Экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 18:08, курс лекций

Описание работы

Заң ғылымына жеке өз бетінше салалар бойынша құқық нормаларын айыруда негіз ретінде келесі өлшемдер мойындалады: құқықтық реттеудің ерекше объектісі; құқықтық реттеудің әдістерінің ерекшеліктері; құқықтық реттеудің көздерін кодтау; қоғамның тиісті салаға өз бетінше ретінде құқық бөлудегі объективті қызығушылық танытуы. Атап өтілген өлшемдердің бастысы арнайы, айрықша құқықтық реттеу объектісі есептеледі.

Содержание

1-тақырып. Экологиялық құқығының түсінігі, пәні, жүйесі ...........................2
2-тақырып. ҚР-ң экологиялық тарихы және қайнар көздері .........................8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы .......................................16
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы ......................................................21
5-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны ....қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.......... 29
6-тақырып. Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері ...................................................44
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жаупкершілігі.........................................................................................................50
8-тақырып. Жердің құқықтық қорғау.............................................................. 64
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық жағдайы......................................... 71
10-тақырып. Судың құқықтық режимі ............................................................72
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі ................................................80
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі ....................................................................................................................83
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау................................... 87
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі..97
15-тақырып. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Работа содержит 1 файл

курс лекц экол кук.doc

— 555.50 Кб (Скачать)

Жануарлар әлемін пайдаланудың құқықтық режимінің сипаттамасында аңшылық пен балық аулау кәсібінің құқықтық  регламентациясының аса ма-ңызды мәні бар. Заңнама олардың негізгі түсініктері мен түрлерін анықтайды: аңшылық (кәсіптік, спорттық немесе кәсіпқойлық) және балық аулау (кәсіптік, спорттық немесе кәсіпқойлық). Кәсіптік аң аулау - шаруашылыққа пайдалы өнімді алу мақсатымен, ал кәсіпқойлық және спорттық аңшылық азаматтар-дың спорттық және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыру мақсатымен және ауланған өнімді жеке пайдалануы үшін жабайы жануарларды ұстауды біл-діреді. ҚР азаматтарының және оның территориясында тұратын немесе оған ке-летін басқа тұлғалардың спорттық және кәсіпқойлық аңшылыққа құқығы бар:

  • аңшылық минимум бойынша сынақтан өткендер;
  • мемлекеттік баж төлегендер;
  • аңшылық билеті бар тұлғалар.

Аң аулауға  берілетін құқықты куәландыратын  құжат аң аулау билеті болып табылады.

 

 

13-тақырып.  Атмосфералық ауаны  құқықтық қорғау.

Дәріс жоспары:

1. Атмосфералық  ауа ұғымы,

2. Қорғаудың  құқықтық негіздері және құқықтық  шаралары

. Атмосфералық ауаны экологиялық-құқықтық қорғау

Атмосфералық  ауа қоршаған ортаның  негізгі құрамы және құқықтық қорғаудың  объектісі болып табылады

Атмосфера дегеніміз - бүкіл жер шарын көрінбейтін қабатпен қоршап тұрған ауа қабықшасы. Ал, атмосфералық ауа - атмосфера газдарының табиғи қосындысын құрайтын қоршаған ор-таның бір құрамы. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 1-бабында белгіленген: «қоршаған орта — атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астын-дағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын кли-матты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиын-тығы» деген түсіндірмеден туатындай атмосфералық ауа құқықтық қорғаудың объектісі болып табылады.

Экологиялық кодекс Қазақстан Республикасы аумағының  шегінде табиғи ресурстарды пайдалану  мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастарды реттейді (3-бап).

Өзінің физикалық  сипаттарына байланысты атмосфералық ауа жекелене алмайды, оған меншік иесіне тән дәстүрлі құқықтар танылмайды. Демек, сәйкесінше ол жекеменшік құқықтың объектісі бола алмайды. Алайда, ол өз қасиеттерінің арқасында басқа табиғи объектілерге қарағанда адамдардың өмірлік мүдделерімен тікелей байланысты. Онсыз Жерде адамдар да, жануарлар мен өсімдіктер де тіршілік ете алмас еді.

Былайша айтқанда, Атмосфералық ауа жердегі тіршіліктің негізі деуге болады. Адам ауасыз небары бірнеше минут қана өмір сүре алады. Атмосфералық ауаны қорғауды құқықтық реттеу -барлық елдер, әсіресе өндірісі дамыған мемлекеттер үшін түйткіл мәселелердің бірі.

Экологиялық нормалау және қоршаган ортага эмиссиялардың нормативтері

Қоршаған ортаға эмиссиялар дегеніміз, ластағыш заттардың  шығарындылары, төгінділері, қоршаған ортада өндіріс және тұтыну қалдықтарын  орналастыру, зиянды физикалық әсер ету болып табылады.

Экологиялық Кодексте экологиялық нормалау, қоршаған ортаға эмиссиялар мен олардың нормативтері, квоталары, лимиттері және қоршаған ортаның, оның ішінде атмосфералық Ауаның нормаланатын параметрлерінің шекті деңгейін сипаттайтын басқа да көрсеткіштердің анықтамалары белгіленген.

Экологиялық кодекстің 25-бабына сәйкес эмиссиялар нормативтеріне: эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері;

ластаушы заттардың  жол беруге болатын шекті шығарындылары  мен төгінділерінің нормативтері;

өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтері; жол берілетін физикалық әсер (жылу мөлшерінің, шу, тербеліс, иондаушы сәуле және өзге де физикалық әсерлер деңгейінің) нормативтері жатады.

Бұл ретте эмиссиялар нормативтері аумақтардың және акваторияның табиғи ерекшеліктері ескеріле отырып, қоршаған орта сапасы нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс және жол берілетін шекті шоғырлану немесе қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері негізінде есептеледі.

Эмиссиялар  нормативтерінің шамалары шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына теріс әсерін азайту мақсатында экологиялық рұқсаттар беру мен қажетті техникалық іс-шаралар өткізу қажеттігі туралы шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері өнеркәсіптің нақты процестері мен салалары үшін ең озық қолжетімді технологиялар енгізу негізінде белгіленеді.

Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламенттерде белгіленеді және кешенді  экологиялық рұқсаттардың негізі болып  табылады (ҚР ЭК 26-бабы).

Жылу электр стансаларының пештерінде түрлі отын түрін жағу кезіндегі қоршаған ортаға эмиссияларға қойылатын талаптардың техникалық регламенті ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Бұған сәйкес, атмосфералық ауаға пештерден эмиссиялардың техникалық меншікті нормативі бекітіліп, бөлек және араластыру арқылы қатты, сұйық және газ сынды отын пайдаланатын, жұмыс істейтін, қайтадан қосылған және жаңғыртылған пеш құрылғыларынан атмосфераға күкірт оксиді мен азоттың қатты түйіршіктерінің шекті мәні белгіленеді. Қазақстан Республикасы аумағында қолданыста жүретін автокөліктерден бөлінетін зиянды (ластаушы) қалдықтарға қойылатын техникалық регламент ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Регламенте шығарындылардың шекті нормативтеріне, атмосфераға шығарындылардың автотранспорттық құралмен жасалған жұмыстың немесе қозғалыстың бірлігіне шекті жол берілетін көлемін бейнелейтін, автотранспорттық құралдарға қатысты белгіленетін шығарындылардың нормативтері ретінде анықтама берілген. Сондай-ақ, автокөліктер пайдаланатын жанармай мен атмосфераға бөлінетін зиянды (ластаушы) заттарға қатысты экологиялық сипаттарға да талаптар қойылады.

Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен әрбір шығарынды көзіне және тұтас кәсіпорынға есептеулер негізінде белгіленетін эмиссиялардың шамалары болып табылады.

Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар беру кезінде, нормативтердің есептеу мәндерін, табиғат пайдаланушылардың ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері деңгейіне жету жоспар-кестелерін, жылжымалы және стационарлық шығарынды көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шегінің қолданылу мерзімі нормативтері бар жобаларға берілген мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларының қолданылу мерзімімен айқындалады (ҚР ЭК 27-бабы).

Эмиссиялар  нормативтерінің жобалары шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау құрамында не жекелеген құжаттар түрінде негізделеді.

Эмиссиялар  нормативтерін әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге  лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Эмиссиялар  нормативтерін есептеу арқылы айқындау әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылдың 21 мамырындағы бұйрығымен қоршаған ортаға эмиссиялар нор-мативтерін айқындау әдістемесі бекітілген.

Аталған әдістемеге сәйкес есептеу арқылы атмосфераға стационарлық көздерден шығатын ластаушы шығарындылар нормативтері мен шулы, вибрациялық, радиациялық және өзге де әсер ету көздерінің әрқайсысына жол берілген физикалық әсерлердің нормативтері анықталады.

Эмиссиялар  нормативтерін белгілеу кезінде қоршаған ортаның іс жүзіндегі ластануы ескеріледі. Қоршаған орта сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы жөніндегі деректердің Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметі жобаның тапсырыс берушісі немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша табыс етеді.

Жылжымалы көздерден  туындайтын эмиссиялар нормативтері Қазақстан  Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес, жылжымалы  көздерге арналған техникалық регламенттерде шығарынды газдардағы атмосфералық ауаны негізінен ластайтын заттардың шекті шоғырлануы түрінде белгіленеді (ҚР ЭК 28-бап).

Атмосферслық ауаға зиянды әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптар

Шаруашылық  және өзге де қызмет түрлері атмосфералық ауаның ахуалына едәуір әсер ете алатындықтан ҚР Экологиялық кодексінде шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын, ұстанбаған жағдайда атмосфералық ауаға зиянды әсер ететін негізгі экологиялық талаптарға тоқталайық.

Яғни, кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды, өнеркәсіп  объектілерін жобалау кезінде-ақ:

қоршаған орта сапа нормативтерінің сақталуы;

қауіпті қалдықтардың залалсыздандырылуы және кәдеге жаратылуы;

қалдығы аз және қалдықсыз технологиялардың пайдаланылуы;

қоршаған ортаны ластаудың алдын алудың тиімді шараларының  қолданылуы көзделуі тиіс.

Атмосфералық  ауаны қорғау мақсатында қауіпті  қалдықтарды, шығарындыларды, төгінділерді залалсыздандыру және кәдеге жарату жөніндегі қоршаған ортаны қорғау нормативтерін  қамтамасыз ететін жабдықтарды орнатпай кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді пайдалануға беруге тыйым салынады.

Экологиялық талаптардың, нормалардың, нұсқаулықтар мен ережелердің  бұзылуын немесе адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қатерді, сондай-ақ қоршаған ортаның  ластану мүмкіндігін анықтаған жұмысшы туындаған жағдайды жою немёсе оқшаулау жөніндегі шамасы жететін барлық әрекеттерді дереу қабылдауға және ол туралы диспетчерге немесе басшылыққа хабарлауға міндетті.

Табиғат пайдаланушы  қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарылған авариялар туралы ол анықталған кезден бастап екі сағат ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

Кәсіпорындар, құрылыстар және өзге де объектілер орналастырылатын жерді айқындау қоршаған ортаны қорғаудың  шарттары мен ережелері сақтала отырып, аталған объектілер қызметінің экологиялық салдарлары ескеріліп жүргізіледі.

Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді орналастыру кезінде күзет, санитарлық-қорғау және басқа да қорғау аймақтары белгіленеді.

Кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салу және реконструкциялау мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болғанда және қоршаған орта сапасының нормативтеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бекітілген жобаны немесе жұмыс құнын қоршаған ортаны қорғауға залал келтіре отырып, өзгертуге жол берілмейді.

Өнеркәсіп, энергетика, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялау объектілерін пайдалану  белгіленген экологиялық талаптар ескеріліп және экологиялық тұрғыдан негізделген технологиялар, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын қажетті тазарту құрылыстары мен санитарлық күзет аймақтары пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс. Аталған объектілерді пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар енгізілуге тиіс.

Қоршаған ортаға теріс әсерін тигізетін автомобиль және өзге де көлік құралдарын пайдалануды  жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жол берілетін шығарындылар нормативтерін  сақтауға, шуыл деңгейін және қоршаған ортаға өзге де теріс әсерді азайту жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

Жылу электр станцияларының іргелес аумақтың ауа  бассейнінің жай-күйіне зиянды әсерін шектеу мақсатында оларды ор-наластырудың алдында жобаның құрамында әрбір энергетика ұйымы (және оның әрбір ластаушы көзі) үшін жылу электр станциясының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау көрсеткіштері (секундына грамм есебімен) және жылдық норма-тивтер (жылына тонна есебімен) белгілеу арқылы қоршаған ортаға эмиссияларды нормалау жүргізіледі.

Бақылау көрсеткіштерін (секундына грамм есебімен) есептеу  және қоршаған ортаға эмиссияларды азайту жөніндегі тиісті іс-шараларды әзірлеу  жылу электр станциялары жабдықтарының  жоспарланып отырған ең жоғары өнімділігін негізге ала отырып (жоспарлы жөндеуді, резервке шығаруды ескере отырып) жүргізіледі.

Жобалау және салыну үстіндегі электр станциялары үшін қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін  сақтау оларды пайдалануға қабылдау кезіне қарай қамтамасыз етілуге  тиіс (ҚР ЭК 198-205-баптары).

Атмосфералық  ауаны қорғау мақсатында Қазақстан  Республикасының Үкіметі 2007жылы 27маусымда қабылдаган қаулысында шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізімі бекітілді. Бұл тізімге өндірістік объектілерді санитарлық классификақиялауга сәйкес қауіптілігі жагынан 1-2 класқа жататын зиянды (ластаушы) қалдықтарды атмосферага шыгаратын өндірістік процестермен өтетін қызмет енгізілген.

Озон  қабатын қорғау мақсатында 1985 жылы Венада, қолдаған елдердің міндеттемелері халықаралық келісімде реттелген озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы деген атауға ие болған тұжырымдама жарияланды.

1987 жылы, яғни  Конвенция Монреаль протоколымен (хатта-масымен) толыққан кезде  екінші қадам жасалды. Бұл келісім  бойынша ең көп пайдаланылатын бес хлорфторкөміртекті өндіріс деңгейінде тоқтатыи, ал 1988 жылға қарай олардың өндірісін 50% дейін қысқарту көзделген еді. Алайда, кейіннен тыйым салынған жоюшы заттардың бұл тізімі толыға берді.

Монреаль протоколы 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап онда керсетілген заттарды оның Тараптарына жатпайтын мемлекеттерге экспорттауға тыйым салады. Қазақстан Монреаль протоколында көрсетілген заттарды өндірмейді, тек тұтынады, тіпті Қазақстан Орталық Азия аумағындағы озонды тоздырушы заттардың ең ірі импорттаушысы болып отыр. Қазақстан жылына шамамен 1305 т. тұтынады.

Информация о работе Экологиялық құқық