Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Лекция конспектісі

1-тақырып.  Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2

2-тақырып.  ҚР-ң экологиялық тарихы  және қайнар көздері .........................8 
3-тақырып.  Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16 
4-тақырып.  Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21  
5-тақырып.  Табиғатты      пайдалану      мен      қоршаған  ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29 
6-тақырып.  Табиғатты   пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44 
7-тақырып.  Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50 
8-тақырып.  Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64

9-тақырып.  Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71 
10-тақырып.  Судың құқықтық режимі ............................................................72  
11-тақырып.  Ормандардың құқықтық режимі ................................................80 
12-тақырып.  Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83 
13-тақырып.  Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87 
14-тақырып.  Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97 
15-тақырып.  Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық................................................................................................... 102

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тақырып.  Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі.

Дәріс жоспары:

1. Экологиялық  құқығының пәні

2. Экологиялық  құқығының әдістері

3. Экологиялық  құқығының қағидалары

4. Экологиялық  құқығының жүйесі.

 

Экологиялың құқықтың пәні

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Экологиялық құқық  объектісі дәстүрлі көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоғам мен табиғат  саласында қалыптасқан өзара  әрекеттерінің қоғамдық қатынастары болып табылады. В.В.Петровтың пайымдауынша - Экологиялық құқық объектісі қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. Олар табиғи объектілерді қорғау мен табиғи ортаны тұгелдей қорғауға қатысты пайда болады және дамиды.

Экологиялық құқық  нысанын анықтау үшін, қоғамдық қатынастардың  қалыптасқан себептері бойынша  объектінің нақты табиғатын белгілеп алу қажет - деп тұжырымдайды Б.В.Ерофеев. «қоғам-табиғат» - сөзінің кең көлемдегі  саласындағы барлық қатынастарда экологиялық құқық объектісі бар деген көзқарастағы көптеген ғалымдар бар. Алайда, табиғат объектілеріне қатысты қатынастардың бәрі экологиялық құқық объектісін құрамайтынын айта кеткен жөн. Егер, белгілі бір қоғамдық қатынастағы табиғи объекті табиғи ортадан шығарылса, онда ол экологиялық құқық объектісі болуын тоқтатады. Қазақстандық ғалым С.Д.Бекишованың пайымдауынша, экологиялық құқық объектісін реттеу ретінде келесі қатынастар шығуы мүмкін:

1)  жеке, заңды  тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша;

2) қоршаған табиғи  ортаны қорғау бойынша (табиғатты  қорғау қатынастары);

3) табиғи ресурстарды  ұтымды пайдалану бойынша (табиғи-ресурстық  қатынастар).2

Б.В.Ерофеев  экологиялық құқық объектісіне - экологиялық-құқықтық нормалардың әрекеттері саласында азаматтар мен ұйымдардың арасындағы міндетті түрде мемлекеттің қатысуымен табиғи объектілерді (экожүйелерді) тиімді пайдалануды қазіргі және келер ұрпақтың мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтау мақсатында қалыптасқан тарихи шарттасқан өндірістік қатынастарды жатқызды.

Біз осы экологиялық  құқық объектісі бойынша көзқарасты қолдаймыз.

 

Экологиялық құқықтағы құқықтық реттеу әдістері

Әдіс - нақты міндеттерді шешуге бағынышты шындықты игеруге арналған теориялық және практикалық әдістер мен тәсілдердің жиыны. Қолданыстағы кұқық жүйесінде адамның мінез-құлқына қандай да бір құқықтық нормаларды: әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық нормаларды орындауға әсер етудің екі тәсілі бекітілген.

Б.В. Ерофеев  құқықтың әр саласы әдістердің тәсілдемесі болуы қажет деген көзқарасты мейілінше сәтті деп есептейді. Әдістердің осындай тәсілдемесі экологиялық құқыққа тән.

Тәсілдің ерекшелігі экологиялық құқықтың объектісі  ерекшелігіне шарттасқан, сондықтан, экологиялық  құқықтың ныса-нын құрайтын экологиялық қоғамдық қатынастар кешені, оны құқықтық реттеу әдістерінің тәсілдемесінде айқындалған. Ерофеевтің пайымдауынша, Экологиялық құқықта экологияландыру әдісі басты болып табылады.

