Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 18:01, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алмай тұрып, мемлекеттің алдында қазіргі уақыпағыдай проблемалар мен переспективалар анағұрлым маңызды болмаған. Себебі барлық мәселелер орталықты шешімін табатын болған. Ал еліміз өз алдына егемендік алған соң оның негізгі мүддесі болып, мемлекеттің жан-жақты дамуы табылды. 1990 жылдардың басында және орта шенінде ел халқының элеуметтік хал-ахуалы, экономиакалық дамуының тенденциясының төмендеуі, яғмн экономикалық дағдарыс ерекше байқалды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
I. Экономикалық қауіпсіздік және оны қамтамасыз етудің экономикалық мазмұны
1.1. Экономикалық қауіпсіздік мәні жэне мазмұны............................................5
1.2. Экономикалық қауіпсіздік қамтамасыз ету әдістері мен
құралдары...............................................................................................................14
1.3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кеден органдарының атқаратын қызметтері............................................................................................17
1.4. Кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар - елдің
экономикалық қауіпсіздігінің нақты қауіптері...................................................33
II. Қазақстан Республикасы кеден органдарының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шетел мемлекеттері кеден органдарымен және халықаралық кедендік ұйымдармен ынтымақтастығы
2.1. СЭҚ-тарда кедендік-саудалық реттеуге қатысатын ұйымдар...................42
2.2. ҚР-ның өзге елдермен халықаралық кедендік ынтымақтастығның кұқықтық негіздері................................................................................................60
2.3. ЕурАзЭҚ елдері шеңберіндегі кедендік ынтымақтастық........................69
III. ОҚОбойынша кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметін талдау және жетілдіру жолдары
3.1. Кеден органдарының құқық бұзушылықтарына қарсы атқарылған іс
- шараларын талдау................................................................................................76
3.2. Оңтүстік Қазақстан облысы кеден басқармасының контрабанда жэне
кедендік құқық бұзушылықтарымен күрес бөлімінің
қызметін талдау......................................................................................................80
3.3. ОҚО кеден басқарамасының қызметін жетілдіру жоспары...................89
Қорытындылар мен ұсыныстар.......................................................................95
Қолданылған әдебиеттер....................................................................................97

Работа содержит 1 файл

КУРС МАКРО.doc

— 484.50 Кб (Скачать)

Қазақстан мен Ресей  энерго жүйесінің бірігіп жұмыс  істеуі Ақтөбе және Орал энерго желілерінің  сұранысын қамтамасыз ету мүмкіндік беріп келеді.

Бірақ   қазір   кезде   Қазақстан   және Ресей   Федерациясының   энерго

жүйесінің бірігіп жұмыс  істеуі бірқатар объективті  себептерге байланысты жүзеге асырылмай жатыр. Бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы электроэнергетика  саласындағы   сауда  - экономикалық   қатынастарынан көрінеді.

Қазақстан энергожүйесінің Орта  Азия,  соның    ішінде    Қырғызстан

энергожүйесімен бірігіп жұмыс істеуінде  де біршама мәселелер бар.

1996 жылы 29 наурыздағы  қатысушы - мемлекеттердің энергетикалық, жүйелерінің бірігіп жұмыс істеуі туралы келісім шартта Кеден Одағы елдерінің машина жасау және энергетикалық кәсіпорындарының бірігіп жұмыс істеуі қарастырылған.

Осы арқылы Кеден Одағы  елдерінде электроэнергетикалық рынок  құру және оның дамуында бірнеше мәселелердің шешілуі 1996 жылы 29 наурыздағы келісім - шартты жүзеге асырып, соның нәтижесінде осы елдерде экономикалық өсу орын алды.

Келесі маңызды мәселелердің бірі Кеден Одағы елдерінде өндірістің мұнай - газ өндіру және мұнайды қайта  өңдеу саласы болып табылады. Осы саланың дамуы, әсіресе Қазақстан мен Ресей Федерациясы үшін саяси маңызды мәселе болып табылады. Осы елдердің бірігуінің кеңеюі Ресей территориясындағы транс мұнай құбыры арқылы тасымалданады.

