Понятие инфраструктуры

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 21:12, реферат

Описание работы

Развитие инфраструктуры идет параллельно с развитием самого рынка, с ростом оборотов на нем. Пока число сделок невелико и обороты рынка малы, содержание инфраструктуры обходится дорого, поэтому она остается на примитивном уровне. В частности, процедуры перехода ценных бумаг осложнены, поиск партнера по сделке случаен, гарантии совершения сделки практически отсутствуют. По мере роста оборота выполнение отдельных этапов купли-продажи становится самостоятельным видом бизнеса.

Работа содержит 1 файл

Понятие инфраструктуры.docx

— 199.48 Кб (Скачать)

       Бұл тәуекелдің төмендеуі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігінің дамуына тәуелді.

       Заңнамалық тәуекелдер. Көлік саласының тиімді және серпінді дамуы, қазақстандық көлік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі қабылданған жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге уақтылы және жедел қабылдауға сондай-ақ қолданыстағыларға тәуелді болады. Нормативтік-құқықтық актілердің қабылданбауы немесе оны қабылдаудың ұзаққа созылуы Министрліктің стратегиялық мақсаттарын іске асыруға айтарлықтай кедергі болады.

       ККМ нормашығармашылық қызметінің ашықтығы, меморгандармен, қоғаммен, ҚР Парламентімен өзара іс-қимыл жасау, бұл тәуекелдігін төмендетеді.

       Геосаяси  тәуекелдер. Қазақстанның халықаралық көлік желілеріне сәтті бірігуі, көбінесе көрші елдердегі тұрақты саяси жағдайларға тәуелді. Атап айтқанда, Иран аумағы арқылы өтетін «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамыту жобасын іске асыру Иран мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың күрт нашарлап кеткен және әскери қақтығыс басталған жағдайда қауіп төндіруі мүмкін.

       Қазақстан Республикасының халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасау, тәуекелдің төмендеуіне әсер етеді.

       Техногендік  және экологиялық тәуекелдер. Көлік инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамның тозуы шамасы бойынша болуы мүмкін кез келген ірі техногендік немесе экологиялық апат жабдықтың жаппай істен шығуы, айтарлықтай қосымша капитал салымын қажет етеді және көлік жүйесінің басқа нысандарынан қаражат тартуға әкеп соғады.

       Ұдайы толқынды гидродинамикалық жүктемеге ұшырайтын құрылыстардың тозуы салдарынан Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы шлюздерінің бұзылу тәуекелі артуда, бұл ретте шлюздер жабдығы пайдаланылып келе жатқан жарты ғасыр уақыттан бері жаңартылмаған. Шлюздерді оңалту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру болмаған жағдайда, Қазақстанның Ертіс бойы өңірлеріндегі кеме қатынасы режимінің бұзылуына әкеледі.

       Техникалық прогресс нәтижесінде көлік жүйесі құрылымында сапалы өзгерістер болуы мүмкін, олар өз ретінде көлік кешенінің өзінде құрылымдық өзгерістерге, көліктің жекелеген түрлеріне деген сұраныстың азаюына алып келуі мүмкін.

       Бұл тәуекелді төмендету үшін, алдыңғы қатарлы техникалық және экологиялық регламенттерді, стандарттарды енгізу, көлік активтерін жаңғырту қажет.

       Кадрлық тәуекелдер. Сала білікті кадрлардың тапшылығын сезінуде. Бұл ретте Министрлікте өңірлік көлік-коммуникация жүйесін басқару деңгейінде және әкімдіктердің коммуналдық меншігіндегі көлік-коммуникация кешені ұйымдарын басқару деңгейінде де кадрларды іріктеу мен орналастыру мәселелеріне ықпал ететін тұтқасы жетіспейді.

       Әкімшілік және мемлекеттік қызметшілердің беделі мен мәртебесінің түсуі, олардың жеткіліксіз моральдық және материалдық ынталандыруы, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік мәселелерінің шешілмеуі жоғары білікті қызметкерлердің коммерциялық және басқа да құрылымдарға кетуіне, әкімшілік және мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымдарын ауыстыруға талапкерлер арасындағы кәсібилердің, басқару менеджерлері санының төмендеуіне әкеледі.

       БҒМ және оқу орындарымен сұраныс туғызып отырған мамандықтар бойынша өзара іс-қимыл жасау, еңбектің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, бұл тәуекелдің төмендеуінің негізгі себептері болып табылады.

       Сондай-ақ көлік саласы шеңберінде ер адамдар мен әйелдердің ерекшелігін және гендерлік аспектілерін ескере отырып, олардың тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері ойдағыдай іске асырылып жатқанын атап өткен жөн: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіндегі әйелдер саны қызметкерлердің нақты санының 40 %-ын құрайды.

 Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

 

      Министрліктің таңдап алынған үш стратегиялық бағыт бойынша мақсаттарға қол жеткізуі көбінесе басқа мүдделі тараптармен және өзара іс-қимыл жасау дәрежесіне байланысты болады.

       Атап  алғанда, көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Парламентпен; «Нұр Отан» ХДП; экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, білім және ғылым, қаржы, әділет министрліктерімен; табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттіктерімен; мемхолдингтермен; әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен; облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен, қоғаммен және басқаларымен өзара тығыз іс-қимыл жасау қажет.

       Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен «Самұрық-Қазына» ҰАҚ өзара әрекеттесу қажет.

       Транзит-көлік әлеуетін іске асыру үшін индустрия және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, сыртқы істер, ішкі істер, қаржы (салық және кедендік бақылау комитеттері), туризм және спорт, денсаулық сақтау (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті) ауыл шаруашылығы (АҰК мемлекеттік бақылау комитеті) министрліктерімен; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен; «Самұрық-Қазына» ҰАҚ; қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуі қажет.

       ТМД,  ЕурАЗЭҚ, ШЫҰ, ЕО, ЦАРЭС, СПЕКА сияқты және тағы басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық маңызды аспектілердің бірі болып табылады.

 

ҚР ККМ стратегиялық бағыты 

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

 

1. Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту 

ЭБЖМ - жобаларды МЖӘ негізінде дамыту (МЖӘ орталығы)

ИСМ - көліктік машина жасауды дамыту

БҒМ - көлік жүйесіндегі кадр әлеуетін дамыту

ҚМ - көлік қызметін жеткізушілерге салық салу жүйесін үйлестіру

ТМРА - көлік саласының табиғи монополия субъектілеріне қатысты тариф саясатының тиімділігін арттыру

ҚР БҚА - көлік саласындағы бәсекелестікті дамытуды әрекеттестіру бойынша шаралар

«Самұрық-Қазына» ҰАҚ АҚ инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау кезінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін енгізу және әдістемелерді таңдау, көлік саласының ұлттық компанияларының дамуын қамтамасыз ету, көлік жобаларын ӘКК бірлесіп іске асыру

Облыс әкімдіктері - көлік жүйесін жергілікті деңгейде дамытуды қамтамасыз ету

 

2. Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

ІІМ - жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылауды күшейту

ТЖМ - төтенше жағдайлар мен оқиғалар болған жағдайда өзара әрекеттесу

ДСМ - жол-көлік оқиғаларына жедел медициналық жәрдем көрсетуді жетілдіру және магистральді жолдардың бойында орналасқан емханалардың материалдық-техникалық жағдайын нығайту Қоршағанортамині - қоршаған ортаны ластаушы жылжымалы көздерге қойылатын экологиялық талаптарды жетілдіру бойынша өзара әрекеттестік, мониторинг жүйесін жетілдіру

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - ұлттық компаниялар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара әрекеттестік

 

3. Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту 

СІМ - келісілген халықаралық көлік саясаттарын жүзеге асыру

ИСМ - мультимодальді көлік-логистика орталықтарының жүйесін құру

ТСМ - халықаралық туристік көлік маршруттарын дамыту

Қаржымині (КБК, СК) - шекара маңы ынтымақтастығы, шекарадан өту кезінде кедендік және фискальдық рәсімдерді жеңілдету

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - халықаралық транзит жобаларын іске асыруда әлемдік тәжірибе мен капиталды тарту (қатысушылар, серіктестіктер, консультанттар, консорциумдар), құрылықтық маңызы бар жаңа транзиттік көліктік магистральдарды, транс және еуразиялық құрлықтағы көлік дәліздерін құру

 

 

 Нормативтік құқықтық актілер тізімі

1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы.

       2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексі.қараңыз K100296

       3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі.

       4. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі.

       5. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңы.

       6. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы.

       7. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңы.

       8. «Автомобиль  жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы.

       9. «Темір  жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы.

       10. «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы.

       11. «Автомобиль  көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы.

       12. «Ішкі  су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы.

       13. «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы.

       14. «Сауда  мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы.

       15. «Концессия  туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы.

       16. ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы 1995 ж. 20 желтоқсандағы № 2697 ҚР Заңы.

Қазақстан Республикасының транспорттық стратегиясы: кейбір мәселелердегі өзіндік ерекшеліктер Ахметова Ж.Ә. Абай атындағы ҚазҰПУ теориялық, қолданбалы саясаттану және әлеметтану кафедрасы

14-Маусым, 2010 | 543 рет қаралған

 

Қазіргі жаһандандыру жағдайында Қазақстан жерінің кең байтақтығы мемлекет пен оның экономикасының бәсекелестік қабілеттілігін транспорттық коммуникациялық кешенін тиімді әрекетіне тікелей байланысты. Жалпы алғанда, отандық тауардың бәсекелестік қабілеттілігі, қызмет көрсетуі және экономикасының кепілдігі мемлекеттік транзитті транспорттық саясатқа сәйкес транспорттық инфрақұрылымның жоғарғы технологиясы болып саналады.

