Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Төтенше экологиялық  жағдай және экологиялық зілзала  аймақтарындағы құқықтық реттеудің  ерекшеліктері.

7-бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ын-тымақтастық 3 тараудан тұрады:

Экологиялық білім  беру мен ағарту, мамандардың біліктілігін арттыру;

Экологиялық ғылыми зерттеулер;

Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау және табиғат  пайдалану арасындағы халықаралық  ынтымақтастығы.

Ерекше бөлім екі бөлімнен тұрады:

8-бөлім. Шаруашылық және өзге де қызметтерді жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар 18 тараудан тұрады:

Экологиялық талаптар туралы жалпы ережелер;

Шаруашылық  және өзге де қызметке қойылатын жалпы  талаптар;

Шаруашылық  және өзге де қызмет тұрлері бойынша экологиялық талаптар;

Жерді пайдалану  кезіндегі экологиялық талаптар;

Жер қойнауын пайдалану  кезіндегі экологиялық талаптар;

Суды пайдалаңу  кезіндегі экологиялық талаптар;

Ормандарды  және өзге де өсімдіктерді пайдалану  кезіндегі экологиялық талаптар;

Жануарлар дұниесін пайдалану кезіндегі экологиялық  талаптар;

Жануарлардың  сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін қорғау, өсімін молайту, еріксіз және жартылай ерікті жағдайда өсіріп-өндіру, шектеулі шаруашылық тұрғыда пайдалану жөніндегі экологиялық талаптар;

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық талаптар;

Каспий теңізінің  солтұстік бөлігіндегі мемлекеттік  қорық аймағында шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезіндегі  экологиялық талаптар;

Радиациялық материалдарды, атом энергиясын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптар;

Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығын анықтау  кезіндегі экологиялық талаптар;

Ықтимал қауіпті  химиялық және биологиялық заттарды, генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру және оларды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар;

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу кезіндегі  экологиялық талаптар;

Қалдықтарды көму полигондарына және ұзақ мерзімді сақтау қоймаларына экологиялық талаптар;

Парниктік газдардың  эмиссиясы мен сіңірілуі саласындағы  қызметтік мемлекеттік реттеу.

 

 

 

3-тақырып.  Табиғат объектілеріне меншік құқығы

Дәріс жоспары:

1. ҚР-да табиғи  ресурстардағы жеке меншік құқығының ұғымы

2. Экология саласындағы мемлекеттік меншік құқығының ұғымы

 

Табиғи  объектілер мен табиғи ресурстарға меншік құқығы

Табиғи ресурстарға  меншік - бұл жер, су ресурстарына, өсімдік  және жануарлар дүниесіне және басқа  табиғи байлықтар жөніндегі қоғамдық қатынастар нысаны. Табиғи ресурстарға меншіктің ешқандай нысаны жоқ жерде, қандай да бір қоғам жайлы сөз қозғау мүмкін емес. Меншік ұғымының экономикалық және құқықтық екі аспектісі бар. Біріншісі меншіктің экономикалық мазмұнын өндірістік қатынастар арқылы ашады. Екіншісі осы мазмұндағы құқықтық нысанда айқындалады. Демек, меншік - экономикалық-құқықтық санат.

Меншіктің экономикалық қатынастарын өндіріс қатысушыларының  өндіріс нысандарына (аспап, саймандарына, қүрал-дарына, өндіріс азық-түліктеріне) қатынасы арқылы анықтай-ды. Экономикалық қатынастарды қүқықтық нормаларда бекі-ту нәтижесінде қүқық меншігі заңды категориясы ретінде пай-да болады.

Табиғи ресурстағы меншік қүқығы заң аспектісінде екі  қасиеті бойынша: құқық институты  және меншік иесінің заңды құқықтарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады.

Табиғи ресурстарға  меншік құқығы, табиғи ресурстарға  меншік қатынастарын реттейтін құқықтық институт ретінде құқықтық нормалардың  жиынтығын ұсынады, міне осы, объективті мағынада меншік құқығын құрайды.

Табиғи ресурстарға меншік қүқығының негізі ҚР Конституциясымен белгіленген, онда былай көрсетілген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең түрде танылады және қорғалады.

Жер және жер  қойнауы, сулар, өсімдік және жануарлар  дүниесі, басқа табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгінген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (6-бап). Негізгі заңның Ережелері ҚР Азаматтық кодексінде дамыды, 188-бапқа сәйкес Меншік қүқықтарында заң актілерімен танылған және қорғалатын өз қалауы бойынша өзінің иелігіндегі мүлігіне билік етуге және пайдалануға субъектінің құқықтары бар. 20.06. 2003 жылғы ҚР Жер кодексінде Қазақстан Респуликасында Жер мемлекеттік меншікте екендігі нақтыланған. Жер телімдері осы Кодекстің (3-бабы) белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. 8.07.2003 жылы бекітілген ҚР-ның Орман кодексінде былай деп көрсетілген: Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық ормандар, сондай-ақ орман өсімдіктерімен қамтылмаған, бірақ орман шаруашылығы қажеттілігіне арналған орман қорының жерлері ҚР орман қорын құрайды. Орман қоры мемлекеттік және жеке орман қорынан түрады (6-бап ).

