Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа
Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР
Тексеруші топ тексеруден басқа мыналарды жүзеге асырады:
- тауарларды және оның орауларын қарау;
-
тауарларды, көлік құралдарын, ғимараттарды
және тауарлар мен көлік
-
сондай-ақ кедендік
Тексеруді
аяқтағаннан кейін оны
Тауарлар мен көлік құралдарының құжаттарын тексерудің мәні кедендік істің қолданыстағы ережелерінің сәйкестігін белгілеу және олардың толықтай түзілуі тұрғысынан оларды зерделеуде болып отыр. Кедендік мақсаттарға қажетті құжаттар өздерінің тағайындалуына қарай келесі топтарға жіктелуі мүмкін: көліктік, сауда, кедендік және басқалар.
Көлік құжаттарына тауарларды темір жол, автомобиль, су, әуе көліктері арқылы кедендік шекарадан өткізетін жөнелтпе құжаттары, коносаменттер, вагон парақтары, жүк түбертектері, тапсыру тізімдемелері және басқалар жатады.
Сауда құжаттарына: тауар жабдықтаушыларының жасаған келісім-шарттары, шот-фактуралары, спецификациялары, инвойстары, буып-түю құжаттары және басқалар жатады.
Кедендік құжаттарды кедендік органдардың лауазымды тұлғалары береді және куәландырады – бұлар кедендік декларациялар, жеткізуді бақылау құжаттары, кедендік мөрі мен поломбасы басылған тауарларды тасымалдау үшін көлік құралдарын (контейнерлерді) жіберу туралы куәліктер, әр түрлі лицензиялар және біліктілік аттестаттары және басқалар.
Кедендік бақылауға қажетті басқа құжаттар: сапа сертификаттары, тауардың шығу тегі, әскери рұқсаттамалар, сыртқы экономикалық қызметтпен айналысуға құқық беретін құрылтайшы құжаттар және басқалар.
Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік тексерумен посткедендік бақылау бөлімдері айналысады.
Аталған тексеруді камералық деп атауға болады. Кедендік жүк декларациясының дұрыс толтырылуы тексерілуде. Заңнама бойынша қажетті барлық құжаттардың болуы. Кедендік заңнамаларда қателіктер мен заң бұзушылықтар анықталып жатса, ЖКТ бойынша материалдар сотқа беріледі.
Тексерулерді кедендік органдар Қазақстан Республикасының кедендік органдары орналасқан жерінде, тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тасымалдануы кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ұсынылған құжаттарды зерделеу және талдау негізінде жүргізе алады.
Құжаттарды тексеру арқылы анықталған жеткілікті негіздемелер болып жатса, кедендік орган орындарға барып тексерулер жүргізеді.
Тексеруші тұлға ұсынған қосымша ақпараттар мен мәліметтерді алу қажеттілігі туған жағдайда, кедендік орган үшінші тарап қатысында қарсы тексеру жүргізеді.
Тексеру жүргізу туралы шешімді Кедендік Комитет немесе Қазақстан Республикасының аймақтық кедендік органының бастығы қабылдайды. Тексеру шаралары қатаң есептің болуы және бланкіде ресімделген белгіленген формадағы жазбаша өкімге сәйкес екі данада толтырылуы кезінде жүзеге асырылады және ол келесі реквизиттерден тұрады:
Қазақстан Республикасының кедендік органындағы жазбаша өкімінің тіркелген күні мен нөмірі;
Жазабаша өкім шығарған Қазақстан Республикасының кедендік органының атауы;
Тексеру объектісінің толық атауы;
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тексеру негіздемесі және мақсаты;
Тексеруші тұлғалардың, оның ішінде тексеруге жұмылдырылған мамандар мен сарапшылардың лауазымдары, фамилиялары және есімдері;
Тексеру жүргізу мерзімі.
Жазбаша өкімге қол қойылып, кедендік органның елтаңбалық мөрімен куәландырылуы қажет және белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының аумақтық органдарында тіркелуі тиіс.
Тексеру жүргізу туралы жазбаша өкімдерді кедендік органдар нөмірленген, тігінделген және Қазақстан Республикасының кедендік органының мөрімен бекітілген арнайы тіркеу журналына тіркейді.
