ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 20:27, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда қайта құру кезеңінің басында жарияланған ашық экономиканы құру курсы, ең алдымен, Батыспен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды қарастырған болатын, себебі одан экономиканы жетілдіруге қажетті технологиялар, несиелер, инвестицияларды экспорттық тауарларға – дәстүрлі отын-шикізаттық ресурстарға ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдеріне, өңдеу өнеркәсібінің, оның ішінде ғылыми сыйымды өнімдерге айырбастау болжанған еді. Бұл Қазақстаннның сыртқы экономикалық қызметі стратегиясын қалыптастыру процесіндегі ең басты міндет болып табылды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ Қазақстан Республикасында кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылаудың теориялық, құқықтық және
ұйымдастырушылық негіздері
1.1 Кедендік бақылаудың болмысы, принциптері,
мақсаттары мен міндеттері 5
1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы 16
2 ТАРАУ Кеден баждарын төлеуді бақылау тәжірибесі
2.1 Кеден баждарын төлеуді бақылау механизмі 34
2.2 Жылдар бойынша және жеке баждар бойынша кеден төлемдерін
бақылау нәтижелері 55
3 ТАРАУ ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді
бақылау тиімділігін арттыру ресурстары
3.1 Кеден баждарын төлемеу қаупін төмендетуді есепке ала отырып
кеден тарифтерін қалыптастыру 58
3.2 Халықаралық стандарттар негізінде кеден баждарын төлеуді
кедендік бақылау жүйесінің механизмін қалыптастыру 75
ҚОРЫТЫНДЫ 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 92
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

ҚР кеден баждары.doc

— 897.50 Кб (Скачать)

      Мұндай  тауарларды кедендік бақылау және кедендік ресімдеу тәртібі  ҚР ҚМ КБК “ҚР  кедендік шекарасы арқылы құбыр тасымалымен  және электр беру желілері бойынша өткізілетін  тауарларды кедендік ресімдеу ережелері” Бұйрығымен белгіленген.

      Құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін  тауарларды кедендік ресімдеу олардың  кедендік режимдеріне  сәйкес тауарлардың  орналасқан жері бойынша  кедендік органдардың  қызмет аймағында арнайы орындарда белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

      Тауарлардың ҚР кедендік шекарасы арқылы өтуіне негіз  – егер декларант  белгілі себептермен  КЖД бере алмаса, тасымалдаушы үшін белгіленген  тәртіппен ресімделген  кедендік жүк декларациясы (КЖД) немесе уақытша кедендік жүк декларациясы (УКЖД) болып табылады.

      Бір кедендік режимге  өтінім берілген, құбыр  тасымалы көлігі шарты  бойынша жеткізілетін тауарларды күнтізбелік  бір ай көлемінде  декларациялауға  болады, ал электр беру желілері бойынша  – жеткізу көлеміне қарамастан, бір тоқсан ішінде декларациялауға болады.

      УКЖД  кедендік органға  тауарды жеткізу  жоспарланған айдың  алдындағы мерзім ішінде, ал электр беру желілері бойынша  жоспарланған тоқсан алдындағы мерзім ішінде беріледі.

      УКЖД  беруге тауарларды түсіруге дейінгі жеткізу айында жол беріледі.  

         1.2 ДСҰ кіру жағдайындағы кедендік бақылаудың қалыптасуы

        

         Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруіне кедендік бақылау саясатының болашағы байланысты. Қол қою қажет саналатын бірнеше міндетті келісімдер тобы бар. Негізінен олар  тауарлар және көлік құралдарына салынатын имапорттық баж салығына қатысты болады.

      ТСБК  құруда негізгі болып, ал келешекте қатысушы елдердің экспорты мен  импортын реттеудің  бірден бір құралы болып кедендік-тарифтік құралдар (тәжірибеде әлі де олай болмай отыр) саналатыны болжанған болатын. ТСБК ХІ бабында: “қатысушы елдердің бірде біреуі басқа қатысушы елдің аумағынан кез-келген тауарларды әкелуге немесе басқа қатысушы елдердің аумағына арналған кез-келген тауарларды экспорттауға, квота формасында болсын, кедендік баждар немесе басқа алымдардан басқа экспорттық лицензиялар немесе басқа шаралар түрінде болсын ешқандай тыйымдар салуға немесе шектеулер қоюға тиіс емес.”1.

