Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 18:01, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, мемлекеттің алдында қазіргі уақыпағыдай проблемалар мен переспективалар анағұрлым маңызды болмаған. Себебі барлық мәселелер орталықты шешімін табатын болған. Ал еліміз өз алдына егемендік алған соң оның негізгі мүддесі болып, мемлекеттің жан-жақты дамуы табылды. 1990 жылдардың басында және орта шенінде ел халқының элеуметтік хал-ахуалы, экономиакалық дамуының тенденциясының төмендеуі, яғмн экономикалық дағдарыс ерекше байқалды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
I. Экономикалық қауіпсіздік және оны қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
1.1. Экономикалық қауіпсіздік мәні жэне мазмұны............................................5
1.2. Экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз ету әдістері мен
құралдары...............................................................................................................14
1.3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кеден органдарының атқаратын қызметтері............................................................................................17
1.4. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар - елдің
экономикалық қауіпсіздігінің нақты қауіптері...................................................33
II. Қазақстан Республикасы кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шетел мемлекеттері кеден органдарымен және халықаралық кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
2.1. СЭҚ-тарда кедендік-саудалық реттеуге қатысатын ұйымдар...................42
2.2. ҚР-ның өзге елдермен халықаралық кедендік ынтымақтастығның кұқықтық негіздері................................................................................................60
2.3. ЕурАзЭҚ елдері шеңберіндегі кедендік ынтымақтастық........................69
III. ОҚОбойынша кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметін талдау және жетілдіру жолдары
3.1. Кеден органдарының құқық бұзушылықтарына қарсы атқарылған іс
- шараларын талдау................................................................................................76
3.2. Оңтүстік Қазақстан облысы кеден басқармасының контрабанда жэне
кедендік құқық бұзушылықтарымен күрес бөлімінің
қызметін талдау......................................................................................................80
3.3. ОҚО кеден басқарамасының қызметін жетілдіру жоспары...................89
Қорытындылар мен ұсыныстар.......................................................................95
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................97

Работа содержит 1 файл

КУРС МАКРО.doc

— 484.50 Кб (Скачать)

Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау үшін қолданылатын құралдарымен әдістерін екі топқа бөлуге болады.

     Құқықтық реттеу құралдары және құқық қорғаушылық қызмет әдісі. Мұндай жағдайда кеден органдарының заңдылықты бұзуға бағытталған әрекеті мыңға сәйкес өкіметтік билікті пайдалана отырып, құқықтық күшейту, яғни санкциялар. Қорғау шараларын қолдану. Бұл топ кеден органдарының құқық шаруашылық қызметін құрады.

            2. Сыртқы сауда қатынастарын экономикалық реттеу құралдары

1 және әдістер. Олар: тарифтік реттеу (кеден төлемдері, алымдар, салықтар, кеден құнын анықтау әдістері, валюталық бақылау, тауардың шыққан жерін анқтыау және т.б.) және тарифтік емес реттеу (эмбарго, әкелуге тыйым салу немесе тауарларды шығаруға, тауарларды әкелуге және әкетуге шектеулер: лицензиялар, квоталар, сертификаттаушылар және т.б. шектеулер).

  Кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сатысында қолданылатын кедендік реттеулер өзіне құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық   шаралары мен    бағдарламаларды қосады.

әлеуметтік қатынастарды қамтамасыз ету және дамыту процесін оптималдау үшін, ұлттық экономиканы дамытуды ынталандыру және бұл экономиканы бұған сырттан келетін деструктивті элементтерден шеттету үшін қолданылады.

 

1.3 Экономикалық  қауіпсіздікті қаматамасыз ету әдістері мен шаралары.

 

Экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етудің 2 әдісі бар: экономикалық және құқықтық.

    Экономикалық әдісіне СЭҚ-ті тарифтік және бейтарифтік реттеу шаралары және импорталмастыру бағдарламасын жүзеге асыру жатады.

    Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сыртқы сауда балансының белсенді ортасын қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген нарықтарының дамуын көтереді. Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық қызыметімен тығыз байланыста жүргізіледі, ол өзіне тариф элементін жартылай  алады да сонымен оны толықтырады.

      Кеден   тарифі   өзінің   маңызы   жағынан   экономиаклық  сипатта   деуге

болады. Бұл жерде ол нарық экономикасы жағдайында болуына байланысты активті шешім тауып отыр. Импорттық тариф кеден реттеуінде негізгі үлесті алады, ішкі салық иесімен бірге қосылып, біріншіден, бағаның көлеміне ықпал етеді, кәсіпорындардың тиімділігі, Ұлттық валюта жағдайы, тауар құрылымының қалыптасуы т.б. жүйелерді реттеуде көмек етеді.

