Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 21:12, реферат
Развитие инфраструктуры идет параллельно с развитием самого рынка, с ростом оборотов на нем. Пока число сделок невелико и обороты рынка малы, содержание инфраструктуры обходится дорого, поэтому она остается на примитивном уровне. В частности, процедуры перехода ценных бумаг осложнены, поиск партнера по сделке случаен, гарантии совершения сделки практически отсутствуют. По мере роста оборота выполнение отдельных этапов купли-продажи становится самостоятельным видом бизнеса.
Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастырумен "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. 2008 жылы жабдықтарды жаңғыртуға арналған жалпы инвестиция көлемі 7 991,3 млн.теңгені құрады, 2009 жылға 8 265,3 млн.теңге жоспарланды, ағымдағы жылғы 1-жарты жылдықта 2 406,0 млн.теңге игерілді.
Ағымдағы жылы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Азаматтық авиация комитеті 53 авиакомпанияға инспекция жүргізді.
Инспекциялық тексерістер нәтижесі бойынша 66 әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификаттары тоқтатылды, 1 авиакомпанияның пайдаланушы сертификаттары кері қайтарылды, 5 авиакомпанияның пайдаланушы сертификаттары тоқтатылды.
Азаматтық авиация саласында басқару функцияларын уақтылы және сапалы орындау мақсатында Азаматтық авиация комитетінің штат саны 51 қызметкерге, басқармалар саны 5-ке дейін ұлғайтылды.
Су көлігі.
Қазақстан Каспий бассейніндегі негізгі жүк құраушы мемлекет болып табылады және тасымалданатын жүктердің негізгі түрлеріне мұнай, металл, астық және тағы басқалары жатады.
Ақтау порты - Қазақстанның жалғыз халықаралық теңіз сауда порты. 2008 жылы Ақтау порты арқылы жүкті ауыстырып тиеу көлемі 11,0 млн.тоннаны құрады немесе 2007 жылдың деңгейінде, оның ішінде мұнай шамамен - 9 млн.тонна және құрғақ жүк - 2,0 млн.тонна.
Жобалық қуаттылыққа қол жеткізуге байланысты, Ақтау портын оның өткізу қабілетін 20 млн. тонна мұнай және 3 млн. тонна құрғақ жүкке дейін жеткізу мақсатында кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде мұнай құю және құрғақ жүк айлақтарын, сондай-ақ гидротехникалық қорғаныс құрылысын салу болжануда. Жобаның жалпы құны 41,7 млрд.теңгені немесе 347 млн. АҚШ долларын құрайды.
Баутино порты мұнай өндіруші компаниялар үшін теңіз операцияларын қолдау базасы ретінде пайдаланылады және жүктерді (жабдықтарды, құрылыс материалдарын, жанар-жағар май материалдарын және тағы басқаларды) ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутино портында негізінен Каспий теңізінің шельфін игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасады.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын қарқынды игеру Баутино порты инфрақұрылымының өндірістік теңіз терминалдары операторларының одан әрі дамуын болжамдайды.
Құрық портында Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. тоннаға дейін, "Баку - Тбилиси - Джейхан" жобасына қатысуға, сондай-ақ соған қатысты жобаларды іске асыруға бағытталған мамандандырылған мұнай құю терминалын салу жоспарлануда.
Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Құрық портының акваториясында кемелер қозғалысын басқару жүйесін құру жоспарлануда.
Отандық теңіз сауда флотын «Қазтеңізтрансфлот» ҰТКК» АҚ білдіреді. «Қазтеңізтрансфлот» ҰТКК» АҚ-тың флотын 16 кеме құрайды, оның ішінде: жүк көтергіштігі 12 мың тонна 3 мұнай құю танкері, жүк көтергіштігі 3600 тонна 8 баржа-алаң, 5 тіркеп сүйрегіш бар.
Ішкі кеме қатынасы үш су бассейнінде: Ертіс (1719,5 км), Іле-Балқаш (1308 км) және Орал-Каспий (956 км), ұзақтығы 3983,3 км су жолы учаскелерінде жүзеге асырылады. 2008 жылы ішкі су көлігімен шамамен 1,2 млн. тонна әр түрлі жүктер тасымалданды, бұл 2007 жылғы тасымалдар деңгейіне сәйкес келеді.
Автомобиль көлігі.