      ТСБК  кедендік саясатты жан-жақты реттейтін бірнеше ережелерден тұрады. Келісімде, ең алдымен, оған қол қойған елдердің кедендік баждарды және халықаралық саудадағы басқа шектеулерді азайтуға келіссөздер арқылы жету ниеті туралы айтылған. Келісімнің І бабы қатысушы елдердің кедендік баждар мен формальдылық қатысында аса қолайлы режим қолданылатынын белгілейді. Жалпы формадағы ІІ бапта қатысушы елдердің тарифтік шегіністер тізімін келісулері керек.

      Кедендік  баждарды азайту туралы келіссөздер жүргізу  тәртібі, сондай-ақ дайындық процедуралары және тарифтік шегіністер тізімін өзгерту ХХVІІ және ХХVІІІ баптарымен белгіленеді. Қандай да бір ел ТСБК енген кезде, оған барлық қолданыстағы тарифтік жеңілдіктер беріледі. Сондықтан да ТСБК кіруші елге өзінің кедендік тарифтер мөлшерлемесін азайту жөніндегі қарсы ұсынысын алға тарту арқылы басқа елдермен келіссөздер жүргізуі қажет. Содан кейін бұл тарифтік шегіністер Бас келісімнің бөлігі болатын тарифтік шегіністер тізіміне енгізіледі.

      V бабы әрбір қатысушы  ел аумағы арқылы  транзит бостандығын жария етеді және транзиттік тауарларды кедендік баждар мен кедендік алымдардан босатады.

      ТСБК  өмір сүруі кезіндегі  кедендік-тарифтік мәселелерге  қатысты баптар көптеген түзетулер мен  толықтырулар есебінен едәуір кеңейді. Аса  маңызды өзгерістер дамушы елдердің өз экономикасын қорғауда кедендік баждарды көбейтуге құқықтарын мойындайтын, сондай-ақ дамыған елдердің дамушы елдер тауарларына кедендік баждарды азайту міндеттемелері бекітілген жаңа ХХХVІ және ХХХVІІ баптарының қосылуымен байланысты болып отыр. ТСБК министрлер деңгейіндегі сессиясы (1982 жылғы қарашада) барлық қатысушы елдерге Тарифтік және статистикалық мақсаттарда тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлесімді жүйесін жақын арада пайдалану үшін шаралар қолдануды ұсынды.2. 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Чернышев С.В., Механизм регулирования международной торговли: нормы и правила ГАТТ.

Сборник научных  трудов, М. - 1991 г., стр. 15.

 Дюмулен И., Торгово-политическая система ГАТТ: принципы, правовые нормы и правила.

Внешняя торговля - М., 1993 г., №7/8., стр. 39. 
 

1 сурет. 2004 жылға бюджетке  кедендік төлемдер  мен салықтардың  түсу құрылымы 

       1 суреттен көріп отырғанымыздай, импорттық баждар ҚР бюджетіне  түсетін кедендік баждар мен  салықтардың жалпы көлемінің  15%-ін ғана құрап отыр. ҚҚС бойынша шығындар аса көп емес. Яғни бұдан болжайтынымыз, Қазақстанның ДСҰ кіруінде мемлекеттік бюджет 18% мөлшерінде кедендік баждар мен салықтарды жоғалтады. Кедендік баждар мен салықтардың 2004 жылғы мемлекеттік бюджеттегі табыстың жалпы сомасының 17,3%-ін, ал республикалық бюджеттегі табыстың осы көрсеткіші 27,2%-ін құрады. Импорттық баждардан бас тартуда мемлекеттік бюджет 2-4% түсімдерді жоғалтады.

      Импорттық баждарды алып тастау үшін Қазақстан  Республикасының Кеден кодексіне  өзгертулер енгізу, сонымен қатар Үкімет Қаулылары мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан былай ҚР ҚМ КБК) төрағасының бірнеше бұйрықтарын алпы тастау қажет.

      2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының  Кеден кодексіне сәйкес Үкіметтің  11 қаулысы, 38 ведомстволық және басқа министрліктермен бірігіп жасалған нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

      ДСҰ Қазақстан Республикасының кедендік органдарына қоятын талаптарының бірі ҚР ҚМ КБК бөлімшелерін қазіргі уақыттағы  техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету болып отыр.

      ҚР  ҚМ КБК басшылығымен ЖСҰ кіруге белсенді дайындық жүргізілуде. 2005 жылы екінші кезектегі кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе енгізіліп отыр (бұдан  былай КААЖ-2).

      2004-2006 жылдарға Қазақстан Республикасының  кедендік қызметін дамыту Бағдарламасында жоспарланған шаралар уақытылы жүзеге асырылуда.

      2004 жылдың басынан бастап республиканың  ішкі сауда статистикасы өз  бетінше жүргізілуде және кедендік  шекарада радиациялық бақылау  жүзеге асырылып отыр.

      Құрылымға радиациялық бақылау жүйесі енгізілуі кезеңінде кедендік орган бөлімшелерімен Қазақстанға мемлекеттік шекара арқылы иондалған сәулеленуі жоғары радиоактивтік материалдар мен тауарларды заңсыз түрде өткізу жайттары анықталған және тыйылған.

      Қазақстанның  ДСҰ кіру жағдайында, Қазақстан Республикасының кедендік қызметі өз қызметінде басымдылықты кедендік процедураларды жеңілдету мақсатында, олардың тұнықтылығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық саясатқа (СЭС) қатысушы елдерге қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында кедендік бақылауды жетілдіруге, қазіргі уақыттағы ақпараттық технологияларды енгізуге, барлық операцияларды автоматтандыруға бағыттап отыр. Барлық аумақтық бөлімшелерде кедендік жүк декларациясының (КЖД) барлық ресімделу кезеңдеріндегі қозғалысын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін визуальды бақылау мониторларымен жабдықталған кедендік ресімдеу орталықтары құрылған.

      Жүктердің кедендік шекара арқылы өту уақытын  азайтатын, сыртқы экономикалық саясатқа (СЭС) қатысушы елдерге аса қолайлы  жағдайлар туғызуға мүмкіндік беретін алдын ала және мерзімдік декларациялау жүзеге асырылады.

      Адал  ниетті кәсіпкерлерге “ашық жол” құқығын пайдалануға мүмкіндік  туғызатын сертификаттар беріледі.

      Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Шымкент  қалаларының әуежайларында кедендік тексеру жаңа технологиялық жүйе арқылы саналған минуттарда жүзеге асырылады.

      Республикалық министрліктер мен ведомстволардың  бірігіп шығарған бұйрықтарымен  мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде  бақылау жүргізуде бақылаушы  органдардың өзара байланысы  мен орналасуы белгіленген, бұл оларға “бірыңғай аялдама” типі бойынша бір-ақ рет және бір жерде ғана бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

      Қытай Халық Республикасынан Қазақстан  аумағына бағытталған транзиттік тауарлар жеткізуді бақылаудың тиімділігін  арттыру мақсатында, сондай-ақ аталған тауарлар категориясын сақтау және “жалған транзитпен” тиімді күресу мақсатында, нақты кезеңде тауарлар мен көлік құралдырының қозғалысы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін кедендік органдарды Тауарлар жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйемен (ТЖБАЖ) қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданды.

      Басты “шығыс қақпасы” болып есептелетін  Қазақстан-қытай шекарасындағы “Қорғас” рұқсаттама пунктінде ТС SCAN контейнерлік сканерлеу жүйесі құрылған және ТЖБАЖ  енгізілген.

      ТС SCAN мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге тыйым салынған тауарлардың контрабандасы мен салымдарын анықтау мақсатында ірі габариттік контейнерлер мен жүк автомобильдерін жедел тексеруді қамтамасыз етеді.

      ТЖБАЖ және ТС SCAN пайдалануға берілген сәттен бастап “Қорғас” кеденінде (2004 жылғы қыркүйекте) СЭС қатысушыларымен Қытайдан әкетілетін жүктердік көлемі мен санының шынайылығы біршама жоғарылады, бұл кедендік төлемдердің артуына әкеп соқтырды. “Қорғас” кеденінде жүйенің пайдалануы кезінде 11,5 мыңнан астам сканерлеу жүргізілген. Мұндайда көлік құралын ашпастан тауарлардың бірыңғайлығы мүмкіндігінше зор анықталып отыр.

