Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа
Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР
Кедендік органдардың қызметін талдаудан көретініміз, қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасында іс-әрекетке аса қабілетті кедендік қызмет қалыптасты. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылған және жетілдірілуде. Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толтыру, сыртқы экономикалық қызметті реттеу, кеден ісі саласында контрабандамен және заң бұзушылықпен күресу механизмі қалыптасты. Тармақталған кедендік құрылым қалыптасуда. Кедендік орган арқылы басқару жүйесін құру аяқталуда. Кеден қызметінің кадрлық құрамы жасақталған. Кедендік органдардың тәжірибелік қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде.
Қазіргі кедендік қызмет республиканың сыртқы экономикалық саясат жүргізуде маңызды орынға ие болып отыр және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуінде бақылау және фискальды қызметтерді атқарады.
Қазіргі кедендік жүйенің негізгі кемшіліктері мыналар:
жүйе ішіндегі ақпараттық қамтамасыз етудің жетілдірілмегендігі;
басқару жүйесін құрудың аяқталмағандығы:
заңнама базасының жетілдірілмегендігі;
кеден ісі саласында контрабандамен және қылмыспен күресудің жеткілікті тиімді шараларының болмауы;
әлеуметтік қорғау мәселелері кешенінің шешілмегендігі, білікті кәсіби мамандардың жетіспеуі;
материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі.
Бұлардың бәрі шешілген мәселелермен және сыртқы экономикалық қызметтің түрлілігіне қарама-қайшы, СЭС қатысушыларына кедендік қызмет көрсетудің сапасы мен жеделдігінде көрініс тауып отыр, мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігін толтыруда проблема тудырады, кедендік ережелердің бұзылуына және кедендік қызмет саласында қылмыскерлік санының көбеюіне әкеп соқтырады.
Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының кедендік қызметін реформалаудың негізгі мақсаты болып мына негізде мемлекеттің экономикалық саясатын және Қазақстанның қауіпсіздігі стратегиясын жүзеге асыру тиімділігін арттыру саналады:
2005-2008 жылдарға Қазақстан Республикасының Кедендік қызметін жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру;
кедендік әдістер арқылы сыртқы экономикалық қызметті бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруда ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету.
Реформаларды табысты жүргізу үшін, сөзсіз, сәйкес ресурстар мен қаржыландыру көздері қажет. Бағдарламада көрсетілген шараларды қаржыландыру мәселесі аса күрделі болып отыр. Қазақстан Республикасының кедендік қызметін реформалауды қамтамасыз етудің қаржы механизмі мәселесі кедендік қызметті дамытуға қарастырылған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу, республиканың кеден қызметін реформалауға қызығушылық танытып отырған әлемдік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тарту мағынасын білдіреді.
Кедендік ресімдеу мен бақылау процестерін компьютерлендіру және автоматтандыру саласында.
Қазақстан Республикасының кедендік қызметін автоматтандыру қажеттілігі республика егемендік алғаннан кейін, Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа кіруімен байланысты туындады.
Кедендік қызметті автоматтандыру жөніндегі алғашқы шаралар 1995 жылдан басталды. 1997 жылы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 294а Қазақстан Республикасының кедендік қызметінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (бұдан былай – ҚР КҚ БААЖ) құру қарастырылған 5 жылға арналған дамыту бағдарламасы бойынша республиканың кедендік органдарын автоматтандыру туралы қаулысы қабылданды.
ҚР КҚ БААЖ құру аясында өткен кезеңде on/off-line режимінде ақпараттық пакеттермен алмасу жүйесі әзірленген, бұл орталық кедендік органды облыстық басқармалармен және кедендермен біріктірген Қазақстан Республикасының кедендік қызмет деректерімен алмасу ресупбликалық желісі (бұдан былай – ҚР КҚ ДАРЖ).
Қазіргі уақытта тауарларды ресімдеу мен бақылаудың жетілдірілген бағдарламасы енгізілуде (ТАИС-2).
Кедендік органдарды реформалаудың негізгі мақсаты – кедендік ресімдеу және бақылау процестеріне компьютерлендіру және автоматтандыруды енгізу, жаңа ақпарттық технологияларды құру, кедендік ресімдеу және кедендік бақылау процестерінің тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы туралы деректердің бірыңғай ғаламдық бланкін жасау болып табылады.
Осы саладағы бірінші кезекте тұрған міндеттер:
кедендік шекарадан өту сәтінен бастап толық ресімдеуден өткенге дейін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу және кедендік бақылау процесінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;
кедендік органдардың техникалық базасын жетілдіру және нығайту;
ҚР КҚ БААЖ толық ауқымда ашу, Кедендік одаққа қатысушы елдердің кедендік қызметінің ақпараттық кеңістігінде интеграциялануы, халықаралық стандарттарға, оның ішінде ДСҰ қабылданған стандарттарға жақындауы;
мемлекеттік органдарға, бірінші кезекте сауда саясатын қалыптастыратын ведомстволарға аналитикалық және ақпараттық материалдар беріп отыратын кедендік статистиканың шынайылығын қамтамасыз ету;
кедендік қызметті автоматтандырудың жаңа жүйелері мен технологияларын әзірлеу;
іс жүргізудің электрондық жүйесіне және қағазсыз технологиясына өту.