09.07.2003 жылы ҚР-ның  Су кодекстерінде суларға: су  нысандарында топталған, қүрлық  қыртысының үстіндегі және жер қойнауындағы барлық сулардың шегі бар жиынтығы, көлемі мен су режимі жатады. Жекелей алғанда оларға: теңіздер, өзендер, оларға теңестірілген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа жер бетіндегі су нысандары, жерасты суларындағы жер қойнауының бөліктері (5-бап) жатады. Сонымен қатар, мемлекеттік су кадастрына енгізілген немесе енгізілетін Қазақстан Республикасының аумағының шегіндегі барлық сулардың жиынтығы, Қазақстан Республикасының Су қорын қүрайды (4-бап). Қазақстан Республи-касының Су қоры мемлекеттік меншік иелігінде.

Осылайша, ҚР Конституциясы  мен МК табиғи ресурстарға және өзге мүлікке меншік нысаны мен жалпы  мазмүнын белгілейді. Экологиялық заңнамада  нақты табиғи ресурстарға меншік нысанының ерекше белгілері, сондай-ақ жерге, суға, жер қойнауына, орман және т.б. меншік иесінің заңды қүқығын жүзеге асырудың тетіктерінің өзгешіліктері бекітіледі. Дәл осы, табиғи ресурстарға меншік қатынастарының экологиялық құқық институты болып табылатындығына негіз болып табылады.

Табиғи ресурстарға  меншіктік құқық субъективті мағынада меншік иесінің жер мен оның қойнауын, суларды, өсімдік және жануарлар дүниесін және меншіктің басқа объектілерін пайдалануға және иелік етуге заңды құқықтарының жиынтығымен түсіндіріледі.1

Сонымен бірге, бірде-бір мемлекетте табиғи ресурстар мен табиғат объектілеріне абсолютті құқықтың жоқ екендігін атап өткен жөн. Мемлекет, қоғам, меншік иесі мүддесінде (экологиялық, санитарлық, экономикалық және т.б.) меншік иесінің табиғи ресурстар мен табиғат нысандарын пайдалануға құқығы шектелуі мүмкін.

ҚР ЖК 2-тарауынан  алынған, Азаматтардың, мемлекеттік  емес заңды тұлғалардың жеке меншіктің  құқық объектісі, жер телімі болып  табылады. 23-бапқа сәйкес, ҚР азаматтарының  жеке мен-шігінде: шаруашылық (фермерлік) қожалықтар, жеке қосалқы шаруашылық ісін жүргізуге, орман өсіру, бау өсіру, жеке тұрғын және саяжай құрылысына, сонымен қатар тұрғын үйлер мен ғимараттар (қүрылыстар мен жайларды) және олардың кешенін, ғимараттарға арнауына сәйкес қызмет көрсетуге (қүрылыстар салынуға) арналған жерлерді қоса алғандағы жер телімдері болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік емес заңды түлғаларының жеке меншігінде: тауарлы ауылшаруашылық өндіріс, ор-ман өсіруге, өндірістік және өндірістік емес құрылыс салынған немесе салуға, соның ішінде түрғын үйлер мен ғимараттар (жай-лар мен қүрылыстар) және олардың кешендерін, ғимараттарға арнауына сәйкес қызмет көрсетуге (қүрылыстар салынуға) арналған жерлерді қоса алғандағы жер телімдері болуы мүмкін.

Осы мақсаттарда  тауарлы ауылшаруашылық өндірісті  жүргізуге, орман өсіруге арналған жерлерді қоспағанда шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және шетелдік заңды түлғалардың жер телімдері жеке меншігінде болуы мүмкін.

Мемлекеттік меншік құқығы объектісі болып Қазақстан  Республикасы су қорын қүрайтын, су қорына енетін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий мен Арал теңіздерінің сулары; өзендер, көлдер, су қоймалары, басқа каналдар мен магистралды арналар; жерасты сулары; мұздықтар жатады (ҚР СК 4-8-баптары).

Меншік құқығы жалпы табиғаттағы бар суларға ғана емес, ол тек жекешелендіруге болатын, яғни су объектілеріне ғана тарайды.

Көптеген уақыт  заңнамада жер қойнауы деген  түсінік белгіленбеді, бүл әртүрлі  ілімге әкелетін және осыған орай мемлекетгің  жер қойнауына құқықтарының аумағын  өте кеңейтіп немесе тарылтатын.

(«Жер қойнауы  туралы» ҚР Заңының) 5-бабына сәйкес  минералды шикізат, егер Келісімшартпен  өзгеше көзделмесе Жер қойнауын  пайдаланушының (Қазақстан Республикасының  мемле-кеттік кәсіпорнына - шаруашылық  жүргізу немесе жедел басқару құқығында) иелігіне меншік құқығына жатады.