Автокөлік құралдарының республикалық паркі шамамен 1 745 мың жеңіл, шамамен 312 мың жүк АКҚ және 75 мың автобустардан құралады (ҚР ІІМ-нің 2008 жылғы 1 қаңтардағы жай-күй бойынша деректері).
2008 жылы автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 11,29 млрд. адамдар, жолаушы айналымы 107,2 млрд. жолаушы-км құрады. 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, жолаушылар тасымалдау көлемінің өсімі - 1,4 %, ал жолаушы айналымы бойынша 2,9 % құрады. Жүк тасымалдау көлемі - 1,7 млрд. тоннаны, жүк айналымы 63,5 млрд. т-км құрады.
2007 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда, жүк тасымалдау көлемінің өсімі - 3,2 % және жүк айналымы бойынша 3,3 % құрады.
ХЖТ жүйесі бойынша тасымалдарға қазіргі кезде шамамен 4 650 автомобиль тартылған. Жүктерді тасымалдау үшін жыл сайын Еуропа мен Азияның 39 елімен шамамен 109 мың дана рұқсаттар бланкісмен алмасу жүргізіледі.
Тұрақты қатынас бойынша 110-нан астам халықаралық және 115 облысаралық тұрақты жолаушы маршруттары бар.
Автомобильдер паркі жоғары тозумен сипатталады - 12 жылдан астам пайдаланудағы автокөлік құралдары 63 % құрайды, соның ішінде автобустар - 57 %, жеңіл автомобильдер - 59 % және жүк автомобильдері - 84 %.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында тұрақты көздерден атмосфераға шығатын зиянды заттар жылына 2,5 млн.тоннаны құрайды, ал көліктік шығарындылар 1 млн.тоннадан асады.
Еуро стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу ескірген автомашиналарды әкелуді шектеуге, қазақстандық автожинақтау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ шығарылатын және импортталатын отынның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен, 2015 жылға қарай 12 жылдан артық жұмыс істейтін автокөлік құралдарының санын 63 %-дан 35 %-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
АКҚ түрлері
Пайдалану мерзімдері бойынша бөлу
Барлығы
2 жылға дейін
2-ден 7 жылға дейін
7-ден 12 жылға дейін
12 жылдан артық
Жеңіл
86 086 (5%)
207 856 (12%)
420 589 (24%)
1 030 542 (59%)
1 745 073
Жүк
15 963 (5%)
18 716 (6%)
15 429 (5%)
261 720 (84%)
311 828
Автобустар
6 127 (8%)
16 733 (22%)
9 723 (13%)
42 459 (57%)
75 042
Барлығы
108 443 (5%)
243 093 (11%)
441 768 (21%)
1 338 639 (63%)
2 131 943
Көліктегі қауіпсіздік.
Қозғалыс қауіпсіздігі проблемасы — бірінші кезектегі міндеттердің бірі және саланы дамытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша құрамдас бөліктердің бірі болып табылады.
Көлік инфрақұрылымының жай-күйі сыни деңгейге жақындап қалды. Оның айтарлықтай бөлігі нормативтік мерзімнен асып пайдаланылуда, басқа бөлігі осы мерзімге жақындап қалды. Нәтижесінде, көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша жағдай айтарлықтай нашарлап барады.
Бүгінгі күні қайта жіберілген тоннажбен темір жол магистральдық жолдарының ұзақтығы 2 460 км құрайды.
2009 жылдың өткен кезеңі үшін Қазақстан Республикасының темір жол желілерінде 158 қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық (2008 жылы 272) жіберілді, олардың темір жол көлігінің салалық шаруашылықтарындағы үлесі: вагон шаруашылығы бойынша - 23 % (35 жағдай); локомотив шаруашылығы - 51 % (46 жағдай); жолаушылар шаруашылығы - 5 % (10 жағдай); тасымалдар дирекциясы - 10,5% (16 жағдай) және жол шаруашылығы - 23,4% (37 жағдай).
Жіберілген қауіпсіздікті бұзушылықтардың негізгі себебі темір жол жылжымалы құрамын сапасыз жөндеу мен қызмет көрсету болып табылады, онда поездық және маневрлық жұмыстағы жіберілген ақаулықтардың жалпы санынан 70% бұзушылықтарды құрайды.
Магистральдық темір жол желісінің үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз ететін мамандандырылған жылжымалы құрамның тозуы мыналарды құрайды: дрезиналық жүк - 213 бірлік немесе 59 %; дрезиналық жолаушы - 93 бірлік немесе 64 %; қар жинау техникасы - 211 бірлік немесе 74%; өрт сөндіру және қалпына келтіру поездарының жылжымалы құрамы - 419 бірлік немесе 74 %.
Жүк вагон паркінің орташа тозуы 67,8 % құрайды, платформалар (76,69 %), өзге де вагондар (71,25 %) және жабық вагондар (68,63 %) паркі аса тозған. "Өзге де" вагондар құрылымындағы басымды үлесті астық таситын вагондар (65 %), цемент таситын вагондар (14 %) және фитингтік платформалар (14 %) құрайды. Жылжымалы құрам тапшылығы 20 мыңнан астам вагонды құрайды.
Жолаушылар вагоны паркінің құрылымында жолаушы вагондарының орташа-нормативтік қызмет мерзімі 28 жыл болғанда, пайдалану мерзімі 28 жылдан артық вагондардың үлесі 378 бірлік - 20,9 %, 20-дан 27 жылға дейінгісі 733 бірлік - 40,6 %, 10-нан 19 жылға дейінгісі 558 бірлік - 39,9 %, 10-жылға дейінгісі 132 бірлік - 7,3 %. Пайдалану мерзімі бойынша 2009 жылғы 1 маусымдағы жай-күйі бойынша есептен шығаруға жататын вагондардың саны 125 бірлікті немесе жалпы мүкәммал паркінің шамамен 6 % құрайды. Бұл ретте жолаушы вагондарының физикалық тозуы сыни шекті тозу - 70 %-дан асады.
1992 жылдан бастап саланың негізгі өндірістік қорларының тозуы 32%-дан 70 %-ға дейін артты. Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитетімен келісілген ставкалар теміржол саласы кәсіпорындарының капиталдық салымдарын толық көлемде ескермейді.
Бірқатар әуежайлар ұшу-қону жолақтарын қайта жаңартуды, аэровокзалдары салу мен жөндеуді, арнайы техника мен жабдықты жаңартуды қажет етеді.
Республикалық маңызы бар автожолдар желісінің 2008 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша жағдайы мынадай: жақсы - 21 %; қанағаттанарлық - 44 %; қанағаттанғысыз - 35 %. 2006 - 2007 жылдардағы жұмыс қорытындылары бойынша қанағаттанғысыз жолдардың ұзақтығы 3 мың км қысқарды.
Жергілікті маңызы бар автожолдардың 2008 жылғы 1 қаңтардағы жай-күні бойынша жағдайы: жақсы - 8,5 %; қанағаттанарлық - 45 %; қанағаттанарлықсыз - 46,5 %.
Автомобильдер паркі тозудың жоғары дәрежесімен сипатталады: 12 жылдан астам пайдалануда болған АКҚ үлес салмағы жеңіл автомобильдер бойынша 59 %, жүк автомобильдері бойынша - 84 %, автобустар бойынша - 57 % құрайды, бұл халыққа автокөлік қызметін көрсету сапасына және экономика салаларына, қозғалыс қауіпсіздігіне және отандық өнімнің бағасындағы көлік шығыны үлесіне теріс әсер етеді.
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамы аса қауіпті объектілердің бірі болып табылады. Осылайша, 2008 жылы Республиканың автожолдарында 13739 жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі - ЖКО) тіркелді, бұл ретте 3351 адам қаза тапты, 16400 - әр түрлі дәрежедегі жарақат алды.
2006 - 2007 жылдардың қорытындылары бойынша ЖКО серпінін талдау ЖКО-ның жыл сайын 7-8%-ға төмендеуін көрсетеді.
Кемелер саны көбейген сайын (орташа 10-15%-ға) теңіз және шағын көлемді кемелермен авариялық жағдайлар мен көлік оқиғаларының саны да өсуде.
Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында А. Бековича-Черкасск шығанағында және Орал-Каспий бассейнінде кемелердің қозғалысын басқару бойынша жүйе құру жоспарлануда.
Ертістегі өзен көлігін дамыту кеме қатынасы шлюздерінің техникалық жай-күйімен тікелей байланысты. Өскемен және Бұқтырма шлюздері 50-ші жылдардың соңында пайдалануға берілді.
Көрсетілген шлюздер құрылыстарының үнемі агрессиялы ортада болуы және оларға теріс әсерлер, олардың аса жоғары дәрежеде тозуына және гидродинамикалық авария туындау мүмкіндігіне әкеліп соқтырды. Осы шлюздердің авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында оларды қайта жаңарту жұмыстары басталған.