      Импорттық    тарифті     санау     процес;     кеден     тарифіндегі     өнімнің  коменклатуралық позициясын анықтау ғана емес   сондай-ақ, кедендік бағаны анықтау әдісімен тығыз байланысты.

     Әлемдік  тәжірибеде   сыртқы сауданы реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде ұлттық-импорттық ағымдардың бағалық көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең басты тарифтік реттеу, тауарға  кеден  салығын  салу  әдісі  мен тәртібін, сондай-ақ, салық пен тарифтік түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін игру тәртібін анықтайды.

   Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер қызметінің көмегімен және де шекаралық жан-жақты келісімдер негізінде көптеген елдердің ұлттық -тарифтік реттеу жүйесі бірдей принциптер мен тәртіптерге сүйенеді, сондай-ақ, олардың ішін өзара көп ұқсастықтары бар, ол өздігінен халықаралық сауда арцесін жеңілдетеді.

     Жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске қосу үшін көптеген өнімнің шыкқан еліне салық салуды өзгерту және алып тастау тәртібін кіргізу ймпорттық кеден тарифінің белсенді бөлігі болып кеден салығының мөлшерлемесін анықтау болып жатады.

  Экспорттық кеден тарифі сыртқы сауданы реттеудегі тек шамалы елдер

Азия қолданатын құрал, негізінен дамушы елдер кіреді. Табиғи байлыққа бай, бірақ әлемдік   тауар   нарығында   өздерінің   шикізатты   ұстау   позициясын санады. Кей жағдайда олар экспорттық бағаның өсуіне, сонымен бірге, оныңң валюталық ресурстарының толығуына ықпал етеді. Бірақ, экспорттық тарифті   шектеу   көмегімен   экспорттың   көлемі    мен    құрлымын   өзгерту экспорттық потенциялды төмендетіп ішкі бағаға инфляциялық қысым жасауға әкеп соқтырады.  Көптеген  елдерде  кеден  тарифін дамыту  мынандай  екі әдіспен жүргізіледі: тауар номенклатурасын көбейту және белгілі бір өнімнің түріне бірнеше ставка қою.

   Бірінші әдіс қарапайым кеден тарифі деп аталады. Бұл әр тауарға бірдей швканың қойылуы деген сөз.

   Екінші әдіс әр тауарға екі немесе одан да көп ставканың қойылуы. Бұл олардың қандай елден шығуына байланысты. Соңғы жағдайда жоғары тариф ставкасы автономды болып саналады да, оны бас тариф деп атайды. Мұндай

тариф сауда келісімі және шартты жасалынбаған елдердің тауарларына койылады.

  Ал төмен, яғни конвенциялық немесе минималды ставкаға жағымды тәртіпке ие болған елдердің тауарлары жатады. Кеденді тариф ретінде өзінің экономикалық мағнасы мен сипаты жағынан сыртқы сауда процесін нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді немесе оның бәсеке қаблеттілігін төмендетеді. Бағалық шектеулер кеден салығы арқылы тауардың топтарына және оның еңдеу деңгейіне қарап белгіленеді.     Импорттық кеден тарифтерін қолдау келесі мақсаттарды көздейді:

• Шетел тауарларының ішкі рыногына ықпал етуді реттейді;

• Отандық тауар өндірушілерді  қорғау және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

. Елдегі экономикалық  жағдайды тұрақтандыру;

• Ішкі және импорттық ресурстар негізінде тұтынудың ұтымды экономикалық  

  кұрылдымын қалыптастыру;

• Ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құрылуына көмектесу;

• Сауда және саяси мәселелерді шешу;

Максималды тарифтер көбінесе елдің қауіпсіздігі үшін өзін-өзі қамтамасыз етуге стратегиялық маңызы бар өнімді шығаратын немесе халықаралық масштабта бәсекеге қабілетті салаларға орнатылады.

Импорттық баждардың  минималды ставклері елде өндірілмейтін өнімдерге немесе жоғары емес деңгейде ел өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы салаларымен тұтынылатын өнімдерге белгіленеді. Қазіргі уақытта көптеген дамыған мемлекеттерде кеден баждары шикізат импортына,тым жоғары баждар дайын өнімдерге орнатылады, ал бұл ішкі өндірісті айтарлықтай дәрежеде ынталандырады.