Экологияландыру әдісі экологиялық құқық объектілерінің өзгешіліктерінен туындаған. Бұл өзгешіліктер экологиялық құқық қатынастарын құқықтық реттеу аясында табиғат заңдары ескерілуі қажет дегенге әкеледі. Экологиялық қоғамдық қатынастарға басқа да әдістердің әсерлерін, мысалы «экономикалық» және басқаларды көрсетуге болатынын естен шығармауымыз қажет.

 

Экологиялық құқықтың қағидалары

Экологиялық құқықтар қағидалары (принциптері) яки тікелей  құқықтық нормаларда қалыптасқан, яки  қолданыстағы заңдардың мағынасынан  шығады. Құқықтың осы саласын қалыптастыруда, жалпы құқықтық және салааралық қағидаттар сөзсіз қатысады. Сонымен бірге, экологиялық құқық саласының ерекшеліктері осы салаға өзіндік сипаттағы немесе осы салаға тән құқықтық реттеулер қағидалары арқылы барынша бедерлі айқындалады.

ҚР-ның Экологиялық кодексінің 5-бабында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негізгі қағидалары болып табылатындар деп төмендегілер көрсетілген:

  • Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
  • экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;
  • табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы басқару;
  • қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жөнінде-алдын алу шараларының міндеттілігі;
  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны ұшін жауаптылықтан бұлтартпау;
  • қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;
  • қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болуы және оған рұқсат алу тәртібі;
  • табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;
  • қоршаған ортаны қорғау жөніндеғі мемлекеттік органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, ұйлесімділігі мен жариялылығы;
  • табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;
  • экологиялық ақпараттың қолжетімділігі;
  • табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;
  • Жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі болып табылады.

Экологиялық қағидалар - экологиялық қатынастарды ретейтін, осы құқық саласының мазмұнында анықталатын, экологиялық құқықта нысаны және әдісі жөнінен құыққтық реттеудің нормаларын біріктірген құқықтық нормалардың жинақталған, біртұтастық беретін нормативтік-басқару идеяларының, ережелерінің құқықтық нормаларында көрініс табуымен түсіндіріледі.

 

Экологиялық құқық жүйесі оқу пәні ретінде

Экологиялық-құқықтық нормалар реттелетін қатынастар шеңберіне  қатысты институттарға біріктірілген (субинституттарға), олар өз кезегінде  құқықтың оқылатын саласына біріктірілген.

Экологиялық институт дегеніміз ұқсас қоғамдық қатынастардың  санаулы түрлерінің құқықтық нормаларының жиынтығы.

Маңыздылығына байланысты институттар экологиялық  құқықта бәрінен бұрын, Жалпы  және Ерекше бөлімдерге біріктірілген, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары тағы арнайы бөлімді шығарды. Экологиялық құқықтың Жалпы бөлімінің институттарына осы саланың барлық жұйесіне барынша маңызды ережелер бар институттар енген. Осы құқықтық институттар Ерекше бөлімнің институттарының құрамы мен мазмұнын қалыптастыруға шешуші ықпал жасайды.

ҚР Экологиялық  құқықтарының оқыту курсына мынадай негізгі институттар енгізілген: Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері - қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселесі; Экологиялық құқық түсінігі, объектісі, әдісі, қағидалары; Табиғи ресурс-тарға меншік құқығы; Табиғатты пайдалану құқығы; Экологиялық құқық көздері; Экологиялық пайдаланым мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеу; Экологиялық бақылаудың ұйымдастыру-құқықтық формалары; Қоршаған табиғи ортаға әсерді бағалау мен экологиялық сараптама; мемлекеттік экологиялық мониторинг және табиғи-ресурстық кадастрлар; Табиғатты пайдалану және қоршаған орта-ны қорғау саласындағы экономикалық реттеу; Шаруашылық және өзге де қызметтерді жұзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар. Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік.