Сондай-ақ, Шульба шлюзының қорғаушы гидротехникалық құрылғысын салу жұмыстарын жүргізу қажет.
Қазіргі уақытта мемлекеттік техникалық өзен флотының қолда бар кемелерінің жалпы тозуы шамамен 70 % құрайды.
Әлемдік көлік жүйесіне кірігу
Қазақстан Еуропа мен Азияның арасындағы коммуникациялық ағынның ортасында орналасқан және ұлттық транзит ресурсын іске асыра алатын орасан зор көлік әлеуетіне ие. Осы бірегей геосаяси жағдайды пайдалану қажет. Іс жүзінде, құрлықішілік тасымалдарды жүзеге асыру кезінде Солтүстік-Оңтүстік және Батыс-Шығыс бағыттары бойынша маршруттардың көбі арқылы өңірді айналып өту мүмкін емес, бұл орталық-азия көлік дәліздерінің күшті жағын көрсетеді.
Соңғы жылдары Еуразиялық континентте халықаралық экономикалық байланыстардың ғаламдану процесінің тереңдетілуіне және Шығыс Азия мен Еуропаның арасындағы жүк ағынының өсуіне байланысты ұлы "Жібек жолын" қайта жандандыру - еуразиялық трансконтинентальдық кешенді көпір құру өзекті бола түсуде.
Оңтүстік - Батыс, Оңтүстік және Оңтүстік - Шығыс Азия елдерінің ТМД мен Еуропа елдерімен сауда-экономикалық қатынасын жандандыру Қазақстанның экспорттық-импорттық және транзиттік мүмкіндіктерін дамытудың маңызды факторы болуда. Сонымен бірге, Орталық Азияда өңірді Қытаймен жалғастыратын және Таяу Шығыс пен Еуропа бағытында экспортталатын қытайлық жүктердің бөлігін орталық-азия магистралына қайта бағыттау мүмкіндігін беретін жаңа көлік бағыттарын құруға үлкен сенім жүктелуде.
Басты серіктесі Еуропа Одағы болып табылатын, ішкі сауда айналымының шектен тыс жоғары қарқынын көрсететін Қытай экономикасының серпінді дамуы (2006 жылдың қорытындылары бойынша шамамен 1,7 трлн. АҚШ доллары) маңызды факторлардың бірі болып табылады. Бұдан басқа, Қытай Жапониядан, Кореядан және Оңтүстік Азия елдерінен Еуропаға тауар тасымалдауды жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп отыр, мұнда бағдарғының үштен бір бөлігі біздің елдің аумағына келеді, бұл бізге транзиттен үлкен кіріс алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Еуропа мен Азияның арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 700 млрд. АҚШ долларын құрайды, кейбір болжамдар бойынша 2015 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 трлн. АҚШ долларына жетеді, Қазақстанның транзиттен түсетін кірісі 2015 жылға қарай 1,1 млрд. АҚШ доллары шамасында болады деп болжануда (2007 жылы 500 млн. АҚШ доллары). Жалпы алғанда Оңтүстік - Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттарындағы транзит ағыны шамамен 330 - 400 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр, бұл ретте осы ағындардың 20 % -ға дейінгісі Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін.
Иран Парсы шығанағы мен Үнді мұхитының порттары жолындағы, сондай-ақ Түркия мен ЕО нарығына шығатын маңызды дәліз болып табылады, және шетелдік жүк жөнелтушілердің иран аумағын транзиттік операцияларда одан да кең пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа көлік дәліздері мен инфрақұрылымдық нысандардың дамуы үшін елеулі күш салуда.
Өнеркәсіп өндірісінің тез қарқынына және өндірістік саладағы шетелдік инвестициялардың өсуіне байланысты Үндістан Оңтүстік Азиядағы аса тұрақты рынок және негізгі жүк қабылдаушы/жүк жөнелтуші болып табылады. Үнді экономикасының жыл сайынғы өсуі шамамен 9-10 % құрайды, АҚШ-қа үнді тауарларының экспорты бүгінде қытайлықпен салыстырғанда пайыздық қатынаспен алғанда анағұрлым тез өсуде, дегенмен көлемі аз, ал үнді экономикасындағы шетелдік инвестициялардың 2/3 астамы өндіріс саласына бағытталған.