 

Сондықтан да қазіргі жағдайда траспорт Қазақстан экономикасында өте маңызды рөл атқарады.

 

Мысалы, «2006 - 2012 жылдардағы теңіз транспортының дамуы» «2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясының дәйекті түрде жүзеге асырылуы болса, «Қазақстан Республикасының транспорттық Стратегиясы» отандық теңіз транспортының бәсекелстік қабілеттілігі мен дамуы мәселесін қамтамасыз етеді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ұлттық теңіз сауда флотын ілгері дамыту және теңіз транспортындағы тасымалдау процесі ұйымдарына тікелей байланысты қызмет көрсету кешенін қамтамасыз етуге қабілетті, қазіргі замани талапқа сай порттық халықтың тұрмыс қажетіне қызмет ететін инфрақұрылым құруға шешім қабылданды.

 

Жалпы транспорттық секторды реформалау қалыпты және ұзақ мерзімді даму бағдарламасына сай жүргізілуде. Шындығында қазіргі таңда осы саланы реформалаудағы негізгі іс-шаралар 2008 жылға дейінгі мемлекеттік транспорттық саясат Концепциясы шеңберінде жүзеге асты. Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған транзиттік транспорттық күш-қуатын дамыту бағдарламасы да жүзеге асырылды. Енді он бес жылда мемлекеттік транспорттық саясат жаңа өңделген «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі транспорттық стратегиясы» бағдарламалық құжатқа сай өркендейді [1].

 

Транспорттық инфрақұрылымды дамыту және жетілдіру Қазақстан территориясында халықаралық тасымалдаудың негізгі бағыттары мен құрылған халықаралық транспорттық дәліздерге өзара тығыз байланыста жүреді. Қазақстандағы негізгі тасымалдау желілері:

Орта Азия – Ресей (еуропалық бөлік, Шығыс Сібір, Алтай өлкесі);

Еуропа – Ресей – Қазақстан – Орта Азия – Парсы шығанағы мемлекеттері («Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық дәліз шеңберінде);

Еуропа – Ресей – Қазақстан – Қытай;

Еуропа – Кавказ – Орта Азия – Қазақстан (Еуропа – Кавказ – Азия (ТРАСЕКА)) дәлізі шеңберінде және Қиыр Шығыс – Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде [2].

 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының транспорттық саясаты дамуының тағы бір жетістіктері жаңа теміржол, автомобиль торабын құру, Шығыс Еуропа – Шығыс Қытай автомобиль транзитті дәлізді реконструкциялаудың жобасының жүзеге асырылуы болып табылады. Ел басының Қазақстан халқына жолдауындағы «Бұл Қазақстанды Еуропадан Азияға апаратын транзитті дәліздің күре тамыры болады» деп, көрсеткеніндей бұл жобаның орындалуы алға қойылған міндетке үйлесімдік табуы болып саналады. Транспорт саласы дамуы процесінде ТМД саммитіндегі күн тәртібінде ұсынылған транспорт және коммуникация саласындағы интеграцияның өзіндік жетістіктері болып табылады. Ол – барлық ынтымақтастық елдер экономикасы дамуы үшін басты звено. Қазақстанның әлемдегі өркениетті елу елдің қатарына енуі туралы Президенттік Стратегияда транспорттық дәліздерді дамыту мәселесіне зор мән беруінің өзі-ақ, оның қаншалықты маңыздылығын көрсетеді. Онда Қазақстанның транспорттық коммуникациялық кешенінің негізгі міндеті- еуроазиялық транспорт жүйесінде интеграция болып қалу. Транспорттық коммуникация кешенінің дамуы Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір болып саналатын еліміздің геостратегиялық орналасу артықшылығын толық пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.

 

Осы стратегияда түбегейлі жаңа транспорттық, логистикалық инфрақұрылым құруға нақты қадамдар жасалынды. Мысалы, Қытай мен Қазақстан арқылы Ресейге, әрі қарай Еуропаға контейнерлі тасымал жөнінде мәселе қарастырылды. Жеке мемлекеттік әріптестік негізінде инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тиімді бизнестегі бірлестікті қамтамасыз етіп, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Транспорттық Стратегиясы» бағдарламасын стратегия шеңберінде осы жылы бекітуге тура келді. Еуропа – Азия арасындағы сапалы тасымалдауды қамтамасыз ететін кемінде 2-3 авиациялық хаба құру керек. Авиациялық тасымалдауда сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Астанада халықтың тұрмыс қажетіне қызмет ететін орталық құру қажет [3]. Қазақстан ТМД төрағасы ретінде көрші елдермен өзінің стартегиялық жете зерттелген мәселелері және ұсыныстарымен бөлісуге даяр.

Информация о работе Понятие инфраструктуры