Ерекше бөлімде  келесі институттар бар: Жердің, жер  қойнауының, жер ұсті және жер асты сулары, ормандарды қорғау және пайдалану  саласындағы экологиялық-құқықтық режим; Атмосфералық ауаны қорғаудың  экологиялық-құқықтық режимі; Жануарлар  дұниесін молықтыру мен пайдаланудағы экологиялық-құқықтық режим; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық-құқықтық режимі; Атом энергиясы мен радиацияның қоршаған ортаға әсерін құқықтық реттеу; Қоршаған табиғи ортаны халықаралық-құқықтық қорғау.

Біздің көзқарасымыз бойынша, экологиялық құқыққа барынша дұрыс анықтаманы В.В.Петров берген. Анықтаманы, қазіргі ұрпақтың және келер ұрпақтың мұдделері ұшін табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуі саласындағы қоғамдық қатынастарды табиғатты қорғау, оның ресурстарын рационалды пайдалану және өндіру, адамды қоршаған ортаны сауықтыру мен жақсарту мақсатында реттейтін құқықтың әртүрлі салаларының заңды нормаларының жиынтығы деп анықтауға болар еді.

Экологиялық құқық  ұш аспектіде эерттеледі - ғылым  ретінде, құқықтың бір саласы және оқу пәні ретінде.

Экологиялық құқық  толығымен қазақстандық құқық жұйесін  құрайтын құқықтардың барлық саласымен  өзара әрекеттеседі.

Бәрінен бұрын, экологиялық құқықтың рухани жүйеде басты рөлді атқаратын конституциялық құқықпен ерекше байланыста екендігін атап көрсеткен жөн. ҚР Конституциясы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың және экологиялық құқық ғылымының дамуының негізі болып табылады.

Экологиялық құқық әкімшілік құқығымен тығыз байланыста. Әкімшілік құқықтың институттары - басқару, бақылау, әкімшілік қиылысулар, әкімшілік жауапкершілік - қоршаған табиғи ортаны қорғаудың экологиялық-құқықтық механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Экологиялық құқық пен азаматтық құқық. Бұл мәселені қарастыру азаматтық құқықпен реттелетін мұліктік қатынастар мен экологиялық құқықпен реттелетін экологиялық қатынастардың арасындағы өзара байланыстың айқындалуына байланысты. Экологиялық және мүліктік қатынастар қатынастардың әртүрлі салаларына жатады және әдетте заңның әртүрлі салаларының нормативтік актілерімен реттеледі.

Азаматтық құқық  экологиялық құқыққа қарағанда  қорғайтын және өндіретін қызметтерді  орындайды. Сондықтан экологиялық  құқық қатынастары үшін келтірілген  зиянды өтеу институтарының маңызы басты  болып табылады. Экологиялық қатынастарды жетілдіруге қарай нарықтық экономиканың базасында, табиғатты ұтымды пайдалануда және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді тұрі ретінде енгізуді талап ететін азаматтық-құқықтық шарттың нормаларының маңызды болашағы бар.

Әкімшілік, азаматтық  қорғайтын қызметтермен бірге экология-лық құқыққа қатысты қорғау қызметін қылмыстық құқық орындайды. Оның нормалары экологиялық қылмыстарды қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін, қоғамға қауіпті әрекеттердің құрамын бекітеді.

Экологиялық құқық  жер құқықтарымен тығыз байланысты, бұл табиғаттың біртұтастығымен, жердің қоршаған ортадағы маңызды құрауыштарының бірі екендігімен шарттасқан.

Кез келген табиғи нысандарды пайдалануда жерді пайдаланбау  мүмкін емес екендігін атап көрсеткен  жөн. Жер - бұл барлық табиғи нысандарды пайдалану үшін негіз болып табылады.

Экологиялық құқық  көптеген басқа құқық салаларымен  тығыз байланыста.

2-тақырып.  ҚР-ң экологиялық тарихы  және қайнар көздері.

Дәріс жоспары:

1. ҚР аумағында  ежелгі алғашқы, ортағасырдағы  қоршаған ортаны және табиғи  байлықтарды пайдалану және қорғау тарихы

Информация о работе Экологиялық құқық