Жазбаша өкім тексерілуші адамға беріледі, оны алғандығы жөнінде белгі көшірмеде көрсетіледі. Тұлға жазбаша өкімді алудан бас тартқан жағдайда кедендік органның лауазымды өкілі тексерілуші тұлғаның өкілінің немесе куәгерлердің қатысуымен жазбаша өкімді алудан бас тартқандығы жөнінде акт жасайды. Актіні алудан бас тарту тексеру жүргізуді тоқтатуға негіз бола алмайды.
Берілген жазбаша өкімде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы керек. Тексеру жүргізу мерзімдері негізделген себептерді көрсеткен тексерушінің мәлімдемесі негізінде ұзартыла алады. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы тексерілетін кәсіпорын басшысы хабардар етіледі. Тексеру жүргізу мерзімі кедендік органның құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптарын тексерілуші тұлғаға ұсыну сәті және сұранылған құжаттардың нақты ұсынылуы сәті арасындағы уақыт ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік органының сұранымы бойынша мәліметтер мен құжаттарды алу сәтінде тоқтатылады.
Кедендік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кедендік органдар құзырына жатқызылатын тексерулер жүргізу үшін құқық қорғау және бақылау жүргізуші органдар мамандарын, кез-келген мемлекеттік және келісім шарт негізіндегі мемлекеттік емес заңды тұлғаларды, сондай-ақ тексеру жүргізуге көмек көрсетуші сараптамашыларды тексеруге тартуға құқылы.
Тексеруге тартылатын тұлғалардың, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексерілетін аумаққа немесе тексерілетін объект ғимаратына жіберуге қажет болып жатса, арнайы рұқсаттары болуы тиіс.
Қаржылық және сыртқы экономикалық қызметке тексеру жүргізуде Қазақстан Республикасының кедендік органдарының лауазымдық тұлғаларының мыналарға құқықтары бар:
Жазбаша өкімге сәйкес бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары орналасуы мүмкін аумақ пен үй-жайға тексеруші адамның кіру рұқсаты;
Тексеру мақсаттарына қатысы бар кез-келген құжаттамалар мен ақпараттарды өтеусіз ұсыну және олармен танысу;
Белгіленген тәртіпке сәйкес лауазымдық тұлғалардан, тексерілуші тұлғадан, Қазақстан республикасының азаматтарынан, шет ел азаматтарынан және азаматтығы жоқ азаматтардан анықтамала, мәліметтер алу;
Сыйымдылықтар мен үй-жайларды сүргішпен мөрлеп тастау;
Белгіленген формадағы акті бойынша құжаттарды қайтып алу.
Кедендік органның лауазымдық тұлғасы тексеруді жүргізіп болғаннан кейін келесі мәліметтер көрсетілген тексеру актісін жасайды:
тексеру жүргізілген орындар, акт жасау уақыты;
тексеру жүргізген Қазақстан республикасының кедендік органының лауазымдық тұлғаларының лауазымдық қызметі, аты-жөні;
тексерілуші тұлғаның аты-жөні немесе толық атауы;
тексеру объектісінің орналасқан жері, банктік реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
басшының және тексерілуші тұлғаның салық және бухгалтерлік есебін жүргізуге жауапты тұлғаның аты-жөні;
тексеру жүргізу кезеңі және тексеру жүргізу үшін салық төлеушінің ұсынған құжаттары туралы жалпы мәліметтер;
бақылауы Қазақстан Республикасының кедендік органына жүктелген сәйкес заңнамалық нормаларға жүгінген заң бұзушылықтарды анықтауды егжей-тегжей сипаттау;
тексеру нәтижелері.
Тексерудің аяқталған күні болып тексерілуші тұлғаға тексеру актісін ұсынған күн есептеледі. Тексерудің аяқталуы кезінде қандай да бір заң бұзушылық анықталмаған болса, онда тексеру актісінде тиісті белгі жасалады.
Тексеру актісіне қажетті құжаттар көшірмелері, Қазақстан Республикасының лауазымдық тұлғасымен жүргізілген есептеулер, және тексеру барысында алынған басқа материалдар қосымша беріледі.
