Понятие инфраструктуры

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2013 в 21:12, реферат

Описание работы

Развитие инфраструктуры идет параллельно с развитием самого рынка, с ростом оборотов на нем. Пока число сделок невелико и обороты рынка малы, содержание инфраструктуры обходится дорого, поэтому она остается на примитивном уровне. В частности, процедуры перехода ценных бумаг осложнены, поиск партнера по сделке случаен, гарантии совершения сделки практически отсутствуют. По мере роста оборота выполнение отдельных этапов купли-продажи становится самостоятельным видом бизнеса.

Работа содержит 1 файл

Понятие инфраструктуры.docx

— 199.48 Кб (Скачать)

 

-аймақтар дамуының әлеуметтік

 

 – экономикалық деңгейінде объективті бар айырмашылықтар, өнеркәсіп өндірісіндегі құрылымдық өзгерістер фонында экономикалық қатынастарда депрессиялық, дағдарысты, артта қалған аудандардың болуы:

 

- Қазақстанның жеке қалаларының кәсіпорындары арасында өндірістік- техникалық байланыстардың бұзылуы;

 

- ҚР жеке аймақтарының арасында жан басына шаққандағы ұлттық табысты өндіру деңгейінде алшақтықтың үлкейюі;

 

- Ал егер қазіргі кезде Қазақстан экономикасының өсуіне байланысты жағдай кішкене өзгерген болса, аудандар дамуындағы диспропорция сақталуда.

 

 Аймақтардың экономикалық бірігуі Қазақстан нарығының қызмет етуінің міндетті шарты. Бірақ та жеке аудандар, әсіресе табиғи – шикізат ресурстарына бай, өз артықшылықтарын біржақты қолдануға ұмтылады.

 Осыдан мемлекеттің аумақтық- сараланған саясат керектігі шығады, яғни аймақтарға бірдей нарықтық жағдай жасау үшін.

 

 Экономикалық қауіпсіздік қауіп – қатерінің басқа факторы – ол экономиканың, ұлттық экономиканың теңгерімсіздігін шақыртатын екі әлсіз байланысқансекторға жіктелуі, экспорттық және ішке бағытталған салалардың поляризациясы. Осы қатынаста ең жақсы жағдайда отын – энергетикалық сектордың кәсіпорындары болып қалды, оларда кепілді өткізу нарықтары болды және шетел капиталмен жекешелендірудің объектілері болды.

6-бап. Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер

 

       1. Ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер:

       1) ұлттық мүдделердің қорғалу дәрежесінің төмендеуiне ықпал ететiн заңдылық пен құқықтық тәртiп деңгейінің төмендеуі, оның iшiнде қылмыстың, оның ұйымдасқан нысандарын қоса алғанда өсуi, мемлекеттiк органдардың қылмыстық құрылымдармен, террористік немесе экстремистік ұйымдармен кірігуі, лауазымды адамдардың капиталдың заңсыз айналымына қолдау жасауы, сыбайлас жемқорлық, қарудың және есiрткi заттарының заңсыз айналымы;

       2) демографиялық ахуалдың және халық денсаулығының нашарлауы, оның iшiнде бала туудың күрт төмендеуi, өлiм-жiтiмнiң көбеюі;

       3) бақылаусыз көшi-қон процестері;

       4) елдiң денсаулық сақтау, бiлiм және зияткерлік әлеуетi деңгейі мен сапасының төмендеуі;

       5) Қазақстан Республикасы халқының мәдени және рухани мұрасынан айырылуы;

       6) ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан, жаппай тәртiпсiздiктерден көрінетін әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығуы;

       7) конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекет, оның iшiнде Қазақстан Республикасының бiртұтастығына, аумағының тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, бөлiнбестiгiне, күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін iс-әрекеттер;

       8) кез  келген нысандардағы және көріністердегі терроризм, экстремизм мен сепаратизм;

       9) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге бағытталған шет мемлекеттер арнаулы қызметтерінің, сондай-ақ ұйымдар мен жеке адамдардың барлау-бүлдіру іс-әрекеті;

       10) мемлекеттiк  органдардың қызметiне iрiткi салу, олардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн бұзу, елде басқару деңгейінің төмендеуі;

       11) стратегиялық ресурстарды ел мүдделерiне кереғар пайдалануды қоса алғанда, мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, инновациялық дамуға және инвестициялық белсендiлiктiң артуына кедергi жасау, капитал мен тауарларды елден тысқары жерлерге бақылаусыз әкету, көлеңкелі экономиканың өсуі;

       12) қаржы жүйесі орнықтылығының төмендеуі;

       13) өндiрістің қысқаруы, өнімдер мен тауарлар сапасының, бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң, экспорттық, транзиттік әлеуетінің және қолжетiмдiлiгiнiң төмендеуi, Қазақстан Республикасында өндiрiлмейтiн өнімдер мен тауарларды басқа мемлекеттерден әкелудің қысқаруы;

       14) елдiң қорғаныс қабiлетi деңгейінiң төмендеуi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының қол сұғылмаушылығына, оның өзіне күш қолдану қауiп-қатері төнуі, оған қарсы агрессия;

       15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдар құру;

       16) елдің ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ ұлттық ақпараттық ресурстардың рұқсат етілмеген қолжетімділіктен қорғалу деңгейінің төмендеуі;

       17) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал ету;

       18) экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауыз су сапасының күрт нашарлауы, дүлей зілзалалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар, эпидемиялар мен эпизоотиялар;

       19) халықаралық деңгейде Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, саяси беделіне және экономикалық рейтингіне нұқсан келтіру болып табылады.

       2. Ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатерлер Қазақстан Республикасының заңнамасымен, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарымен толықтырылуы және нақтылануы мүмкін.


Информация о работе Понятие инфраструктуры