      Транзиттік  тасымалдарды қамтамасыз ету үшін осыған ұқсас жүйе Қазақстаннан шығар жердегі  “Қордай” кеденінде (Қырғыз Республикасымен  шекарада), Оңтүстік қазақстан облысының Ғ.Мұратбаев атындағы бірыңғай бақылау-өткізу пунктінде (Өзбекстан Республикасымен шекарада) құрылған.

      2005 жылы бұл жүйелермен келесі  постыларды жабдықтау жоспарланған:

  • “Қайрақ” кедендік постысы (Қостанай облысы) – кіру-шығу;
  • “Жаңа жол” кедендік постысы (Солтүстік қазақстан облысы) – кіру-шығу.

     Осылайша, кедендік қызмет оның транзиттік потенциалын  арттыруға оңтайлы әсер ететін Қазақстан  аумағы бойынша автокөліктердің  негізгі транзиттік қозғалыс бағыттарын қамтиды.

     2003 жылдың соңында елдегі кеден қызметінің Ақпарттық орталығы ашылды, онда кедендік органдардың қызметін жедел мониторингін (оның ішінде бақылау құралдары арқылы) жүргізу, Қазақстан Республикасы шекарасында кедендік бақылау жүргізумен байланысты ақпараттарды үздіксіз қабылдауды, өңдеуді және беруді қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар кедендік заңнама тұрғысында жіберілген тәртіп бұзушылықтарға және оқиғаларға жедел шара қолдану мақсатында Жедел басқару орталығы жұмылдырылды.

     Жаңа  ақпараттық жүйелерді енгізудегі шет  елдердің тәжірибесі зерделенді және осы негізде “KTNET”, “Самсунг” компанияларының және біздің республиканың мамандарының қатысуымен “электрондық Үкіметтің” құрамдас бөлігі болып саналатын “электрондық кеден” құру бағдарламасы әзірленген болатын. Оны жүзеге асыру СЭС қатысушы елдеріне қызмет көрсету уақытын біршама азайтады, сыртқы сауда қатынастарының тұнықтылығын қамтамасыз етеді, “адамзат факторының” әсерін кемітеді.

     “Электрондық  кеден” аясында тәжірибелі қолданысқа шағын және орта бизнес өкілдері үшін олардың кедендік органдарға кедендік құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынуы бойынша “Web-декларант” электрондық декларациялау кешені енгізілді.

     Кедендік  әкімдеу формалары мен әдістері жақсарып келеді. Қауіптерді талдау және басқару жүйесі енгізілуде.

     Бұл шаралардың барлығы 84,4% КЖД бір жұмыс күні ішінде ресімдеуге мүмкіндік берді.

     Халықаралық кедендік баға принциптеріне сәйкес кедендік құнды белдгілеуге бақылау  жүргізіліп отыр, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолдануда. Мұндайда Үкімет қаулыларына сәйкес шартты бағалар, импорттық тауарлар құнының халықаралық каталогтары (“Superschwacke”, “Баға-информ”, “Инфо-анықтамалық”) қолданылады.

      Экономикалық  қылмыстармен және әкімшілік заң  бұзушылықтармен, контрабандалық тауарлар мен көлік құралдарын, есірткі заттары мен прекурсорларды тыйю мақсаттарына бағытталған күрес жүргізілуде. 2004 жылы 883 млн.теңге сомасында тауарлар мен валютаның заңсыз өтуіне тыйым салынған, 1 млрд. 175 млн.теңге сомасында кедендік төлемдер мен алымдар төлеуден жалтарған жағдайлардың алдын алу шаралары жасалған. Анықталған 631 қылмыстық және 21951 әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша айыппұл ретінде, тауарларды тәркілеу және шығынды өтеу түрінде 1 млрд. 357 млн. теңгеден астам мөлшерде республикалық табыс өтелген. Кедендік органдармен есірткі контрабандасынның 171 фактісі анықталып, 538 кг есірткі заттары, оның ішінде 99 кг героин тәркіленген.

Информация о работе ДСҰ кіруін есепке ала отырып, ҚР кеден баждарын төлеуді бақылау тиімділігін арттыру ресурстары