   Көптеген жағдайда импорттық тауарлардың отандық аналогтары болады және оларға бәсекелестік тудырады. Мұндай шығындар мен бағалар арасында кұрылған арақатынастың есебінен анықталуы керек.

  Осы шығындар мен бағалар арасындағы арақатынастар өнімінің, топтары және түрлері бойынша кең диапозонда ауытқи алады, ал бұл импорттық баждардың өнім топтары және түрлері бойынша ставклер өзгеруінің кажеттілігін алдын ала анықтайды.

Әкелінетін өнімдердің шектеулі ассортименті кезінде және көп мөлшерде әкелінген кезде елден баждардың ставкілері нақты өнімдер үшін жеке орнатыла алады.

Кеден баждарды сыртқы экономикалық қызметті маңызды экономикалық реттеуші болып табылады, соның көмегімен  сыртқы экономикалық алмасу саласында  мемлекеттік техникалық саясаты  жүзеге асырылады, сондықтан импортталатын  машиналар мен құрал-жабдықтар техникалық дәрежесі мен табиғи жағдайына инертті бола алмақ түгіл, моральді ескірген және табиғи тозған машиналар үшін артықшылық жасай алмайды.Белсенді сыртқы сауда саястын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі,кеден тарифтік реттеуінің өсуіне әкеледі.

Сыртқы сауда операцияларын  кеден реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарлары мен қызыметтері арқылы экспортының азаюына да,өсуіне де нақты әсер етсе болады.

Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданы реттеудің экономикалық маңызды әдістері кедендік тарифтік реттеу екендігі белгілі.

Кеден тарифтік реттеу мәселелері көп жақты. Әлемдік тәжірибеде кең таралған бағыттарының бірі әр түрлі преференциялар мен жеңілдіктер беру жүйесі болып табылады.

Тарифтік жеңілдіктер  бір жақты не екі жаққа бірдей белгіленген шарттар бойынша  кеден шекарасы арқылы өткізілетін  тауарларға берілетін жеңілдіктер.

Оларға мынандай жағдайларда  қолданылады:

1.Шет елде жұмыс  істеп жатқан Қазақстан кәсіпорындарына  жіберілітін азық-түлік, жабдықтау мен жасақтау заттары.

2. Теңіз      кәсіпшілігін      жүргізетін      кемелердің      қызметін  қамтамасыз ету үшін Қазақстанға әкелінетін кәсіпшілік өнімдері.

3 . Ұлттық валюта, шетел валютасы және бағалы қағаздар кеден төлемдерінен босатылады.

4.Жүктілер мен жолаушыларды  халықаралық тасымалдауды жүзеге  асыратын көлік құралдарды.

5.Қазақстанға ізгілік  көмек ретінде әкелінетін тауарлар.

6.Шет ел мемлекеттері  және халықаралық тарапынан,қайырымдылық мақсаттарда әкелінетін және әкетілетін тауарлар.

7.Қазақстан Республикасының ұлттық Банкі үшін әкелетін және әкететін тауарлар.

8.Кеден шекарасы арқылы  жеке тұлғаларын өткізетін өндіріске және кәсіпкерлікке қатысы жоқ тауарлар.

Преференциялар сауда  экономикалық саясатын жүргізуідің  тиімді құралы болып табылады және рынок өтіміне шикізат көздерінің және капиталды колдану саласына бәсеке күресте қолданылады.

Қазақстанның шет ел мемлекеттерімен сауда саяси  қатынастарын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден тарифі бойынша бұрын төленген бажды қайтару, бажды төлеуден босату, баж мөлшерінің төмендеуі немесе преференциялық әкелуге тарифтік квоталарды орнату түрінде преференциялар қолданылады.

Тарифтік преференциялардың  қолданылу жағдайлары:

Переренциялар Қазақстанның басқа шет мемлекеттерімен сауда аймағы мен кеден одағы құрған немесе одақ құруға әзірлік жасаған елдерден әкелінетін тауарларға қолданылады.

Бес жылда бір рет  қайта қаралып тұратын ұлттық артықшылықтар зерілетін мемлекеттерден шығатын тауарларға қолданылады.

Кедендік преференциялар Қазақстан Республикасының территориясына: Дамушы елдерден шығатын тауарларға қатысты; Нашар   дамыған   елдерден   шығатын   тауарларға   қатысты преференциялар  қолданылады.