Техногендік минералдық жыныстар жер қойнауын пайдаланушының меншігі болып табылады, егер Келісімшартта  өзгеше көзделмесе.

Мемлекеттік меншік иелігіндегі техногендік минералдық жыныстардан алынатын пайдалы қазбаларға (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығы) келісімшартпен анықталады.

Минералдық  шикізаттарға, техногендік минералды  жыныстарға немесе пайдалы қазбаларға (шаруашылық жүргізу немесе жедел  басқару қүқығы) меншік құқығында  иелік ететін жер қойнауын пайдаланушы, оларға қатысты заңнамалармен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасауға құқылы.

ҚР Конституциясында меншік құқығы объектілерінде өсімдік  дүниесі және басқа табиғи ресурстар  көрсетілген. Өсімдіктер дүниесіне  орманнан өзге өсімдіктер де жататынын, ал орман да өзге де өсімдіктер әлемі жермен органикалық байланысты екенін ескерсек, онда осы жерлерді меншік құқығы объектісі ретінде қарастыруымызға негіз бар. Өсімдік дүниесінің меншік иесі ретінде бұл жерде жерді иеленуші болады. ҚР Орман кодексінің 5-бабында былай делінген: Орман қоры жерлерін, орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерін қамтитын Қазақстан Республикасының орман қоры орман қүқығы қатынастарының объектісі болып табылады. Бұрынырақ біз орман қорының мемлекеттік және жеке қордан тұратынын айтып өткен едік, ал 7-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншік объектілеріне жатады және республикалық меншікте болады.

Жекеше орман  қоры учаскелерін иеленуді, пайдалану  мен оған билік етуді, осы Қазақстан Республикасының Ортман кодексі және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес, жеке орман иеленушілер жүзеге асырады.

Атмосфералық  ауаға келетін болсақ физикалық  қасиеттеріне байланысты оны меншік құқығы пайда болудың міндетті шарты  болатын бір мемлекеттің аясында оқшаулауға немесе жекешелендіруге мүмкін емес. Сондықтан бұл табиғи объект бүкіләлемдік байлық болып табылады. Мемлекет ауаға қатысты меншік иесі ретінде заңды құқықты жүзеге асыруға, жекелей алғанда иелік ету және билік жасауға құқығы жоқ.

ҚР Жануарлар  дүниесін қорғау, пайдалану және молықтыру  туралы 2004 жылғы Заңына сәйкес жануарлар  дүниесі мемлекеттік меншік иелігінде.

 

Табиғи ресурстарға меншік құқығының  субъектілері

1991 жылы Қазақстан  Республикасы тәуелсіз егеменді  мемле-кетінің қүрылуымен байланысты және 1993 жылы тамыз айында қабылданған ҚР Конституциясында Республиканың табиғи ресурстарының ерекше жалғыз меншік иесі болып мемлекет жарияланған, ал 1995 жылы қабылданған ҚР Конституциясында мемлекеттік ерекше иелік етуі күшін жойып, жерге заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екендігі белгіленді.

Жерге, Республика аумағында - Қазақстан Республикасында  мемлекеттік меншік қүқығының субъектісі болып, Жер кодексін-де белгіленген  негіздерде, шарттар мен шектерде сонымен қатар азаматтар мен мемлекеттік емес заңды түлғалар болуы мүмкін. Бұл жерде сонымен бірге, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ түлға-лар (мұндай құқықтарға шетелдіктер өндірістік объектілер, түрғын үй кешендерін және жеке қүрылыстар салуға жер учаскесін қайтарылу негізінде, егер олар тұрақты тұру құқығын сатып алған жағдайларда).

Табиғи ресурстарға  мемлекеттік меншік иелігін пайдаланатын субъектіге келетін болсақ, мемлекет атынан кім, меншік иелігінің заңды құқықтарын жүзеге асырады деген сүрақ туындайды? Мемлекет атынан табиғи ресурстарға меншік қүқығын ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар және арнайы өкілеттенген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

4-тақырып.  Табиғатты пайдалану құқығы

Дәріс жоспары:

1. Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі.

2. Табиғатты  пайдалану құқығының түрлері

3. Ерекше табиғат  пайдалану құқығы

 

Экологияны пайдалану құқығының  ұғымы

Экологияны  пайдалану құқығы қолайлы қоршаған ортаға құқық - бұл 1948 жылы Б¥¥ Декларациясында бекітілген бүкіл адамзатпен мойындалған адам құқығының бір бөлігі. Біз оны Қазақстан Республикасы құрылған сәттен мойындадық. Қолайлы қоршаған ортаға құқықты барлығы мойындайды (министрліктер мен ведомствалар), ол ҚР Конституциясында бекітілген және дәл осы Конституция арқылы, бұл құқық біздің денсаулығымызға құқығымыз жүзеге асырылады.

Информация о работе Экологиялық құқық