2004 жылы ВЕБ-декларант бағдарламасы енгізілді. Оның қалыптасуының бірінші айында 48 е-декларациялар жасалды. Қазіргі кезеңде осы бағдарламаны пайдаланып отырған СЭҚ қатысушы елдерінің саны 523 заңды және жеке тұлғаларға дейін өскен. Бұл нәтижелер тауарлар мен көлік құралдарын ресімдеудің аталған формасын қажеттілігін дәлелдеп отыр (егер қажет болып жатса, бұл бағдарламаны суреттермен, ресімдеу тәртібі арқылы тереңірек түсінік беруге болады).
Қазақстан Республикасының кедендік қызметін басқару процесінде туындаған мәселелерді шешу ҚР КҚ БААЖ жобасы аясында ақпараттық-аналитикалық жүйе құру арқылы мүмкін болады. Осындай жүйені құрудағы басты мақсаттардың бірі басқару процестерін автоматтандыру негізінде кедендік органдар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады. “Универсалды АРМ” қолданбалы программалық қамсыздандыруды оған аналитикалық-болжау бағасы модулін қосу арқылы ары қарай жетілдіру мәселесі алға қойылып отыр.
Ақпараттық-аналитикалық жүйенің негізгі міндеттері:
кедендік органдар қызметін жүйелі талдау және жедел диагностикалау;
кедендік органдар қызметінің нәтижесін болжау;
басқару шешімдерінің варианттарын дайындау.
Көрсетілген мәселелерді шешу үшін ақпараттық-аналитикалық жүйенің:
кедендік органдар қызметін жүйелі талдаудың қазіргі әдістемесі;
талдау, болжау, шешімдерді оңтайландыру және қабылдаудың сандық әдісі;
кедендік органдар қызметінің тиімділік көркеткіштерінің жүйесі;
кедендік органдар қызметін талдау және диагностикалау үшін ақпараттық базаның болуы.
Халықаралық кедендік ынтымақтастық, заңнама және құқықтық базаның жетілдірілуі саласында
Сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық базасын жетілдірудің негізгі бағыттары:
Кедендік одақ аясында жасалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кеден ісінің заңнамалық және құқықтық базасын, ТМД қатысушы елдер, Дүниежүзілік кеден ұйымының, Дүниежүзілік сауда ұйымының, басқа халықаралық ұйымдардың ұсыныстарымен сәйкестендіру;
жақын және алыс шет елдерің кедендік қызметімен кедендік-құқықтық ынтымақтас болу, жедел ақпараттармен алмасу, сондай-ақ экспорттық-импорттық мәселелерге байланысты дерек қорларымен алмасу;
транзиттік тасымалдарды дамытуға жәрдем көрсету;
Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарына кедендік заңнамаларға олардың қолданылу тәжірибесін талдау негізінде өзгертулер мен толықтырулар жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
СЭҚ қатысушыларын құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету;
кеден ісі бойынша нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу және кодификация жүргізу.
Кедендік органдардың құқық қорғау қызметтерін құқықтық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:
заңнамалық және ведомствоішілік нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
кедендік органдардың жедел-іздестіру шаралары бойынша нормативтік базасын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара байланыс нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;
Қазақстан Республикасының кедендік органдарының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқықтық шараларын әзірлеу;
кедендік қызметті кедендік бақылаудың жаңа буын техникалық құралдарымен қамтамасыз ету
Кедендік ресімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру саласында
Кедендік процедураларды реформалаудың алдыңғы кезектегі міндеттері болып:
кедендік ресімдеуді жүзеге асыруда және тауарларды шығару туралы шешім қабылдауда кедендік органдардың төменгі бөлімшелерінің жауапкершілік деңгейін көтеру;
кедендік ресімдеу процесіне жұмылдыру арқылы кедендік брокерлердің жауапкершілігін күшейту;
халықаралық практикада жалпыға бірдей қабылданған процедуралар мен құжаттармен бірге кедендік процедуралар және кедендік құжаттамаларды бірыңғайлау;
алдын ала және мерзімдік декларациялау процедураларын жетілдіру арқылы тауарларды кедендік ресімдеуді оңтайландыру,
қауіптерді талдау негізінде пост-кедендік бақылауды қайта жүргізу арқылы таңдамалы кедендік бақылауды ұйымдастыру;
Қазақстан республикасының кедендік органдарының кедендік заңнама нормаларын біркелкі қолдануға бақылауды жетілдіру және күшейту;
тауарларды, жүктерді және жеке тұлғалардың жеке заттарын кедендік ресімдеудің оңтайландырылған схемасын әзірлеу және енгізу;
жеке тұлғалардың қол жүгі мен жүктерін “қызыл-жасыл коридор” принципі бойынша жеделдетілген кедендік ресімдеу жүйесін дамыту;
кедендік режимдер аясында кедендік бақылауды жүзеге асыруда тауарларды сәйкестендіру тәсілін жетілдіру;
экспортталатын технологияларды, ноу-хау, интелектуалдық меншік объектілерін кедендік ресімдеу және бақылау процедураларын оңтайландыру;
тауарларды жеткізу және кедендік режимдерді қолдануды бақылау тиімділігін арттыру шараларын әзірлеу.