2005 жылы Ресей Федерациясымен Қазақстанның мұнайын экспорттау 15 млн. тоннаға жеткізу туралы шартқа қол жеткізілді. Атырау - Самара құбырын қайта құру туралы сұрақтар қарастырылып жатты. Осыған байланысты Қазақстанның Ресей федерациясымен Қазақстанның мұнайын алыс шетелге жеткізу туралы ұзақ (5 жылдан кем емес) уақыттың транзиттік кепілдіктер беру туралы келісімге қол жеткізу керек. Қазақстан мұнайын Ресейге экспорттау мәселелері осы елдер, арасында сәйкес кеден саясатын жүргізуді керек етеді. Мұнда Ресей Федерациясының территориясы арқылы экспортталатын Қазақстан мұнайы кеден декларациясымен алып жүрілді, және Ресей Федерациясының территориясы арқылы одан ары қарай Қазақстанның мұнайын экспорттау үшін декларацияны қайта ресімдеу жасалады, сол үшін қосымша ақы алынады (4-8 цент 1 тонна үшін). Ресімдеуді екі рет жүргізбес үшін кеден құжаттарын ресімдеу бойынша қызметтерге ақы төлемей, ресімделген кеден декларациясын тіркеу жүйесіне өту керек.

Қазақстан мұнайын тасымалдауда Қазақстан - Белорусь бірігуінің маңыздылығы  жоғары. Қазақстан және Белорусь үкіметінің Атырау - Самара мұнай құбырына қатысты мәселелердің кезеңдік шешілуін Белорусь жағымен де ақылдасу керек. Оның территориясы арқылы өтетін Дружба - 1 құбырының қуаттылығы туралы мәселелерді шешіп алу қажет. Себебі ол Қазақстан мұнайын Батыс және Шығыс Европаға тасымалдау көлемін кеңейтеді.

Қазақстан мұнайын келешекте  тасымалдаудың кілтті элементі Қазақстан  мұнайының қара теңіз - экспортының  терминалына шығатын КТК жобасы болып табылады.  Бұл жобаға қатысушылар  Ресей, Қазақстан және АҚШ. Мұнай құбырды іске қосу 2001  жылдың маусымына белгіленіп, жұмыс істеп келеді. Бұл жоба бойынша құбыр арқылы бастапқыда жылына 28 млн тонна   мұнай өткізуге болады,  соның ішінде Қазақстаннан - 20,2 тонна - жылына. Кейін оның өткізу мүмкіндігі кеңейген соң, жылына 67 млн. тонна. Осы құбырдың іске қосу Қазақстанда бірқатар мұнай газға қатысты мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Мысалы, қалыпты  қарқынмен  мұнай өндіруді дамыту мүмкіндігі.

Ол жеткілікті түрде  мұнай экспортын жүзеге асыруға  көмек береді. Осы жобалардың жүзеге асуы Қазақстанның және Ресей Федерациясы мұнайының әлемдік рынокқа экспортталуын көбейтеді. Осыған қатысты Ақтөбеде өндірілген мүұайды Атырау мұнай өңдеу зауытына жеткізу үшін Кеңкия- Атырау құбыры жобасы іске асырылып келеді. Осыдан кейін Атырау - Самара құбыры арқылы экспорт үшін КТК-ға жеткізілуі тиіс.

Келесі маңызды мәселелердің бірі, Қарашығанақ газын Оренбургтегі газды қайта өңдеу заводында  қайта өңдеу болып табылады.

Қазақстанның географиялық орналасуы Орта Азия және Ресей Федерациясы  арқылы әлемдік рынокқа газды тиімді экспорттауға мүмкіндік береді.

2000 жылы 10 қазанда өткен  Саммитт Кеден Одағына қатысушы 5 елдің тарихында жаңа елеулі  оқиға болды.

Себебі, Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық құру туралы  құжат  қабылданды. Осы саммитте Қазақстан басшысы Президент Н.Ә.Назарбаев Кеден Одағында қалыптасқан жағдайды сараптай, сипаттай келе, тығыз   интеграцияның дамуы бестік   елдерінің экономикалық  ахуалына  оң ықпал ететінін айтып өтті.

Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру мәселесі саммитте ең басты құжат ретінде қаралады. Беларус, Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикаларының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының басшылары бұл жаңа экономикалық Ұйымның интеграциясының ілгері жылжуына тиімді әсер ететіндгіне келісетіндіктерін білдірді.

Басқосуда Президент  Н.Ә.Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы шешімді  Қазақстанның Кедендік Одаққа қатысушы - елдердің интеграциялық күш жігерін  сапалық жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік  беретін тектік ретінде қарастыратынын атап көрсетті. Еуразиялық экономикалық қауымдастық Еуразиялық одақ, басқа да халықаралық ұйымдарға жақын үлгідегі жаңа кұрылым болып табылды. Екінші жағынан Еуразиялық экономикалық қауымдастықты Қазақстанның 1994 жылғы Еуразиялық одақ туралы бастамасын жүзеге асыруға бастайтын төте жол ретінде қарастырған жөн . Әрі бұл шешімде ұжымдық саяси ерік көп қырлы ынтымақтастық, нақты интеграция мэселелері орын алады.

Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың жоғары органы мемлекетаралық кеңес болып табылады. Оган интеграцияны дамытуға бағытталған іс-эрекеттерге бастамашы болу өклеттігі берілді. Оның құрамына мемлекет басшылары, министрлер кіреді. Бұл жерде бір мемлекет бір дауысқа ие және міндетті консенсус.

Жаңа ұйымның іс-қимыл  жасайтын негізгі органы - Интеграциялық комитет. Сонымен қатар қатысушы елдер мемлекет басшылары тағайындайтын Тұрақты өкілдер комиссиясы органы енгізіледі.  Мемлекетаралық кеңес пен Интеграциялық комитеттің қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру міндеті интеграциялық комитет хатшылығына жүктеледі. Хатшылыққа Бас Хатшы жетекшілік етеді. Интеграциялық комитетте Ресей - 4 дауысқа, Қазақстан 2 дауысқа және Беларусь 2 дауысқа, Қырғызстан 1 дауысқа және Тәжікстан 1 дауысқа ие болды. Яғни, 4-2-2-1-1 формуласы қолданылады. Дауыс беруді бұлай бөлу әр елдің экономикалық салмағына қарай болады.

Осы Еуразиялық экономикалық қауымдастық жұмысы келесі негізгі  мәселелерді шешуге бағытталады;

1) Сыртқы сауда және  кеден саясаты саласында - еркін  сауда режимінің толық көлемде  ресімделуін аяқтау: Бірыңғай кеден тарифтерін белгілеу; ДСұ және басқа да халықаралық экономикалық ұйымдармен өзара байланысты бағытты қалыптастыру;

2) Валюта бақылауы  және валюта реттеудегі жеңілдетілген  тәртіп;

Төлем   -   есеп  қатынасы қызметінің тиімді механизмін құру;

Кедендік  реттеудегі жеңілдетілген жалпы жүйе құру;

Қауымдастық шекарасындағы  экономикалық кауіпсіздікті қамтамасыз ету;

Контрабанда және басқа  да кеден құқық бұзушылықпен күрес.

3) Экономикалық саясат  саласында - экономикада келісілген  құрылымды қайта құру жүргізу;

4)  Әлеуметтік - экономикалық  дамудың біріккен жаңа бағдарламасын  жасау және оны жүзеге асыру;

5)  Өзара әрекет  етуші валюта-қаржы жүйесін қамтамасыз  ету; Жалпы төлем жүйесін құру;

6) Шетел инвеститциясын  рыногында тең құқылы болуы;

7)  Әлеуметтік - гуманитарлық  салада - ғылым мен мәдениеттің  дамуы, білім берудің ұлттық  жүйесінің үйлесімі;

8)   Құқық саласында  -ұлттық заңды  жақындастыру  және үйлестіру, жалпы құқық  кеңестігін құру мақсатында құқық  жүйесінің өзара әрекет етуін

қамтамасыз ету мемлекетаралық мәжілісі аяқталғаннан соң. Қазіргі  таңда Еуразиялық экономикалық  қауымдастық өз  қанатын  жаюда.  Бұл  күндегі әлемдегі ерекше оқиға - 2006 ж. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің кезекті  мәжілісі. Оған Ресей, Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан Республикаларының басшылары қатысты.

Мемлекетаралық Кеңестің басшылары  деңгейіндегі кездесу     нәтижесінде  президенттер мәжілісінде 19 құжат қабылданды.  Еуразиялық   экононмикалық қауымдастықтың  ішкі  рыногын  қорғау,  терроризм  және  есірткі  бизнесінің қаупімен күрес, шекара мәселесін реттеу, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың экономиаклық қүрылымдық          жүйесіне өзгерістер, эмблемасымен жалауын бекіту, жаңа мүшелерді қабылдау тәртібі, тағы басқа мәселелер қарастырылды. Әлемдік интеграциялық бағытында экономикалық қауымдастықтың болашақта экономикалық одақ болу мүмкіндігі де қозғалды. Соның дәлелі ретінде Ресей мен Қазақстан мемлекеті басшылары Каспий мәселесі жөнінде ортақ келісімге келді. Ұжымдық қауіпсіздікті нығайту жайында сөз айтылды. Әсіресе, Орталық Азиядағы ұжымдық жедел әрекет күштерінің тұрақты оперативтік тобын қаржыландыру, бірлескен әскери штаб құру, әскери-техникалық тобын қаржыландыру, бірлескен әскери - техникалық саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қаралды. ҰҚК- ге кіретін алты мемлекет осы бағытта өзара ортақ келісім жасады. Мәскеу сапары еліміздің экономикасы мен сыртқы саясатына қатысты біраз мәселелерді шешті. Сондай-ақ, Еуразия қауымдастығы идеясының тамырлана бастағанын көрсетті. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық қауымдастығының мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісінде Қазақстан мен Ресей арасында экономикалық қарым - қатынастың кең ауқымды мәселелері қаралып, маңызды келісімге қол жеткізілді. Ресей Президенті В.Путин мен Қазақстан Елбасы Н.Назарбаевтың ресми кездесуі мен келіссөзі екі ел арасындағы Каспий теңізі мұнай аймағына қатысты осы күнге дейін дау тудырып, келген мәселені біржолата шешті. Каспийдің солтүстік бөлігі түбінің ресурстарын игеру жөніндегі мемлекеттік құжатқа қол қойылды. Нақты анықталмаған үш кенішті екі ел бірлесіп пайдаланатын болды. Осыған орай Н.Назарбаев: "Мұның екі мемлекетке пайдалы, өйткені Қазақстан ман Ресей арасындағы сенім деңгейін көрсетеді. Біздің бұл елдеріміздің стратегиялық әріптестігі айрықша мәнге ие болды", - деді.