Кедендік реттеудің  тағы бір түрі бұл — тарифтік емес тосқауылдар.

Тарифтік емес шектеулер - бұл ішкі нарыққа шет ел өнімдерінің кіруіне кедергі жасаудағы шектеу сипатындағы кешенді шаралар. Бұл шарттардың мақсаты-тауарлар импорттайтын елдердің бәсекелесу жағдайын күшейту ғана емес, сонымен бірге, ұлттық өнеркәсіптік, халықтың денсаулығын және өмірін, қоршаған орта, ұлттық қауіпсіздікті қорғау. Қосымша бейтарифтік шектеулер спорт операцияларында қолданылады,бұл жерде де ақсат ұлттық, нарықтық қорғау. Қазіргі кезеңде халықаралық шеңберде үш жүздей бейтарифтік шектеулер түрлері бар. Ең көп тараған классификациялық әдіс тікелей немесе жанама сыртқы сауданы реттейді және бірнеше топқа бөлінеді. Қазақстанда бейтарифтік шектеулердің барлық түрі қолданылмайды,бірақ отандық қауіпсіздік қажеттілігіне байланысты бейтарифтік шектеулерді толық қолдану кажет болады.

Бейтарифтік шара үлкен  екі топқа бөлінеді: экономикалық, әкімшілік. Басты экономикалық бейтарифтік шектеулерге баждардың ерекше түрі, әртүрлі салықтар мен алымдар, импорттық депозиттер, валюталық реттеу әдістері жатады.

Әкімшілік бейтарифтік реттеулер көп түрлі болады: эмбарго, лицензиялау, квоталау, еркін экспортты шектеу, монополиялық әдістер, протекционистік саясатты стандарттық және техникалық шаралар қолдану, қосымша кедендік іс қағаздары мен құжаттары нарық механизмі арқылы қызмет етеді де, импортты және экспортты қымбаттатады. Ал екіншісі болса,нарық қатынасынан бөлек импорт кіруін шектейді және отандық тауарлардың шетке шығуын шектейді. Айта кететін нәрсе,егер біз экономикалық бейтарифтік шектеулерді қолдансақ,онда нарықтағы соңғы сөз тұтынушы болады: ол таңдау және шешім қабылдау еркіндігін сақтайды.

       Сыртқы   экономикалық   қызметті   бейтарифтік   реттеудің   көп   тараған түрлері:

Тауарларды шеттен әкелуге немесе шектеулер деп аталатын шығаруға тиым салу; Лицензиялау; Квота белгілеу; Кедендік тосқауыл және эмбарго;

Кейбір тауарларды әкелуге және елден әкетуге тиым салудың мақсаты артық қауіпсіздікті сақтау,сондай-ақ қоғамдық тәртіпті,халықтың өмірін,қоршаған ортаны, ұлттық нарықты қорғау болып табылады. Аталған өнім салу негіздері мен мақсаттары әр елдің саяси және экономикалық жағдайларына сәйкес өзгеріп отырады. Тиым салу түрлері:

        Тек   белгілі   бір   тауардың   екелуіне   тиым   салу,   мұндай жағдайларда  толық, уақытша және маусымдық шектетеулі деп аталатын түрлері қолданылады;

Ашық және бүркемеленген тиым салу, бұл шешімдері негізінде белгіленген қағидалар мен нормаларды импортерлердің орындалмаған жағдайларында қолданылады. Бүркемеленген шектеуге елдің ішкі суларына шет ел кемелерінің енуіне тиым салуды жатқызуға болады.

Лицензиялау халықаралық  саудада өзінің үлкен ерекшелігімен  көзге тұседі және оның жауапты мемлекеттік ұйымдардың рұқсаты мен бір өнімнің көлемін алып кіруге уақыты бар. Лицензиялау халықаралық тәжірибеде белгілі бір өнім ағымын қатал бақылайтын уақытша қолданылатын шара ретінде көрінеді,бұл уақытша қажет емес ипорттауға шектеуі салу.

Шетел тәжірибесінде лицензиялық тәртіптің шығу күнінен бастап импорттық өнімге лицензия беру тізімінің қысқаруы басталады. Бұл тәжірибені бірінші болып бастаған Франция елі еді. Бірақ кез-келген батыс мемлекеттердің бұл тізімге бірнше тарифтік позициядағы өнімдергі  кіргізген.Қазіргі кездегі шетел тәжірибесінде қолданылатын лицензия түрлері: негізн және жеке болып бөлінеді.

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру