ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

ҚР кеден баждары.doc

— 897.50 Кб (Скачать)

      тариф эскалациясы және тиімді тариф тұжырымдамалары, яғни импортталатын тауарларды қайта өңдеу дәрежесәне байланысты импорттық кеден тосқауылының белсенді артуы (яғни баж мөлшерлемесінің артуы) сияқты тарифтік саясаттың “алтын ережелері” сақталмай отыр. Шикізат та, онын құрамдары да және дайын өнім де бірыңғай мөлшерлемелер бойынша салық өте жиі салынып отыр (мысалы электрлі машиналар мен жабдықтар және олардың құрамындағылар кедендік баждың 10% бір мөлшерлемесімен салық салынып отыр).

      Мұндайда  кедендік әкелінім баждарының қолданыстағы жүйесінің  эскалация дәрежесі әлемнің өнеркәсіптік дамыған елдеріндегі ұқсас көрсеткіштерге салмақты орын беріп отыр. ТСБК “уругвайлық” раунд нәтижесінде келісімге қатысушы елдердегі дайын өнімге салынатын орташа мөлшерлеме әкелінген шикізатқа салынған ұқсас мөлшерлемеден шамамен 8 есе артық болған. Нақты кедендік тосқауылдар бойынша баға беруде (яғни орташа есептелген тариф бойынша) бұл айырмашылық аса маңызды болып отыр: мысалы АҚШ-та – 28 есе, ЕҚ – 30 еседен астам. Қазақстанда жағдай басқаша болып отыр – дайын өнімнің орташа мөлшерлемесі шикізат мөлшерлемесінен 3 есе ғана артық (5 кесте);

      ұлттық  мамандандырылған салалардағы  бәсекелес өнімдер (әр топтағы өнім түрі бойынша дифференцияланусыз) бойынша дайын  өнім нарығының сегментін  қорғаудың негізделмеген  жоғары тосқауылдары жиі белгіленуде;

      қолданыстағы  тарифтер үшін жоғары деңгейдегі өңделетін  өнімдер және ғылыми сыйымды өнімдердің көптеген түрлері  үшін олардың тыйым  салынған сипаты тән.

      Осылайша, сыртқы сауданы тарифтік реттеуді жетілдіру  мақсатында жүргізілген  талдау негізінде автор кедендік баждардың нақты мөлшерлемелерін қолдану жөнінде ғылыми негіздеме және аналитикалық есептеулер базасында кедендік тариф қалыптастыруды ұсынады. Бұл ұлттық басым бағыттағы салаларды дамытуға ынталандыру мақсатында  әрбір топта өнім түрлері бойынша импорттық тарифтерді терең дифференциациялаумен, сондай-ақ кедендік тарифтер эскалациясы деңгейін арттырумен және кедендік баждар мөлшерлемесін әзірлеуге және негіздеуге сарапшыларды жұмылдырумен қатар жүргізіледі.

      Талдау  объектісі ретінде  қазақстан экономикасы секторының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан аса әлсіз саналатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің нарығы белгіленді.

      2001 жылғы ауыл шаруашылығы  өнімдері нарығын  талдаудан көретініміз,  ішкі нарықтағы  құс еті импортының үлесі 49,1%-ті құраса, қоюландырылған және құнарландырылған сүт - 98%, сары май – 64,5%, шұшық өнімдері - 50% құраған. Халықаралық сарапшылардың бағалары бойынша азық-түлік импортының қауіпсіздік деңгейі жалпы тұтыну деңгейінен 17%-тен аспауы қажет. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдері нарығында туындаған жағдай ішкі нарықтың тауарлар импортына жоғары байланыстылық деңгейімен сипатталады.

      Тауарлардың таңдаулы топтары бойынша (2 кестені қараңыз) жүргізілген талдаудан көретініміз, ішкі нарықтағы импорт үлесі орта есеппен 50%-ті құрап отыр, мұндағы импорттық кедендік тарифтердің қолданыстағы мөлшерлемелері 0 ден 20% шегінде тұрақсыз болып отыр. 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кесте2 - Тамақ өнімдерін өндіру және импорттау (мың тонна)

Тауарлар 1995 1997 2000 2001
  өн-ру имп %им өн-ру имп %им өн-ру имп %им өн-ру имп %им
Ұн 1575 1,9 0,1 1528 2,9 0,2 1741 1,9 0,1 1028 1,6 0,2
Өсімдік  майы 44 14,4 25 28,8 33,2 54 55,2 76,8 58,2 74,1 101 58
Қант 113 204 65 148 230 61 280 324 53,7 346 337 50
Сары  май 30 3,6 11 7 5 42 4,4 7,6 63,3 3,9 7,1 65
Кондитер.өнімдер 29 14,4 33 49 19,3 28 28,3 36,3 56,2 32,7 39,4 55
Маргарин  3 2,7 47 6 6,7 53 10,4 12,9 55,4 16,9 10,0 55
 

      Біздің  пікірімізше, мөлшерлемелердің мұндай деңгейі ұқсас  өнімдердің отандық  өндірушілерін қажетті  түрде қорғаумен қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар ішкі нарықты импортқа байланысты етіп қояды. Бұл Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында импорттық кеден баждарының оңтайлы мөлшерлемелерін есептеу қажеттілігіне негізделді. Қойылған міндеттерді шешу үшін біз РТА ғалымдары әзірлеген кедендік баждардың негіздемелік әдістемесі мен есебіне жүгіндік.

      Осы әдістемеге сәйкес импорттық  кеден баждарының бастапқы шамасы ішкі нарықтағы экспортқа  шығарылатын тауарларды өткізушілер үшін де, отандық және импорттық өнімдерді тұтынушылар үшін де тең пайдалылық тұжырымдамасына сүйене отырып, анықталады.

      Импорттық баждарды есептеуде  біз келесі формуланы  қолдандық:

      Ип  = (Спа + Пра + Тзр) х К – (Цм + Тз), мұндағы

     Ип  – импорттық кедендік баж

     Спа – ұқсас отандық  өнімнің экономикалық негізделген өзіндік  құны

     Пра – ұқсас отандық  өнім өндіруде экономикалық негізделген пайда (доллар есебінде)

     Тзр – ұқсас отандық  өнімдерді дайындаушы-кәсіпорыннан тұтынушыға жеткізуде  туындайтын көліктік-дайындаушылық шығындар (доллар есебінде)

     К – ұқсас отандық  өнім сапасын импорттыққа  келтіру коэффициенті.

     Цм  – импорттық өнімнің  әлемдік құны

     Тз  – импорттық өнімді РФ шекарасынан тұтынушыға жеткізуде туындайтын көліктік-дайындаушылық  шығындар (доллар есебінде). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

______________________________

 Новиков В., Голяшева Т. Методологические основы определения таможенных пошлин на производственно-техническую продукцию. – М.: Экономист № 9. 2002 г. 

     Мұндайда  К коэффициенті импорттық өнім сапасы жағынан отандық өнім сапасынан асатын жағдайда қолданылады. Біздің жағдайымызда сапаға келтіру коэффициенті 1 арқылы қабылданды. Отандық және импорттық өнімді жеткізуде туындайтын көліктік-дайындаушылық шығындар біркелкі шамада қабылданған, сондықтан да олар есептелмейді. Әлемдік баға ретінде биржалық баға мен ірі экспортерлер бағасы алынды. Баждарды негіздеу базасы есебінде шығындардың жоғарғы дифференциациясы күшіндегі өндірушілердің орта есеп бағалары алынды.

     Жүргізілген есеп өсімдік майы, қанта және сары май (3 кестені қараңыз) сияқты өнімдер бойынша импорттық кеден баждарының адвалорлық мөлшерлеме деңгейін нақты өзгерту қажеттілігін көрсетіп берді. 
 

     Кесте3 - Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне импорттық баждарын есептеу

Атауы

(кг)

СЭҚ КС

коды

Ұлттық өндірушінің есептік бағасы Импорттық есептік  баға Баждың  есептік шамасы Баждың қолданыстағы мөлшерлемесі
    теңгеде $ $ $ % %
1 2 3 4 5 6= 4-5 7=6/5x 100% 8
Өсімдік майы 1512 158 1,02 0,58 0,44 75 15
Сары  май 0405 355 2,3 1,5 0,8 53 20
Қант  1701 72 0,46 0,23 0,23 100 30
 

      Импорттық және ұлттық бағаларды  теңестіруді ғана емес, сондай-ақ ұқсас  өнімдердің отандық  өндірушілерін қорғауды да қамтамасыз ететін импорттық баждардың  тиімді мөлшерлемесі болып есептелетіндер: сары май бойынша  – 20% қолданыстағы мөлшерлеме бойынша 53%, өсімдік майы бойынша – 15% қолданыстағы мөлшерлеме бойынша 75%, ақ қант бойынша – 30% қолданыстағы мөлшерлеме бойынша 100%.

      Тамақ өнімдерінің жекелеген  түрлері бойынша  келтірілген баждарды есептеулер баждардың  сәйкес мөлшерлемесін аса терең және жан-жақты талдау, сондай-ақ оларды дифференциациялауды (мысалы, қанттың импорттық легін оны өңдеу, бастапқы шикізат, жеткізу кезеңділігі, сонымен қатар Кедендік одақ елдерінен импорттау бағыттары деңгейінде шектеу қою) көрсетті. Кедендік тарифті дифференциациялауды тереңдету және баждардың мөлшерлемесін есептеуді аса негіздеу үшін, мына көрсеткіштер бойынша ақпараттық қамсыздандыру негізінде тарифтік қорғауды қажет ететін тауарлар легіне мониторинг жүйесін құру қажет:

      отандық өндірушілердің ішкі бағалары, өзіндік құны және экономикалық негізделген пайда;

      әлемдік бағалар,

      есептік сыртқы сауда бағалары;

      сыртқы  сауда айналымының  көлемі мен динамикасы жөніндегі деректер.

      Осылайша, осы деректер негізінде  кедендік баждар шамасына тұрақты есептеулер және кедендік құнды анықтауға бақылау жүргізуге болады. Ұсынылған шаралар заңнамалармен бекітілуді талап етеді, яғни “Кедендік тарифтер мен баждар туралы” Заңда есепті кезеңде (тоқсан) кем дегенде бір рет алынатын мониторинг нәтижелеріне байланысты кедендік баждар мөлшерлемесін жедел түрде қайта қарау мүмкіндігін қарастыру қажет.  

3.2 Халықаралық стандарттар  негізінде кеден  бажын төлеуді

    кедендік  бақылау жүйесінің  механизмін қалыптастыру

 

      Қазақстан Республикасы Үкіметі  жүргізіп отырған, жаңа инвестициялық саясатпен, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметтің құрылымдық өзгерісімен, нарықтық қатынастардың ары қарай дамуымен, халықаралық сауда және кедендік ұйымдардағы интеграциямен сипатталатын экономикалық реформалар жағдайында келесі мәселелерді тиімді шешуге қабілетті қазіргі кедендік қызмет құру қажеттілігі туындап отыр:

      сыртқы  экономикалық қызметті (бұдан  былай СЭҚ) мемлекеттік  реттеу шараларын  әзірлеуге және іске асыруға, Қазақстан  Республикасы мүддесінде кедендік саясат қалыптастыруға қатысу, басқа мемлекеттік органдармен қатар ұлттық экономиканы дамытуға ықпал ету, елдің сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, азық-түліктік, экологиялық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      СЭҚ түскен пайданың ел бюджетіне толығымен  түсуін қамтамасыз ету, тауарларды әкелу/әкетуге бақылауды күшейту;

      кедендік  заң бұзушылықпен, контрабандамен, халыққа  зиян келтіретін есірткі  заттарының, зиянды және қауіпті тауарлардың  заңсыз қозғалысымен тиімді күрес жүргізу;

      Қазақстан Республикасының  сыртқы экономикалық саясатын әзірлеуге белсенді қатысу арқылы әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне кіру.

      Талдаудан көретініміздей, аталған  мәселелерді шешу қазіргі кедендік қызмет үшін көкейкесті мәселе болып отыр. Кедендік қызметті кең  ауқымда жетілдіру  қажеттілігі туындап отыр, оны сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан көлемі мен жан-жақтылығына сәйкестендіру, кедендік қызметтің Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының  тұрақты өзгеріп тұратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кеден тәжірибесінде қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттар мен процедураларға бейімделуі. Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі кедендік органдар алдына қойған осы міндеттер аталған Бағдарлама дайындауды қажет етті.

Информация о работе ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары