бұзуға жол  бермеуге;

- жануарлар  әлемін тұрғындар мен қоршаған  табиғи орта үшін қауіпсіз  тәсілдермен пайдалануға;

- пайдаланылатын  жануарлардың саны мен жағдайын, сондай-ақ олардың мекендеу ортасының  жағдайын есепке алуға;

- жануарлар  әлемін қорғауды, ұдайы өндіру  мен пайдалануды жүзеге асыратын, мемлекеттік және басқа ұйымдарға  көмек көрсетуге;

- жануарлар  әлемін қорғау, ұдайы өндіру және  пайдалану бойынша басқа талаптарды  орындауға міндетті.

Информация о работе Экологиялық құқық