Акт екі данада жасалады және тексеру жүргізген кедендік органның лауазымдық тұлғасының қолы қойылады. Актінің бірінші данасы кеден ісіне жіберіледі, екінші данасы тексерілуші тұлғаға оның қолхаты бойынша беріледі. Соңғысы актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайдабұл данасы пошта арқылы жіберіледі.
Тексеру актісін кедендік органдар нөмірленген, тігінделген және Қазақстан Республикасының кедендік органының мөрімен бекітілген арнайы тіркеу журналына тіркейді.
Актіге тіркелген тексеру нәтижелері, кедендік және валюталық заңдарды бұзушылық байқалған жағдайда кедендік ережелерді бұзғандығы жөнінде іс қозғау үшін, контрабанда немесе кедендік іс саласында қылмыс жасау жөнінде қылмыстық іс қозғауға негіз бола алады.
Тексеру нәтижесінде анықталған тәртіп бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту Қазақстан Республикасының кедендік органдарының құзырына кірмейді, актілердің көшірмелері сәйкес мемлекеттік органға жіберіледі.
Тексеру нәтижелері жөнінде тексеру жүргізілген тұлға Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіппен шағымдана алады.
Тексеру нәтижесінде алынған барлық ақпарат құпия болып табылады және кедендік мақсаттарда ғана пайдаланыла алады. Мұндай ақпарат жарияланбайды, Қазақстан Республикасының кедендік органдарының лауазымдық тұлғалары жеке мақсаттарында пайдалана алмайды, Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде тура көрсетілген жағдайларды санамағанда, үшінші тұлғаларға, басқа мемлекеттік органдарға берілмейді.
Кедендік органдардың лауазымдық тұлғаларының тексеру жүргізудегі әрекеті тексеру жүргізіліп отырған тұлғаға заңға қайшы нұқсан келтірмеуі қажет.
Тексеру кезіндегі заңға қайшы шешімдер, әрекеттер нәтижесінде тұлғалар мен олардың мүліктеріне келтірген шығындар мен зияндары үшін кедендік органдар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртібі бойынша жауапкершілікке тартылады.
Аумақ пен үй-жайларды тексеру.
Кедендік органдардың лауазымдық тұлғалары жазбаша өкім негізінде кедендік бақылауға жататын тауарлар мен көлік құралдары, осындай тексеруге қажетті құжаттар немесе бақылауы кедендік органдарға жүктелген қызметті жүзеге асыратын құжаттар орналасуы мүмкін кез-келген аумаққа және кез-келген үй-жайға кіруге құқылы.
Мысалы, теңіз кемесін кедендік тексеру кезінде кеденнің талап етуі бойынша сол кеме капитаны (оның орнындағы тұлға) кемедегі барлық үй-жайларды ашып көрсетуге міндетті.
Кеден қызметкерлері кедендік қоймалар, УСҚ, бажсыз сауда дүкендерінің аумағына және т.с.с. аумақтарға еш кедергісіз кіре алады.
Аумақты тексеру кезінде кейбір жағдайларды кедендік бақылау кедендік тексерумен де жалғасып жатады (көліктің сыртын немесе ондағы тауарларды тексеру).
Егер сыртқы тексерудің жеткіліксіздігі туралы шешім қабылданып жатса, онда көлік пен тауарларға тексеру жүргізіледі.
Жеке және лауазымдық тұлғаларға ауызша сауалдама жүргізу.
Кедендік бақылаудың бұл формасы, мысалы, кедендік шекарадан өтуші азаматтардың заттарын бақылау үшін арналған, кедендік орган қызметкері валютаны және басқа заттарды әкелуге/әкетуге тыйым салған заттарды анықтау мақсатында сауалдама жүргізгенде қолданылады. Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кедендік органдары орналасқан жерлерде құрылатын кедендік бақылау аймақтарында жүргізіледі. Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылау күндіз және түнгі уақытта, Қазақстан Республикасы аумағындағы сүрлеу және айналым жолдарына тірелген шекаралық кедендік постылар мен рұқсаттама пунктілерінің дисклокация межесі бойынша кедендік шекараны бойлай жүргізіледі.