Әрине, мұны көрші әрі  ынтымақтас екі елдің кезекті  жетістігі деп санауға болады. В.Путин бірлескен хаттаманың Ресей  мен Қазақстанның Еуропадағы, Солтүстік  Америкадағы барлық әріптестері  үшін байыпты белгі болып табылатындығын, алда Каспий қайраңын игерудегі инвестициялау барысын белсенді ету қажеттігіне байланысты ойларын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ОҚО бойынша  кеден  басқармасының  экономика  лық  қауіпсіздікті

қамтамасыз  етудегі қызметін талдау және жетілдіру жолдары

3.1 Кеден органдарыныц құқық бұзушылықтарына қарсы атқарылған іс -шараларын талдау

 

ҚР кеден органдары  құқық қорғау қызметін орындау барысында  белгілі бір нәтижелерге жетті. 1999 жыл жэне 2005 жыл аралығында кеден ісі саласындағы қылмыстар едәуір өскен.

ҚР кеден органдарының маңызды міндеттері экономикалық қылмыстармен және әкімшілік құқық бұзушылармен, контрабандалық тауар және көлік-құралдарының, есірткі заттарының қару-жарақтың, Республиканың мәдени-тарихи құндылықтарының заңсыз өтуімен тиімді күрес жүргізу болып табылады.

Кеден органдары өздерінің  құқық қорғау қызметін жүзеге асыра  отырып, эономикалық қылмыстармен күресте маңызды жұмыстар атқарады.     

Контрабандамен күрес  жүргізу шараларына келер болса, контрабанда мен есірткінің заңсыз айналымына күрес жүргізу кеден органы қызметкерлерінің ең басты бағыттарының бірі болып табылады. Дегенмен, ТМД елдерімен арадағы ірі автокөлік және темір жолдардың көптігі мен шекаралардың созылыңқы болуы контробандаға қарсы күресті қиындата түседі.

Наркомания және наркобизнеспен күресте ҚР Кеден Бақылау Агенттігінің кинологиялық қызметі көп еңбек сіңірді.

Кеден органдарының 173 инспектор  кинологтар иттермен қызмет атқаруда. Олардың ішінде Кеден Бақылау Агенттігінің кинологиялық орталығынан есірткі және жарылғыш заттарды іздеуге байланысты 124 кинолог инспекторлар осы көлемдегі иттермен арнайы дайындықтан өтті. ҚР Кеден Бақылау Агенттігінің кинологиялық орталығы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, қызметтік иттер асырау және курсанттардың жағдайын жасауда  жұмыстар жүргізіп келеді.

 

Кинологиялық орталықтың мұғалімдер құрамы 3 жыл бойында  Германияның ең озық қызметтік иттерді  тану мектебінде арнайы дайындалған  тәжірбиелі мамандардан тұрады.

Қазақстан Республикасы бойынша қозғалған қылмыстық істер

Кесте 2

Аталуы

1999 ж

2000 ж

2001 ж

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

Қозғалған   қыжлмыьстық  істер

356

462

806

878

756

631

819

Экономикалық  контрабанда  бойынша

108

207

273

388

232

326

412

Есірткі заттарын  ұстау  фактісі

108

390

528

614

342

271

243

Әкімшілік құқық бұзушылық  бойынша

20156

24790

27242

31542

25321

21951

19787

Информация о работе Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті және аудитті ұйымдастыру